Тұлғалық түрлену

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 124

 

     Адам тұлғасы қасиет, қабілеттерді меңгеру нәтижесінен өзгеріске ұшырап дамып, түрленіп отырады. Негізінен тұлғалық түрлену тілге және ананың қанына тәуелділікте болады. «Үйдің жақсы болуы ағашынан, ұлдың жақсы болуы нағашысынан» деген дана қазақ. «Алып анадан туады» дейді тағы да. Даналық та ана сүтімен қалыптасады. Ол тек қызға қырық нәрсені тыйым сала білгенде және ұлт ерекшілігін қалыптастыра білген жанұядан ғана шығады ондай жандар. «Бір тіл, екі ерін және екі жол көрсеттік» деген аятта. Тілді меңгерген пенденің тіл мінезі ерін. Ақиреттік жоспар белгіленген. Жанның белгісі — көз, ақирет — айнасы. «Мейірімділік көзде, ақыл сөзде» деген аталарымыз.

     «Олардың жүректері ұқсас, расында нақ иланатын елге аяттарды ашық баян еттік» (Бақара -118) Рухтық белгі жүректердің ұқсастығымен ерекшеленеді. Рухтан қашықтағанда жан кірлесе адамның бірінші жүрегі сыр береді. Жанның кірлеуінің көрінетін белгісі көз болса, білінетін белгісі жүрек. Тек ғылымда ғана жүрек ұқсас дейді, ал Құранда басқа. Дін ұстанымына байланысты жүрек өзгешілігі қалыптасады. Өмірдің мақсат нәтижесін көру өз дәрежесінде түсінуді тек таза кірлемеген жүрек қана анықтайды. Сондықтан оны тазартып тұру үшін орындайтын амалдар мен міндетті парыздар үкім етілген шариғатта. Орындамасаң  жүрек кірлеп немесе көз жанарың таусылар. Мұсылмандар өмірге көп жағдайда көзі қара болып келеді. Ол жанның өсу басы,  тазалық белгісі. Ғылым, білім арқылы көз қоңыр түске енеді. «Оны қара түнек қаптаған болады (41) Міне солар, қарсы келген бұзақылар» (42) «Құдай жоқ» деп өмірден өткен жандар  қайта өмірге соқыр болып туылады. Немесе бұзақылар жаны болып келеді. «(Мұхаммед Ғ.С.) Шын мәнінде  Раббың  тарапынан саған түсірілгенді шындық деп білген кісі, соқыр кісімен тең бе? Бұны ақыл иелері ғана түсінеді».(Рағыд -19) Құранды түсінбеген адамды соқырмен бірдей өмір сүріп, адасуға тиісті болатынын ескерткен аятта. Тозақта да қараңғыда өмір сүретін жәндік немесе хайуанға айналады.

      Рухтан келген ескертулерді салт-дәстүрмен өмір сүру ерекшелігін қалыптастырып, ана тілімен өруді «ақыл» деп атап; «Ақылын жұмсамағанда азап беремін» деп ескерткен Жаратушымыз. Демек 40-тан кейін жанар қуатының әлсіреуі заманға сай болам деп, шындықты көре алмаудан пайда болады.Оны жас ерекшелігіне итере салады ғалымдар. Жоқ, ол әр адамға берілген жоспардың орындалу кілтінде! Көз жанарының әлсіз болып туылуы да, өткен өмірде Алла бұйырған  парыздарды толық орындай алмаған жандар белгісі деп біліңіз.  «Кім Құраннан бет бұрса, сонда күдіксіз оған қиямет күнінде күнә жүктеледі.(100) Олар ол бейнетке мүлде қалады.Олар үшін қиямет күні, нендей жаман жүк. (101) Сүр үрілген күні, күнәкарларды көздері көгерген түрде жинаймыз» (Таһа -104) Көздің көгере бастауы дінен қашықтап Құраннан бет бұрған мұсылмандар жанынан болса, тәпсір қуған ғұламалар жанының да көздерінің көгеріп келуі кездеседі, себебі Алла тағала тарапынан берілген дәлелдерге (түс, аян ) мойын бұрмай өздігінен ізденіп адасқан жандар белгісі болмақ. Шындыққа бет бұрып Құраннан үгіт алып, өмірін салт-дәстүрмен сәйкестендіріп түзетпесе, міндетті тозақ азабын тартады. Кейбіреулері жаман жүк арқалаған тасбақа болып ахиретте жазаланады. Көп жағдайда,  көзі көк адамдар қолымен ұстамай сенбейді тек алған біліммен ғана өлшейді, солай өмір сүреді, «білем» деген қағиданы ұстанып өмір сүруге тырысады. Өзі де сеніп, өзгені де сендіруге құштарлығы басым болып келеді. Көп жағдайда күдігі көп пенделер болып келеді де, ғайыпты болжауға қабілеті әлсіз болады. Керісінше дүниелік тіршілікте  есесін жібермейді, жаттау қабілеті басым келеді. Көзге байланысты пенденің  болашаққа берілген жоспарымен қарама-қарсылық қасиеттік жан құпиясы, ерекшелігі де болады. Ал сол қасиеттерді меңгеру тек Алла тағалаға толық иман келтіру, түсірілген дәлелдерге мойын ұсыну арқылы  ғана жетеді.

    «Алла көздердің қиянатын және көкіректегі құпияны біледі. (19) Алла (Т) туралық бойынша үкім береді. Олардың Алладан өзге жалбарынғандары, еш нәрсеге үкім бере алмайды. Күдіксіз Алла (Т) толық естуші, тым қырағы» (Ғафыр -20) (Құран аяттарынан басқа дұғаларды пайдалану жындарға жалбарыну тәсілін меңгергендердер де жазаға тартылады.) Олар тозаққа төндірілгенде, қорлықтан сүмірейіп, жасырын көз құйрығымен қарағанын көресің; иман келтіргендер оларды: «Зиянда болғандар, қияметте өздерін де жанұясын да зиянға ұшыратқандар» дейді. Байқаңдар! Дау жоқ, Залымдар тұрақты азапта болады». (Шура -45) Қиянат белгісі, (аманаттарға қиянат жасау) және көкіректегі құпиялар көзге жазылады. Бірақ адам баласы оны анықтай алмайды, тек ішкі қуат әлсіреп көз жанардың тозуы ғана сол құпиялардан белгі береді. Өмірге қайта келген жандарда сол құпиялар іздері болып, тозақтық қорлық белгісі көзден байқалады. Қыли, т.б. жұмылып қалған көздер зиянға ұшыраған, иманы толық емес жандар болып, имандылыққа келмесе ұрпақтары азайып жойылады немесе болашақ арттағы  ұрпақтарына зияны тиеді.

«Оған екі көз жаратпадық па(8) әрі бір тіл екі ерін (9) Оған екі жол көрсетпедік пе?» (Бәләд-10)

    Сананың қабілет, тазалық белгісін, тілді таза меңгеру дәрежесін екі ерінге белгілеген.  Ол өткен өмірдегі және осы өмірге ескертуге берілген  2 жандық жоспар белгісі. Екі өмірге мөр немесе ескерту болып, болашаққа жолдама деп біліңіз, себебі түзету де, көркемдеу де, бүлдіру де қолыңызда. Толық иманын таппай тілдік қасиетті меңгермей өмір сүргендерде еріннің үлкендігі, ұзындығы қалыптан тыс т.б. ерекшелік белгісі болады. Сөз ғылымын меңгерсе де, толық білім болмай, білім болса дұрыс өз тілін меңгере алмай немесе екеуін тапса да, дінді өз ұлттық ерекшелігін таппай өткен өмір белгісі  болып саналады. Сонымен қатар көкіректегі құпия қарсылық жаратушыны мойындамаған белгі болып ауыздың қалыптан тыс үлкендігі болып табылады. Яғни ғайыпты түсінбейтін немесе түсінгісі де келмейтін мінез егелері болып жүректері мөрленген жандар тек дүние қызық үшін жаратылғандар. Осындай жандар жалған өмір жаршысы болып өмір базарын жүргізеді. Өмірге бір ерекшелік тапсырмамен келген екі немесе үш жанның қосындысы бар жандарда қасиет белгісі болып, төбеде  орай белгісінде  екі т.б белгілері, ерекшеліктері болады.

    Берілген жоспарлы істі не қасиетті меңгергендер туралы аятта: «Сондай жақсы іс істегендерге жақсылық әрі артығы да бар. Олардың беттерінде дақ не қорлық әсері көрінбейді солар жаннәттік, онда олар мәңгі қалады» (Юныс-26) Ешқандайда кемістігі жоқ ақжарқын «Түсі келгеннен түңілме» деген жандарда жәнаттық жандардың белгісі болып, негізгі қоғамды өмірді дамытып ұлттық ерекшелігін сақтайтын ұлт жанашырлары болып табылады. Ал беттерінде дақ, қалы бар жандар жақсылық істер мен қасиетті меңгермей немесе берілген қасиеттікке сәйкес өмір сүре алмаған талантты қасиетті жандарға салынған ескерту белгісі болады. «Судың да сұрауы бар» деген қазақта.

«Ал сондай жамандық істегендердің жазасы, сондай ғана болады, беттерінде қорлық әсері болады. Оларды, Алладан қорғаушы болмайды. Олардың беттері түннің қараңғылығынан  бір бөлім қаптағандай.Солар тозақтық, олар онда мүлде қалады».(Юныс-27) Алладан басқаға жындарға табынып, біреуге қаралық жасау ,теріс дұға, жол байлау,  т.б. жамандық істеген жандар бетінде үлкен қал болып, беттің жартысы бөлек болып өмірге қайта келеді. «Және сондай аяттарымызды жалғанға санағандар саңырау, сақау, қараңғылықтарда. Алла кімді қаласа оны тура жолға салады» (Әнғам-39) Шындықтан алшақтап, жол таба алмаған пенделерге осындай ұрпақтар келіп, саңырау, сақау болу Құран аяттарын жалғанға шығарып, дінді мойындамау әсерінен болады. Алла тағала сондай азаппен  түзейтінін, қайта тура жолға салатынын ескертеді. «Беттеріңде дағы бар адамдарда қорғаушы болмайды» деп ескертеді аятта. Демек осындай пенделер арасында көп жағдайда жүйке ауруларына шалдығып және жолы болмай бақытсыздыққа ұшырау белгілері жиі кездеседі. Әрине бұл тағы да өткен өмірдегі әдетін қайталаған ұлттық шариғат дәстүр заңдылықтарынан алшақтағанда болатын құбылыс.

     «Олардың көңілдерін, көздерін теріс айналдырамыз.Алғаш рет оған сенбегендіктері сияқты. Олар сергелдеңде болады. «Әй мүміндер! Ғалымдар мен машайықтардың көбі адамдардың малдарын бұзықтық арқылы жейді.Сондай-ақ Алланың жолынан  тосады» (Мұхаммед Ғ.С.) Сондай алтын, күмісті жиып, оны Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен шүйіншіле (34) Қиямет күнінде олар тозақ отында  қыздырылып, онымен олардың маңдайлары, қабырғалары және арқалары таңбаланып: «Мынау өздерің үшін жинағандарың. Ал енді жинағандарыңның дәмін татыңдар» (Тәубе-35)         Ғалымдар, машайыктар, сопылық жолды ұстап  тек өзі үшін ғана ахирет өмірін ғана ойлап қасиет, қабілеттерін жамандықты  жеңуге (емшілік қуат көздерін) пайдаланбаған жандарда маңдайда, қабырға астында, арқа тұстарында қал, дақ таңбалары болады. Тақуалықты меңгерген жандардың сыртқы қорған өрістері алтын, күміс тегі болып қалыптасады. Сол қуат көздерін орнына жұмсай алмау немесе жұмсағысы келмеу түбінде тозақ отымен күйдіріледі. «(Мұхаммед Ғ.С.) Оларды көрген кезде, тұлғалары сені таңырқатады. Олар сөйлесе, сөздерін тыңдайсың. Олар бейне, қаланған қуыс дөңбек сияқты. Сондай-ақ олар, әрбір шыққан дауысты өздеріне жориды. Олар дұшпан. Сондықтан олардан сақтан. Оларды Алла типыл қылсын. Қайда адасып бара жатыр?(4) Міне расында олар иман келтіріп, кейін қарсы келгендіктерінің салдарынан  жүректері бітелген. Енді олар, түсінбейді».  (Мұнафиқұн -3) Өте ірі әсем тұлғалы және сөзге  шешен пенделер көп жағдайда жүректері бітеліп тек дүниелік, нәпсілік өмірді қалайтындар болып келеді. Негізінен иман келтіріп қайта теріс айналуға, күдікке бейім екі жүзді жандар болып келеді.  Және де олар арасында жүйке (жын) ауруына шалдығу жиі кездеседі. Себебі тәнде бос кеңістік, қуыс көп деп ескерткен. Ондай белгілер әсіресе білімсіз пенделерде ерекше байқалады. Тек білім ғана бос кеңістікті толтырады. Ал білімді дін насихатымен тазартып пайдаланбаса тек алған білім шеңберімен өмір сүру семіздікті туындатады. Осындай тәндік ерекшелікке қарай жанда қарама-қарсылық белгілерін жазып, тәнді қалыптастыратын, тәрбиелейтін қасиет белгілерін сыйға берген әр пендеге жаратушымыз. Ол, ерекше мейірімді. Енді құлақ ой-сана қабілетінен белгі берсе, мұрын әке-шеше қанымен келетін жыныстық мінез белгісі. Қас ой қабілеті болып ұжмақтан хабар берсе, ақылдың ой белгісінің  қалыптасу хабаршысы тері мен түк. Адам баласының ғұмырының нәтижесі теріге жазылады. Сондықтан да тәнді жабық ұстап жан тазалығы тек тақуалық киіммен қорғалады. Аятта бүкіл істеріңе терілерің куә болады деп ескерткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *