Он – ақыл. Жақсылық белгісі.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 87

    «Мұсаға отыз түн уәде еттік те оған онды қосып, сөйтіп Раббының белгілі уақыты қырық кешке толды». «Күнәкарларды көздері көгерген түрде жинаймыз. Олар араларында Дүниеде он-ақ тәулік тұрдық» деп сыбырласады. (Таһа – 103). 

«Кім бір жақсылық келтірсе оған сондай он есе бар. Және біреу бір жамандық істесе, сондай-ақ жаза беріледі де олар зұлымдыққа ұшырамайды». (Мәйда–118). Он санымен адам болып бүкіл жаратылыс жандықтан ерекшеленіп жер бетінің халифасы болып үстемдік құқығына ие болады, ол хақиқат. Әлемдік сан. Жанның даму белгісі жақсылыққа щығар баспалдақ саны. Онмен ғана жаратушымызды тани аласың. Он — ақыл толысу саны. Он саны пайғамбарлар, әулиелер белгісі. Арыстан баба мөрі он бөліктен тұрады. Демек жер жүзіне танымал болмақ, ғылым саны он болар. Он саусақ қосылса ғана өнер тамар. Алмас асу болмас. Енді төрт текті он есеге көбейтіп көрейік.

 

Жер ортасы —  Көктөбе

 

      Жер бетінің ендігі, яғни батыс пен шығыстың арасын өлшеу үшін алынатын белгі қазық, бас нүкте. Жер ортасы Көктөбе деген сол. Ол — жердің кіндігі, қасиетті орны. Арабтар оны Арин  меридианы деп атайды. Ол Арин өтетін төбені құбатал Арз деп атайды. Арин адам мекендейтін жердің шығыс жақ шеті болу керек дейді кейбір ғалымдар. Жоқ, олай емес, адам мекендейтін жердің орталығы болуға лайық деседі басқалары. Көп адамдар Көктөбені судың, ортасындағы арал (Жазира) болу керек деп біледі. Үндістан мен Араб ғалымдары Арин өтетін арал Ланка-Серендио (Цейлон) болу керек деп жорамалдайды. Кезінде ғұламалар бас меридиан Арин мен жердің белдеуін хат, ал – Астиуй (экватор) түйіскен нүктесі деп, жер кіндігі(Көктөбе) Цейлон аралын ол кезде экваторда  деп білді. Расында ол арал экватордың дәл өзінде болғанымен, соған жақын. Бір заманда оның дәл экватор үстінде болуы ғажап емес дейді. Ертедегі аңыз — әңгімеден кіндік төбе аралы тамаша жемісті, қысы жоқ, қазыналы болу керек, өйткені ол жер үйегі, ол сонымен қатар Адамның жердегі кіндігі. Бүкіл белгіні Цейлон аралынан іздеген.

Ал енді Жер Ана түйеге қарасақ меридиан (Арин) сызығын жүргізіп көрсек. Ол үшін әрине кіндік ортасы алынады. Кіндік теңдік бөлігі соған қарап алдыңғы аяқ (Австралия құрлығы) бөлігіне қосарлай еріксіз түзу сызық жүргізіп көрелік. Ол үшін Жер Ананың ортасынан тең бөлінген тауларды экватор деп қарауымыз керек. Оның ортасын қалай табамыз. Оған белгі Құранда Тұран қақпасы. Ол екеу. Бірі кіретін қақпа. «Жоңғар қақпасы аталған атақты қақпа болса, шығатын қақпа Нұх кемесі өткен Қап тауы немесе Әзірбайжан маңдарында болу керек. Ескендір Зұлқарнайын бітеп кеткен тау шатқалы. Сол екеуін теп-тең бөліп, жер ортасын табуға болады. Болашақ жерді жұмыртқа тәріздес бейнеге айналады десек, онда бәрібір ол сызық Түркістан үстін басып өтеді. Ортасы Көктөбе Яссауи бабаларымыздың кесенесі болып табылады. Екінші басы Мәдине қаласын басып өтеді. Сәни дәптерде әулие бабамызды «Көк тонды» деп атаған себебі бекер емес. Бұған әрине болашақта ғалымдар зерттеп тұжырымдама жасар. Оған дейін екінші шығатын қақпаны табу керек. Сонда шөл далаларымызға жан еніп қайта гүлденіп «Арал теңізі» қалыпқа келері сөзсіз. Негізінен экватор және меридиан сызықтарын қайта есептеу керек. Темірқазық жұлдызының ауытқымайтын жерін тапса, сол жер кіндігі болып табылады. Кезіндегі Әл-Фараби, Ұлықбек бабаларымыздың зерттеуімен салыстырғанда Бұқара, Қазықұрт рысытханасында (жұлдыз үйінде) сәл ауытқу болатыны байқалған. Жердің тербелісін байқайтын жер Құранда көрсетілген Қытайда Жоңғар қақпасы тұсы Үрімшіден 70 шақырым жерде.

«Олар ояу деп ойлайсың: негізінен олар ұйқыда еді. Оларды оңға солға аунататын едік…»(Кеһф -18).

«Жер ортасы Көктөбе,

Жетем деп оған өктеме.

Жер үйегі Түркістан

Жерінді туған тек деме.»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *