Шеріктер және шерік қосу мен шерік қату.

Бөлім: Ата жолы кітабы №4 175

      «Расында адамды бейнеленген қара балшықтың сыңғырлап құрғағанынан жараттық. (26) Жындарды (адамнан бұрын) түтінсіз оттан жаратқан едік.» (15-27) Бұл аяттан адамдық негіз сүйекке байланысты болса, жынның негізі түтінсіз оттың жалынынан, сүйектер қалыптасудан бұрын пайда болатын еттердің негізін құрап; қозғалыс, қимыл қуаттары болып табылатын табиғат жаратылыс әлемдерінен, жан-жануарлар және адамдар тіршілігі нәтижесінде пайда болған шеріктердің, яғни қимыл егелерінің жиынтығы деп түсінгеніміз абзал.

Адам-ата, Хау анамыз жаннатта өмір сүрген кезде материалдық негізде емес денелік сипатта болғанын ескерсек, бұл аят кейінгі жер бетіндегі тәндік материалдық негіздегі екінші ұжмақтық жаратылу туралы ескертеді. Яғни көбейіп өсіп-өну үшін адамзатқа «жын» мен «ыс»-нәпсі қуаттары яғни «ағашын» қоса берді. Адам баласы, яғни сүйектер 6 күннің жарықтың, нұрдың әсерімен байланысты қалыптасса, ал жын түтінсіз оттың негізі 7 түн қараңғылықтан пайда болған да отпен байланысты тіршілік егесі болып табылады. Енді шайтан оттың тегінен пайда болып, барлық жаратылыс нәрселеріне әсер беріп қосылу қабілеті бар, негізінен сумен байланысты тіршілік егелерінде болады. Жын суға қосылудан қорықса, шайтан оттан қашады. Ал ібіліс деп осы жын-шайтанның түп негізін құрайтын періштені айтады. Егер жын-шайтан деп атайтын болсақ онда осы жанаттан қуылған ібілістің бейнесін айтамыз. Енді осы үш негізден тұратын адамзат таза рухтан үлес алу 8 түрге біріктіріліп, іс-қимыл әрекеттер арқылы біртұтас адам баласына 9-шы бейне кісіге айналу шарт.

     Осы адамзаттың тіршіліктегі өнімі кісінің де 18 негізгі сипаты болып оң қолдағы 18 саны осы біртұтас кісілікті меңгеруді көрсетеді. Адамзаттың жаратылыс ортасымен қарым-қатынаста тіршілік ету барысында пайда болған түрлі толық кісілікке жетпеген жанды, көрінбейтін, жанды тіршілік нәрселері арқылы қосылып түрлі қимыл қозғалысқа айналатын жетілмеген жаратылыс егелерін шеріктер деп атайды. Шеріктердің біздерге білінетін, ғылым біліммен анықталатын және біз білмейтін сан алуан түрлері бар екенін кітаптарда ескертеді. Бірақ барлығы да белгілі бір ақыл егелерінің басқарылуында болып оны құранда Алланың әскерлері, жасақтары, ләшкерлері деп атайды. Адамның белінен алып, Раббымыздың уәде алған белгілі үн, мінез егелері яғни нәсілдер де осы шеріктер тобына жатып оны жүк немесе жүктелу деп атайды. Негізгі біздердің жер жүзінде тіршілік етуімізге байланысты тікелей адамзат өнімі болып табылатын, өлімнен кейін бөлініп, қайта адамзатқа қосылып ақыл, сөз арқылы кісіге айналып бейнеленетін ең төменгі ақыл, қозғалыс егелері шеріктер болып; бес түрлі қуаттық шамадан тұрып, ол адам баласының тағдыры «бес күнге жалғану» арқылы жұбайлық, жұптасып тіршілік ету барысында көбейіп өмірге ұрпақтар әкеліп «бесті» бір-біріне беріп «алтыншы күнді» алмасу арқылы Раббымыздың нұрына қайта қосылып, бірлену арқылы 7-ші толық періште пайда болады да оны адам баласы деп атайды. Адам баласы періштені қол қанат деп қолдың жеті мүшесімен байланыстырады.

       Енді пенденің тіршілік ету барысындағы жоғарыда қысқаша мысал келтірген алды-артындағы күзетші көлеңкенің өсу дәрежесімен солға қарай айналып, істі жазушы оң, сол қанат бейнесіне қосылу арқылы толық адам бейнесі, екі көшірмесі яғни иман серігі пайда болады. Бұл қысқартылған түрде адам қуаттарының сипаттамасынан енді шерік қосу мен шерік қату ұғымдарынан нақты түсінік беруге болады. Шеріктер адамзаттың өмір сүрген ортасына байланысты тамақтану тәсіліне, жеген азығына байланысты қуат болып еніп сөз, іс-қимыл арқылы бірленіп, дәрежеленіп, негізгі жынға яғни мінездің қайрат болып қалыптасуына және де іштегі періштелердің, малдардың қозғалысын, өзара үн алмасуын қалыптастыратын ағзадағы сөздердің қозғалысын яғни жеті желдің де пайда болуына себеп болады. Тамақты талғамай дұрыс өңдемей жеуден және белгілі жаратушы тарапынан нәсіліне қарай ағзада қорытылмайтын тағамдар түрлерін харам деп, онан теріс қуаттың шеріктердің шамадан тыс көбеюімен тән арамданып арты ауруға және мінездің, қылықтың өзгерістеріне, ақылдың да азуына әкеліп соқтырады. Барлық жаратылыс нәрселерін жұбымен және пар-парымен жараттым деген жаратқан үкімін естен үнемі шығармасақ, енді ібіліс екі нәрседен жын мен шайтаннан тұрса, енді балшықтан пайда болған адам баласы ақыл мен жаннан тұрып, жанды шайтан аздырып, ақылды жын аздыруға негізделген. Адам баласынан дінін жетілдіру арқылы білім-ғылымды меңгеріп, ақылды жетілдіріп, жынды өзіне бағындырып, өмір базарын жүргізсе, ал жанын жетілдіріп ағарту үшін, шайтанды тәрбиелеу, тек діннің белгілі шектерін, рәсімдерін орындау арқылы ғана нәтиже береді. Бірақ бұл әрекеттердің бәрі адам баласының негізгі жаратқанмен арадағы елшісі – ой қуатының естілігін жетілдіру арқылы ғана мүмкін болмақ.

      Сондықтан жоғарыдағы 4 сөзден пайда болған тағдыр негізін бір жүйеге қалыптастыру арқылы төбеден келетін бесінші таза ақылға басқартқан, яғни көрсеткен, білдірген Раббымыздың хабарларын, баталарын тыңдау арқылы ғана адам баласының парасатты ұжмақтық бақытты өмірін қалыптастыра алады. Енді адам баласында осы басқару орталығын «Мен» деп атап және ол да жұп болып, Абай атамыздың «менікі екі» деген философиялық пайымдауы шығады. Біреуі төбеден болса екіншісі табаннан келетін жоғарғы ақыл қуатын аятта; «Мұхаммед көрмедің бе? Шәксіз Алла (Т) көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, я көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді. Шүбәсіз, Алла әр нәрсені толық білуші.» (58-7) Бес қуаттың алтыншы Алла нұры кісімен бірлігінен қайрат пайда болса, ал 3 кісі; көру, есту, ойлау сезімдерінің Алла нұры кісімен-таза ақылмен, рухпен бірленуі арқасында адамзаттың ар-ұят, жан қуаты қалыптасады. Осы екі меннің бірлігінен 46 саны пайғамбарлық қасиет пайда болады. Аталарымыз: «Төртеу түгел болса төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп осы аяттың тәпсірін нақылға айналдырған.

    Олай болса алтыншыны несібені жоғалтпау үшін табаннан жер тесіктерінен яғни намаз орындарын табуды аталарымыз құпиялап ескерте білген. Алда әлі талай құпия сырларын талқылайтын жан ғылымының негізгі сыры мен есебі осы аятпен және сүре орнымен тікелей байланысты. Сондықтан бұл санға мұқият болыңыз. Егер осы сандар мен сүренің өзін аталарымыз меңгерген жан сырынан тәптіштеп түсіндіретін болсақ, бірнеше том кітап жазу керек. Әзірше осымен тоқтап басылым барысында қайта-қайта себеп-салдарына оралып отырамыз. Ал ислам діншілердің «шерік қосу» деп халықтың қаралай үрейін ұшырататын сөздері осы шеріктерден мүлде бас тарту емес, керісінше бір-біріне қоспай алу керек. Онсыз адам баласына қуат қайдан келеді? Аталарымыздың «Менде бес бересің, алты аласың бар ма?» деген нақылдан осы қағиданың шарты шығады. Ғиса пайғамбарымыз; «Бес торғайды екі теңгеге сатып алмайсыңдар ма?» деп астарлап ескерткен екен шәкірттеріне. Тек қалай алу керек, бар шатақ осыдан туындайды. Әрине әулие-әмбилердің киелі жерлерден жүз жыл өткен «қазаннан», ойпаттардан тазарған және өз ақылына сиятын шеріктерді алу арқылы керісінше адам баласының түрлі жұқпалы аурулар мен теріс қуаттардың әсеріне, шайтанның азғыруына деген табиғи қарсылығы және жанның тазаруымен рухтан өз үлесін алып, дарындылық қабілеттерін, шабыт қуатының пайда болуымен ой қуатының артуын ғана қалыптастырады. Шеріктер оттегінің бос иондарымен байланысты шамасынан артық қосылса адам баласының мастығын, жындылығын қалыптастыруы сөзсіз. Бұндай жағдайды «У ішсең руыңмен» деп аталарымыз өз руына, туысқандық кіндігімен байланысып «у»-ды ішіп үйреніп, сонан кейін ғана сатылап көтерілетінін ескерткен. Бұл жан ғылымы білімге айналып түрлі аңдар, құстар, жаратылыс егелерінде пайда болатын індеттерге қарсы «вакцина» «у»-ы, осы аурудың қарсы тұратын шеріктер азығы болып, адам жынының яғни ет пен тері арасындағы белден төмен орналасқан негізгі жынның қуаттануын қалыптастырып ауруды кіргізбейтін бой өрісінің қалыптасуын туындатады. Бұл негізінен діндерді бірлестіруші ортақ қағида Ыбырайым жолы деп аталады. Сондықтан аятта: «Негізінде Ібілістің оларға ешбір ықпалы жоқ еді. Бірақ ақиретке сенген кісі мен одан күдікте болғанды ажырату үшін ғана. Раббың әр нәрсені қорғаушы.» (34-21) Раббымыз адамзат арқылы тозаққа түсіп тазарған ақылды сөзге қосылған жындардың кісіге айналуымен, керісінше сыртқы қара күштердің себепсіз енуінен шеріктердің себепсіз қосылуынан қорғайды. Сондықтан аятта: «Мұхаммед бір кезде саған; «Негізінде Раббың адамдарды баураған» деген едік. Саған Миғражда біз көрсеткенді және Құрандағы қарғалған ағашты адамдарға бір сынақ қылдық. Оларды қорқытуымыз, зор қателесуді ғана арттырады.» (17-60)

     Осы аяттан-ақ масһабшылар мен қазақтың муфтияттық ғалымдары түгіл бүкіл ислам діншілерінің жын туралы үлкен қателікке ұшырап зұлымдыққа түскенін ескертеді. Болашақта сыртқы әсерлер мен ішкі жан қызметтерін көлемді түрде жаза жатармыз, ал енді «шерік қосушы» деп жан-тәні арамданған, түрлі ауруларға, семіздікке ұшыраған, қаны азған және рухани жетіспеушілікке ұшыраған пенде болса, «шерік қатушы» деп мағынасы өзгерген (жаргон) қыстырма жынды сөздер айтып, елді дүрліктіретін пенделерді айтамыз. Шерік қатушыларға арам жемегенмен сөзі дұрыс емес шала қазақтар мен дінді теріске алушылар, баспасөз мамандары, тілшілер, ақындар, философ, саясатшылар, яғни сөз астарын білмей ой жорумен сөйлейтіндер кіреді. Және ата салтын, дәстүрлі дінін мойындамай өзге елдің қосын жегіп, тура жолды «масһаб» деп атап, Раббысының жолын ұстамайтын аруақты мойындамайтындар да осы шерік қатушылар болып жындылар қатарынан табылады. Оған дәлел аятта: «Мұхаммед сенен бұрынғы алғашқы топтарға да елші жібердік. (10) Оларға келген пайғамбарды, олар мүлде тәлкек қылар еді. (11) Осылайша мазақтаған нәрселерін (жындарын, шеріктерін) күнәкардың жүректеріне кіргіземіз. (12) Сонда олар оған сенбейді. Расында бұрынғылар да сөйтіп өткен болатын. (15-13) Бұл аятта 11 саны сақ ұрпақтарының негізгі пайғамбары, елшісі Һұд туралы ескертеді.

Ата жолы кітабы №4

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *