ҚҰРАН –жаратылыс тану ілімі

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 154

      Жалпы әлемнің алғашқы жаратылу кезеңінен бастап адам және оның жер бетіндегі қызметі құран аяттарында толық қамтылған. Жалпы әлемнің, ғарыш әлемінің, дүниенің пайда болуы туралы ілімді, құран аяттарының сырын зерттеген ғұламалар еңбегі жеткілікті. Бұл үлкен уақыт аралығын алып жатқан тарихи дәуірде қамтылған жаратылыстар, жұлдызды аспан, күн жүйесі, жер бетіндегі өмір, аспан құбылыстары қазіргі ғылымда екі бөлікте қарастырылады. Көрінетін және көрінбейтін болып. Көп айтыс тартыстар осы екі арада жүріп жатыр. Ал аспан құбылыстарына толық мән беріп, қайырымды және зұлым жаратылыс иелері, әулиелер, түс көру, тіршілік ету, қозғалыс, тербеліс, кеңістікте өрбу, өшу, даму заңдылықтарын кейбір дін  ғұламалары, ғалымдар жоққа шығарады. Немесе толық мән бермей «тек сену керек» деп тұжырымдаған.

     Сондықтан құран аяттарын негізге ала отырып Абай, Шәкәрім аталарымыздың пайымдаулары, Әл-Фараби атамыздың «жаратылыстанудың биік негіздері туралы трактатындағы» көзқарастарын салыстыра отырып Яссауи бабамыздың «сәни дәптерінің» ақиқатына тірелеміз. Фараби атамыздың трактаты бойынша бүкіл әлемнің басталатын кезі бір Алла белгісіз құпия қазынадан шығып мәлім болуды қалап, сонан соң өз жанарынан бірінші жарықты, яғни нұрды жасау кезі болып саналады. Ол жарықта әуелгіде еш  бір қасиет болмаған, ол біртекті және қозғалыссыз жаратылады. Оған ақыл, ойлау әрекеті берілген бақыттан соң қасиет пайда бола бастайды. «Ақылға келсек дейді ғұлама, — ол жарықтан, нұрдан бастау алатын шабыт.» Әлемдік нұрдан және онымен байланысты одан тікелей жаратылған әлемдік ақылдан барып бүкіл заттың нәрселік және рухани тіршілік әлемі туындайды, өрбиді, сан алуан түрге келеді. Енді бабамыздың сипаты бойынша; «Ең әуелі Алла тағала өз ажарынан, қасиетті нұрынан тіке тарайтын мәртебелі жарықты жаратады. Ол суық та жылы да емес, дымқыл да құрғақ та емес, еркек те, әйел жынысты да емес еді. Алла тағала осы жарықты бүкіл әлемнің негізі етіп алды, барлық жасалынатын, болатын нәрселердің түп болмысының нышандары басынан аяғына дейін осы алғашқы жарықта жатыр. Бүкіл нәрселік (органикалық) тірі дүниенің рухани нышандары да осы жарықта болды». Яссауи бабамыз хикметінде:

Хикметімнен баһра алға көзге сүртсін,

Ықыласпен көзге сүртіп дидар көрсін.

Шарты сол дүр: қанағатқа мойын ұсынсын,

Жан пида етіп жан ананы көрдім міне,

Оны жан ана  деп атаған әулие бабамыз. Бірінші жарық – нұр алғашқыда өзінің жаратылған жерінің маңында орналасады да, осы жағдайда бір дүркін тербеліс уақытында (12 мың жыл) тұрақтайды. Бүкіл әлемнің бастапқы да бірінші элементтері пайда болуы үшін, Алланың әмірімен нұр екіге жаратылып, бір бөлігі жоғары көтеріліп, екінші бөлігі төмен түседі, олардың арасында бос кеңістік орнайды, олардың бастапқы бөліну орнында орта бөлік пайда болады.  Осы орта бөлік әлгі екі бөлікті байланыстырып, дәнекерлейтін маңызды қызмет атқарады. Мұндай бөліну кең көлемде әрбір 12 мың жыл дүркіннен кейін болып тұрады, кіші көлемдегі бөлінулер 6 мың жыл, тар көлемдегі бөлінулер төменгі бөлім ішінде 9 айда, 12 жылда, т.б. жүріп тұрады. Әрбір бөліністен соң бүкіл әлем заттарында жана сапалар, өздерінің айрықша қасиеттері бар мән-мәністері бар бастапқы, негізгі элементтер (құбылыстар) пайда болады. Дүниеде әлемде бос орын жоқ, әртүрлі күштермен біріккен, жалғасқан және осы күштердің қозғалыстардың әсерінен туындайтын аса қатаң заңдылық бар. Бастапқы жаратылыс негізгі нұр, ол жарық ұғымына қарағанда кеңірек ұғым. Нұр – үлкен қуат егесі. Нұр кең ұғым. Аятта: «Алла (Т) көктер мен жердің нұры. Оның нұрын мысалы: ішінде жарық бар қуыс сияқты жарық әйнектің ішінде. Ал әйнек бейне інжудей жұлдыз шығыста батыста болмаған зәйтүн майымен тамызылады.  Тіпті от тимей-ақ оның майы жарық бергелі тұр. Алла қалаған кісіні өзінің нұрына бөлейді. Алла адамдарға өстіп мысал береді». (Нұр – 35).

     Жарықтың көлеңкесі болады. Нұр жарықтың кемелденген жоғарғы сапасы, көлеңкесі жоқ, ыстық, суықтығы жоқ. Жарықтардың тегі деп атауға болады. Адам ақылы нұрға бөленеді. Яғни жарықтан шығатын әлемді танып білу биік шоқтығы нұр. Әлем нұрдан тараған жылу құбылыстардың да үстіне сәуле шығару, от, қуат көздерін қамтитын кең мағыналы жарыққа лық толы, оның әр жерлерінде осы жарықтың қоюланатын аспан денелері нәрселері орналасқан. Бүкіл жоғарғы бөлік екі жарыққа бөлінеді де қозғалыс қасиетіне ие болады. Алла тағала өзін құдірет күшімен осы жарықты бүкіл әлемнің қозғалыс негізі жасады. Жарықта жылу табиғаты бар. Бұл жылу бүкіл дүниелік харакеттің қастерлі ірге тасын қалады. Мұнан соң Алла тағала жарықтың жоғары бөлігінен ғарышты, яғни аспан шырақтарынан және оларды сүйреуші періштелерді және басқа да жарық құбылыстарын бар етті». Фараби атамыздың пайымдауы бойынша: «Жарықтың бүкіл төменгі бөлігі қараңғы қозғалыссыз және салқын болады. Бұл бөлікте өзінің жаратылысы жөнінен қозғалыссыз заттар, денелер орналасты. Алла тағаланың құдіреті күшімен қозғалыссыз нәрселер жаратылысы салқын, суық болып келеді. Осы нәрселерден түп негізі басқа да көп болатын заттар тас, топырақ жаратылады. Фараби атамыздан осы ғылыми  негіздеріне сүйене отырып толықтырсақ, нұрмен қоса 8 жарық бөлігі бар. Нұрдан басқа жарықтың көлеңкесі болады. Яғни 7 қараңғылық бар. Бұдан 8 пейіш 7 тозақ белгісі шығады. Және қозғалмайтын нәрсе жоқ. Бәрі бір өзіндік тербеліс жиілігін құрайды. Аятта: «Тауларды көріп, табжылмай тұр деп ойласын. Негізінде ол бұлт тәрізді жүреді. Бұл әр нәрсені берік жасаған Алланың шеберлігі. Күдіксіз ол жасаған нәрселерді толық біледі» (Нәміл – 88)  Нәрселер арасындағы тартылыс күші Жаратушымыздың әмірімен бір-біріне тартылып болмысын сақтап тұрады, аятта: «Ол көктер мен жерді жоқтан бар етуші. Егер бір істің болуын қаласа, сонда тек қана «Бол» дейді. Ол бола қалады». (Бақара – 117). Оның да өлшемі, түрі, түсі, жиілік есебі бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *