Тән қорушысы — түккене.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 111

    Тұлғалық бітімге тәуелсіз адамның дене түгі 3 түрге бөлінеді. Тықыр жүнді, орта, жүндес болып. Кейбір ерекшеліктеріне қарай қуат белгісіне, тұлғалық малдардың орналасу ерекшеліктеріне қарай денедегі ішкі және жан өрісінің тербеліс жиілігін теңдестіру және тәнге қажетсіз темір қалдықтарын сыртқа шығару қызметін атқарып, сезім жүйелеріне байланысты қызмет те атқарады. Түк ортасы қуыс болып келеді, ол ғылымда дәлелденген. Түктің түсі, ұзындығы және қалыңдығы әр пенденің қуат алмасу қарама-қайшылық белгісін білдіреді. Адам мал баласы 4-ке бөлінеді дедік жоғарыда. Өкше мен тізеге дейінгі арасы ешкі қуатын көрсетсе жүруден, жүгіруден қабілетін, ал ұзын қысқалығы жүндес болып келуі мал белгісі болып сол мал мінезінің айқындығын белгілейді. Сол сияқты тізе мен жамбас арасы қой белгісі. Жамбас кеуде арасы сиыр болса, кеуде мен мойын арасы түйе болады. Егер қол, кеуде жүндес болып ерекшеленсе түйелігі де басым. Күш-қайрат, мінездің екінші жағынан шариғат жолымен жүре алмаса түйелік тағы жынның пайда болу мүмкіндігі зор. Қолдың басы осы айтылған төрт малдың көрінісі болып бала деп аталады. Ескерте кететін жағдай түк басқан жерлер сол пенденің малына байланысты ең осал жері болып қорғалмаса сол малдың ауруын азуын туындатады. Түктің қалыптан тыс болуы мақтаныш емес кемістік, тозақтық ескерту «абай бол деген».

         Ал бүткіл денедегі түктің біртектілігі сол ішкі мал қуат мінезінің бір қалыпты дәрежесін көрсетеді. Терінің түсі, түрі қай тозақтан тазарудан өткен ерекшелік белгісін және ойлам қабілет қасиет белгісін көрсетеді. Адам шашы түсіну қабілетін реттеп тұратын және жан мизанның қорғаныс қабілетін айқындап және жан мінезінен белгі де болып табылады. Түсіну қабілетін қалыптастыратын ғайыпты болжаумен көріпкелдік қасиет болып негізделеді. Әйел халқында шашы ұзарған сайын, оны күтіп жасарып ұстаса ғайыпты болжау қасиеті артып, керісінше шаш қысқа ашық жүру тозақтық белгілерді қалыптастырып тек өмірді нәпсі көзімен өлшеп, тек еспен білімнің жадта сақталу дәрежесінде ғана өмір өлшемін қалыптастырады. Баста шаш арасында қуат бөлінетін тесіктер болады, содан бөлінген бу шаш қызуымен майға айналып кері қарай басқа сіңу шарт. Әрине бұндай жағдай тек әйелдерге қатысты болады, себебі әйелдерде табаны арқылы жермен қуат алмасу жүріп тұрады. Еркектерде тізеден төмен бөлікте перде болады. Сондықтан еркектерге аяқ үнемі жабық болу керек болса, әйелдердге бас та сондай қымталу керек. Еркектер көктік қуат алады, ал әйелзаты жерден алады. Бірақ бастың үнемі ашық жүруі еркектер үшін де түсіну қабілетінің төмендеуіне әкеп соқтырады. Түсіну қабілеті қулыққа, айлаға, жад пен еске кері бағытта деп ұққан жөн. Пенденің айлакерлік, зымияндық әрекеттері керісінше тән кірлеген сайын жоғарылайды.  Қара шашты, қара түктілер қуаттың молдығын, мінездерінде  тұрақтылық болып уәдеге де нық болып келеді. Әрине ол бала кезден алған тәрбиеге, ортаға да тәуелдікте ғана қалыптасады. Дене түгінің қызғылт болып келуі қара түктілерге қарама-қарсы мінезді көрсетеді. Аумалы-төкпелі дейді қазақта. Тозақта ұзақ болған (әсіресе түйеде) белгі болып табылады. Баланың ақ шашты болып келуі ескерту Алла тағаладан. Азап, қиындықтар болатынын, өмірінде қауіп-қатерлердің, сынақтың белгісі болып табылады.. Бірақ та ата-анасының өмір сүру ерекшелігі мен өзінің Алланы тану барысына қарай өзгеріп те отырады.  Европа халықтарында ақ шаштылардың көбеюі болашақ қоғамдық азғындау және апаттар белгісі болып және сол апатқа ұшыраған бұрынғы елдердің жандарының тозақтан келгенін білдіреді. Тағы да азғындық, түрлі уақиғалар болады деген ескерту. Сондықтан пайғамбарымыз кезінде шашты қараға бояуды ескерткен. Жанның екінші бір дәрежеге өтуі немесе үшінші рет уәде  беріп келу белгісі сары шаш болып өмірінің де ала құлалығын білдіріп дұрыс өмір сүрмеген жағдайда өмір жасы да қысқа болып келеді.  Бір өзінде жақсылық та, жамандық та белгілер тоғысады, қалай тәрбие көрсе солай өмір сүреді. Қалай қарай бағытталса солай бұрылады. Тұлғалық, бітістік, пішіндік бейнелеу нәтижесін 5-ке бөліп біріне-бірін тәуелді етіп, толымды, толымсыз белгілерді ұштастырып,  бейнелеп алақанға жазған Алла тағала. Өзгертуді өзіңе берген. Тозақтық ерекшелікке қарай сол белгіні ұтымды пайдалануға және жақсылыққа тәрбиелеуге жасырын қуат қасиет көздерін сыйлаған.  Сондықтан да бес саусақ бірдей емес! Қол бала, ол тағдырға болашаққа жолдама.

Алақан – Алланың ізі

    Алла тағала рахымды, мейірімді және дана, хикмет иесі. Пәндік тұлғалық ерекшеліктерді бітістіріп тепе-теңдік жетіспейтінін қосып тек қана адамға шебер қолды жаратқан. Өткенге өкінбе, өзің түзе деп. Сол қол алақаны өткен өмірің, оң қол болашаққа жолдама. Ғылымда зерттелген, бірақ әлі толық ашылмаған құпиялар тегі алақанда жазулы. Бес қуат, бес тек, бес күзетші, бесеуі алтыншы Аллаға есеп беріп отырады. Бес қуаттың араласу алмасу бөлігі тырнақ асты және алақан. Қалай қатысады солай сөз шығады. Тырнақ өткен өмірден хабаршы. Ұзын тырнақтар күш қуаттың кемуі. Тырнақ ұзарған сайын тыныс жол ауруы, өкпенің қалыпсыз жұмыс істеуінен белгі береді. Ұзын тырнақтарда жүйкесі нашар, тез ашулану, ренжу, өзіне-өзі риза болмау қабілеті басым болады. Бір жағынан сыпайы жұмсақ болып та келеді, сурет, өнерге жақындығы, құштарлығы басым болады. Дұрыс тәрбие алмағанда бос қиялға көп беріліп, шындыққа тура қарай алмай, өзін-өзі таба алмай түсінбеушілікте өмір кешеді. Шындықтан үнемі қашқақтап жүреді.

Тырнақ өсіруге құмарлық өмір сүру нәтижесінде осындай мінездің қалыптасуынан да пайда болады. Болмаса нәпсі жетелейді. Адам шайтан азғырады. Тырнақ түбіндегі ай белгісі қуаттардың алмасу дәрежесін көрсетеді. Өте қысқа тырнақтар жүрек жұмысының әлсіздігін білдіреді. Қан тамырлары жүйесінің және жүйкенің нашарлығын көрсетеді. Ал тырнаққа дақтардың түсуі жүйке-жүйесінің бұзылуын ескертеді. Қысқа тырнақтар өздеріне үнемі сын көзбен қарайтын адамдар қатарынан болады. Айналасына үнемі сын көзімен қарап болжау, бағамдау жүйесі артық қалыптасып үнемі әр нәрседен кінә іздеумен, өзіне-өзі риза болмайтын жандардың тырнағы өте жіңішке әрі ұзын болып келеді.

     Қазақша жез тырнақ деген сөз бар. Ол темірдің тырнақ астына мол жиналып денедегі жүйке айналысын қамтамасыз ететін мыстың жезге айналып сыртқы ортамен (екінші өріспен) (октоплазма) қарым-қатынасқа түсіп адам қылығын өзгертуге әкеліп соқтырады. Тырнақ астында теріс өріс пайда болып ішек майдарында қоздырғыштардың өсуін қалыптастырады және тамақ арқылы басқа пенделерге қоздырғыштарды тасымалдау қызметін атқарады. Тырнақты ерекше ұзартып мақтанға айналдыратындар мінезінде өте айлакерлік, қулық, екі жүзділік белгілері басым болады. Сондықтан «Ненің соңына түссең соның күйігін тартасың» деген дана қазақ. Қарама-қайшылықта өмір сүру адамзат үшін қажеттілік. Сондықтан арам нәрселер қашанда әсем көрінеді. Електен өткізіп, жамандықты ескертіп, Аллаға жақындататын бірден-бір құбылыс сынақ. Сондықтан әр адам өзіне-өзі тәрбиеші. Өзін жеңген, ашуын ауыздықтап мінезін қалыпқа түсіріп ақылға жеңдірген, тарихты зерделеп өткеннен үлгі алған адам ғана текті аталмақ. Соншалықты қарама-қарсылық белгісіне тағы ерекше жаратушыдан тығылулы жатқан қасиет аты көктік несібе қуат бар. Белгісі де алақанға жазылады. Ғылымның көзі оған әлі толық жеткен жоқ. Толық ашу, түсіну адамзат баласына мүмкін жазбаған болар. Сондығынан, ол ғайып. Сол қасиет көздерін меңгеру үшін жеті жол белгілеп әр пендеге, туысқа, ұлтқа, халыққа белгілі бір жүйені, тәуелділікті, бірінсіз-бірі орындалмайтын қылып сызып берілген. Алда әлі талай сол қасиеттер сырларына ой жүгіртеміз. Пенденің ерекшелік табиғи болмысын айқындап қалыптастыру үлкен сынақ. Тек ерекшелік қасиетін тауып, сол белгіні меңгеру арқылы ғана Аллаға жақындауға болады. Оған жуық арада адамзат баласы көз жеткізеді. Соған ғана бүкіл ғылым, білім тіреледі. Бүкіл ауру да, деннің саулығы да, адамзат тағдыры да ананың аяулы алақанынан басталатынын түсіндіреді Алла тағала. Бірақ көптеген жан құрбандығымен. Халықтар тағдыры мен апаттар, жазылмайтын аурулар арқылы сынақтар басталады. Басталып та кетті. Мысалға жәй ғана әйел адамның шашын қысқартуы жүректің қатайып және мінездің, жыныстық қылықтардың өзгеріп, әйелдік қасиеттің азаюын туындатады.

Түсінік азайып нәпсілік түйсік өсіп, айлакерлік мінез қалыптаса бастайды. Еркектің ойынға, темекі, араққа құмарлығы сананың жабылуын, жетенің азаюын, есте сақтау қабілетін  азайтып хайуандық қылықтарды  қалыптастырады. Өзіне-өзі есеп беру қабілеті төмендейді. Адамзатқа берілген негізінен жеті ғана жол бар. Әрбір пендені өмірге әкелетін жолдама беретін басты байлық әйел заты – ана.

Жеке пендеге берілген жеті жол жеті қазына арқылы ғана іске асады. Сол қазыналарды бағалай алмай  дәм таусылып, қызымыз азып, тұзымыз таусылып, ажал белгісі түскен қандастарымыз күн санап көбеюде. Өлім туралы ұмыта бастасаң ажал бар ағайын. Ақ өлім ескертіледі, айтып келеді, ол үшін дұрыс қартая білу шарт, ажал айтпай келеді ағайын. Түсің түзу ме бауырым? Мал-жаның аман ба, ағайын?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *