Иман келтіру- нұрдың зейнетін көру.

Бөлім: Ата жолы кітабы №5 131

        Енді маған арап тілінен құранды тәпсірлеп түсіндіруші және өзін діни сауатты атайтын қандай да бір дін танытушы, ғалым, тек өздерінің тәпсірлеген ақылымен ғана жүруің керек деп маған пәтуа берген болса, онда оның құранды меңгердім, дінде тура жолдамын, Алланың қалауына жетіп, пайғамбар шапағатына жалғандым, уахи алдым, әулиелік дәрежеге көтерілдім деген ойынан шығып, маған да «биғат»-уәде беріп отырғаны даусыз. Олай болса, яғни кім тура жолда болса, ондай таза ақыл егесі аталып, пайғамбарлық қасиеттердің белгілі бір шамасына, өзінің замандық білімділік сапасына қарай меңгерген болып және елшілік істерді де меңгеруші,

тақуалықтың әйтеуір жоғарғы сатыларында болу керек. Себебі құранның ғылымын меңгеріп, насихатын түсіндірген адам баласы, Алланың сүйікті құлы және сұрағына жауап, хабар алушы досы. Олай болса, әулиелікті де әмбилікті де меңгерген адам. Аятта: «Әй мүміндер! Бұзық біреу хабар (уахи) келтірсе, оны анықтаңдар. Әйтпесе білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер.(6)…Алла, сендерге иманды жақсы көрсетіп, оны жүректеріңе зейнеттеді. Сондай-ақ сендерге; қарсылықты, бұзақылықты және бас тартуды жек көрсетті. Міне солар тура жолдағылар.» (49-7) Жаратқан иеміз, иманды адамның сипатын; жақсылықтарды аянмен, уахимен көруші болып, сол арқылы ғана жанға қуаныш, шабыт болып иман жүрегіне зейнеттелген және түстерді жорып және бұзықтықтарды, сынақтарды алдын-ала анықтап және берілген нұсқаулардан, ақылдардан бас тартпайтын сүйген құлдарына иманды уахи түрінде көрсетіп, жүректеріңе ендіремін деп уәде береді. Бұл аятпен масһаб діншілерінің көріпкелдікті мазаққа айналдырып, жын-шайтаннан деп атауын жалғандыққа да шығарып, әшекере насихаттап тұрғаны да хақ. Олай болса иман келтіруші; түсті меңгеріп, аян-аят алушы, тура жолды табушы, көріпкелдік әулиелік сатыға көтерілуші, Алла жолында жамандықпен соғысушы, пайғамбарлық қасиеттің 7-ші дәрежесін меңгеруші құлы болып табылады. Иман, нұр-зейнет; Алланың сөзі жанға рухани азық, құранның пара қуаты, кітап болып, ондай нұсқауларды орындай білген құлдың рухы және тәні де тазарып, жаны да нұрланып, жан-жағыңа шам болып жарығың түсіп, қиналған, қыспаққа түскен бауырластарыңа құраннан ем-шипа беріп, жүгін жеңілдететін дарындылыққа, қасиетке жеткізеді. Сондықтан, ондай жамандықтарды көріп және құран аяттарымен ем-шипа жасап, жамандықпен соғысушы, жақсылыққа жол ашушы құлдары туралы аятта: «Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. Сол уақытта сені мен екеуің араңдағы дұшпандық болған біреу (жын, пері), өте жақын достай болып кетеді. (Иман келтіреді) (34) Бұл қасиет; сабыр еткендерге ғана нәсіп болады. Сондай-ақ бұл сипатқа зор несібелілер ғана ие бола алады.» (41-35)

      Бұндай аяттарға жалпы муфтият ғалымдары мен масһаб ұстанушылары мүлде қарсы келіп, ондай жамандықтан тосып, жақсылыққа жол ашушы, елшілік істерін атқарушыларды жын-шайтаннан деп те мазаққа алады. Қандай да бір пенде өз туысқанын, мейлі бір қыспаққа, қиындыққа түскен дін қандасын жақсылық, ізгілік арқылы ақталуға шақырып бағыт-бағдар берсе, онда ол дінге жақсылыққа қарай жол ашушы болып саналмай ма? Егер олар жол ашушы емес, жолды тек Алла ғана ашады деген ұғымға жүгінсек, онда имам яғни пайғамбар ізбасары, дінде жол көрсетіп, жол ашушы деген ұғым да жалған болып шығады. Және «Бір» деген ұғымның тікелей адамзаттың тылсымдық жандарына, жүректеріне, көздеріне байланысты екенін де білген абзал. Енді менің білетін, танитын дін имамдарым, діншілерім; өздерін тақуа, тура жолдамыз деп және құранды жатқа білетін қариларымыз да өздерін тура жолдамыз, яғни халыққа жол көрсетушіміз дегендерімен, шындығында ежелгі қазақ аталарымыздың, құранның тек намаз оқитын аяттарымен, шариғатты толық меңгерген, өзі ділмар, сәуегей әрі жынды байлаған бақсы қара шалдардың кебісін алып беруге де жарамайтындар. Себебі жолға салып, тәніндегі бітеліп қалған тіл жолдарын, (натрий жолы) сөз жолдарын ашу үшін тазарту амалдарын, қаралықтан, жандағы қараңғылықтар мен рухани күнәлардан арашалауды яғни аяттағы; «…Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. Сол уақытта сені мен екеуің араңдағы дұшпандық болған біреу (жын, пері), өте жақын достай болып кетеді…» дегендей емшілік, бақсылық намаз орындауды, яғни жамандықты қалай жолға салуды білмек түгіл, керісінше халықты жамандықтардан тығылып, қашып, қорқып жындарға табынуға ашық үгіттейді. Сондықтан олардың діни сауаттылығы түгіл ұлттық салт-дәстүр білімдері, философиялық танымдары туралы әңгіме етуге де тұрмайды. Абайын, Шәкәрімдей сопыларын түсінбеген қандай дінші, дін ғалымы, теолог, абыздық? Ұлттық ділімізге жалғанбайтын осындай діни сауаттылар еңбегін оқыған сайын Абай атамыздың қайғысын түсінгендей сезімде боламын. Ұлттық ерекшелік діліміз бен дін-жанымызға рухани азық алып, жүректерге қуаныш әкелмейтін, иман, қуаныш, жақсылық, яғни махаббат болып түсімізде көрінбейтін қандай діннің тура жолы? Олай болса, діншілеріміздің ұсынған масһаб білімдерінде бұзықтық, дінсіздік бар, себебі жүрегімді тыңдасам қазақ даналарының еңбегін оқығандағыдай, олардың берген шала ұғымды аралас тәпсір үгіттерінен, насихат сөздерінен шаттанып, жігерім қуаттанып, қайратым тасып, қаным қызып, шабыт пайда болмайды. Олай болса, олардың білімдерінде нұр-зейнеті жоқ. Керісінше; «алексалам, ғалейкисалам, ықтипатта болып, тәуесил жасап, радиолаху әнхуды, ыстықпар еттім …» деген сияқты түрлі ұғымы белгісіз сөздермен және мақтан үшін ғана арап емлесімен әшекейлеген кітаптарды бас ауырып, жиіркеніп, жүрегің түршікпей оқу мүмкін емес. Амал жоқ, мұндай діншідердің кім екенін және қай жағынан ұлтымызға қауіп төндіріп жүргенін білу үшін де мұндай жазбалар иманыңды әлсіретсе де оқуға тура келеді. Мүмкін менің жаратушы сөздеріне жүрек көздерім жабық шығар деген күмәнмен және бұл сұрағымды құдайдың қалауына ұсыну үшін қазақша аударылған бүкіл құранның аударма тәпсірлерін жинап алып салыстырып көрдім. Сонымен менің ойыма салмақ түсіріп, әлі көп нәрсені білмейтінімді, құдай сөзін түсіну дегеніміз күнделікті ақын, жазушылардың еңбегін оқу емес екенін білдірген; Халифа Алтай атамыздың еңбегін әрі қарай шамам жеткенше зерттеуді және шамам келгенінше түсінгенімді елмен бөлісуді жөн көрдім. Менің ақылымның білдіріп және иманымның көрсеткені, құранның көп аудармалары тәпсірлеген кітаптары басқа елден келген тәпсірлерге аяттың аударма түсінігін қарапайымдап, ұғымдарын, насихатын жақындатуға тырысқан екен де, ал Халифа Алтай атамыздың аудармасында көпшілік жағдайда тәпсір ұғымы бөлек және аяттардың тікелей аударма мағынасы бөлек тұр. Демек аудару барысында тәпсірлерге, ой жоруға жүгінбей және Құран аяттарының сөздерін өз орнын ауыстырмай, шындығын бұзбай сөзбе-сөз аударғандықтан, түсінігін бірден ұғу түгіл, оқылуға да ауыр екені хақ. Олай болса сөз ғылымы, философиясы қашан да қиын жағында болу керек. Сонымен менің бұл жағдайда қателеспегенімді және осындай қазақ еліне жаратқанның сыйға берген құнды кітабының түсірілгеніне де көп ұзамай көзім де жетті. Шындықты тек Алланың кеңшілігінен аян, түс, уахи болып берілетінін мойындап, Аллаға иман келтірсек; Осы уақытқа заманға дейін Құранның заманына қарай сөз ақиқатын ашатын түркі әлемінде 3-ақ кітап аударма түсіндірмесі болыпты. Олар; Сағди, Хафиз және Халифа Алтай. Болашақта тағы да екі рет аударылып жетілдірілетінін, олардың да қазақ аттас есімдердің «ов»-пен аяқталғанын көрсем де, тек есімде ұстай алмай қалғанымды, халыққа жариялап жеткізгенімді жөн көрдім. Және енді мұндай кітаптарға иман келтіру үшін ақылын жұмсағандарға аятта: «Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар, Елшісіне иман келтіріңдер. Сендерге мәрхаметінен екі есе береді. Әрі сендерге сонымен жүретін нұр (зейнет, жіп, жол көрсетуші кісі-кие) жаратады. Сендерді жарылқайды. Алла тағала тым жарылқаушы, ерекше мейірімді. (28) Кітап иелері Алланың кеңшілігінен еш нәрсе ие бола алмайтынын білсін. Шәксіз, мәрхамет Алланың қолында. Қалаған құлына береді. Алла тағала зор кеңшілік иесі.» (57-29)
Бұл сүре елшіліктер қағидасы болып, бұрынғы ерекше хикметтерді меңгерген елшілерге және оның бәрінің басын біріктірген Мұхаммед пайғамбарымыздың елшілік істерін, сүннеттерін, өсиеттерін толық меңгерумен ғана жарылқануымызды ескертеді. Сондықтан да мұндай қасиеттердің де; 29 дәрежесі болып және қандай да бір ғалым кітап-білім иесі, мейлі ишан, хазірет, шейх, сұлтан болса да, тек Алланың қалауымен кеңшілігінен елшілері, әулиелері арқылы көрсеткен нұрымен, жақсылығымен ғана, пайғамбар шапағатына жалғанып барып, ерекше мәрхаметке бөленетінін ескерткен. Сондықтан да арамызға, елімізге, өзімізге де түсімізде уахи оқушы болып келген елшілерімізге иман келтіруімізбен ғана ақыл-біліміміз екі еселеніп артады да, қазақша түсініп оқыған құран насихатынан нұрды алуымыз да сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *