Жан және мизан — дүние қазынасы

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 128

     «Әрбір адамның жаны Алланың еркінде, егер қаласа Алла тағала адамдардың жанын түзу жолға сала алады, қаласа ақиқат жолынан тайдырады. Дүниедегі өлшем атаулының бәрі Алланың еркінде. Қаласа бір халықты билікке көтеріп, алға оздырады, ал басқа бір халықты ақырет күніне дейін азапқа салады». (Мұхаммед пайғамбарымыз хадисінен). Жан адамзатқа жаратушымыздың сыйлаған баға жетпес сыйлығы. Адамзаттың бар жинаған жақсы, жаман, толымды, толымсыз дүниесі, ақыл қазынасы жанда жазылады, керегі сақталады, өсіп дамып отырады, жарамсызы отқа өртеліп, тозақ отында тазартылады…Жанның құпия өлшемін Алла тағала ғана белгілейді, сондықтан пайғамбарымыз:

«Адамдардың көзінен таса бес нәрсе бар, оларды Алладан басқа ешкім білмейді; ертең не болатыны Алладан басқаға беймәлім; ахирет күні қашан туатынын Алла тағала ғана біледі; адам қай жерде және қашан өлетінін білмейді; сондай-ақ қашан жаңбыр жауатынын да ешкім білмейді». Төрт құпия адам жанында жазылған.

Бес қуаттың өзара қарым-қатынасын арқау деп атайды. Ол денені өрмекшінің ұясы тәрізді айнала қоршап, сыртқы өрмек ет пен терінің арасындағы және ішкі ет пен сүйек арасындағы өрмек болып 3-ке бөлініп 19 басты ошағы тәнде болса, 19 ощақ жанда тұрар. Енді сол әрбір байланған нүктелермен, сансыз көрінбейтін күміс жіптермен жан тоқылып, сауыт болып, баста дуылға, әйелдерде сәукеле түрінде болып, төбесінде үкі тәрізді байланыс шашағы болады. Бастағы сауыт сансыз уықтармен қуат керегелермен байланған. Бұл әрине дәрет пен киіммен қорғана білген пенделерде болатын жалпы жан суреті. Ал жалаңбас дәретсіз әйелдерде сағым сияқты жоғары көтерілген сүйір әр түрлі сүңгілер болып, ұйқыдан жаңа тұрған алба-жұлба шаш кейпін береді. Тәннің тозуына қарай биіктеп көлемі ұлғая түседі. Маскүнем т.б. дәретсіз еркектер де осыған ұқсас суретке енеді.

   Бастағы дуылға сауыт, мизан деп аталады. Жалпы жан туралы пайғамбарымыз былай суреттеген: «Адамның жаны далада шыр айналған бір уыз ұлпа тәрізді»  деген. Аятта: «Ол сондай түнде сендерді өлідей ұйықтатады. Және күндіз не істегеніңді біледі. Сонан соң сендерді белгілі мерзім толтыру үшін күндіз оятады. Соңыра қайтіп барар жерлерің сол жақ. Одан кейін істелген істерін түсіндіреді». (Әнғам – 60). Жан мизанда (маңдайда) орын теуіп көктен несібе жеткізіп тұрар. Сондықтан да «шыбын жан» деп атаған бабаларымыз. Күнделікті жоспарды тән мизан арқылы алып, ұйқыда тазартылып өзгертіліп отырады. Іс-қимылдар нәтижесі, иықтан төменгі «өсуші жан» немесе «мал» деп аталған өріске жазылып отырады. Жан Алла тарапынан берілгендіктен қорған сарайы болып «Мизан» жан деп аталып қызметшілерін «қасиет» деп, пенделік ерекше белгілер сол қасиеттердің денемен бір тұтас  қызметінің жемісі болмақ. Ғайыптан басқару жан сарайының қызметі болып, оны Мизан» немесе қарапайым сөзбен «Таразы» деп атаған. «Өлшеуді кемітпеңдер» деп ескерткен Алла тағала. Сол өлшемнің де төрт түрін берген адамзат баласына. (Сурет бейнеге қараңыз)

Мизан өсуші жан (мал) қорушысы: «Және ол, құлдарының үстіне өктем, сендерге қорушылар жібереді. Біреулеріңе  өлім келген сәтте періштелеріміз жанын алады. Әрі еш кемістік етпейді.» (Әнғам -61) Демек көктен келген жан төрт сипаттан тұрады. Мизан (өлшем, нәпсі), қорушы, күзетші және жан. Мизан ахиреттен берілген жан сарайы екендігі туралы аятта: «Расында елшілерімізді ашық  мұғжизалармен жібердік және елшілерімізбен бірге адам баласының әділ тұруы үшін кітапты, мизанды жібердік. Сондай-ақ  темірді пайда қылдық. Онда мықты күш әрі адамзат үшін қажеттер бар. Алла онымен дініне, елшілеріне көрмей-ақ көмек еткен кісіні мәлім етеді. Сөзсіз Алла өте күшті, тым үстем.» (Хадид – 25) «Әркімнің үстінде бір бақылаушы бар».(Тарық-4) Әлемдік 10 санын пайдаланып Хадид сүресінің 25-ші аятының толықтауыш аяты 20 мен 30-шы аят арасын 3-ші аят анықтайды. Аятта: «Ол Алла (т) әуелгі әрі соңғы және ол, көрнеу әрі көмес сондай-ақ  ол, әр нәрсені толық білуші»(Хадид – 3) Енді қуаттарды қатар-қатар  белгілермен тізбектесек.

Бастапқы          көрінісі      соңғы

Елші                кітап                 мизан

(адам)             (рух)                   (жан)

ТЕМІР           мықты күш        қажет

Дін                  елші                   кісі

Ол Алла         әуелгі                 соңғы

Ол                    көрнеу               нәрсе

Ол                    нәрсе                 толық білуші

     Осы белгіден жер бетіндегі жаратушымыздың байланыс жүйесінің (пенделерге байланысты жүйе) белгісін көруге болады. Жанның жер бетіндегі  соңғы елшісі мизан болып толық білуші кісіге айналады. Яғни толық білуші, жазушы, темір тегі от болып «Мизан» деп аталады.  Жанның  сауыты қорушы кісі. Өсуші жан адам өмірінің кітабы болып есептеледі. Оң жақ  оң істер болып, сол жақ теріс істер, алдыңғы жақ көркем сөздер, артқы бөлік теріс сөздер және тіл, көз болып бөлінеді. Осы төрт бөліктің толуымен жан өз ісін тоқтатады. Тозақтан өткеннен кейін екі бөлікке жинақталып кітап болып ашылады. Жан сарайын нұрмен, оң іспен, көркем сөзбен толтырғандар озаттар деп аталса, оң істермен  өмір сүргендер оңшылдар болып, ал екеуінен де белгісі жоқтарда кітап теріс оқылады. Яғни ылғи жамандықтармен толтырылған. Кісі – қорушы сауыт қызметін атқаратын Алланың жіберген періштесінің бір сипаты. «Расында Сендерге Раббыларың тарапынан көрнеу дәлелдер келді. Кім оны көрсе өзі үшін. Және кім көрмесе зияны өзіне. Мен сендерге күзетші емеспін.» (Энғам-104) Енді мизан төбеде тұрса оны бізге көруге жазбаған. «Әркімнің алды артынан өкшелеп, қорушылар бар. Расында бір қауым өзін өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді. Сондай-ақ Алла, бір қауымға бейнет тілесе, сонда оны еш қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге бір өзгертуші жоқ.».  Демек пендеге екі кісі бекітіліп беріледі (есту, көру қасиеттері) екен де, ол мизанға бағынышты болады, жақсылығы да жаманшылығы да төменгі өсуші жанға, өсіруші тәнге берілген жоспар жоғарғы жанға байланысты болмақ. Үштіктің төртіншісі мизан Алланың бір белгісі үнемі бақылап қадағалап тұрады. Демек күре тамырдан да жақын.

     Жалпы пенде баласын кіші әлем деп қарастырсақ, онда 7 көктік 7 жерлік белгі болу шарт. Жер мен көк қалай жаратылса адам баласы да сол сияқты қалыптасуы керек. Кіші әлем үшін көк қабаттары «Кісі» болып аталады. Кісі бізге көрінбейтін өмір, тіршілік белгісі. Сол көрінбейтін өмірдің заңдылығы пендеге тән үш нәрсе болса, төртінші Алла болып бестің алтыншысы болып кете береді. Яғни үштен бастап тақтың жұбы болып есептеледі. Өмір сүру барысында пенде сыртында 3 түрлі  өріс жиілігі қалыптасады. Бірінші өріс құрамы жағынан; Алтын, күміс, мыс тегі болып түзіледі. Осы өріске  байланысты себеп өлімнің кезеңі белгіленіп отырады Пенде баласынан бөлінген нәпсі іс-қимылдан тазарудан өткеннен кейін, бөлінген жын  (түтінсіз от) екінші сатыға өтіп, енді тәнді сыртқы әсерден қорушыға айналады. Яғни тазарудан өткеннен кейін сыртқы кеңістіктегі және адам денесінен шыққан нәрселерді кері қабылдай алмайтын дәрежеге жетеді. Екінші өріс өсуші жан «Бақша» деп аталған өріс. Үшінші өріске пенденің есту, көру өрісі жатады. Енді төртінші өріс белдеу болып Алланың бізге беймәлім сипаты. Әр пенденің қабілеті Мизанға және осы өрістерге байланысты. Алла тағаладан пендеге ерік беріп қойған бірден-бір сыйы көру, есту, ойлау қасиеттері. Тәндегі орнын жын деп оның қызметін мал деп атаған құранда. Мизан қайдан пайда болмақ? Енді  адам баласының ажалы жетіп, тәннен босаған өсуші жан және жын бөлек-бөлек қажетсіз белгілерден тазарудан өткеннен кейін ахирет пен тән арасындағы елші кісіге айналып, қорушы қызметін атқарып, мизанға қызмет жасап екінші жиілікте өмір сүреді жанға айналады. Адам жанының тәрбиеші жанның күтушісі болып 40-қа келгенше Рухтан белгі жеткізеді. Ұйқы уақытында жазылып тазарады, күндіз тарқатады. Екінші жанның қалыптасуы 40 жаста аяқталып, толық ақылдың басқаруына көшеді. Яғни басқа жоғарыға ауысады «Баланы 2 жасқа дейін емізу керек, 40-қа келгенде ақылы толады»  деген аятта: және «Ағызған екі теңіз қосылады, екі арасында бөгет бар, бір-біріне араласпайды». (Рахман – 20) Екі арадағы бөгетті «далда» деп атайды Құранда.

Далда адамзатта екі жан арасы болса, әлемде 4-ші аспан мен 3-ші аспан арасы. Жер асты 3-ші, 4-ші қабат арасын белгілейді. Адамзат даму сатысында тәуелді, тәуелсіз, ерікті, еріксіз даму, жетілу, белгілі мөлшерде Рухтан жоспар алып, меңгеріп түрленуі шарт. Тән болса қоршаған ортаға, ауа райына байланысты жейтін қорек дәмге байланысты денелік түрленуі шарт. Жанның түрленуі Әлемдік бүкіл қозғалысқа тәуелді. Пендеге тәуелсіз, жаратылыс себебіне ерікті түрде, түрлендіруші дамытушы жоғарғы Рух. Азықтандырушы ақыл мен ес.  Несібесі ұйқы, киім, тамақ. Бүкіл жаратылған нәрсенің өзіндік сызықтық пішіні болады. Егерде ғылыми негізге жүйелесек, онда тұлғалық бейнесінің көрінісін көруге болады. Жан көруге жазбаған. Оған тек тылсым арқылы, аян арқылы ғұламалар дәлелдеген, сол еңбектер болу керек, табылуы да керек болашақта. Тіршілікте жан-жағымызда күнделікті көріп жүрген белгілері бар, бірақ аңғармаймыз.

      Адамзат өмір есебінің басты шарты болып ғайыпты аян арқылы, түсінігін көкейге салу және сана арқылы берілген мағлұматтарды, есеп жүйелерін ғылыммен, біліммен салыстырып айқындап, біліммен қоршаған ортамен салыстырып жүйелеу арқылы ғана түсіндіру керек. Мүмкін адамзат ұрпағына да осы жан өрісін көріп бақылап, соған байланысты өмірін жөнге салып қалыптастыратын да дәуірлер болар. Ол құпияны ашу тек жаратушымыздың қолында. Енді екінші жанды суреттесек; Мизан  мұнара болып, төрт жақты беті болып, төрт қыры бір төбеде біріксе, жалпы бейнесі мойын тұсынан көлденең бүкіл иық және аяқ басымен төрт бұрышты текше болып төрт жақты қағба бейнесін береді. (Суретке назар салыңыз, сандық мәні де бар).

Бір-бірін қайталап тұратын текшелерден құралып, өрмекшінің ұя сындай тоқылады.Өсіруші, дамытушы жан болып тәнді қалыптастырады. Тәнмен бірге қасиеттерді өсіреді. Қуат белгілерімен тығыз байланыста болып, 40 жаста рухтың келуі тоқтап, бүкіл белгілерді  қалыптастырып тек бақылау дәрежесіне ие болады. Ойлау, есту, көру дәрежесі толық қалыптасады. Рухтан белгі алып ақыл мен есті қалыптастыруға аян бере бастайды. Яғни жоғарғы біліммен байланысқа түсу дәрежесіне ие болады. Екінші болашақ жан қызметшілерінің дамуы басталады.

«Расында мен, менің Раббым әрі сендердің Раббыларың Аллаға тәуекел еттім. Ол, маңдайынан ұстамаған ешбір жандық жоқ. Күдіксіз Раббым тура жолда» (Һұд -56) Барлық жаратылған жандық сыртқы жан өрісімен маңдай арқылы мишық жүйесімен байланыста тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *