Жындылық пен шайтандық

Бөлім: Жын-шайтан және перілік 121

               Жындылық пен жын шайтандық.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Жындылықтан құлшылығымызды түзеу арқылы Алланың хикметіне бөленіп, қазақи естілігімізді қалыптастыра аламыз және құдайға шүкір орта буын елге жанашыр, ақылы сау қазақтарымыз да барлық салада адал қызмет атқарып, қазағымыздың жыртылғанын жамап, кемісін толтыруға аянбай қызмет жасап жатқандар жеткілікті. Және туғаннан естілік қабілетімен, таза кітабымен өмірге келген жастарымыз да көбейіп, небір сау сөздерді үлкендерге үйретіп жатқандарымыз да бар.

Бірақ ендігі үлкен қасіретіміз – ұлттық тамырымыздан ажыраған замандас, дін қандастарымыздың жын-шайтанға айналғанын біріміз білсек, көбіміз аңғармаймыз. Енді шайтан адамда мінезі тұрақсыз, әсершіл анау айтаса анаған, мынау айтса мынаған айнымалы, құбылмалы нәпсіге, дүниеге, жылтыраққа оңай сатылып, алдана салатын әйелге тән мінезді болып келеді. Әйелзатында өз орнын тапса, бұл мінез қылықтықтармен байқалмай, келе келе еркектен жын қуатын неке арқылы сіңіру арқылы түбінде еркек мінезді – кең ойлап, алдын болжайтын сабырлыққа ие болып «Кем-пір», яғни даналыққа жетеді.

Бұл жағдай шайтан адам тәніндегі; натрий, йод, сутегінің бірқалыпты құрамы сақталса, нәпсінің толық өз дәрежесінде және тіл қуатын – үнді қалыптастырады. Бұл элементтер негізінде әйел затында молынан болып, еркекке де өңдеп беріп отыратын адамзаттың ортақ азығы. Інжілде әйел затын 3 тегеш қамырға ашытқы салып илеуші деп ескерткен. Ал ашытқымыз еркек ұрығы арқылы келіп, негізінен жын сутегінің босаған  иондары мен от өнімдерінің иістер түріндегі иондарымен байланысынан пайда болады. Әйел затының натрий өнімімен қалыптасатын майларын, етегіне жиналған теріс ақпараттарын жағатын хлор өнімдері еректің құйрық майларымен қалыптасады да, неке арқылы алмасып отырады. Ал, әйел құйрық майлары натрий өнімдерін қалыптастырушы болып, оның адам тәніне қаншалықты пайдасын білімділер түсіндіре жатар.

Адам ағзасындағы осы элементтердің өлшемдік сапасының бұзылып артумен және әйел тәніндегі судың толық жанбай, терінің дем алу тесіктерінің, әурет ағзаларының ашық, тесік жүріп ластануынан тәнге қажетті оттегінің азайып, сутегі иондарының мөлшерінің шамадан тыс артуынан, енді жын мен шайтанның ортақ сутегі иондары болып нәпсінің енді ақыл-ойдан жын шайтанның басқарылыуына өтіп, нәпсіні қанағаттандыру барысында ұят өліп, жүрек көздері жабылып, қан азып,  мінездің құбылуымен рухани науқасқа айналып, нәпсінің қажеттілігін, сұранысын күннен-күнге арттырып, адам баласының қылығы да, сөзі де өзгереді. Сондықтан жетекке ергіш түйеге ақылдың қажеті жоқ болса, жетекке үйренген пенде қораға үрмейтін иттен бетер, намыс-ар дегенді бетіне кім күле қарап дүние ұсынса, соған ата-баба аманатын да, тілін де, отанын да, дінін де айырбастауға әзір тұрады. Бұндай  шайтан адамның жалпы сипатын Шәкәрім атамыз; «Жайдары күлкішіл, қалқам, Ұятсыз, әдепсіз, салқам. Күлгенім бір сенің арқаң, Ыржақта, қылжақта, әйда! Мазақ қыл көрінген жанды, Өнер қыл қылжақтағанды. Сөзіңе құмарым қанды, Жыртақта, бұлғақта, әйда! Жолыққан кісіге соқтық, Қылжыңға қосып айт боқтық. Осы ғой сәулесі жоқтық, Сен күлдің, мен білдім, әйда! Ішің у, сыртыңды майла, Есердің бәрін де жәйла. Күлкімен көздерін байла, Сенделдің, жөнделдің, әйда! Сөзіңе күлгенді ұна, Күлмесе жалынып сұра. Сөйлесең аузыңды бұра. Жедің боқ, әбден соқ, әйда! Бай өліп, баласы қалса, Қасына сені ертіп алса. Қылжақ пен күлкіге салса, Тамақ тоқ, қайғы жоқ, әйда! Жағасың күлкімен жүріп, Шығасың ішіне кіріп. Аласың аузынан жырып, Бұлтылда, жылпылды, әйда! Маймыл боп есерге сондай, Арсылда адамға болмай. Ит болып өтесің оңбай, Жырқылда тырқылда, әйда!».

 «Өмір бойы қуанбақ- жындының ісі ғой» дегендей, сөз түсіну қабілеті – жетесі жоғалған жындылықтан енді  жын-шайтанның сипаты күнделікті көгілдір терезеден де, көшеден де ақылы сау адамды жалықтырса да, мәдениет саласындағы шайтандардың күнделікті үйреншікті көз үйренген істері екені белгілі жағдай. Бұндай рухани кеселдің енді жасырын да, кейде анда-санда білінетін де мыңдаған түрлері бар. Бұны байқау үшін; «Тағдырдың жарлығын білесіздер-өзгерілмейді. Пендеде бір іс бар жалығу деген. Ол-тағдырда адаммен бірге жаратылған нәрсе, оны адам өзі тапқан емес. Оған егер бір еліксе, адам баласы құтылмағы қиын. Қайраттанып, сілкіп тастап кетсең де, ақырында тағы келіп жеңеді. Ақылы түгел, ойлы адамның баласы байқаса, осы адам баласының жалықпайтын нәрсесі бар ма екен? Тамақтан да, ойыннан да, топтан да, қатыннан да көңіл, аз ба, көп пе, жалығады. Оның үшін бәрінің ғайыбын (қателігін) көреді, баянсызын біледі, көңілі бұрынғыдан да суи бастайды. Дүние бір қалыпты тұрмайды. Әрбір мақұлыққа құдай тағала бір қалыпты тұрмақты берген жоқ. Енді көңіл қайдан бір қалыпты тұра алады?».

 Қазіргі таңдағы қазақ жерінде ғана емес, әлемде болып жатқан елдердің жындану себептерін Абай атамыз осы қысқа сөзбен көрсетіп кетіпті. Біреулеріміз жастарды тозған біліммен рухани ұлттық тәрбиесінен ажыратып, әртүрлі тез тозатын қызықтармен жалықтырып, өздері рухани ләзатты басқа жақтан іздеп, ал діншілер жасына жетпей намаздың түрлі жасанды қылықтардың соңына салып қойып, жалықтырып, дүниеден бездіріп, өздеріне-өзі қол жұмсауға дейін барып жатқаны, жастардың бүлікшіл болып жындануына себеп – осы дүниенің мәнін, маңызын түсіндіретін философиялық білімнің, жан сырының, ақирет заңдылығының білімінің жетімсіздігінен болып жатыр. Сондықтан жасына, ұлтына және жынысына қарай өз рухғани азығын ала алмаған әрбір адам жалығудың ауруына ұшырап, бірі шайтанға айналып, өлмейтін өмірді іздеп, енді бірлері ойына не келсе соны істейтін қылықтармен жындана бастауы сөзсіз.

Жалығу екі түрлі; бірі ойсыздықтан, жауапсыздықтан және тән қуатын қалыпты ұстап өз орнына пайдаланып жұмсай білмеген жындылықтан пайда болып; отанынан ажырап, жерінен рухани нәр алмаудан опасыздыққа түсуден болады да, ал екінші түрі; «Бірақ осы жалығу деген әрнені көрем деген, көп көрген, дәмін, бағасын, бәрінің де баянсызын біліп жеткен, ойлы адамнан шығады. Соншалықты ғұмырының баянсызын, дүниенің әрбір қызығының ақырының шолақтығын көрген-білгендер тіршіліктен де жалықса болады. Бұлай болғанда ақымақтық, қайғысыздық та бір ғанибет екен деп ойлаймын.» Бұл адам баласының ақылы толып кісілікке жетіп енді Құдайға деген құлшылығын қалыптастыруға бағытталған өмірдің екінші жартысы 50-ден асып ердің жасына келгендерге тән құбылыс. Сондықтан  шайтан адам тәрбиемен, ұлттық салт-дәстүрмен салыстырып анықталатын болса, ал жындылық-бұл адам баласының міндетті түрде жүктелетін, оны меңгеріп, игеріп тәрбиеленетін салыстырмалы ұғым.

Қазақ тілін меңгере алмай өзге тілді мақтан тұтып немесе аралас сөйлейтін әрбір қазақтың ұрпағы шайтан адамға жатады. Оған себеп ана тілін, елдік рухын құрметтемегені былай тұрсын, құдайды мазақтаушы болып есептеледі. Ондай шайтан адамдардың басшылары  ел басқару, мәденеиет, баспасөз құзырлы орындарында қызмет жасайды. Мүфтият имамдары, ғалымдары арасында да жеткілікті, бұрын білмесеңіз жұма намазына барсаңыз небір қазақ тілін де, арап тілінде теріске алып, тілін бұрап, осы Алланың қасынан келген деп, Құдайдың аяттарын мазақтаған сөздерге құлағыңыздың құрышын қандырарына бәс тігуге болады. Енді осы шайтан адамдардың дінсіздігі мысалға; «…Табыс көбіне адамның өзін рынокта қаншалықты жақсы сата алуына, оның «қорабының» (сырқы бейнесінің, жалаңаш тән сипатының) қаншалықты тартымдылығына, қандай клубқа (сектаға, ұйымға, хиттарға) жататынына, керек адамдармен (басшылармен, заңгерлермен, продюсер, жұлдыздармен) таныстылығына байланысты. Адам өзінің өмірі мен бақыты туралы ойланбайды, қалай өтімді тауарға айналуын ойлайды. Ұтымды тауар сияқты адам да тұлға (жетілген адам) рыногында сәнді болуы тиіс! Ал сәнді болуы үшін тұлғаның (пайғамбарлық қасиеттің) қандай түрінің сұранысқа ие екендігі білуі тиіс. Мұндай үлгілер картинасын жарнама, газеттер, журналдар, кино,теледидар, радио береді. Қазіргі адам өзінің базардағы сатушы ретінде де, тауар (құлдықта, жезөкшелікте, рухани еріксіз)ретінде де қабылдағандықтан, оның өзін-өзі бағалауы өзінен тыс жағдайларға тәуелді. (Сырттан келген қалталы келімсектерді меңзеген).Егер ол үлгеріп қалса-құны бар, ал ондай болмаса-құнынан айырылады. Ол өзінің күш-жігерімен бірегей емес, өйткені оның кәдеге асу кезіндегі өзін-өзі көрсетуі емес, сатылу кезіндегі табысы маңыздырақ. Ойлаудың мұндай типі қазіргі білім беру жүйесінде де өзінің терең ықпалын тигізеді. Оқытудың мақсаты ең алдымен нарық үшін пайдалы ақпаратты барынша көп жинауға (сапасы да, мазмұны, бағыты маңызды емес көрінеді) келіп тіреледі. Студенттерге өте көп нәрсені білу керек, тіпті олардың ойлануға да күші мен уақыты жетпей қалады…» ( философия пәні;157-ші, 301-ші беттер). «Мұндай жағдайда діни сұрақтарға жауаптар сенімге негізделуі мүмкін, өйткені Құдайдың өмір сүретінін біз дәлелдей де, теріске шығара да алмаймыз. Бірақ біздің сенуімізде мүмкін немесе сенбеуімізде мүмкін.» ( философия 48-бет).

 Бұндай пікір жазған адам баласы егер қарапайым халықтың бірі болса, надан яғни шайтан адам деп аталады да, ал арнаулы құдайдың нығметімен тақта отырып алып айтуы жын-шайтандық болып есептеледі. Бірақ басқа да адамдық істерінің болуына байланысты пайғамбарымыз; «Болашақта қиямет мезгілінде адамдар түске дейін мұсылман болып, кешке қарай кәпір болып үйіне оралады» деген әулиелігі осындай жағдайды білдірген. Мағжан атамыз; «Ес білдім, алас ұрдым сағым қуып, Жете алмай бетті талай жаспен жуып. Артымда-ор, алдымда-көр, өтеді өмір… Дариға, бесігімнен көрім жуық. Көп заман жетеледі жынды жүрек, Ойладым: «Жүрек жетер, ой не керек?!» Тәтті у еді, сол удан неге айныдым? Дариға үміт өлмек, жүрек сөнбек…» Жындылықтың қанмен, жүрекпен байланыстылығы мен себебін дәл көрсете біліпті атамыз.  Пайғамбарымыздың шайтан қанда болады деген ескертуін назарға алсақ, жынмен шайтанның бірлігінен жүректің көздері жабылып, қан тасып, көрінген сағым, мақтанның, дүние қызығының соңынан қуып жүруді «жындылық» деп ескерткен аталарымыз.

Енді қазіргі таңда қазақта не көп жынды ақын, тілші, әнші, биші, мәдениет қызметкерлері мен соған қосылған артында-ор, алдында көрі жақын тұрса да, жастармен бірге жынданып, жындары шайтанға айналып жатқан үлкендеріміз, зиялы атаған құдайсыз қауымымыз да, ғалымдарымыз да жеткілікті. Аталарымыз; «Наданның кешірсе де мың қатесін, ғалымның халық кешірмейді бір қатесін»деп ескерткен екен. Шаруашылығымыздың оңға басып, халықтың әл-ауқаты жақсарғанына мәз болған ел, қоғам басшылары іштегі шайтанның өсіп, жалпы халықтың қаны азып, сыртқы қара күштердің әсеріне тез берілгіш болатынын, осыдан барып жаратқанның лағынеті мен ескертуі түскенін аңғаруға дәрменсіз. Себебі, олардың өзінің сөз қадірін түсіну қабілеті жоғалып, жындылықтан құтқаратын философия білімі де, психология білімі де тозып, ғалымдарымыздың өзі таза жындыға айналған. «Әр кезде қоғам тіршілігі өнімсіздікке ұшырап, іштей жұтай бастағанда, заман әуеніне қарай не дінге, не саясатқа қамшы басады. Осы екеуінің қайсысы болса да, қамшы басқан елде ішкі жегі құрт (шайтан) бар дей беріңіз. Көбінесе сол жұтаудың себепкері-басқарушылар, басшылар болып шығады.» «Қамшы дағы етте, тіл дағы жүректе!» (Ғабит Мүсірепов), «Заман азса,-Тіл сөйлемес, Пұл сөйлер, Адам азса- Діл сөйлемес, Жын сөйлер.» (Мұзафар Әлімбаев),  «Ілгері кеткен жұрттың қатесін енді ілгерілейін деп тұрған жұрттар істесе, көре-тұра отқа түскендік болып шығады.» (Сұлтанмахмұт Торайғыров).

 Енді алда кімнің надан,  шайтан, ал кімнің жын-шайтаннан екенін анықтауды оқырманның өзіне қалдырып, халқымыздың басына келген осындай қасіреттердің себебін бірге іздеп көрейік. Мүмкін арыла алмай жүрген жын-шайтандығымыздан құтылуға себеп болар. Ондай жағдайда аруақтар қолдау беріп (дауласып), Алла нұрын (кісілігін) берсін біздерге деп тілеңіз!        

 

 ( Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар  4-ші кітаптан)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *