Құлшылық негізі-үш талап.

Бөлім: Ата жолы кітабы №4 147

     Бірінші басылымда Аллаға құлшылық жасамайтын жаратылыс жан иесі болмайтынын, сондықтан құлшылықтан барып ғибадаттың, ал ғибадаттан намаздың пайда болатынын ескерттік. Сондықтан құлшылықты, ғибадатты, намазды; жалпылай Аллаға құлшылық деп атасақ жаңылыспаймыз. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі өскен ортасы, ата-анасынан алған тәрбиесі мен алған білімі, тіршілік ортасының ұжымдық өмір тәрбиесінен байланысты белгілі бір нанымы қалыптасып сол нанымынан жаратылыс себептерін, өлім мен өмірдің арасындағы мақсатты істеріне

байланысты белгілі бір нанымы қалыптасып сол нанымынан жаратылыс себептерін, өлім мен өмірдің арасындағы мақсатты істеріне байланысты ұрпақ өсіру, шаруашылық істер мен түрлі кәсіптерді меңгеріп, жер бетінің базарын, тіршілігін жүргізуге ат салысып өмір сүруге байланысты басқа жаратылыс егелерінен айырмашылық, естілік әрекеттерін құлшылық емес деп атамау надандық болып табылады. Олай болса наным бар жерде өлімге қарсы тұратын, қорғанатын, сақтанатын түрлі амал естілік әрекеттері де пайда болып, Аллаға құлшылық пайда болады. Енді өмір сүрген ортаға, жаратылыс, қозғалыс себептерінен және адамзаттың тәжірибе білімінен туған түрлі әдет-ғұрыптары мен салттары сол халықтың нанымының жетістіктерін, естілігін, мәдениетін көрсетеді. Халықтың қаншалықты заманына сай мәдениеттілігіне қарай наным-білімінің шамасы қалыптасады. Олай болса наным ақылдылықтың бір сипаты. Онда иман дегеніміз нанымнан, сенімнен және естен тұрады.

     Адам баласының нанымы қоршаған ортаға, жаратылыс сырларының жасырын зайырларын, хикметтерін жеткілікті білуіне байланысты алған білімінің жетістігіне тәуелді болса, ал сенім, наным негізінде жаратқан құдайдың өлімді жіберіп, жаныңды алып, ақиретке апарып сұрап тергейтінін, жақсылығыңа сый беріп, жасаған жаманшылығыңа жазғырып, азаптап қинауы бар екеніне сеніп, сондықтан сол сұрақтардың алдын алу үшін ата-бабаларының қалған аманаттарымен, көрген, ақылмен өлшеген түрлі қиындықтар мен сынақтардан өту барысындағы туындаған әдеттерден пайда болған жол-жоралғыларын ұмытпай және мезгілдік, уақыттық тұрмыстық жас ерекшеліктеріне, жыныстық, кәсіптік, шаруашылық істеріне қарай міндетті болып табылатын құлшылықтарды атқарып орындап жүруді сенім-ғибадат деп атаймыз немесе белгілі бір қағидаларға бағынатын ғибадатты құлшылық деп атаймыз. Сенім ғибадатпен егіз ұғым. Наным ата-бабалардан жалғасты келе жатқан әдет-ғұрыптармен, тарихи естелік шежіремен байланысты заманына сай алған ғылым-білім, шаруашылық әдістерімен, тіршілік жетістіктерімен толықтырылған замандық білімінің көрінісі болса, ал сенім сол заманның жетістігіне қарай жаратқаннан түсірілген хикметтерге дәлел, белгілерге және ата-бабаларымыздың ұстанған дін рәсімдеріне, түсірілген кітаптар мен пайғамбарларға, періштелерге нанып иман келтіріп, өз ұлтына, жеріне сай діни рәсімдерді, ұстанымдарды қалыптастыру нанымына қарай жетілдірілген сенім болып табылады. Наным адамзаттың несібе ризығы біліміне қарай жетіліп, толықтырылып, кеңітіп отыратын, түсіну қабілетін, білімділігін белгілейтін ұғым болса, ал сенімді нанымның дәрежесіне қарай ілімді меңгеру арқылы жетілдіріп отыру шарт және үнемі таразының екі басына қойып ортасын іс-әрекеттерін, намаздарын орындау шарттарын жетілдіріп айқындап отыру ақылға сын.

      Сондықтан «Ілім мен білім ортасын ұстамасаң бүлін» деген аталарымыз. Ортасын белгілеуші естілікке, таза ақылдың қалыптасып парасаттылықпен пайымдауға, яғни әрбір жаратылыс себептердің зайырын анықтап түсінуге тәуелді. Естілік жасынан, жынысынан және алған тәрбие, білім, іліміне қарай жақсы-жаман, ақ-қарасын ажыратып көрсетіп тұратын жүректің айнасы-Ынсап деп аталады. Наным адам баласының ойлау қабілеті яғни білімділігі мен бас, ми жұмыстарына тәуелді болса, таза ілімді тек тазарған жүрек қана қабылдап ажыратады. Ал жүректің тазалығы қан тазалығына, ол тәннің және күнделікті дұрыс іс-әрекеттермен, таза тамақ, таза сөйлеуге тығыз байланысты. Бірін меңгеріп екінші, үшіншісіне мән бермеуден бәрібір қан азып жүрек те өлшеу, түсіну, сезу қабілетінен айырылады. Сондықтан адам баласының ілімділігі жаттап алған аяттарының, хадистерінің санына емес, білім арқылы салыстырып, іске айналдырып қанға сіңірген соған байланысты жүректің қабілетінен көңіл айнасына байланысты нәтижеленеді. Жүрек мақұлдап сеніммен жасалған ғибадатты адам баласының парасаттылығын, адамгершілік ізгілікті, мейірімді, махаббатты, зайырлығын қалыптастыратын құлшылық амалдарын айтады. Ал осы ғибадаттың ішінде адам баласының түрлі қарсы күштерден сақтану мақсатында және сенімін рухани жетілдіріп; жетілген, кемел, толық адамдық сипаттарды қалыптастыру үшін жаратқанның ерекше сыйына бөлену мақсатындағы үнемі қайталап, өз ретімен берілген кітаптардың пайғамбарлар көрсеткен істер мен елшілердің нұсқауларымен сәйкестендіріп атқаратын құлшылық амалдарын намаз деп атаймыз. Сондықтан намаздың бәрі Аллаға құлшылық амалдары болып есептеледі де, ал кейбір өмір сүру барысында кездесетін адамгершілік, мұсылмандық қарыздарды, түрлі қайырлы істердің бір-ақ рет орындалуымен және наным-білімін, естілігін жетілдіру барысында оқу, білім, ғылым үйренулер де намаз орындаулар болып табылады, бірақ ол адам баласының жеке намаздары яғни Аллаға құлшылық істері болып табылады. Ал уақыттың мезгіліне қатыссыз кейдейсоқ орындап отыруға тура келетін хайырлы істер, қызметтер және тәубе ақталу амалдары да құлшылық істер, ғибадат болып парасаттылыққа жатқанмен кей жағдайда тұрақты қайталанбауынан себепті намаз болып есептелмейді де, бірақ намаздарды толық орындау дегенге кіретін сауапты амалдар болып есептеледі. Сондықтан ақыл-парасатты қалыптастыратын, адамгершілік, сүйіспеншілік, бауырластық, мейірімділік, қайырымдылық, ізгілік сияқты құлшылық істерін намаздарды толық орындау амалдарына жатқызуға болады.

      Енді Аллаға құлшылық қылудың мәні жер бетіндегі адамзаттың ұлттық, рулық, мемлекеттік шекарасы болмай барлық жаратушы тарапынан тыйым болмаған, жан, рух, тән тазалығына зиян келтірмейтін, белгілі жағдайда адам баласының парасаттылығына пайда келтіретін тіршілік қамына, шаруашылыққа, білімді жетілдіруге байланысты бүкіл ортақ істер мен амалдарды қамтиды. Осындай адам ақылына лайықты рухани жетілуіне, ұлттық, рулық, қоғамдық, ұжымдық салттарына зиян тигізбес үшін әрбір үммет өз ерекшеліктеріне қарай ғибадатты құлшылықтарын сол үмметтердің әдет-ғұрып, салт-дәстүрі деп атаймыз. Ғибадатты құлшылық әрбір халықтың ортақ істері болып, осы ғибадаттан енді жынысына, жасына, қоғамдағы, қауымдағы алатын орнына, заман өзгерісіне қарай қайталап атқарып отыратын құлшылықтарын намаз деп атаймыз. Ал сол намазды қалай орындау керек, қандай білмей істеген күнәларының бар екендігін және ақталу жолын сұрап біліп отыру және сенімін нығайту, жетілдіру мақсатында намаз оқу әрбір мұсылманға парыз болып табылады. Намаз оқып қана нанымды, білімді жетілдіруі мүмкін емес. Білімді, нанымды толықтыруға, жетілдіруге арналған намазды сабақ оқу, ғылым-білім үйрену деп айтамыз. Пайғамбарымыздың; «Мың күн намаз оқығаннан бір күн ғылым үйренген артық» деп ескерткен даналығының астарында үлкен сыр бар. Сондықтан жас ерекшелігіне, жынысына және ақылының жетілуіне байланысты сенімін қалыптастыруға арналған намаз оқудың ішкі шарттары да бар. Оны әрбір елдің өз ішінен келген ғұламалары, әулие-әмбилері яғни елшілері көрсетіп, жазып кеткен үлгілеріне сай атқарылуы керек.

       Намаз оқу, тәубеге келу және жаратқанға жалбарынып сиыну амалдарының ортасы болып, үнемі барлық намаздардың орындалу барысында басында немесе аяғында емес, тек ортасында болуын ескеру керек. Әрбір жаратылыс нәрсесінің міндетті түрде жұбы болуы шарт болып, намаз оқудың негізі сабақ оқудан яғни нанымын, сосын сенімін жетілдіріп отыруға арналады. Бұрынғы жаппай сауатсыздық дәуірлерінде сабақ оқу мешіттерде, шіркеулерде атқарылып, наным-білімін қалыптастыру үшін жаратылыс іргелі ғылымдардан дәріс беріліп, сонымен бірге сенімін де жетілдіру үшін намаз оқуды қоса үйренетін білім ордасы болса, ендігі ғылым-білім дамыған заманда сабақ оқу мешіттері яғни нанымын жетілдіріп, жаратылыс сырларынан білім беретін жеке-жеке білім ордалары болып, жастардың білім алуы яғни заманына сай ақыл, білім, наным намазын үйрену парыз. Бұрынғы надандық дәуірлерде намаз оқу білімділік болып есептелсе, ендігі бұл заманымызда керісінше білімсіз, нанымсыз құр сену үшін намаз оқу надандықты туындатады. Оған себеп намаз оқып үйрену үшін бұрын әуелі тілін сындырып, сауаттандырып, жазу, сызу, есеп ғылымдарын үйретіп барып құран аяттарын жаттатып, намаз оқуға мәжбүрлейтін. Адам баласының нанымын, ақыл-білімін заманына қарай мектептерде арнаулы оқу орындарында жетілдіру арқылы толықтырып отырмаса, құр құранды арапша оқытып, сенім қуатының тазалығын қалыптастыру мүмкін емес. Ал ислам дініндегі қазіргі таңдағы сендіру арқылы яғни намаз оқу, парыздарды ақыл тоқтатпай, естілігін жетілдірмей, сенімін-ілімін жетілдіруге мәжбүрлеп өлімнің сырын, тіршілік мәнін, себептерін түсіндіру білімін жетілдірмей құр өлімге, өлімнен кейінгі бақытты өмірге сендірумен және өлімнен кейінгі өмірдің заңдылығына, наным-біліміне хикметтерсіз, нақты ақылмен өлшейтін дәлелдерсіз, ортасын есін қалыптастырмай сендіру керісінше біржақты мейірімсіздікті, дін бауырластық, сүйіспеншілікке қарсы бүлікшіл, имансыздықты ғана қалыптастырады.

     Сондықтан иман келтіру біріншіден; нанымға яғни білімділік, біліктілік, ақылға, екіншіден; сенімге, ілімге, намаз орындауларына байланысты болып, осы екеуінің ортасын белгілеп тұратын ұлттық есіміз әдет-ғұрып, салт-дәстүріміздің құндылықтарымен, сөзбен яғни философиялық, психологиялық қазынамызбен өлшеніп қана иман жүрегімізге зейнеттеліп отырады. Осы негізгі үш талаптан құлшылықтың негізі; әділет, шапағат, махаббат туындайды. Бұл үш негізден ата заңымыз, яғни еліміздің иманының негізгі ірге тасы қаланады.

Ата жолы кітабы №4

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *