Ілім мен білім ортасы-тіл ғылымы, иманның-зейнеті.

Бөлім: Ата жолы кітабы №5 201

     Аталарымыз: «Ілім мен білім ортасын білмесең бүлін» деп астарлап, тура жолдың негізгі шартын ескерткен екен. Енді, ілімге құдайдан келген сөздерді, жазылған киелі кітаптарды, пайғамбарлар арқылы берілген нұсқауларды жатқызамыз да, бірақ құранда негізгі кітап; «Лаухы Махфузда» сақтаулы, оны Алланың қалаған құлдарына түсіріледі деп ескерткен. Олай болса ілім екі бөліктен тұрады. Біріншісі; елшілеріміздің, пайғамбарларымыздың түстерінде көріп, жорып амалға айналдарып, уахиларын яғни ілімнен білімге айналдырып, үмметтеріне аманатқа қалдырған нұсқаулары болады.

Исламда осындай сүннеттерді, нұсқауларды құран насихатымен салыстыру арқылы түрлі масһабтарға, топтарға бөлініп өзара бір діннің ішінде қырқысып жатқанымыз да, енді заманына қарай арамыздан шыққан елшілерімізге оқылған екінші кітап пен діни ілімдерге айналған дін дәстүрлерін, ендігі мұрагерлері болған біздердің, заманға қарай алған іліміміздің білімін салыстырып көре алмауымыздан, яғни тіл білімін меңгере алмауымыздан туындайды. Яғни «Лаухы Махфуздан» алатын кітабымыз иман-кісі, нұр деп аталып, оны жүрекке зейнет-бейне қылып алып, жақсылық пен жамандықты тікелей Раббымыздан сұрап көре білуді имандылық дегеніміз, немесе иман келтірдім деп атайды. Ал, мұндай хикметті таза білім имансыз, барлық адамзаттың меңгерген білімін, жазған кітаптарын оқып немесе керекті деректі, аятты іздеп тауып оқып, меңгеріп білу және ақ-қарасын, пайда-зиянын да ажырату да мүмкін емес. Сондықтан да әрбір жаратылған білімнің де көрінбейтін жаратылыс кітабы яғни иманы, жарықтық кітабы, кісісі де бар. Демек, қандай да бір көркем сипатқа иман келтіру үшін де белгілі шарттарды орындау арқылы қажетті мағлұматтарды көріп, естіп, оқи аламыз.

        Бұл ақпараттардың жинағын, түп негізін «Алла» деп белгілеп, енді ортасындағы екі «Л»-ды тануға, яғни ортасын табу үшін әуелі сандар тізбегімен 1-2-3-4 деп белгілесек, онда ортасындағы белгі; 2,3-ті немесе 23-ті яғни «Мүминұн» сүресін момын болуды меңгеру, осы бастапқы «Бір» мен соңғы «Т+өрт»тің екі ортасын табу болып, яғни Бақара мен Әли-Ғымран сүресіне жалғану болып есептеледі. 23 саны тағы оңнан солға қарай оқысақ 32-ші «Сәжде» сүресін белгілеп, яғни сәжде амалдарын, Мұхаммед пайғамбарымызға түсірілген кітаптарды меңгеру арқылы, ал момын болуды бүкіл діндердің негізгі құлшылықтарын бірлеу және жақсылықпен жаманшылықты кетіру арқылы иманмен, таза біліммен нәтижеленеді. Момын адам құдайдың назарына түсіп, құдай патшалығына кірген, яғни сұрағына жауап алып, берген уахиын көретін, 46 санды пайғамбарлық қасиеттердің біріне яғни 45-ші кітапқа мизанға жалғанған адамды ескертеді. Кім өз үмметінің пайғамбарына жақын болса, яғни батасын-уахи алса, сол адам момын болып аталуға лайық деп есептегеніміз абзал. Пайғамбарымыз: «Мен Исаға жарық дүниеде және ақыретте кісілерден ең жақынымын. Менімен оның ортасында ешқандай пайғамбарлық жоқ. Пайғамбарлар әке бір, ана басқа туысқандар. Олардың пікірі бірдей» (277) Барлық пайғамбарлар пәтуалары бірдей болса, онда шариғатты тек исламның араптарға келгенінен немесе исламдық дінді тек араптардан басталды деген пайымдау, пікірлердің бәрі қате! Және енді қожалық та араптардан немесе Мұхаммед пайғамбарымыздан басталады десек те, онда пайғамбарымыздың өсиетін теріске алып, Аллаға ортақ қосып, кәпір боламыз. Енді ақылды азат етіп ойлансақ, арадағы 6 ғасыр өткеннен кейін келген Мұхаммед пайғамбарымыз және Ыбырайым, Дәуіт, т.б. пайғамбарлар арасында қандай бір ғана әке болуы мүмкін? Бұл жерде пайғамбарымыз «Рухани әкеміз», Раббымыз бір, тек анамыз басқа, яғни тілдеріміз бөлек, бірақ пікіріміз-дініміз бір деп ескертеді. «Мен момындарға өздерінен жақындаумын. Момын дүние салып, егер мал-мүлкін қалдырса, олар мұрагер болып қалады.» (278-өсиет)

       Бұл аятпен әрбір момын, пайғамбарға жақындаған құлдың өз артында қалдырған мүліктеріне, (кітаптарына, істеріне) өлгеннен кейін де пайғамбарымыздың шапағатына жалғанып, шапағатшылыққа тұрып өзіне мирас болған қасиеттеріне иелік етуге мүмкіндік берілетінін ескертеді. Олай болса, құдай патшалығының тұрақты тұрғыны болып, нұрын, кітап-кісілігін өзі қалаған туысына көрсете алады, яғни рухани жетекшілік етеді деген ұғымды береді де, әулие бабаларымыздың шапағат етіп иман келтіруге, жол ашуға, түрлі жағдайларда азаптардан, аурулардан араша түсуге жәрдем беріп, құдай мен аралықта, ақирет өмірінде, елшілік істерін меңгеруші «қан+атты» періштелер екенін пайғамбарымыздың өсиетімен әшкере жариялап тұрғаны да хақ. Сондықтан да осындай өмірден момын және әулие-әмби болып өткен ата-аналарымыздың рухани мүлкінен үлес алуды ғылым келу немесе кітап-нұрды алу деп, яғни ілім мен білім арасын, ортасын тауып ұстану деп атаймыз. Сондықтан пайғамбарымыз. «Біреулерің өзіне ұнайтын түс көрсе, Ол Алладан, ол үшін Аллаға мадақ айтып, көрген түсін басқаларға айтып берсін, ал басқа өзіне ұнамайтын түс көрсе, ол-шайтаннан, оның жамандығынан Алладан пана сұрап, ешкімге айтпасын. Сонда ол оған зиян келтірмейді». (2082-өсиет) Осындай өсиеттердің орындалуын аталарымыз: «Әр елдің салты басқа, иттері ала-қасқа» деп, түс жорудың да ұлттық, елдік ерекшелігін астарлап ескерткен. Қазақтың салт-дәстүрлі дінінің өзі осындай жақсы түстерді ізгілікке айналдырып, ал жаман түстерді қалай тағдырдан аластауды, іске асырмауды жетік меңгерген де, ондай түстерді қу түлкінің боғы деп ырымдаған. «Пайғамбарлықтан қуанышты хабарлардан басқа еш нәрсе қалмайды»-деді. Адамдар: «Қуанышты хабарлар деген не?»-деп сұрағанда Пайғамбар: «Игі түстер»,-деп айтты» (2083-өсиет).

        Осындай болашақты көрсететін хабарларды меңгеруді, елшілік істері болып, оны қазақта әулие деп, ал пайғамбарлық қасиетті меңгергендерді, керемет мұғжиза, хикметтерді көрсетушілерді әулие-әмби деп атаған. Әулие-әмбилер халқымыздың рухани ұстаздары, яғни құдай патшалығына кірген Алланың сүйікті құлдары болып есептеледі. Інжілден; «Парызшылар (тәурат ғалымдары) арасында Нікөдем есімді басшысы бар еді. Ол Исаға түнде келіп: -Ұстаз, Сіздің Құдайдан келген мұғалім екендігіңізді білеміз, себебі Сіздің кереметтеріңізді Құдайдың қолдауынсыз ешкім жасай алмайды-деді. Иса: -Саған өте маңызды шындықты айтып тұрмын: кімде-кім қайтадан туылмаса, Құдайдың Патшалығына кіре алмайды,-деді. Нікөдем:-Есейген адам қалайша қайта туылады? Шешесінің құрсағына еніп, екінші рет дүниеге келуі мүмкін бе?-деп сұрады. Иса: -Саған өте маңызды шындықты айтайын: кімде-кім судан және киелі Рухтан туылмаса, Құдайдың Патшалығына кіре алмайды. Тәннен-тән, Рухтан-рух туады. Менің «қайтадан туылуға тиіссіңдер» дегеніме таңданба! Жел қалаған жерінде соғады: оның гуілін естисің, бірақ қайдан келіп, қайда кеткенін білмейсің. Киелі Рухтан туылған әр адамның басынан өткені де осыған ұқсас,-деді. Нікөдем: -Бұл қалай болады?-деп сұрағанда, Исаның жауабы мынау болды: -Исраилдің дін мұғалімі бола тұра, осыны білмейсің бе? Саған өте маңызды шындықты айтайын: біз білгеніміз туралы сөйлеп, көргеніміз туралы куәлік етеміз, алайда сендер куәлігімізді қабыл алмайсыңдар. Мен сендерге жерде болып жатқанды айтқанда сенбейсіңдер, ал егер көктегі рухани нәрсе туралы сөйлесем, қалай сенбексіңдер?…Құдай Өзінің рухани Ұлын адамзатты соттауға емес; құтқаруға жіберді. Оған сенушілер қияметте сотталмайды, ал Құдайдың жалғыз рухани Ұлына сенбейтіндер әлдеқашан сотталған. Ал соттың мәні мынандай: «Құдайдың Нұры» жерге келді, бірақ адамдар Одан гөрі түнекті жақсы көрді, себебі олардың істері жаман еді. Жамандық істеген әркім Нұрды жек көріп, жасаған істері әшкереленбес үшін Нұрға (аян, батаға) жоламайды. Ал шындыққа сай өмір сүретін әркім өз істерінің Құдайдың көмегімен жасалғандығы көрініп тұрсын деп Нұрға шығады (Жоханнан 3-тарау).

        Ғиса пайғамбарымыз рухани қайта туылуды көрсетіп, адамзатты күнәдан құтқаруға келсе, Мұхаммед пайғамбарымыз судан қалай қайта туылуға болатынын (жанды дәрежелеу, шырақ) көрсетіп, жаннатпен сүйіншілеу және жаратқанның шапағатын жеткізуге келді. Рухани өлім сатысы да 99 таспихпен 3-ке бөлініп көрсетіліп, рухтан қайта туылып, 60 бұтақты иман қуатын меңгеруді көрсетеді. Енді 33-санды, 11-мен бөлінген кіші таспих, сопылар таспихы аталып, үш рет судан туылудың ерекшелігін білдіреді. Бұл сырдың құпия жұмбақ болып, Ясауи бабамыздың ілімінің масхаб дін ғалымдарының түсініп, меңгере алмауынан және рухтан қайта туылып, өлім сатыларын бастарынан өткізе білмегендіктен Ханафи масһабы тура жол деп түсіну де діни сауатсыздықты білдіреді. Ал рухтан қалай қайта туылуға болатынын, арыға үңілмей-ақ Абай-Шәкәрім аталарымыз насихатын өлеңмен өрнектеп, көрсетіп кеткенін дінші ғалымдар түгіл Абай-Шәкәрім танушы философ, теологтарымыз да біле бермейміз. Ол үшін әуелі сөзді түзеп жындылықты жеңу керек екенін; «…Ендігі жұрттың сөзі-ұрлық қарлық, Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық. Осы күнде осы елде дәнеме жоқ Мейір қанып, мәз болып қуанарлық… Естілер де ісіне қуанбай жүр, Ел азды деп надандар мұңаймай жүр. Ала жылан, аш бақа күпілдектер, Кісі екен де ұлықтан ұялмай жүр. Бектікте біреу бекіп тұра алмай жүр, О дағы ұры-қарды тия алмай жүр. Қарсылық күнде қылған телі- тентек, Жаза тартып ешбірі сұралмай жүр. Қарындас (иман күзетшің, ұждан) қара жерге тыға алмай жүр, бірінің-бірі (түсін жорытып) сөзін құп алмай жүр. Құда-тамыр, дос-жаран, қатын-балаң, Олар да бір қалыпта бола алмай жүр. Бір күшті (кісі-аруақ) көп тентекті (жын-шайтан, нәпсі) жыға алмай жүр. Арақ ішкен, мас болған (шайтанға айналған) жұрттың бәрі, Не пайда, не залалды біле алмай жүр…Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр, Сұрамсақ нәпсісін тия алмай жүр. Сәлем-борыш, сөз-қулық болғаннан соң, Қандай жан сырттан сөз боп, сыналмай жүр?»

       «Таһа» сүресін меңгерудің заман тәрбиесі мен елдің салтына тәуелді болатынын ескертіп, тіл мен ойдың және санмен сөздің «Төртеудің түгел болуын», саналы болу үшін кіммен, немен қалай күресу керек деген Алла жолында соғысудың шарттарын, тақуалықтың қалыптасуын, саналы адам бейнесін суреттеген. Кезінде құпия ілім болып сопыларға, дін ғалымдарына, әулие-әмбилерге, өмір сүрген заманына қарай, түскен нұсқаулар мен құран аяттарының, пайғамбарларға, елшілерге уахимен оқылған, көрген, мұғжиза қылып көрсеткен, хикметті істер және кітаптарға өсиеттерге айналмаған құпия ақпараттар да ешқашан жоғалмайды, оны жаратқан иенің таңдауымен араларымыздан Абай-Шәкәрім аталарымыз сияқты білімді елшілер таңдап, кітабын оқытып, ұрпақтарына мұра етіп, қайтадан рухани егінге, ділге айналып, өсіп-өніп білімге айналып отыру діннің негізгі шарты. Бұл жағдай «пайғамбарлардан қалатын қуанышты хабарлар» және «Мен момындарға өздерінен жақындаумын. Момын дүние салып, егер мал мүлкін қалдырса, олар мұрагер болып қалады.» деп мұрагерлік туралы ескерткен 2-ші, 4-ші сүредегі құпиялар осы рухани аманаттарды өтеу туралы астарлы және ата-бабадан қалатын рухани мұраның кімге қаншалықты туысқандық жолымен өсиет (аян, уахи) болып қонатынын, мұрагерлікті ескерте отыра, ниса сүресінде; «тек борыш өтелгеннен кейін», деп құдай патшалығының аталарымыздың «Өлі разы болмай тірі байымас» деген аманатын растайды. Аятта: «Әке-шеше және жақындарының қалдырған нәрселерінен еркектерге де үлес бар. Әке-шеше және жақындарының қалдырған нәрселерінен әйелдерге де үлес бар. Аз немесе көп болса да, одан өлшеулі несібе бар.» (4-7) Ал бұл аяттың сандық мәніне және ұғымына мән бермейтін надан діншілер, өліктерден не аласың деп жаратқанның үкіміне, өздері түгіл, артынан ерген, бүкіл халықты қарсы қойып, өздерін өздері асып, зұлымдыққа ұшырауына, ібіліске көмекке тұрғандығын аңғармайды да. Ал, жаратқаннан басқа кім өлшеп, несібені әділетті таратып бере алады? Бұл аяттың үкімі, насихаты 7-ші сүремен және ата-анаға шүкірлік 31-аятпен; «Әй адам балалары! Әрбір құлшылық орындарында (зират, мазар, ойпаттарда) зейнеттеріңді (аманат, мирас үлестеріңді, аура киімдеріңді) алыңдар. Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді.» (7-31) Иманның негізгі зейнетіне жалғану, судан қайта туылу дегеніміз осыдан пайда болады. Құранда ескертілген ойпат дегеніміз жер асты суынан шығатын, жер тесігінен бөлінетін нұрлы буды ескертеді. Оны ғылымда «гипрогендік зона» деп атаған. Сондықтан пайғамбарымыз «Өлгенді жамандаушы адам лағнет қоршауында болады.» (470) «Қабірге (мазарларға) зиярат етіңдер, олар әлбетте сіздерге ақыретті естеріңізге салады.» (467) «Достарыңнан (әулие-әмбилерден) сирек те болса хабар (аян, уахи алу) Алла тағалаға ұнайды.» (466-өсиет).

      Сонымен қазақ еліне арамыздан елші келіп жастардың, халықтың аруақтан келген батамен жақсылықтарын біліп, жамандықтарына ескерту алып естігендеріне, аянмен көргеніне, ата жолының құдайдан түскен куәлігіне, сөз астарын зерттеп, судан қалай туылуын меңгермеген, ана тілін судай сылдырата алмаған, ақынын түсінбеген ақындарымызға, әулие ғалымдарын түсінбейтін ғалымдарымызға, сопысын түсіне білмеген, жақынын жаттай жатырқайтын діншілерімізді кім деп атауға болады? Масһаб дін ғалымдары «Өліктер сендерге ештеме бере алмайды» деген пәтуасы енді қазақтың намаз оқушы әрбір тұрғынының жүрегіне жазылып үлгіргені да хақ. Сондықтан пайғамбарымыздың; «Қабір басына барып тұрыңыздар, бұл сендерге болашақ өмірлерің туралы ескертеді» (487-өсиет) яғни өліктер арқылы аян, уахи алып тағдырларыңды қайта дұрыстауға, көріпкелдік қасиеттерді меңгере аласыңдар деген пайғамбарымыздың осындай үлгі намазын орындау түгіл, өзін де жалғаншыға айналдырып алғанымыз сөзсіз. Осындай жер бетінен шыққан әулие бастарынан бөлінетін ашық нұрдан зекет алмаған, рухани өліп, қайта туыла алмағандар әрине ондай нұрға (кемпірқосаққа) шығып, шындықты көре алмайды. Абай атамыз бұл ілім мен білімнің ортасын тауып, иман келтіруді 121-ші санмен белгілеп, өзіне берілген кітапты тағдырын оқу, рухтан қайта тірілу деп: «Біз өздеріне Кітап бергендер, оны шынайы оқиды, міне солар иман келтіргендер. Кім Кітапқа қарсы келсе, сонда олар зиян етушілер.» (2-121) деген көптеген ұқсас аяттардың насихатын; «Балалық өлді, білдің бе? Жігіттікке келдің бе? Жігіттік өтті, көрдің бе? Кәрілікке көндің бе? Кім біледі, сен кәпір, Баяндыдан (аян, түстен) сөндің бе, Баянсызға (жын-шайтан) төндің бе? Әлде, айналып кім білер, Боталы түйе секілді, Қорадан шықпай өлдің бе?».

       Ал Шәкәрім атамыз кітап берілу мен кітаптың оқылуы, көңілдің күнәдан қайта өліп туу мен ниеттің тазалығынан деп түсіндіреді. «Басында жас бала едің сен. Ойың бұзылмаған көңіл! Періштеден таза едің сен. Қиянат қылмаған көңіл!.. Жігіттікке жетелеген Секунд, минут, сағат деген, Жаралыс бұл солай деген, Балалықты ұрлаған көңіл!.. Балалық-тазалық өлді, Жүректің ақ нұры сөнді. Амалсыз осыған көнді. Дұрыс деп таңдаған көңіл! Түзелмес мін емес бұлар, Әр өмір өз ісін қылар, Сынарлық тағы мезгіл бар, Ауыспай тұрмаған көңіл!..Қырық жылдан жас өткенде, Қызудың көбі кеткенде, Есептер кезі жеткенде, Не болар бұрмаған көңіл!…» деп тағдырдың сүрлеулерін, өткелдерін суреттей келе, рухани өліп қайта азат болуды; «…Бүгін менің ұлыс күнім, Бағымды ашқан қадір түнім. Жетіліп тұр қызыл гүлім (Діл бақшасы), Бұлбұлдай жырлаған көңіл! Көзім көрді дегендей іс, Табылды, кет, жоғал кейіс! Өлімнің шын түбі-бейіс. Анық деп ымдаған көңіл! Тазалыққа тағы кеттім, Балалықты қуып жеттім, Жоғары ғаршыдан өттім, Осыны шындаған көңіл!..» деп көңілдің рухани азат болып қайта тірілетін, әр адамның өз қадір түні болып, денеңмен ғаршыдан өтуді сопылықты меңгеру деп түсіндіріп; «Әй жын мен адамзат тобы! Көктер мен жердің шектерінен өтуге шамаларың келсе, өтіңдер, Өте алмайсыңдар! Бірақ бір-ақ қуатпен өте аласыңдар.» (55-33) деген аятты және «Рахман» сүресінің сопылықтың, тақуалықтың негізгі белгісі болып, ислам әлемінің ертегіге айналдырып алған сопылық жолын қарапайым ғана Ясауи бабамыздың бар адамзатқа ортақ қарапайым қазақша үлгісін бірнеше өлең мысал тәпсір насихаттарымен көрсетіп баяндап кеткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *