Философия- сөз тарихының, дін талабының шежіресі.

Бөлім: Ата жолы кітабы №3 129

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

«Шыннан өзге құдай жоқ, Анық құдай шын Құдай. Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмаса кім Құдай?!… Баянсызға (сабырсызға, ғылымсызға) бәрі құл, Жынданбаған пенде жоқ. Әулиедей асықтың, Қасиетін былғайсың. Қылығын қылып жастықтың, Бір қалыпта тұрмайсың. Әлде сайтан, әлде жын, бірін тастап бірін мін. Адам емес, айуансың, Неге тұрсың сенде шын!» (Шәкәрім әулие).

  Қандайда бір қоғамдағы құбылыстарға, ағымдарға, ойшылдық, саясатшылық ықпалдарға баға беру үшін ғылыми негіздегі бұлтарпас айғақ және өлшем негізі керек. Ондай болмаса құр былшыл сөз болып қала береді. АҚШ-тағы атақты Гарвард университетінің ректоры, ғылым докторы Джеймс Конант былай деген; «Ғылым-тәжірибелер мен бақылаулардың нәтижесінде пайда болатын және келешектегі бақылаулар мен тәжірибелерге сүйенуге болатын түсініктер мен түсіндіретін жүйелердің бірімен-бірі байланыстағы бірлігі.» Белгілі бір болжамдардың рас—өтірігін ғалымдар қалайша дәлелдейді? Мәселен біреу былай деуі мүмкін: «Пәлендей сабын суға батып кетеді.» Мен сол айтқан адамды алып келіп алдына терең ыдысқа су қойып сабынды салып көрсем «Бүлк-бүлк» сабын бататын түрі көрінбейді. Демек бақылау жүргізілді, нәтижелер тіркелді, айтылған сөз тексерілді: біздің жағдайымызда сабын суға батпады. Бұл ғылымда тексеруге болатын табиғи тәсіл болса онда жас кезіңізде бұзық болмағаныңызды, өткен жылы күнә жасамағаныңызды немесе бір апта бұрын қандай ас ішкеніңізді т.б. қалай дәлелдейсіз? Бұл оқиғаларды қайталап көрсету мүмкін емес қой! Онда не істеу керек. Міне осындай жерде тарихи заңгерлік деп аталатын әдіске жүгінуге болады. Сол болған оқиғаларды растайтын куәгерлер немесе заттай айғақтарды көрсетіп дәлелдеуге болады. Бұл табиғи ғылымдар болып табылады. Алайда тарихи тұлғалар немесе оқиғалар дәлелдеуде немесе теріске шығаруда бұндай табиғи ғылымдарды пайдалануға болмайды.

Пайғамбарлардың көрсеткен кереметтері мен сол замандарда болған түрлі апат оқиғалардың, Мұса пайғамбарымыздың тегі кім болып, қалай теңізді екі бөліп халқын құтқарды? Ғиса пайғамбарымыздың өліп тірілгенін қалай дәлелдей аласыз? Құлтегін бабамыздың Дәуіт пайғамбар екенін, Жүніс пайғамбардың  Тоны  Көк Білекті қаһан болғанын, қазақ жері пайғамбарлар отаны болғанын қалай дәлелдей аламыз? Ал аңыз түрінде келтірілген деректерді қалай ғылыми негіздеп түсіндіруге болады? Бұндай сұрақтар табиғи-ғылыми дәлелдеудің аясынан тыс жатыр. Сондықтан оларды біріншіден; тарихи заңгерлік, яғни шежірелік дәлелдеу мен ақыл-ойдың, парасаттылықтың көрініс беру нанымымен тексеруге болады. Егерде сол ұстанымдарды, өсиеттерді негізге ала отырып жаратылыс құпияларымен, болмыспен қатынасқа (аян, түс) түсіп, адам баласының асыл қасиеттерін дамытып, ізгілікті өмір сүруге жетуге болатын болса, онда қалай ол оқиғаларды өмірде болмаған деп айта аламыз. Жоқ нәрсе бейнеленбейді, растыққа айналуы мүмкін емес, егер ол растыққа айналып қайта бейнеленсе онда шындық деп қабылдауымыз адамдыққа лайық іс. Сол шындықты қайдан іздегеніміз абзал. Тарихи дәлдіктің екінші бір тексеру әдісі сыртқы дәлелдерді тексеру. Зерттеуге тиісті құжаттар мен дәлелдерді басқа тарихи материалдағы деректер жоққа шығара ма әлде дәлелдей ме? Енді арасы үш-төрт ғасыр өткеннен кейін түсірілген киелі кітаптар мүлде басқа тілде басқа халықтар арасында болған оқиғаларды және алдағы болатын құбылыс пен оқиғаларды қалай дәлдікпен қайталап баяндап береді? Және бұрын қаншама зерттеушілердің, ғалымдардың теріске шығарған ақпараттарын археология ғылымы дәлелдеп берген жоқ па? Олай болса біздердің әлі алдағы уақытта көптеген киелі кітаптардағы теріске шығарған пікірлерді тағы да сондай қазба байлықтар табылып ақиқаты анықталмайтынына кім кепілдік бере алады?

Жаратушы ақылына жүгінсек әрбір адам баласы өзін танып қана өзгедегі шындықты айыру қабілетіне жете алады. Шындық бірыңғай жақсылықтардан, жетістіктерден құралмайды. Жақсылық пен жаманшылық арасындағы үнемі алма-кезек тартыстардан, сол қарсылықтарды жеңу барысындағы жиналған тәжірибеден ақиқат қалыптасады. Дін тарихы ел тарихымен ажырамас бірлікте дамиды. Егер бір елдің шежіресі, яғни діни тарихы тек жақсылықтар мен жетістіктерден ғана тұратын болса ондай мағлұматтың артында қулықпен оқиғаларды тарихи бұрмалаушылықтың бар екені ақиқат. Сондықтан негізгі кітап түсірілген елдер мыңдаған жылдар тек тура жолда болды деп түсіндірудің өзі таза ақымақтық. Тарихта болған қателіктер мен адасушылықтар және қасіретке ұшыраған оқиғаларды жасырмай мойындап айта білсе онда ол ақиқатты шежіреге жатады. Ал егер ондай оқиғалар әдейі жасырылып тек жақсылық пен жетістіктен тұрса ондай деректерден абай болған дұрыс.

Діншілер қауымының арап елдерін пайғамбарымыздың келген уақытынан бастап мыңдаған жылдар дінді тұрақты етіп ортадағы шежіреде болған түрлі діндегі азғындықтарды жасырып тек арап елдерін үлгіге алуында жасырын тығылған қитұрқы діндегі үстемдікті қалыптастыруға деген азғындық саясат жатыр. Егер ондай тұрақты адамгершілік қасиеттерін сақтаған ел болса, онда білім-ғылым дамып сыртқы тәуелділіктен құтылған елге неге айналмаған мыңдаған жылдар өтсе де? Дінді меңгеру адамгершілік қасиеттерді меңгеріп өзін-өзу тану және шежіредегі ақ пен қараны анықтау жан ғылымына жатады. Жан ғылымы әрбір ұлттардың қарама-қарсылық даму сатыларын меңгеру барысында 4 түрлі рухани азықтық сөз несібелерін меңгеруімен анықталады. Өмір сүру дәуіріне қарай адамзат ақыл-ойын алға жылжытып, белгілі бір ғылыми философиялық белестерге көтеріп отырған даналардың пайда болуымен, яғни жаратқан тарапынан елшілердің жіберілумен айқындалып отырады. Сол ақыл сатыларын; Сократ, Архимед, Әл-Фараби т.б. ғұлама философ аталарымыз 4 кезеңнен тұрады деп ескерткен. Ал оны дінде шариғат, тарихат, мағрифат, ақиқат деп атайды. Ғылыми философияның да, діни философияның да мақсаты осы негізгі қағидада тоғысып жаратылыс сырын анықтау және оны көркем сөзбен бейнелеп насихаттау болып табылады. Шариғат ең төменгі адамзатқа ортақ ақыл болып ол қарапайым адамгершілік әдеттерді қалыптастыру үшін және тазалықты меңгерумен діни рәсімдерді толық  дұрыс орындалуын қамтамасыз ету сияқты тәрбиелік маңызы бар сыртқы шарттарды орындаудың білімін діншілер «Фиқһ» ғылымы деп атайды. Ал ол қазақта әдет пен әдепті қалыптастырумен белгілі ережелер арқылы шектен шықпауды, ашық күнә жасамауды қалыптастыратын намаздық, тазалық шарттары мен әдет-ғұрыптық әдептерді орындаулар жатады.

Осы шариғат ережелерін ұлттық тәрбиелік ұстанымдарды меңгеру арқылы діннің екінші ақпараттық белесіне жалғану яғни өткен тарихтан аян, түс, уахи арқылы таза құпия ақпараттардың оқылуы тарихта хат-тарихат деп аталады. Тарихатқа өтудің өзі ата-бабаларымыздың ұстанған әдет-ғұрыптық, діни жоралғы амалдарды толық меңгеруден басталып, адам баласының өз тарихын, ата-баба дін ұстанымдарын зерделеп және өткен тарихтан уахи хабар, яғни таза ақыл алумен байланысты. Сондықтан  мысалға мен өзімді тарихатымды-шежіремді тануым үшін ана тілімді, ата сөзімді толық меңгеріп,  жеті атамның атын ғана біліп қана қоймай олар қалай өмір сүрді, нені ұнатты, неден зиян шекті яғни әдеттерін, ұстанған ғұрпын, тіршілік ету қағидасын, салтын, бәле-жаладан қалай қорғанып, қандай сақтық шараларын меңгеру амалдарын, дәстүрін меңгергенін жетік білуім керек. Ал ол қағидаларды маған кім үйретіп, кім көрсетеді? Әрине бұндай жағдайда қазақтың жалпы халықтың біртұтас мойындаған данышпандары және ғылыми зерттеуден өткен тарихи заңгерлік еңбегі болу керек. Ал егер ол еңбектер жаратушы түсірген киелі кітаптар үкімімен және пайғамбарлар өсиеттерімен, философ, психолог даналардың зерттеулерімен сәйкес келетін болса, онда менің нанымым, яғни жаратушы иеміздің жаратқан нәрселерін танып білуге және құпия ақылым жете қоймайтын хикметтеріне сенімді қалыптастыруға лайықты болу керек. Осы алған білімім, яғни нанымым арқылы ғана мен түп негізді және өткен оқиғалардың растығына көз жеткізуге мүмкіндік ала алады екенмін.

Адамзаттың сенімін қалыптастырып иман келтіруге жол сілтеу үшін әуелі белгілі бір наным-білімі болуы керек. Сол нанымдарды қалыптастырып сенімді бекіту үшін адам баласына жаратылыстан бастап кітаптар түсіріліп отырған. Енді әрбір адам баласына жаратылыстан берілген 4 кітабы, яғни төрт сөзбен жазылған тағдыр сыйы болады. Сол кітапқа жазылған қарсылық, сынақтарды ізгіліктермен, өнер, ғылым-біліммен толықтыру арқылы белгілі кезеңдерге байланысты дәрежеленіп отырады. Оны қазақта мүшел деп атайды да 3 мүшел ең бір өтпелі кезең болып, 4-мүшел (49-жас) кемелдену, ердің жасы болып табылады. Бұл өлшемдер жан сырына, адам баласының тән мен жанның кемелденуге деген бірлігін құраса, ал христиан т.б. діндегілердің 10 жаспен өлшенетін ғұрыптық амалдары бар. Бұл рухани толысу болып негізінен 4 кезеңнен тұрып, 40 жасты Құранда жаратушымыз ақыл толу жасы деп ескерткен. Демек нәпсінің пісіп, үннің толық қалыптасуымен адам баласына ана құрсағында берілген 4 сөз кітаптың онмен дәрежеленіп 40 кітапқа кісілікке өтуімен,  таза рухани азық алуға көтерілетін бір белесі. Бұл істер құранда 4-ші сүремен түсіндіріліп жан ұя, отбасылық өмірге, ата-анаға қызмет ету мен аманаттарға тәуелді екенін түсіндіреді. Сондықтан бұл рух, жан сырларына байланысты ғұрыптық амалдарды өз ұлтына сай орындауды пайғамбарымыз өсиетінде қатаң ескерткен.

Бұл рухани кемелденуді қазақта жаратылыс негіздеріндегі 40 әулиемен байланыстырып; «Ғайып ерен қырық шілтенмен» байланысқа түсіп, бата алу, рухани азық шарап ішу деп түсінген. Осындай жан сырының құпиясы адамзатқа жаратылыс басынан бастап түсіндіріліп, Мұхаммед пайғамбарымызға тек қырықтан кейін ғана пайғамбарлық қасиет қонып, құран түсе бастау себебі осы жан сырының құпиясына негізделген. Ғиса пайғамбарымызға 33 жастан бастап пайғамбарлық берілуінің өзінде осындай астарлы сырлар жатыр. Шариғат амалдарымен тәрбие беру адамзатқа ортақ болып бесіктен басталса, рухтан толық хабар алу періштелік тазалыққа, нәпсі тәрбиесіне байланысты тарихатқа өту, ғылым, хикмет берілу 33 жастан басталатынын Ясауи бабамыз; «Отыз үште сақи болып шарап үлестім, Тостағанға толы шарапты тоя іштім. Әскер түзеп шайтанмен мен ұрыстым, Шүкір Алла, екі нәпсім өлді, достар.» (5-хикмет). Яғни мұсылмандық бес парызды толық орындау арқылы екі ғана нәпсінің өліп, әрі қарай өзіңмен, мал-жаныңмен соғысу үшін тарихатқа өтетін кезеңнің басталатынын ескертеді. «Құл Қожа Ахмет, қырыққа кірдің нәпсіңді тый, Мұнда жылап, ақыретте есіңді жый. Иман-шариғат, мәні-тарихат, Құдай деген хақтан үлес алды, достар.» -деп тарихаттың мәнін білу тек 40-тан кейінгі кезеңге тәуелді екенін нақты көрсетіп кеткен. «Қырық жетімде жеті жақтан шабыт жетті, Сақи болып жам-шарапты ием тұтты. Шайтан «өліп» нәпсі-құйын өзі кетіп, Заты ұлық ием, сыйынып келдім саған.» (6-хикмет).

Нәпсіге үстемдік тек 47 жастан кейін пайда болып  тарихаттан үлес алып, енді Алла жолында соғысушы қажырлы, яғни қажылыққа баруға болатынын 6 хикметпен яғни аталарымыздың «Алтау араз болса ауыздағы кетеді», «Бес бересі алты аласың бар» деген мақалын Абай атамыз да; «Жұрт тынымсыз, Бәрі ұғымсыз, Енді оларға сөз де жоқ. Сырты абыз бар, Желқабыз бар, Алты ауыз бар-өзге жоқ.» «Үш күн арқаң босаса, Бола қалдың бас асау… Берерменде бесеусің, Аларманда және алтау… Жетілсең де, жетсең де, Керек күні бір бар-ау.» деп жас, рух сырын астарлап сырты абыз шариғаттан аса алмаған, бес күніне тарихына жалғанбаған үш күндік қажылардың тарихтан хат, сөз оқи алмайтын ұғымсызға айналып және сөз астарын меңгермеген құр тәтті тілмен алдаған жел қабыздықтарын, діншілдіктерін сынап,   бірақ тарихқа жалғануды «бес күн жалған!» түбі ақиретте керек болып алдан шығатынын ескерткен. Сонымен аталарымыздың дін ұстаным қалдырған өсиет аманат, өнегелерінен «Фиқһ» ғылымымен тек сыртқы ниетімізді түзегенімізбен, ішкі сырымызды нәпсіні толық тазартып, жүрек көздерінің ашылып кемелдікке жетуін қалыптастыра алмайды.

Ислам дініндегі түрлі топтарға бөлініп, бірін-бірі менсінбей, өзара араздықтың қалыптасуы мен діннің бөлшектенуін осы түркі әлеміне берілген тура жолдың қағидасынан алшақ кетіп, керісінше өз білгендерін есепсіз ғылым-біліммен, философиялық, психологиялық жетістіктермен негіздеп құран аяттарының, пайғамбар өсиеттерінің астарлы сырларын білмеуінен, әр діншінің өзіне тиісті тағдыр кітаптарын оқи алмауынан, қасиеттердің тоқтауымен рух егінінің дұрыс өнім бермеуінен болады. Бұл қайшылықтарды мысалға Нақшпанди, Ясауи-зікірші т.б. көптеген тарихатшылардың негізге алған кітаптары «Тасаввуф» яғни қазақша аты; «Хикметтер сыры» болып негізінен Сани дәптердің толық емес шала түсіндірмесі болып есептелетін түркілік сопылық ілімді насихаттайды да «Фиқһ» ғылымына байланып, оны жол деп алуға қарсы шығады. Дәлел; «Өйткені, фиқһ ілімі жалпыға тән шариғаттың бір бөлімі болып, оның сыртқы жағымен ғана айналысады. Адамдардың шариғат тұрғысынан жауапкершілігі де оның сыртқы жағы сияқты, ішкі жағын да толығымен жақсы біледі. Әрі ішкі тазалық Оның құлының бойынан көргісі келген негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады.»  (89-бет).

 Әрбір пенде баласы мейлі дінші болсын мақтаннан құтылу мүмкін емес. Сондықтан дінді меңгеруге талаптанған пенденің кім ерекше қасиеттерді меңгергісі келмейді? Ал бұдан әрбір ақылына жүгінген дінші біздің қазақ мүфтияты мен дін істері мекемесінің ұсынған дін талаптарын ірге тасы ғана, яғни діннің бір бөлшегі деп ұғыну қалыпты жағдай. Сондықтан қазақтың дін муфтиятының саясаты дін адамының ішкі еркіндігін, шабыт, ғылымды, ізгілік қасиеттерді меңгеруді қалыптастыру орнына тек шариғат және үкімет заңымен шектеп отыратын, сен тимесең мен тимен деп, өліктерді жерлеу рәсімдерінде ғана құран оқитын соған байланысты орта топтың құран аяттарының бұзылмауын ғана қадағалаушы, ислам дініне куәлік беруші, дін рәсімдерін ғана орындаушы шариғатқа ғана негізделген тәкаппарлық мақтан «намазхандарды» дайындайтын дін сектасының ғана қызметін атқаратыны және осы уақытқа дейін де солай болып келгені де даусыз.

Олай болса бұндай орта топқа негізделген исламдық мешіттерде ғана отырушы муфтияттар ғалымдары тарапынан қазақтың асыл дінін жарыққа шығаруы, қалыптастыруы мүлде мүмкін емес, керісінше халықтың ішіне рухани іріткі салумен, жан сырын тұмшалаумен, тағдыр кітабының теріс дәрежеленуімен, әрбір пендесіне қасиеттік ашылуымен оқылатын құран аяттарын теріске алуымен, нақты берілген дәлелдерді, барды, растықты, әулиелеріміз меңгерген іліміміз тарихатымызды кері қарай масхабпен, «Фиқһпен», шариғатпен өлшеп, рухани жетістіктерімізді санадан өшіруге тырысуымен, бүкіл халықты рухани орға жығумен ғана шұғылданады деп айтсақ жаңылмайтынымыз хақ. Онда келіңіз оқырман, егер іргелі білімнен хабарыңыз болып, есептей білсеңіз осы қателіктердің  басты себептерін сананы санап бірге іздеп көрейік.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *