Әлемге түсірілген кітаптар және құран.

Бөлім: Ата жолы кітабы №3 127

 Кітап ұғымын зерделесек; Біздердің күнделікті қағазға жазылған ақпараттардан бастап бүкіл жаратылыс нәрселері де кітап болып белгілі бір ұғымдарды жеткізуші болып табылады. Сондықтан ондай кітаптардың санына жету адам баласының ақылына симайды, біз тек негізгі кітаптардан мағлұмат алсақ қана жетіп артады. Адам баласының жаратылып, тіршілік қамында өсіп-өнуі үшін 444 әлемдік жаратылыс кітаптарын жаратып қойған. Оған дәлел «Жаратқан ием 444 рахмет дариясын ағызды» деп ескертеді Ясауи бабамыз. Ал Құран адам біліміне керекті кітаптардың негізгі жиынтығы болып табылады. Негізінен 114 сүрелерден, яғни әлемге түсірген барлық кітаптар жинағының негізі және осы кітаптардан 6236 кіші ішкі сырларын белгілейтін толықтырылып, өзгертіліп, алмастырылып, қосылып отыратын кітаптар пайда болады. Бұл кітаптардың барлық көрнеу және көмес белгісі адам баласының тәнінен және көмес денесінен бейнеленген. Пайғамбарымыздың құранның 7 түрлі үнін меңгергенін есепке алсақ, онда құранның тылсым сырының тағы 6 әлемдік болмыстағы негізгі кітаптық бейнесі болып, барлығы 6+1=7 үндерден тұратын тағы үндестіктер құраны шығады. Онда үндердің ішкі дәрежеленуімен 6236х7=43652 кіші кітаптар болып, екілік жүйеде 20 санымен «Таһа» сүресін яғни кемелденген, жетілген толық адамның бейнесін көрсетеді.

Жеті үн бұл барлық кітаптардың қозғалыстық, қуаттық бейнесі, мөрі болып саналады. Барлық әлемдегі тарихи оқиғалар осы жеті мөрмен сыналып, есебін жүргізіп тұрады. Бұл мөрлердің сипаты және ашылу тарихы інжілде баяндалған. Адамзаттың негізгі тарихи оқиғалар ағашына, қуатына жалғануды «Бес күн жалған» деп атаған аталарымыз. Ол бес күн мөрдің кіші сипаты, бейнесі жеке-жеке адам баласының 5 күндік (чакра) жалғану тізбегін көрсетеді. Ал екі мөрі Абай атамыздың ; «Менікі екі» деген екі өлмейтін жан мен рухты айтады. Ал осы жеті мөрдің кіші сипатын адамзаттың тағдыр кітабы болып; 4 ата-ана, неке, 3 нәсіл, ел, 6 сөз, 5 тәңірлік қуат, 2 тағдыр (мен).6236=89=17 сандар мәні Құдайлық сипатты, яғни адам өмірінің соңғы ақиреттік өмірдегі физикалық, биологиялық, химиялық өрістік бейнелену нәтижесі болып табылады.

 Енді құрандағы негізгі 114 кітаптың жағдайына келсек арап тілінде Құран 32-ші санды кітаптың жинағы болса, ал Тәурат-23, Інжіл-18, Забур-27 кітаптар болып барлығы негізінен 100 кітап болып, адам баласының ішкі сырын, яғни жүзін көрсетеді. Ал қалған 14 сүрені яғни кітаптарды қайдан іздейміз? Оның да белгісі құран сүрелерінің ішінде санмен белгіленген. Жалпы дінде араптарға келген құранға дейін адамзатқа 110 кітап түсті деген дерек бар. Әрбір кітаптың жаратылыспен бейнеленіп толықтырылуымен, аяттарының ауыстырылуымен сол кітаптар қайталанып, білімі кеңітіліп оқылып отырады. Сондықтан ислам діні арап тілінде Құран болып оқылып, негізінен реттік өлшеммен 104-ші кітаптың құлшылықтар негізі, үгіті болып пайғамбарымызға түсіріліп және сахабаларға да  аяндармен оқылған. Құрандағы 104 аяттардың бәрі арап халқына және меккеліктерге арналған ескертулер мен үкімдерден тұрады. Олай болса арап халқының сөзді түсіну ұғымымен 104-кітаптың иелері болып есептеледі.  Құранға дейін 103 кітаптың құлшылық амалдары, білімдері әлемде оқылып, сонымен әлем  тіршілігі жүріп тұрды. Пайғамбарымыздың өмірден өткенінен кейін осы 104-кітапқа жалғану үшін 105-114 кітаптар қиямет-қайымға дейін ардақты құлдарына оқылып отырады. Ал 109-шы кітап біздің сақтан тараған пайғамбар, елші бабаларымызға оқылғанын Һұд сүресі 109—аят растайды.

Мұса пайғамбарымыздың өзіне берілген мұғжизалар кітабының сандық мәні 110-шы болуының өзі осы бақсылық істердің көрінісін білдіреді.  Енді 100 кітап адамзатқа ортақ әрбір адам баласында бастың жаратылуымен бейнеленген. Сондықтан бастағы сезім мүшелердің (құлақ, көз, мұрын, ауыз, т.б.) әлем бойынша адамзаттардың белгілі бір сандық өлшемде ұқсастығы бар. Бетті қазақта сондықтан аяттар санымен «бет жүзі» деп атаймыз.  Қалған 14 кітап өрістік сипаттарда болып негізінен оттың санын береді. Сыртқы 12 мүшеміз 12 кітаптан хабар берсе, ішкі көмес 12 мүшемен тағы 12 кітаптың сипаты болып 24-ші нұр сүресі парыздарды белгілейді. Екі қолмен аяқ бірлесіп екі кітапты құрап оны біріктіріп тұрушы тері де бір кітаптың сипатын беріп; «Қияметте аяқ, қолдарың, терілерің сөйлейді» деп жаратушымыздың ескертуінен осы 3 кітап адам баласының негізгі сандардың жинағы есеп кітабы болып шығады. Қолдың нәтижесі аяқта, сол сияқты аяқтың нәтижесі қолдан және теріден көрінеді. Сондықтан барлығы 114 кітап жаратылыс басынан бар, тек әрбір пендесінің бойында аяттар санымен ғана ерекшелігі болып, ал үндік сипатымыз 7 үнмен 8-ші ұлттық нәсілдік үнімізбен қосылып ерекшеленіп, талай жүздеген ұлттарды құраймыз жер бетінде. Пайғамбарымыздың өзіне 43 түрлі кітап оқылып оның 32-сі құранның арап тіліне байланысты насихаты, Ал 11 санды кітап жалпы діннің толық насихаты мен түсінік сырлары, құлшылық амалдары болып табылады. Демек әлем діндерінің яғни құранның толық насихаты 11 кітап болып жинақталады. Осы 11 кітаптың біреуі арап тілінде сандармен құпияланып және аяттарының үндік құпиясымен сенімді нығайтуға, намаз оқу т.б. жеке ғибадат амалдарының түп нұсқасы, үгіті болып, діндердің құлшылық ортасын белгілейтін қазығы болып табылады. Яғни аспандағы жеті қарақшы (бақылаушы) жұлдызы осыған дәлел болады. Шөміш несібе болып негізгі темір қазыққа байланған алты мөрді көрсетеді.  Құран арап тілінен сөзі ұзын өзге тілдерге аударылғанда насихаты, (несібесі, амалдары) кеңіп, құран аяттарының ғылымдық мәні ашылып, құлшылық амалдарының заңдары да толықтырыла түседі.

Мұхаммед пайғамбарымыз 11 кітаптың да белгісін алып намаздарының, амалдарының негізін қалап, болашақта ғылым-білімнің, адамзат өркениетінің өзгерістерге түсуімен жалғануды құрма арқылы Арыстан бабамызға тапсырған. Сол 11 құран насихатын пайғамбар рухымен жалғанып 450 жылдай пайғамбарымыздан тылсымнан аян алып, толықтырып түркі топырағына келіп, Ахмет атты балаға тапсырғаны туралы нақты дерек бар. Осыған байланысты негізгі  белгілерді Арыстан бабамыздың мөрінде ортасында құранның арап тіліндегі түсінігі және айналасында 10 жапырақпен  өзге кітаптардың қосылуымен толықтырылатын насихаттық гүлдену бейнесін көрсетеді. Сол сияқты Ясауи бабамыздың да мөріндегі және қазақ елінде 11 Ахметтің болуы да осы белгіні көрсетеді. Құранның өсіп гүлденуі үшін әлем халқының тілдерінің дамуына сөздердің ғылым-білім атауларымен жетіліп, таңбаларының көбеюіне тәуелді. Ол да Ясауи бабамыздың көрсетіп кеткен тарихат, мағрипат және ақиқат жолдарымен түсіріліп, оқылып отырылады. Олай болса Құранның жеті мөрінің біріншісін Мұхаммед пайғамбарымыз меңгерсе, екіншісі жалғануы Арыстан бабамызда болып, үшінші мөрді Ясауи бабамыз алған. Енді кезекте төртінші мөрдің хикметті ашылуымен тағы негізгі 11 насихат кітабының ортасы үлкейген, сөздерінің мағынасы өсуімен 10 жапырақтың кеңіп  ашылып толықтырылуы да ақиқаттың шындығының шынға айналуымен байланысты.

Бұл белгілер ертегі болмаса ғайып нәрселер емес, пайғамбарларға, әулие-әмбилерге мұғжиза, хикметті істер түрінде көрсетіліп бұрыннан беріліп қойған. Тек біздер сол хикметтерді қайтадан алу арқылы ғылым-білімге айналдыруымыз осы төртінші мөрдің ақиқаты болып шығады. Бұл белгілер сопылар таспихы болып аталатын 33 санды таспихта 3-ке бөлініп көрсетілуі осы ақиқаттың дәлелі, белгісі болып табылады.  Сондықтан осы негізгі үш 11 насихаттардың бірлігін қалыптастыру адамзат дінінің, ақыл-білімнің жетіліп, сана-сезімнің өркендеу қабілетімен байланысты болмақ. Енді Құранның 11 насихатының 10 жапырағы білімдер жинағын берсе, ал арап тіліндегі түп қазығы үш киелі кітаптың бір кітаптың ғылымына сандар арқылы топтастырылып арап тілінде оқылуы адамзаттың үндік білімін, яғни 7үндік белгісін яғни жеті түрлі тілдік түсінігі болса, ал барлық қосындысымен 18 санымен адам баласының оң қолындағы белгіні береді де адамзатқа жаратылысынан құранның түсіріліп отырғанын ескертеді. Жалпы 11 санды таспихтың пайда болуы да Ясауи бабамыздың көрсетіп кеткен тарихат, мағрипат, ақиқат белгілерін көрсетеді. Барлығы 33 санымен адам баласының толық періштелік дәрежесі және 33 мың ғылым дерек негіздерін құрайды.

Енді құранда жаратушымыз «Келтіре алсаңдар 10 сүреден құран келтіріңдер» деп ескертуін «Алла есепшілердің ең жүйрігі» деген аятты назарға алып құранды 10-ға білімдік сипаттарға бөлсек 11 және 4 қалдық сүре шығады. Шәкәрім атамыздың; «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қол қабыс» деген өсиеті осы сандарды айқындайды. 4 саны бастапқы негізгі ішкі қозғалыс ортасы періштелерін (рух, өлім, сүр, жаратылыс) белгілесе 11 саны адамзат ойының қолқабысын көрсетеді. Және «нас-сан» сүресі арапша құранды, «фәлақ»-113-сүре інжілді, «ықылас»-112 сүре зәбурді, 111-ші «мәсәд» яғни қолдың хикметі туралы сүре тәуратты белгілейді. Сонда құран 11 философиялық ойды қорыту, адамгершілік ізгілік қағидалары, тіршілік қағидалары және құлшылық жасаудың әдістік ережелерін түсіндіретін кітаптардың ғылыми негізін құрап, әлемде осынша діннің философиялық даналық мектебі болып, бір-бірінен үлгі жетістіктерін алып қосылып дамып отыру шарт. Енді осындай адамзаттың шаруашылық және тіл, сөз, ақыл-ойының, білімінің дамуына, жетілуіне қарай бөлшек-бөлшек болып түсірілген кітаптарды жинақтап белгілі тұрақты дінге айналдыруға 3 кітап түсіріліп, осы 3 кітапты қалған кітаптармен біріктіріп құлшылық негіздерін әлемде ортақтастыруға 4-ші кітап құранға құраған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *