Құран және кітап берілгендер.

Бөлім: Ата жолы кітабы №3 210

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Құрандағы әрбір сүре толық кітап болып, сүре ішіндегі аяттар да жеке кіші кітаптар, үгіттер болып негізінен он сүрелер, білімдер жинағының топтамасынан ғана құран насихатын, ғылымын анықтай аламыз. Сонда құран насихаты 11 сатыдан және ішкі 4 қағидадан тұрады. Осы төрт қағида адам баласының жаратқанмен бірігу, яғни құлшылық сырларын қамтитын, сопылық және ақиқатты табуға түсірілетін ұлттық ерекшеліктері бар өз елшілеріне түсіретін кітаптар негізі болып шығады. Демек Алламен тілдесу; аян, уахи, түс және бір перденің ар жағынан жаратқанмен тікелей тілдесу болып, осы 4 негізден кітаптар пайда болады. Олай болса барлық кітаптарды толықтырып, аяттарын алмастырып тұратын тұрақты осы 4 негізгі кітаптарға жинақтарға (Тәурат, Зәбур, Інжіл, Құран) тәуелді. «Егер тәуратты, інжілді білмесеңдер түк емессіңдер» деп аятта ескертуі осы құпияны білдіреді.

Тәурат пен Інжіл бір жұп, Зәбур мен Құран бір жұп болып табылады. Сондықтан құранның жұбы пайғамбар өсиеттері мен шариғат қағидалары болса, ол кітап-құран хадистер негізінен Зәбурды қайталайды. Ал Забур қашаннан қазақтың философиялық, шариғаттық төл «ақиқаттар» кітабы болып табылады. Ал енді құранның ішкі сүре аяттарының үгітінің толық мәнін табу үшін белгілі бір есептік жүйені пайдалана отырып әрбір аяттың орнына, сүре мәніне байланысты жұбы, пары болып пайғамбарлар өсиеті немесе басқа кітаптардың аяттарымен, яғни 9 аятпен ғана түйінделіп отыру шарт. Аят ішіндегі сөздердің мағынасы түгіл жалпы бір аятпен немесе сөйлемдерді бөліп алып пәтуа шығарудан құранды теріске алу мен діннің азғындығын ғана туындатады. Мысалға аяттың сандық орны тікесінен осы сүреге қатысты аяттың қуатын яғни насихат, ғылымын көрсетеді де, ал көлденеңінен оң, сол бағыттағы осы сандық мәндердегі аяттардың насихатын және қуаттық шамасын толықтыруға да қатысады. Сондықтан әрбір аят оңға және солға сызықтық белгімен әзірге дін ғалымдарына белгісіз болғанымен жалпы ғылымда да зерттелген, есептік жүйесі айқын сызба «геометриялық» білім,  «хатте» ұғымының мәнін көрсетеді.  Ал егер аяттың ішіндегі сөйлемді, сөзді бөліп алсаңыз онда бөлшек сандармен теріс ұғымдар ғана пайда болады да оқушының, зерттеушінің философиялық дүние танымына қарай, қалай түсінгіңіз келсе солай мағынасы құбылмалы болып тұрады.

Сол сияқты әрбір жаратылыс нәрсесінің жұбын, парын тауып барып, салыстыру арқылы ғана зерттеген аяттың насихаты туралы шешім шығармаса, онда жалқы ұғым немесе жалғыз жаратқанға серік қосу болып табылады. Бұл мағынасы құпияланған аяттар үшін. Ал ашық аяттарды сол сүренің ішіндегі көрші аяттардың сандық мәніне қарай 3,5,7,9 аяттармен салыстыра отырып үгітін оңай меңгеруге болады. Еркектің, әйелдің қандай болатынын білмесек, салыстырмасақ қалай еркек деп ат қоямыз? Сондықтан құранда әрбір аятты салыстыру үшін жұп, тақ сандармен белгілеп, сүремен атын қойып өлшемін көрсетіп қойған. Енді құранның насихаттарын яғни аяттарының, үнінің бейнеленуін адам баласының тіршілігіндегі бүкіл ғылымнан, білімнен, өлеңдерден, әндерден, бейнелеу т.б. өнерлердің бәрінен көруге болады. Құрансыз аяттардан, сөздерден құралусыз және ішкі сыры арнаулы кітабы-зайырсыз тіршілік те, жаратылыс та, өмір де жоқ. Құран тек арап тілінде түсіріліп жазылған, сонан ғана жаратылысты тани аласың деген надандықтың ең үлкені деп біліңіз.

Адам атамызды жаратудан бұрын сөздер мен үндерді және оның бүкіл ара қатынас бейнеленуін жаратып, үндердің ыдысын періште қылып, таңбалап, әрбір таңба, бейне періштеге сөздердің білімін, яғни үнін үйретіп отырған. Әрбір көркем сөз тазарған періштелік үннен тұрып, дауысталып, қайта бейнеленіп, адам баласының малына айналып қуат, азық болып бір тұтасқа біріктіріліп отыру шарт болса, онда сол періштелерді, сөздер құралу ережесін тек араптардан басталады деп түсіну ақымақтық, имансыздық! Бүкіл адамзатқа үйретілген  діндердің білімдері сөзбен бейнеленіп Құран болып, оның ғылымы арап тілінде тек үндестіктің таңбалануы арқылы сөз есебінің сақталуы және жеті үннің құпиясының өз дәрежесінде сақталуы қамтамасыз етілген. Әрбір жаратылыс егесінің сыңары, серігі, көлеңкесі болуы шарт болып, арап үні адамзатқа ортақ музыка ғылымының сөздік, дауыстық, дыбыстық бейнесінде түсірілген. Мысалға музыка, күй адамзатқа ортақ түсінік болғанмен, әрбір халық бір музыкалық әуенді өздерінің ана тілінде сөздермен бейнелесе қанша тіл болса, сонша бір сөздік әуен ұғымы шығады, түсініктері де сөзбен бейнеленуі де өзгерістерге түседі. Құранда 7 үндік негізді беріп, әлем үндерінің түрленуінің 7 кезеңін қамтып, 8-ші орнын әрбір елдің ана тілінен тауып отырады. Сондықтан арап тілі сөздің үндестік ғылымының, яғни ілімнің ең жоғарғы зерттеу білім негізі болып табылады.

Бұндай тұрақты үнді сақтап тұру үшін арап халқына білімді толық меңгеру үшін таңбаларды жетілдіруге болмайды және үндестігі өзге басқа елдерге қыздарын беру шариғаттық, салттық ережесі болып қалыптасқан. Таңба өзгермесе, үндестік де өзгермейді, ал білімді жетілдіру жолында өзге тілі бөлек елдерден сөз атауларын ендірмесе үндестіктер де өз тұрақтылығын сақтап, білімнің де бір қалпын сақталуы қамтамасыз етіледі. Сондықтан Құран білімі, сөз атаулары арап халқында шектеулі болып, орта үммет болып есептеледі де тек намаз оқу арқылы ғана сөз білімінің рухани қуаттарын заманына қарай қалыпты сақтауға жаратқаннан жеңілдіктер берілген. Өмір сүру ортасы да бір қалыпты  ықылымдық, ыстық, жарық, қараңғылық, құрғақтық (климаттық) ортамен шектелгесін және негізінен сүйікті тамақтары жемістермен қоректенудің өзінен нәпсі қуаттарның, күнәнің өсуі белгілі шамада шектеліп, басқа елдердей тәндері сасып азғындыққа ұшырамайды. Осындай «физиологиялық», «биологиялық», «химиялық» өрістердің жер, көк өрісіне байланысты айналым ерекшеліктерінен, жан ғылымынан хабары жоқ арадағы шала сауатты араптар мен соған еліктеген басқа ұлттардың тәпсіршілерінің еліктеуінің арқасында діннің насихат өрісін тарылтып, арап түсінігіне байлау үшін сондай қасиетті тілді кез келген бала-шағаның ермегіне, мазағына айналдырған ібіліс сарбаздарының көрсетіп жатқан лаңын қазіргі ислам елдерінің діннен азған, сананың жабылған, ойдың тілден бөлініп жатқан бүліншілігі дәлел бола алады. Сондай тәкаппарлық, мақтанның құранды басқа үгіт, насихаттарын кеңітіп толықтыратын жұптық, парлық кітаптарына жалғамай теріске алу әсерінен арап тілді халықтың өзі ғалымдарымен қоса қалай мәңгүртке айналғанын өздері де білмейді. «Осылайша, Құранды, арапша үкім түрінде түсірдік. Саған ғылым келгеннен кейін, олардың көңілдері ауған тарапқа ілессең, сені Алладан арашалайтын бір дос не қорғаушы болмайды.» (13-37)

Пайғамбарымызға жаратушымыз құранның үкімін ғана, ал аяттарының ғылымының соңына түспе, оның түсінігі ғылым, яғни бата болып өсиет етіліп отыратынын ескерткен. Ал оны тылсымнан оқитын досың мен қорғаушыңды 13, 37 санның құпиясынан ізде деп ескертіп тұр. Сондықтан; «Бұл кенттердің анасы Меккеліктерді, маңындағы адамдарды үгіттеуің үшін Біз саған түсірген өзінен бұрынғыны растаушы құтты бір Кітап. Сондай ақиретке сенгендер, бұған сенеді де, олар намаздарына сақтық істейді.» (6-92) Бұл — деп аяттың орнын ескертіп және Біз – деп Алла достарының ақылымен ақирет, күнәдан ақталу кітабының 6-шы кітап, сүре арқылы 92 кітаптың жинағын ақирет заңдылығын, жан ғылымын Мұхаммед пайғамбарымызға уахи етілгенін ескертеді. Әл-Бұхари атамыз осы кітаптың шешімін құран аяттарымен байланыстырып негізгі жобасын қалап кеткен. Бұрынғы басылымдарда да, алда да қайталана беретін негізінен құран арап тілінде 32-санмен сәзжде үкімі болып түсірілгендіктен, пайғамбарымызға түсірілген 92 кітаптың 32-сі арап тілінде қосымша сахабаларға, ғалымдарға аяттары оқылғанын, оқылып отыратынын ескерткен; «(Мұхаммед) саған біз уахи еткен Құран (хадис), ол хақ. Алдыңғыны (інжілді) растаушы. Әрине Алла, құлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы. (31) Сосын ол Кітапты құлдарымыздан таңдағанымызға (сахаба, әулие) мұра қылдық. Және олардан әлде кім өзіне кесірін тигізеді де кейі ортада болады. Ал тағы біреулері, Алланың бұйрығынша жақсылықтарға ілгерлеуші болады. Міне осы, ұлы мәрхамет.» (35-32) Сондықтан арап ғалымдары, сахабалар да бәрі бірдей тура жол таппай орташа және адасқандары да бар екенін, оларға берілген 35-ші қосымша кітаптың өзін толық меңгермейтінін ескертеді.

Бұл аяттың сандық сырынан арап елдеріне құлшылық негіздері 32-35 санымен белгіленіп олар 35-сүреден бастап сәждеге, яғни құранға келу керек. Сосын 43-сүреге дейінгі аралықты меңгеруге тиісті. Ал түркі елдерінің құлшылықтың негізгі қағидасы 36-шы сүремен басталып 47-сүре аралығын қамтиды. Бұл тек шариғаттық ұстаным, яғни масһабтық біліммен есептелгендегі жағдай. Аталарымыздың бұрын білген осындай дін ғылымын жетілдірген және әлі ашылмай жатқан бар дүниелерді халыққа кім жеткізіп таныстыру керек? Ал енді біздердің муфтият, діншілеріміздің жұмыс орындарына бара қалсаңыз бүкіл арап тілінде шыққан тәпсірмен бөлмелерін толтырып тастап, қазақша бірде-бір әулие жазбалары түгіл Халифа Алтай аудармасын да бүкіл муфтият ішін іздеп таба алмайсыз. Сондықтан осындай ғылымын тексеріп қазақ тілінің сөз сырын, аталарымыз қалдырған философия, психология құндылықтарын жете мән бермеуден және кезінде ислам өркениетін қалыптастырып, бірақ ғылымын толықтырып жетілдірмегендіктен енді өркениетке кері әсерін, зиянын қоса тигізген және шектерін яғни тәубасын белгілеп отырмаған масһабтық ұстанымдардың озығын да тозығын да таңдамай алған таза бәдеулик муфтиятымыз қазақтың жетілдірілген дәстүрлік дінін бүлдіріп, қарсылық көрсетумен халықтың қазақтық ойын бөлшектеумен айналысып жатқанына дәлелді; «Бәдеуилер, қарсылық және екі жүзділік тұрғысынан қаттырақ. Сондай-ақ олар Алланың Елшісіне түсіргендердің шегін білмеулеріне аса бейім. Алла толық білуші, аса дана. (97) Бәдеуилердің Алла жолында бергенін зиян есебіне алатын кісілер бар. Сендерге жаман дәуірлер күтеді. Дәуірлердің жаманы өздеріне болсын. Алла толық естуші, анық білуші.» (9-98) деген жаратушымыздың ескертуі толық орындалып оған қазақ діндарлары да өз үлестерін қосып жатыр.

Ханифа масхабы Куфада бедәуилер арасында қалыптасқанын ескерсек, қазіргі таңдағы діншілердің қылығы кезінде адамзат етті отқа қақтап, шала пісіріп жей берген одан өлген жоқ, біз де солай тарихтың елегінен, сынақтарынан өткізбей сол қалпында дін ұстанымдарын аламыз деген қылықты көрсетеді. Оған қоса «Бір елді тура жолға түсірілгеннен кейін, кітап берілгендер тек көре алмастықтың салдарынан адасады» деген насихаттың үкімі қазақ елінде жүріп жатқан жайы бар. Алла жолында берілген қандайда бір мал, дүние халықтың арасында айналуын қамтамасыз етіп шеріктердің қосылып, діншілердің және жалпы қарапайым халықтың жүректерін бітеп, азғындыққа, зұлымдыққа ұшырамас үшін халық арасынан садақаны алушы қасиет иелерін, емшілерді т.б. көптеген дін қозғалыстары, қайырымдылық істері болуы діннің негізгі қозғалыстық қағидасы. Ал үкіметіміз бен дін муфтияты емшілер, құдайшылдар, аруақшылар халықты зияраттатып қанап жатыр деген байбаламның артында, дүниеге деген қызғанышпен садақадан салық талап еткен заң шығарып және өздері де сол садақамен ғана күн көрумен ғана шектелеп қоймай дүние жинағандықтан, азғындыққа түскенімен қоймай қаншама жастардың малдарының (жын) жүктеліп, өздеріне-өздері қол салуына себеп болуда.

Қарапайым санмен ашық түсіндірілген Құран аяттарының өзін теріске алып, сол санмен жүктеліп жатқанымызға да негізгі себеп; аударма ғылымына мән бермей құранды аударғанда тыныс белгілерінің, сөйлемдерді қалай жазылуына, бас әріптерінің белгіленуі мен аяттардың сүреге және сүре ішіндегі орнына байланысты мағынасы өзгеріп отыратын, сондықтан аударма түрінде өте баяу және түсінігі ойға салмақ түсіретінен қашып, дайын жаттанды сөздермен тәпсірлеу бір жағынан мақтан, екінші жағынан жалған ғалымдық, жалған сопылық әдетке айналуынан құранның беделін өзге діндер алдында түкке тұрғысыз ертегіге айналдырып алдық. Екінші бір қателік, бұрынғы әулиелеріміз, абыз даналарымызды былай қойғанда, кешегі жазылған, сиясы да әлі кеппеген қазақ сөзінің астарын Абайы мен Шәкәрімін оқып түсінбеген, осы уақытқа дейін еңбектерінің негізгі діни мағынасын, жан сырының құпиясын аша алмай жатып, қалайша орта жолдан қосылып, құдайдың сөзін қазақшалай алатына есі толық  қазақтың ақылына сыймайды. Үшіншіден құран сөзі әуелі қалай үнделуіне байланысты қазақ таңбасымен жазылып, сосын барып арап сөзінің мағынасын зерттеп, ұғымын іздеп аударылуға тиіс және оған ұзақ жылдар араптардың арасында ғалымдығын дәлелдей отыра еңбек ету керек болса, бесіктен белі шықпай, өз елінде жүріп 40-қа жетіп ақылы толыспаған жастардың тәпсірші ғалым, пайғамбардың ізбасары— имам, ойшыл, дін философы, абыз аталатыны менің өз басыма сыймайтын түсінік.  Ал негізінен құранды аударуға пайғамбардан аян, шапағат алу міндетті екенін, жаратушының бекіткен иелігінен кітап берілген егелеріне жалғанып ұлықсат алу хазіреттердің де ойына кіріп шықпайды. Олай болса қазіргі біз білетін хазіреттеріміздің (дін философы, данышпан) ұлықсат алған, жалғанған,  денесінде мөрленген ерекше хазіреттік таңбасы, белгісі де жоқ және пайғамбарымызбен түсінде жүздесіп те көрмегеніне  бәс тігуге болады.

Осындай аталарымыздың меңгерген қарапайым тарихаттық дін қағидаларының ұмыт болуына әсіресе қазақ елінің дін танытушылары үлкен үлесін қосып, шариғат ережелерімен шектеп, тыйып, сондықтан құранның бар насихат кітаптарын жоғалтып, тек  онда да біреуін ғана онда да жалған жетілмеген бес емес, негізінен толық емес 4  парызды дәріптейтін діннің сектасына апарып тіреп тынды. «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деген негізгі жан сырының қағидасын жоғалтып алдық. Енді діннің бүкіл жинағы сандармен құралып «Құран» аталып, насихаттарын өзге түсірілген кітаптарды біріктіру арқылы ғана құраннан несібе ақпарат алатын болсақ, онда оның да бір әлем діндеріне ортақ белгісі болу керек емес пе? Ол 7 үн (до, ре, ми, фа, соль, ля, си) және 5 тәңірлік қуатпен бірігуін 5+7=12 санымен белгілесек «Юсуп» 12-ші сүресі шығады. Сондықтан пайғамбарымызға «сен Жүсіптің жолындасың» деп ескерткеніндей, әлем халқына ортақ діннің негізгі ірге тасы жаратушыдан түс, аян көру арқылы, оның жоруын меңгеріп, түрлі апаттардан, аштықтардан, сынақтардан өте біліп, шаруашылық әдістерін меңгеріп, білімін жетілдіріп, ізгілікті өмір сүру қағидаларын заман талабына қарай бейімдеп, халықтар арасындағы ағайындық, бауырластық қасиеттерді жалғап, болашаққа лайық мәдениетті ұрпақ өсіру болып табылады.

Қазақтың салттық өнерінде жыршы, ақындардың еңбектерінде адам баласының несібесін теңіз ішіндегі 12 балықпен көрсетеді.  Сондықтан осы 12 санының құпия белгісі 78-саны «Нәбә» (небо, несібе) сүресі адамзатқа берілген негізгі несібе болып оны Ғиса пайғамбарымыздың 7 күлше екі кепкен балықты  5000 адамға үлестіріп, тойғанша жегізіп қалдығын жинап алғанда 12 себет болуы осы несібенің хақиқатын көрсетеді. Пайғамбарымыздың кезіндегі онан кейінгі ислам дінін таратушы ғұламалар жүздеген жылдар осы 12 несібені, қасиеттерді меңгеруді негізге алып түс, аян ғылымын меңгеріп, дін таратқанымен кейінгі ұрпақтар түс жын-шайтаннан деп, дінді бөлшектеп, тек сиыну амалдарын ғана қалдырып, өздері түгіл бүкіл әлемде ислам дінінің ыдырауына, ғылымының жоғалуына әкеліп тіреді. Қазақ мүфтияты да осы кеселге ұшырап, қазақ халқының дінінің басты ірге тасын елдің жадынан (кармасынан) аластауға үкімет, философ, ғалымдардың өзін мақұлдатып, аруағын, ата заңы мен атасын, аманатын, уәдесін соттатқан заңын шығартып елдегі апаттар, өрттер, сынақтармен бірін-бірі болмаса өзін-өзі өлтіруге жәрдем беруге, елдің есін тежеп, одан  әрі қарай жындандыруға, мастықтарынан айықтырмауға жан беріп, жан алып арпалысып жатқан жайы бар. Бұған себеп онсыз да орыс тілімен мәңгүрттенген халықты енді арап тілінен тек солай оқылып, солай қабылдану керек деген ұғымдарды тықпалап философ, саясатшы  ағайындардың тіл, сөз надандықтарын керемет пайдаланып жатыр.

Құранда әрбір  аяттың 7 түрлі ұғымы 11 түсінігі, насихаттық ғылымы болуы керек деп және сандық жүйемен де мағынасы аударылатынын, түсіндірілетінін айтып көріңіз, бірден Аллаға болмаса сөзбен теңдес жасап алған жалған тәңірлері «Алла-ақ-қа» «серік қосушы» болып шыға келесің. Серік қосу, яғни жаратқанға ойдан ақыл, иман қосу, ой жору ұғымының өзінде адам баласының философиялық ойлау, тұжырымдау әдістеріне тәуелді болып, соншама сипаттарының бар екенін хазіреттер де, теологтар да білмейді немесе зерттегісі, білгілері келмейді, болмаса білгендері айта алмайтын жағдай жасалған еліміздің ата заңымызда. Ал «масһаб»пен ғана шектелгендіктен, қазірге дін имамдарымыз құранның арапша үгіттелуіндегі (32-кітап негізінде; 528-15)  және  діннің рәсімдік сипатындағы ойлау  әдісімен ғана өлшейді. Демек олар жүздеген жылдар әлем халқын алдап келе жатқан тәпсірдегі өтіріктер анықталып, өздері де тағынан, атағынан, дәрежесінен айырылатынын сезеді. Олар үшін арап тіліндегі ұғымда бір-ақ сөз жаратты басқа сөздің жұбы, пары, тағы болу керек емес. Араптың әрбір сөзі белгілі сөйлем ұғымдарын берсе, ал әрбір әрпі, таңбасы сандық, қуаттық мәні бар тәңір сипатын, періштелік несібесін көрсетеді, сондықтан сол қалпында пайдаланып үнін басқа тілге түрлендіруге және өзгертуге болмайды. Енді есептей беріңіз арап танытушы ғұламаларымыздың, имамдарымыздың Алламен қосып қарапайым сөздерді өзгермейтін тұрақты атауларға айналдырып қанша тәңір, теңдестер жасағандарын.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *