Құдай патшалығының хикметінің білінуі.

Бөлім: Ата жолы кітабы №5 102

     «Бауырластар, Иса Масихтің қайтіп келуі (жерге түсуі) мен біздің (періштелердің, аруақтардың) Оның қасына жиналуымызға байланысты сендерден мынаны өтінеміз; өсекке, пайғамбарлық сөздерге немесе біз айтыпты, (сахабалар, бұрынғы сопы-ғалымдар) біз жазыпты деген жалған пікірлерге иланып, Иса Масихтің көктен келетін күні болып қалған екен деп абыржып қорқып қалмаңдар. Ешкім сендерді амалын тауып (ақырғы заман деп), алдап кетпесін. Себебі Иса Масих келер алдында адамдар Құдайдан безіп,Оған (Алланың құдірет қолына, аруаққа) қарсы шығады және әділетсіздіктің қолдаушысы, кейін, мүлде құритын кісі пайда болады. (Заңшы, парызшы, діншілер Масһаб-кітап-кісі) Олар Құдайға және Оның ұлылығын білдіретін бар нәрсеге (хикметтерге, әулие-әмбилер мен аруақтарға) қарсы тұрып, өздерін олардан жоғары қояды (ғалым, сопы, философ, теолог), тіпті Құдайдың киелі үйінде (мешіттерде, шіркеулерде) отырып алып, «мен құдаймын» («білімдімін», маған ғана сеніңдер) деп жариялайды… Күні бүгінге дейін сол кісіні (бұзық ғалымдықты) қандай күш ұстап тұрғанын білесіңдер. Себебі оған белгіленген уақыт бар. Әрине адамдарды Құдай заңына қарсы тұрғызатын құпия күштер қазірдің өзінде әрекет етуде, бірақ соларды ашық шығармай, ұстап тұрған қасиетті күшті (әулие-әмбилер, ғалымдарды) алдымен Құдай алып кету керек. Оның заңына қарсы тұрушы кісі содан кейін шығады. Бірақ оны Иса Масих қайтып келіп (жерге түсіп), бәріне салтанатты түрде көрінгенде аузынан шыққан бір леппен (рух, бата, көркем сөз) мүлдем жояды. Ал Құдай заңына қарсы тұрушы кісі келгенде шайтанның әрекетіне сай зор күш қуат, әр түрлі алдамшы ғажайып істер (қулық, сиқыр, сананы теріске тәрбиелейтін діни ағымдар, зікір, дұға) мен кереметтер көрсетпек. Ол кейін құритындардың бәрін күллі жамандықтармен тура жолдан адастырады. Себебі олар өздерін құтқаратын шындықты (уахи-бата, аян, түс, ем-шипа) жақсы көрмей, жүрегіне жолатпайды. Сондықтан да Құдай оларды өтірікке иланып, түзу жолдан оп-оңай адасатын қылып қояды. Сонымен шындыққа сенбей, әділетсіздікке құмартқандардың бәрі сотталатын болады.» «…Сондықтан.. кейбіреулердің басқа ілімдерді үйретулеріне және аңыздармен, ұлан-ғайыр шежірелермен (өзге ұлттардың, діни соғыстарының) шұғылдануына тиым сал. Бұлар сенім арқылы білінетін Құдайдың ісіне (күнәдан ақталу, рухани тазару) қызмет етудің орнына көп дау-жанжал тудырады. Осы бұйрықтың мақсаты-пәк жүрек, таза ар-ұждан мен шынайы сенімнен бастау алатын сүйіспеншілікті ояту. Кейбір адамдар бұлардан бас тартып, (ұлттық рухына сәйкес келмейтін ескірген діни сенім, шежірелерді дәріптеп) көп мылжыңдыққа түсіп, адасып кетті. Олар Тәурат (Құран, масһаб) заңының ұстаздары болғылары келеді, бірақ өз сөздерін де (сөз астарын, тәпсірді) табандылықпен пайымдап жүрген ілімдерін де өздері дұрыстап түсінбейді. Ал тиісінше қолданса (сөз астарын меңгерсе), Тәурат (Құран) заңының игілікті болатынын білеміз. Оның Құдай алдында ақталған (уахи-бата, аян алатын) біздерге емес, заң мен билікке бағынбайтындарға, зұлымдар мен күнәкарларға, қасиетсіздер мен дінсіздерге, ата-анасын не басқа біреуді өлтірушілерге (жихадшыл, бүлікшіл діншілерге), бұзылғандар мен жыныстық азғындыққа түскендерге, кісі ұрлаушыларға, өтірікшілер мен жалған ант беретіндерге, яки дұрыс ілімге қайшы әрекет еткендердің бәріне (діни секта, парызшы діншілерге)  тиым салатынын түсінеміз. Бір-біріңмен таласқандарыңның өзі масқара! Одан да әділетсіздікке неге төзбеске, неге ақыларыңды жегізбеске? Керісінше, сендер әділетсіздік жасап өз бауырластарыңды тонайсыңдар! Әлде әділетсіздердің Құдай патшалығынан орын алмайтынын білмейсіңдер ме? Алданбаңдар: азғындар, жалған тәңірлерге құлшылық етушілер, неке адалдығын бұзушылар, нәпсіқұмарлар, еркекжанды еркектер, ұрылар, дүниеқоңыздар, маскүнемдер, өсекшілер және (ақылды) тонаушылар үшін Құдай Патшалығында орын жоқ! Бұрынғы кейбіреулерің сондай болдыңдар, алайда сендер күнәдан тазарып, енді Иеміздің (Раббымыздың) және Иса мәсіхтің құдіретімен және Құдайымыздың Рухы арқылы Оның қасиетті халқы болып ақталдыңдар. Осы ілім мадақталуға тиісті Құдайдың ұлы Ізгі хабарында мәлімдеген. Ол соны уағыздауды маған аманаттады.» (Інжілден елші істері).

        Осы үзіндіден ғана қазақ жерінде болып жатқан дінге байланысты оқиғалардың сонау екі мыңжылдықты және одан кейін ислам діні толық бекігеннен кейін де қайталанған шежіренің, замандық, дәуірлік белгілерінің оқиғаларының қайталанып түрленуі болып жатқанын көрсетеді. Сондықтан жаратушымыз құран тәуратты қайталайды деп ескертуінің астарында, тәураттықтардың парызшылардың, Ғиса пайғамбардың соңына ерген елшілерді қалай қудалап, соттап жазалап жазғырса, сендер де қайталайсыңдар деген белгінің, аяттың үкімі тағдыр болып, елшілік істерді жалғастырушы бір тұтас ел болу үшін халқымыздың маңдайына қазақтың ел тағдырына бұрыннан болған және қазіргі таңда да қайта жазылып жатқанын көреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *