Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері.

Бөлім: Ата жолы кітабы №5 150

Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің  қателіктері.                                                                                                           

                                                           5-ші кітап;   1-ші бөлім

                                                          Алматы-2011

       Жазбадағы тақырыптар тізбесі;1.Мұсылманның негізгі шарты.. (1-4 бет)2. Діл мен Діл және иман гүлі. (4-10 бет) 3. Иман келтіру намаздар мен амалдар.. (10-18 бет) 4. Ділге иман-кітаптарға, кісілерге иман келтіру. (19-26 бет) 5. Құран үгіті арқылы зейнеттелу мен иман келтіру. (20-27 бет) 6. Салт-дәстүр және шариғат арқылы зейнеттелу. (27-28 бет) 7. Ақыл-ойдың еркіндігі арқылы сөз зейнеті..(28-31 бет) 8. Ақыл зейнеті-білім..(31-33 бет) 9. Иман келтіру нұрдың зейнетін көру..(34-35 бет) 10. Иман гүлі-ғылым келу, діл бақшасы..(39-42) 11. Құс ілімі-түс білімі. Ақ бата..(42-43 бет) 12. Масһабшы ақидасы мен зияраттау туралы.., (43-47) 13. Иман-түсінік-сана-рух егіні (47-48) 14. Сәжде ұғымы туралы… (55-61) 15. Себепке иман келтіру (61-65) 15. Құдай үкімдерін мойындау сиыну туралы. (65-67) 16. Дұға жасау, тілек тілеу (67-68) 17. Дін байлығы және Құдай патшалығы (68-70) 18. Құран және Құдай патшалығы (70-74) 19. Ғибрат әңгіме. Хикметтің білінуі (74-79) 20.Құранды зерттеу тәсілдері..(79-85) 21. Құдай патшалығының хикметті сыры..(85-90) 22. Тәңір сөзі, уахи, бата туралы. (90-94) 23. Иман хақиқаты-ғылым келу. (94-100) 25. Шындық келу, Түс түзелмей іс түзелмес (100-110) 26. Ашық дәлелдерге серік қосу (110-115) 27. Дін ісі мен Құдай ісі. (115-120) 28. Азан хикметі (120-123) 29. Ақ бақсылықтың мақамы (127-133) 30. Заман намазы және биғаттар. (133-137) 31. Заманның ашық-ашық биғаттары..(137-141) 32. Алланың жібіне жалғану. Түс, аян. (141-145) 33. Кітаптардың оқылу құпиясы (145-147) 34. Ата жолы, әулиелер жолы. (147-148) 35. Ата жолы мен масһаб пәтуа ерекшеліктері. (148-151) Хақтың көрінісі.

Бабалар өткен сара жол Ата жолы- «Алла жолы»!
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Ақ сөйле тілім, ақ сөйле! Жүрекпен тергеп нақ сөйле! Жамандықты қашырып айт! Жақсылығын асырып айт! Тексіздікті белінен басып айт! Тектілікті тереңнен тартып асылын айт! Жау жағадан алғанда иттердің етектен тартқанын айт! Елдігін, дәстүрін сатқан жастардың тасырын айт! Діншілердің момын қазақты бөлшектеп іріткіге түсіргенін айт! Талай белгісіз жатқан шежіренің ғасырын айт! Европашыл әкімдердің жасығын айт! Байлықтан басқаны ойламайтын ғалым мен молдалардың арам ниет ауыздарының сасығын айт! Қасиетті кітаптардың ғылымын айт! Әулие бабалардың тура жолды салған қасиетті қастерлі білімі мен ілімін айт! Аманатты айт! Жасырмай жасық болмай ашығын айт!
Мұсылманның негізгі шарты және намаз орындауы.
Пайғамбарымыздан: «Барлығың бақташысыңдар, сондай-ақ барлығың баққандарыңнан (қол астыңдағыларыңнан) жауапкерсіңдер, бастық бақташы ғой, сондықтан қол астыңдағылардан жауапкер еркек үй бағушысы және ол баққандарынан жауапкер. Әйел ерінің үй ішінің күзетшісі, қожайынның «малының күзетшісі. Сондықтан ол өз қол астындағылардан жауапкер.» (22-өсиет) Бұл өсиетпен пайғамбарымыз мұсылмандық және Аллаға құлшылық жасау дегеніміз бақташы болу екенін ескертеді. Сондықтан әрбір пенде өмірде өз орнын біліп; жақындық, туысқандық, бауырмалдық қатынастарды меңгеру үшін өзінен төмен тұрған әрбір жақынына қамқоршы болып жөн сілтеуші, яғни бақташы болуды меңгеру керек. Сондықтан бұндай қасиет, қабілеттерді, құлшылық намаздарын меңгеруді; «Жақындарыңа жақсы қарым-қатынас жасауды үлкендеріңнен үйреніңдер. Өйткені, ағайындармен жақсы болу, ағайындар арасындағы сүйіспеншілік малда көбею және өмірде береке болып табылады.». (Термизиден. 5-өсиет) деген өсиетпен әрбір ұлттың өзіне тән салттық, дәстүрлік, әдет-ғұрып ұстанымдарын сақтауды қатаң тапсырған екен.

       Бұл қағиданы мұсылмандық қарыздар деп атауымызға да болады. Абай атамыз; «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті…Имамдар ғибадаттан сөз қозғаған, Жақсы оймен иманды білді ойлаған, Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай, Сыртын қанша жуса да, іші оңбаған…Мүмін болсаң, әуелі иманды бол, Пендеге иман өзі ашады жол, Шын илан да, таза ойла бір иманды, Мұнафық намаз қылмап па, мағлұм ғой ол..» деп мұсылмандықтың негізгі шартын түсіндіріп, әуелі иманды болып, яғни иман тазалығын, жан білімін меңгеріп, рухыңды және ішкі жан дүниеңді тазарту арқылы ғана қандай ғибадат жасауың, намаз оқуың яғни сыртыңды бойыңды тазалауыңа болады деп түсіндіреді. Олай болса мүмін болу махаббатпен іс қылудан пайда болады екен. Енді жаратушымыз жалпы махаббатты қалай жаратты? Ал, махаббат деген қандай ұғым?
Пайғамбарымыздан; «Алла тағала әр нәрсені жаратып, жарату жұмысын бітіргенде, жақындық «хұзырында (жақыннан) безінуден сыйынамын» деді. Жақындық деген табиғат Аллаға осылай жалбарынды. Алла тағала; «Я, жақынына жақсы қарым-қатынас жасағандарға мархамет етуіме, туысынан безгендерге мархамет етпеуіме разы болмайсың ба?» деп бұйырды. Жақындық: «Я, раббым, ризамын» деді. Алла тағала: «Міне, бұл сенің хақың» деп бұйырды. Алла тағала мен «Жақындық» делінген табиғат арасында осындай сұхбат өткен, яғни әлем жаратылғанда-ақ жақындыққа мән берілген.» (Әбу Хурайрадан 6-өсиет) Олай болса, біздің құдайсыз ойшылдарымыздың «жаратылысты табиғат өзі жаратты» деп түсініктерінің өзі әлемді, адамзатты «махаббаттан- туысқандық, бауырмалдық, сүйіспеншілік» деген себептік байланыс, әрбір жанды жаратылыс егесін бір-біріне жақсылық жасау арқылы жақындасудан жаратты деген ұғым пайда болады. Сондықтан «Жақындық»-Махаббат деген себептің өзі болып, сезімнің бар жерінде ғашықтық та, асықтық та, құштарлық та, жаратылуға құмарлық та пайда болып, бірақ оның мақсат, мүддесін, хақтың жолын анық біліп, мүмін болу үшін ғибадат жасап; әуелі ішкі жан-дүниеңді тазалауды меңгеру, яғни бақташылық қабілетті үлкендерден, ағайындардан, ата-анаңнан, шежіре-тарихтан үйрену шарт. Және махаббатпен адамзат бір-біріне жақсылық жасауда өзара жарысу үшін ұлттарға, руларға бөліп, түр-түстік ерекшеліктермен бейнелеп және бұл хақ жолда әрбір ұлттың өз ұстазы да бар. Және заман өзгерісіне қарай ұстаздардың елшілердің де міндеттері де әр түрлі болып, ал жалпы ұлттың ортақ тарихи шежіресі, ғұрыпнама нұрландырушы ғылым кітабы болу керек. Міржақып Дулатов атамыз: «Тарих дейтін бұрынғы заманның жайынан сөйлеп тұратұғын, бұрынғы өткен кісілердің ісінен хабар беретұғұн бір ғылым. (Тарихат) Қазақтың көбі оны «Шежіре» деп атайды. Бұ заманның ғалымдары тарихты ең оңды мағлұм деп түсінеді. Тарих түзу жөнді (жолды) үйретуші деп айтады. Тарих халықты түзу жөнге сілтеуші болса, оған дүниеде түзушіліктің кітабы, тіршіліктің жол басшысы деуге де болады. Келешек күннің қандай болашағын білуге тарих анық құрал болады. Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Дүниеде өңге жұрттар қатарында кем, қор болмайтын, тұқымы құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін иманы дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады. Тарих не айтады десеңіз, оның айтатыны мынау: біздің бұрынғы бабаларымыздың кім екендігі, олардың дүниеде не істеп, не бітіргендігі, қандай құты барлығы, ол құтты не орынға жұмсағандығы; істеп жүрген ісінің қайсысынан пайда, қайсысынан зарар көргендігі; бұрынғы бабаларымыздың досы-дұшпаны кім екендігі, не себептен бағы тайғандығы және соған ұқсас істердің барлығын тарих түсіндіріп тұрады. Бұрынғы бабаларымыздың басынан кешкен жақсы-жаман қандай уақиға бар болса, оның бәрі де өткендегі бір істің нәтижесінен туған болады. Сол секілді келешекте біздің басымызға түсешек бір оқиға осы күнде қылып жүрген ісіміздің нәтижесі болмақшы…»
Қазақтың ел ағаларының «ұлттық сананы, қазақтың рухын көтеру» деп ұрандатып жүргеніміз осы тарихи-иманымызды қалыптастыру болып табылады. Олай болса әуелі иманды болу дегеніміз Алланың өзін тану жолындағы білімді меңгеру, яғни тарихи шежірені, құраныңды меңгеріп, тағдырыңды түсіну. Тағдыр-тарих-шежіре-құран-Алланың Өзінен келген сөзі, адамзатқа ортақ түсірген рухы. Ал, онда Алланың «ӨЗІ»дегеніміз жаралыс басы қозғалыс бірлігі; уақыт, табиғат және жақындық – махаббат қағидасы, Алланың растығы, барлығы- Бір Құдай болып шығады. Енді бұл жаралыс басы қозғалыс, махаббат негізі болып, сол махаббаттан нәр алып, жақындасу арқылы әлемнің алуан түрлігін қалыптастыратын қозғалыс болып, адамзаттың жанын жаратқан. Бірақ адамзатқа тиісті берілген қолғабыс; махаббаттың, жақындықтың ішінде пайда да зияны да бар. Сондықтан, махаббаттың қолғабыстық себептерін замандық қозғалысқа, өзіңнің шамаңа, болмысыңа, қабілетіңе қарай өлшеп алуды намаз деп атайды. Пайғамбарымыз; «Алла махаббаттың 100 сипатын жаратып оның біреуін ғана адамдарға көрсетіп қойған..» деп ескертіп, осы қалған 99 сипатын таспихпен белгілеп қойғанын білген жөн. Дін имамдарының Алла тағаланың 99 есімі және адамзат ақылынан, жанынан тыс қарастырып, қателесуді, адасуды туындатқан, хақтың жолы, жақындық-махаббатың үлгісі екені де хақ. Раббымыздың өзара жақсылықпен жақындасудың, адамзаттың ортақ мәмілге келуге жаратқан қолғабыс хикмет білімін, яғни таспихпен белгілеп берген намаздың шарттарын кімнен, қалай үйренеміз деген сұрақ қана дау тудырып, халықтардың адасуымен, бөлшектеніп түрлі ағымдарға, ұстанымдарға бөлініп, өзара қырқысуға, зұлымдықтарға түсуге себеп болып жатқаны мәлім. Және де жаратқанның біздерге түсірген жол көрсетуші кітабы құранды түсініп, меңгеруміз керек екенін мойындамайтын мұсылман жоқ деп айтсақ жаңылыспаймыз. Бірақ ол үшін де әуелі бабаларымыз тарихта қалай меңгергенін, қандай жағдайда өзара жақындап жақсылыққа жетіп, қандай жағдайда зиянға ұшыраған, біздерге берген аманаттарын, насихаттарын біліп, оқып, тәжірибе намаз-амалдарын меңгермей-ақ, қайтадан негізгі бастаудан үйренуіміз керек деген пәтуа айтсақ, онда бұрынғы аталарымыздың да тарихтағы оқиғалар қателігін ғана қайталауды туындатады. Бұдан орыс халқының; «Ақымақ қана өз қателігінен үйренеді» деген мақалы да пайда болады.
Міржақып атамыз, иман келтіруді; «тұқымы құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін иманы дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады» деп тарихты әр халық қанындағы иман өлшемі, гендік белгісі болған діл білімімен меңгеруден ғана заманға сай жаңадан иманның белгілі дәрежесі, шамасы пайда болатынын ескертіпті. Бұндай қағиданы құран сүресінде «Мүминұн» деп атап және 23-ші санмен белгілеп және әрбір ұлтқа үмметтік ерекшелікті 68-санымен; ал құлшылығы оңнан солға 86-санды сүременен және жер бетінде дүниеде кезекті алмасып, тіршілік етуші осынша негізгі үмметтік, нәсілдік белгі болатынын ескерте отыра, әрбіріңнің үстеріңде бақылаушы «Тарық» жұлдыздарың бар «Төртеулеріңді (діл мен тілдік білімдеріңді) түгендеп, бесіншіңді тарықтан іздеңдер» деп ескертіп; «Олар сөзді зерттемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме? (68) Немесе пайғамбарларын олар танымады да сондықтан оған қасарысады ма?» (23-69) деген аятпен 69-санды құпиядан, кітаптан өз пайғамбарларыңа сөздеріңді, нахылдарыңды зерттеу арқылы иман жолын іздеңдер деп бұйырыпты. Ал, исламда мұндай мүміндік сипатқа жетуді тарихат деп атаған да, бірақ кейінгі дін топтары тарихты меңгеру білімін тастап, тек сәжделік тәжірибесін ғана алып, одан әрі намаз оқуды жетілдірумен ғана айналысып кеткендері да хақ. Осы 69-санды кітапты алғашқы болып құпия сырын ашып берген Ясауи бабамыздан қалған ілім жолын, иман жолын, заман біліміне қарай қарапайымдап өлеңмен өрнектеп, ішкі сырларын, аяттарын тәпсірлеген Абай-Шәкәрім аталарымыздың насихатынан негізгі дін иманымызды, масхабымызды, тарихатымызды, мағрипатымыздың да қағидасын түсініп білуге жаратушымыз біздерге құранның рахметін шашып қойыпты. Абай атамыз да қалай мүмін аталуды, яғни тарихи иман біліміміздің пайдалы, пайдасыз жақтарын ажыратып алуды 23, 123, 223, 212 т.б. көптеген сандардың ішіне жасырып, өлеңмен өрнектеп, негізінен рух сырын насихаттап кетіпті.
Ал Шәкәрім атамыздың ішкі жан сырының білімін, насихатын түсіну үшін әуелі рухани аталарың Абайды танып, сосын ішкі сырын менен ізде дегендей құпиялап кеткен. Абай атамыз мүміндіктің негізгі шартын 23-ші қара сөзінде; «Қазақта бір қуаныш, бір жұбаныш» бар деп ескертіп; «..Ғылым көпке келіп пе? Біреуден тарап па? Хикмет көптен тарай ма? Бірден тарай ма?… Тұқымымызбен аузымыз сасық болушы еді деген жаман күйеу қалыңдығын жеңіп пе? Көңілің сол сөзді разы қылуға жетіп пе? Ендеше көбіңнен қалма, сен де аузыңды сасыта бер деп пе!?» деп сасық сөзді дін ғалымдарының пайда болатынын, олар елге бақташы болып, көпті соңынан ертіп, елді аздыратынынан аулақ болыңдар деп, «Ғиса пайғамбар-рух, сөзі-күйеу, жан-қалыңдық» деген інжілдің құпиясын астарлы сөздермен тәпсірлеп кетіпті. Сондықтан інжілді түсінбеген аузы сасық, рухты түсіндіруші дін-күйеулерден абай болыңдар, дінді хикметтен, ғылымнан, бірден, кемелдерден, Алла достарынан үйреніңдер деп; «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса жарайды, қылса сұхбат…Жолдастық, сұхбаттастық-бір үлкен іс, Оның қадірін жетесіз адам білмес. Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас, Артынан бір ауыз сөз айтып күлмес..»(23-өлең) деп, әуелі өмірлік сырласыңды, жақсы сұқбаттасыңды Алланың жақынын, сүйікті ерін, досын тауып үлгісін, сөзін, үйреткен білімін ал, сонан кейін өзіңе лайық жар таңдап отау құрып, жақындықты махаббатты қалыптастыр деп; «Ары бар ұяты бар үлкенге сен, Өзі зордың болады ығы да зор.» деп аруақтық білімді, дәстүрімізді ескертеді де; «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. «Мені» мен «менікінің» айырылғанын «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес… Мені (рухымды) қайда екенін біле алмассың, Терең ойдың телміріп соңына ермей. Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас, Екеуі тап бірдей боп орныға алмас. Дүниеге ынтық, мәшхарға амалсыздың Иманын түгел деуге аузым бармас.»(123-өлең) Өлгенмен де адамдығы, әулиелігі өлмейтіндерден, ата-баба рухынан күдер үзіп, жақындықпен жалғанбай, құр сәжде ғибадат пен жақсылық жамандықты дүниемен ғана бағалап, ақиреттің сырына, тылсым үніне үңілмей, рухыңды түгелдеуге, «мәшхарға»- ақирет өміріне, өлілерді риза қылу үшін Алла жолына мал жұмсамай иманы түгел дегендердің бекер екенін ескертеді. «Жол кермек, жоба білмек, жиһан кезбек, Бой жеңбек (жын, мал қуатын меңгеру) ер жігітке, ғақыл (таза ақыл-рух) таппақ, Тағдырын көрушінің (аруақ) хақтан біліп, Көшелі өнер иесін жүрсе жақтап. Ниетің түзу болса сенің аппақ, Екі елі аузыңа қойсаң қақпақ, Сыбыр, өсек дегенді сырттай жүріп, Ғылым, өнер, мал таппақ, жұртқа жақпақ.»(223-өлең) Ел кезіп, киелі жерлерді аралап, қауымыңның тарихын, қателігін, қасиеттілігін Раббыңнан аянмен көріп, амал қылып, өз жобаңды, ақталу қағидаңды іздеп, әулиелерден батаңды ал, жамандықтан аулақ болып, сөзіңді бағып, өнер-ғылым тап, сонда ниетің де болар аппақ деп түсіндіреді. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз (бейнеленген кітаптар) ешуақытта жалған болмас. Көп кітап келді алладан, оның төрті Алланы танытуға сөз айырмас. Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді, Оларға кез-кезімен нәби (ескертуші, елші) келді. Қағида шариғаты өзгерсе де. Тағриф (аян, уахи-кітап) алла еш жерде өзгермеді… Руза намаз, зекет, хаж-талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті Қылғанмен татымды бермес жеміс.»
Атамыз мүміндік намаз 7 парыздан тұрып, алғашқы үшеуін; махаббат-жақсылық, ізгілік деп; әуелі Алланы, жаратушыңды жаныңнан артық сүй; екінші адамзаттың бәрін алаламай бауыр тұт, мейірімділікті меңгер; үшіншіден түсірген әділетті жолын сүй!-деп осы үш намазды меңгермей, қалған соңғы 4-еуін орындағанмен мүмін бола алмайсың деп ескертеді. Ол үшін де әуелі тарих шежіреңді меңгеріп, біліміңді жетілдіріп, жаратылыстың құпия сырына терең сүңги білмесең, қалай Алланы танып махаббатын, жақсылық-жақындығын түсіне аласың?,- деп насихаттайды. Және қауымдық, аруақтық тағдыр кітабың болған рухани кітабыңды оқып, адамгершілік қарыздарыңды орындамай, қалған ғибадаттың бәрі шала, мүміндік емес, тек мұсылмандық қана деп ескертеді. Мұсылмандық пен мүміндіктің ерекшелігін пайғамбарымыз; «Мешіттерде мыңнан астам адам намаз оқиды, іштерінде бірде-бір мүмін болмайды. «Кейін келгендер бұрынғы ғалымдарды надандықпен айыптайды». «Дін ғылымы қалмайды, дін адамдарының орнына әкелінген надандар білместікпен пәтуа берді. Халалды харам, харамды халал дейді. Дінді сауданың (дүние табудың) жеке бас пайдасының құралы етеді.» деген қазіргі таңдағы ислам елдерінде орнаған қияметтік ауыр жағдайдың болашақта келетінін алдын-ала болжап кетіпті. Енді алғашқы үш сүюдің қағидасын «Тағриф алла» яғни Алладан түсірілген жоба, тағлымды аталарымыз; «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деп рухани егінді егуді жан ғылымын ескертіп кетіпті.


One thought on “Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері.

  1. Ғажап! Бұның барін қай кітаптардан алдыныз ага. айтынызшы.
    Дүмше молдалар мұны түснбиді ғой бірақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *