Мизан және жан сауыты

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 124

Алла тағаланың барлық жаратқан нәрселерінде бағыты,қырлары суықтық, ыстықтық, жарық, қараңғы белгілерінің айырмашылығы мен өзіндік заттық, нәрселік сипатын алады. Біз көрмеген, көре алмайтын барлық жаратылыс тегінде қасиет белгісі бар. Сондықтан Құранда адам үйі деген аят бар.Енді сол адам үйі ұстаған жолына дініне қарай ерекшеленіп бөлінеді. Тәңірге табыну кезінде зоостризм  т.б. жан үйлері киіз үй тәрізді болып келсе, енді Құран түскеннен кейін өзгеріске ұшыраған. Жер бетінде екі дінде ғана тұрақты құбыласы (бет жүзінің айнасы) бар. Яғни ғибадат кезінде жалбарыну кезіндегі бағытын және адам тілек ниетінің бағытталу белгісінің көрінісін аятта: «(Мұхаммед пайғамбар) Жүзіңнің көкке жөнелгенін көреміз.Сондықтан өзің разы болған құбылаға айналдырамыз. Енді жүзіңді «Мәсжід Харам» жаққа бұр(мүміндер) қай жерде болсаңдар да:Жүздеріңді сол жаққа жөнелтіңдер. Расында өздеріңе кітап берілгендер,негізінен құбыланың ауысуын Раббыларынан бір шындық екенін біледі.Алла олардың істегендерінен ғапыл емес»(144) Меккедегі Қағба тасының жоғарғы белдеуінен күнделікті әр жағынан 7 түрлі сәуледен шығып тұрады.Барлығы 28 сәуле болып жердің барлық түпкір – түпкіріне сәуле шашады. Әрине ол намаз (сәжде) уақытымен тығыз байланысты.Сол қағба сәуле тәжін Ахзап – деп атайды. Адам алдыңғы бетінде аяқтың басынан маңдайға дейін сол сәулені қабылдайтын жан үйінде белдеуі бар. Тәуратта толық суреттелген болуы керек. «Өздеріңе кітап бергендеріміз (Мұхаммед пайғамбарды) ұлдарын танығандай таниды.Негізінен олардан бір тобы (ғылымдары) шындықты біле тұра жасырады»(Бақара – 146) «Әркімнің бір бет алатын қыбыласы бар. Сонда жақсылыққа жарысыңдар. Қайда болсаңдар да Алла барлығыңды бір араға жинайды. Күдіксіз Алла(т) ның әр нәрсеге күші толық жетеді».(148)

Негізінен христиан да Иеговашылар мен мұсылмандар жаны бір жерде тоғысады.Тек жалбарыну тәсілдері бөлек. Сондықтан аятта: «Әй Израил ұрпақтары! Өздеріңді дұшпандарыңнан құтқарып,тұр тауының оң жағын сендерге уәде қылдық. Сондай – ақ сендерге Мәннә, Сәлуаны түсірдік». (Таһа -80) Израил ұрпақтары Тұр тауының оң жағына қарап жалбарынуы керек.Яғни нұр түсетін сәуле шығатын қасиетті орын белгісі. Енді «Мәннә» — деп Израил ұрпақтарынан тараған халықтарда оның ішінде христиандар болсын, бастарындағы мизан белгісін айтады. Айшық нұр сәуле басты жауып, көзге дейін келіп тұрады. Шіркеудегі икон суреттерінде бейнесін айқын көруге болады. Бас төбе жабық болмаса және тәннің кірлеуімен қара жолаққа айналып көзден төмен түсе бастайды да пенде баласының мінезі өзгеріп, қылықтары ауыса бастайды. Көз жанарында өзгеріс болады. Мұсылман халқында ондай белгі жоқ. Тек көздерді сақтау парыз  үкім етілген. Сондықтан мұсылман қорғаны бес уақыт сәжде және намаздар болса, християн атты халыктарда жан күзетші корғаны «мәннә» болып есептеледі. Және намаздары толық пенде баласында бастан аяқ басына дейін қорған болады. Сол қорғанның ғылымдағы аты жан пердесі немесе «иммуниттет» болып сыртқы сезім әсерінің шек арасын қалыптастырады.

«Сәлуа» баста дуылға болып шіркеудің төбесі сияқты болып,төбесінде Иегова шіркеуінің белгісіндей екі белдеуі бар үнемі айналып тербелісте тұрады. Ал мұсылман жан сауыты мизан  одан әлде қайда күрделі болып келеді де басқарушы ардың (рухтың) ерекшелік белгісі болады.

«Расында ол, Раббының ірі белгілерін көрді (18) Лат (ар) пен Ғұззаны  көрдіңдер ме? (19). Үшінші басқа менатты? (20). Еркек сендердікі де ұрғашы Алланыкі ме? (21). Онда бұл, орынсыз бір бөліс» (Нәжім – 22) Лат дуылға үстінде орналасқан төрт қырлы мұнара ішінде және үстінде таға тәрізді белгісі болып әрбір ғибадат сайын 7  рет тербеледі. Аятта: «Оның оңынан солынан да екі байқаушы отырады». (Қаф -17) Сол байқаушыны «Ғұзза» деп атайды. Жауырыннан басталып жанында тұратын құс қауырсыны пішіндес қанат.Адам жасымен істеген ісімен тәуелді түрде өседі. Ахирет есебінен кейін қосылып «Зейнет» деп аталып адам ғұмырының нәтижесі болса, ширек ай түрінде түрге еніп солай белгіленеді. Мұсылман пендесінің жерленген жерлерінде бейіт үстінде тұратын, қабірдің оң жағын көрсететін белгі. Мешіттерде де оң жағын көрсететін зейнет белгісі болып және қыбыла бағытын айқындап тұру қажет. Себебі бес уақыт Мекке қаласынан шығатын жеті түрлі сәуле әсерімен толықтырылып тұрады. Енді жоғарғыдағы аяттың еркек пен ұрғашы ғұмырының нәтижесі ахиретте теңеледі біріне бірі қосылады. Тек пенделік, тәндік кәсіптік өзгешеліктер бар, фәни өмірде тең емес. Ал зейнет белгісі  неге бейіт пен мешітте бірдей? Демек бір байланыс болу керек емеспе? Алдағы басылымда дәлелдер келтіреміз. Менат дегеніміз қорушы кісі- көгілдір түсті жарық өріс. Негізі Аллаға тура жол тапқан тазарудан өткен нәпсіден пайда болған түтінсіз от. Адам тәнінде дене түгімен шектеліп киіммен қорғалып тұрады. Дәрет және қоршаған ортаға өмір сүру ерекшелігіне байланысты киіну қорғаны болып табылады . Өсіп жетілуі және қуат шамасы киіммен ,дәретке тән тазалығына тәуелді түрде қалыптасады.. Жанмен бірге тыныс алу, тамақтану барысында тәнге тәуелді түрде ұйқы уақытында қалыптасады өседі. Еркек әйелде бірдей белгілер болады тек жыныстық қорғаныс (нәпсілік) айырмашылық болу шарт. Меккедегі қағбаны қоршап тұратын көгілдір сәуле осы Менаттан  миллиардтаған есе қуатты негізі бір, «Рағина» деп атайды.Түтінсіз от болғандықтан (Аллаға тура жол тапқан Ібіліс) оны айтпаңдар деп ескерткен. «Ұнзұрна» деп айтыңдар деген. «Ұнзұрна» ол жер ананың жанатпен байланысты белгілі бір жерлерінде бөлініп тұратын нұр жарты ай болып сәуле шашады.Ұлықсат етілген құлшылық орындарында болады. «Рағина» нұрдың күзетші қызметшісі болып табылады. Мәңгілік өмірге жолдама болатын сол нұрды дамыту және толықтұрып тұру үшін әр діннің және ұлттың намаздар ерекшеліктері амалдар болып қалыптасып «дәстүр» деп атаған. Қағбаны айналғанда сол көгілдір сәулемен шектелген бөлігінің іщінде болатын жер ананың ірі нұры «ғұмыры» ішінде 7 рет айналып сол нұрмен адам зейнетін толықтырады. Ол жерде жалаң аяқ жүру себебі де сондықтан. Пенде баласында ер адамда бел омырқаның төменгі жағынан сондай кіші нұр белгісі шығып болады.

Адам баласының алдыңғы бетіндегі қалыптасатын ерекше өріс қыбыла деп аталса,ахирет белгісінде армен қоршалып «диван» болып саналады.(Суретті қараңыз) «Аузынан бір сөз шығарса болды,алдында аңдушы дайын».(Қаф – 18) Қыбыла негізі айтылған сөз, дыбыс,  зікір болып, адам жанының өрістік  бет жүзі болып түзіледі. Яғни пенде баласының алдыңғы жағы қалың аралас өріс болып, негізгі алты өрістің адам аспанының тоғысқан беті болып, тіршілік барысының айнасы болып табылады. Жұп таққа айналып және белгілі сандық мәнге еге болған өрістер ыдырау дәрежесінде немесе ұйқы демалыс уақытында, сол жақ қанат теріс өріс тақ сандар, оң жақ жұп сандар, артқы жақ аралас қалдық өріс, жаман сөздер және тіл – көз қоры болып келеді. Немесе қара қуат болып тіршілік өмір сүру барысында жағып тазартып отыру шарт және осы өрістен барып жетінші аспан қорған пайда болады. Екі  жазушы бөліктен адам тағдырының «ғұмыры» немесе ахирет кітабы болып жазылады.Оң жағынан ашылса, ұжмаққа  бастар, сол жағынан ашылса тозақка бастар. Адам үйінің жан есігі артқы жағында болады. Адам жанының ең осал жері арқа тұсы болып артқы жағында қорғаушы болуы шарт. Сол қорғаушының тазалығына байланысты, сол өрістің қараңғылығына кірлеуіне байланысты өсуі тоқтаса себеп өлім туындайды. (Көрінбейтін көлеңке) Құранда ол есікті «Ғафыр» деп атап, себеп апаттарға байланысты сүре түскен.

Қорғаушы кім? Оған жете түсіну үшін періштелер мен жындар байланысын  және тозақ жаннәт әлемдеріне сапар шегіп барып айқындалады.

Жалпы адамзат жан сарайының (Өріс үйінің) Құранда сипаты бар. «Егер бүкіл адам баласы бірыңғай болып азбайтын болса еді, әрине Аллаға қарсы болғандардың үйлерінің төбесін әрі жоғары шығатын баспалдақтарын күмістен жасар едік. Үйлерінің есіктерін әрі сүйеніп үстіне отыратын дивандарында күмістен жасар едік.Бұлардың барлығы дүние тіршілігінің  ғана пайдасы. Раббының қасындағы ахирет,тақуалар үшін»(Захрұф – 33,-35).

Бұл көрініс адамдық борышын өтеген арам жеп, абыройын ашып азбаған адал өмір сүрген,бірақ Алланы тани алмаған ғибадаты жоқ пенделердің жан сарайының көрінісі. Жоғарғы шығатын баспалдақ көркем сөз күміске (буға) айналып жоғарыға қарай биіктеп отырса, төбеде  түсіну қабілеттері күміске айналып,   сыртқы есік арқа жағы күмістен және зейнеттері  «диван» болып күміске айналып,ал  сыртқы үйі алтынға айналып, ерекше қорғаушыға еге болу тек тақуаларға тән.

Сондықтан толық құлшылығы болған пенде  жанының жемістері алтын,жақұтқа,інжуге,маржанға айналып жаннаттан орны болары ақиқат! Ібілісте адам тәні арқылы тазарудан өтіп періштелік сипатқа айналып Аллаға қосылады. Алда періштелер сипатынан толық мағлұмат болмаса Құран аяттарының  сырына,жаратылыс ғылымына, Алланың хикметтеріне көз жеткізу мүмкін емес. Бүкіл жан,тән,рух және аруақ туралы пікірлер періштелер ұғымынан  ажырасады және қателіктерге апарып  соқтырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *