Жоғарыда негізгі шайтан адамының көрінісінен Абай, Шәкәрім атамыздың суреттеуінен мағлұмат бердік.
Енді күнделікті өмірде, біздің ғылым-білім өркендеген заманымызда жаңа, түрленген жасырын бейнелерін көрсете кетсек. Шайтан адамдары ең қарапайым шаруадан бастап жоғары ел басқарушы және ақпарат орталықтарында, жазушы, ақын, кино, заң, дін, ағарту салаларында мыңдап қызмет жасап жүр десек өтірікші бола алмаймыз. Көше толған шашын жайып, еркекше киініп, түрлі әлем-жәлем болып, өздерін-өздері маймыл, жәндікке ұқсатуға тырысқан қыздарымыз, қатындарымыз және сондай аузында темекісі, жалаңаш, жалпы қылықтары ерсі, үстінен иіс су бұрқырып, қатынша сәнденетін еркектер тобы да шайтандар тобына жатады. Сол сияқты ел басқарған өздерін-өздері халықтың ақылшы, тура жолға салушымыз деп, шет жұрттың барлық қылығын тықпалап, қалалардың ішінде ескерткіштер тұрғызып, ата-бабалар аруағын құрметтеген болып, бастарына гүл қойып, шыршаны айналып, аяз атаға, қар қызына, елді өзге елдің азған теріс діндеріне табындырған, өздері де солай шоқынатындар шайтандар жамағаты болып табылады. Сол сияқты баспасөздер орталықтарында қызмет жасап, ата салт-дәстүріне қарсы түрлі әрекеттермен және партиялар құрып, билікке жету мақсатымен қандай да бір лауазымды пенденің немесе бір топтардың істерінің бір қателіктерін көре қалса, болмаса әдейі бұрмалап, күнәларын өсіріп, халыққа тез таратып, өздерін керемет құтқарушы, елге жан ашушы етіп, түрлі қитұрқы істерге ойланбай барып, аянбай жазып, өздерінің шоқыну қылықтарын бәрінен үстем етіп дәлеледеуге тырысып жатқан ақпарат майталмандары, саясаткерлер, ібілістің беделді сарбаздары болып есептеледі. Және бұлардың сүйенетін, қолдаушы жамағаттары мүфтият, намазхан, теолог, психолог, ғалымдар қауымы да, халық арасындағы соңдарынан ерткен мазхабшыл діншілер қауымы да жатады.
Бұлардың түпкі мақсаты қалайда қазақтың әдет-ғұрпы, салт дәстүрін өздерінің ойларына, өмірлік философиялық бағыттарына бағындырып, оңай басқарылып, айдауға көнетін, өздерін пайғамбар, пір санап, айтқанынан шықпайтын тобырларды қалыптастыру, шексіз билікке қолдарын жеткізу үшін жанталасуда. Енді нақты мысалдармен азған дәлелдер келтірейік; Аятта; «Олар, Алладан өзге өздеріне пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге шоқынады. Сондай-ақ кәпірлер Раббына қарсы шыққанға жәрдем етеді.» (25-55).
Алладан өзге деп аспанымыздағы қазынамыз – отанымызға жалғанбайтын басқа елдердің әдет-ғұрыптарын, салтына, түрлі «жұлдыздар» жасап, соларға табыну әрекеттері және шыршаға табынғаны сияқты сол елдердің махабат күні т.б. түрлі мерекелерін дәріптеп шоқыну, ата заңымыз деп ойдан шығарған заңдарға табындырып, осымен әділетті қоғам құрамыз деп, заңмен жазалау шараларын ұйымдастырып, өздеріне табындыру, діншілердің ғылымнан негізсіз хижра, жұлдыз, заман есебін күнтізбеге айналдырып, өздері ойлап тапқан күндерін мерекеге айналдырып «Ашура күні, миғраж түні, пайғамбардың туған күні» дегендей өздерінің жалған ойдан шығарған күндеріне табындырып, пайғамбарымызды «ғалейкісалам-аллауақбар,» яғни тәңір деп, елді шоқындыру сияқты бұл күнделікті көзге көрініп тұрған, құлақ үйренген әрекеттерге жатады. Ал ең қауіпті халықтың жаппай сынақтарға, азаптарға әкеле жатқан шайтандардың әрекеті Раббына, яғни Алланың нұрына, қозғалысқа, оның атқарушы қолы аруаққа астыртын да, ашық та қарсылық әрекет саясатын жүргізіп, өздері қаралай кәпірге, яғни енді жын-шайтан-Тажалға айналу әрекеттерін жатқызамыз. Аятта; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан күдер үзгендей олар, ақиретен үміт үзген.» (60-13).
Ыбырайым жолынан, Раббымыздан жолынан бас тартқан арап елдерінен келген қызылбастық намазды жалау қылған діншілер мен ел басшыларының әрекеттері елдегі болып жатқан және алдағы тұрған міндетті түрде болатын, хабар келген халқымыздың жаппай сынағына тіреген тажалдардың адамдардан болған жын-шайтандар әрекеті деп біліңіз. Бұндай жағдайды аятта; «Оларға шайтан үстем келіп, өздеріне Алланы еске алуды ұмытырды. Олар шайтанның жамағаты солар; зиян тартушылар.» (58-19) Раббымыздың жолы дегенімізді пайғамбарымыз; «Алла тағалаға иман келтірдім» деп айттың ба, сенім, иманды кісілердің жолын ұстан.» (600-хадис,аят). Иманды кісілер өзіміздің өмірден әулие болып өткен ата-бабаларымыз. Сондықтан; «Расында сендер өздеріңнен алдыңғылардың әдет-ғұрпына сүйем бе сүйем, (қолдың жалғануы) кез бе кез(шежіре, тарихқа жалғану) ілесіңдер, тіптен олар кесірткенің ініне барып кірсе де оған кіресіңдер,» деді. Біз: «Уа Алланың елшісі! Яһудилер мен християндарды айтып тұрсың ба?»-деп сұраған едік, Ол; «Басқа кім болушы еді?»-деп айтты.»
Араптардың, сахабалардың өзіне аталарының діні; інжіл, тәураттың ғұрыптық амалдарын орындауын қатаң тапсырса, ал ең тазасын біріктірген кереметтер, мұғжиза, кітаптар алып, Алланың сүйген құлы досына айналған әулиелерді аралап жынданып жатыр деп ашықтан-ашық баспасөз беттері мен көгілдір терезе арқылы түрлі қитұрқы істерді бұрмалап көрсетуден өткен тажалдық, кәпірлік амал жоқ. Соны ұйымдастырып қолдау беріп отырған басшылары пайғамбарымыздың аяттары мен Раббымызды мазақтап, елді қырылуға, тозаққа бастап әкеле жатқан бұрынғы перғауындық залымдардың жалғасы ібілістің адамға айналған бейнелері.
Ата жолының Алла жолында соғыс екенін Пайғамбарымыздан; «Алла тағала былай деді: «Мен үшін сәлемдескендеге, отырыс ұйымдастырғандарға (құдайы тамақ, құрбан шалу), дүние жұмсағандарға, зиярат қылушыларға мейірім түседі. Ал енді қарсы болғандар кәпір». (596-хадис,аят) Ғиса пайғамбарымыздың көрсеткен мұғжизалары; жыннан тазарту, адам баласын ортақ дастарханнан ас ішкізіп бауырластықты қалыптастыру, шырақтар шағып, от және су арқылы тазару, емшілік істері қазақ жерінде енді құран арқылы халықтық сипатта бой көтергені сол-ақ еді, шайтанның жамағаттары соңымызға түсіп: исламда бұндай ілім де, білім де жоқ деген пәтуаларына ел басқарушы, заңшы құлақтары созылып, жүректері мөрленген философ ғалым қауымды да көндіріп, ақыры жеңісін тойлап, енді мүлде тұншықтыруға, елден аластамақ болып жатқан жайлары бар. Ал шындығында солай ма екен? «Інжілден; «Адамдар «ақымақтық» дейтін Құдайдың құтқару жолы (аруақ заңдылығы) адам даналығынан әлде қайда жоғары және Құдайдың «әлсіздігі» (аруақты қорлатып, шайтан адамдардың үстемдігін қалыптастыруы) адамның күш-қуатынан әлдеқайда күшті… Бауырластар Құдай сендерді шақырғанда өздеріңнің кім болғандарыңа назар аударыңдаршы: табиғы тұрғыдан қарағанда араларыңда даналар, билік иелері, асыл туғандар көп емес еді. Бірақ осы дүние кімді «ақымақ» деп санаса, «Құдай «данышпан-ақылгөй»делінгендерді ұялту үшін соларды (ақымақ аталғандарды) таңдап алды. Және осы дүниеде «күшсіз» деп тапқандарды Құдай «күштілерді» ұялту үшін Өзіне таңдады. Осы дүние маңызды деп есептейтіндерді жою үшін соның менсінбей, қорлап, түкке тұрғысыз деп санағандарын Құдай таңдап алды…Дегенмен, біз рухани жетілдіргендерге даналық хабарды уағыздай береміз. Ал даналық осы күәкар дүниелік емес, сондай-ақ осы дүниелік билеушілердікі де емес, олар болашақта құрып кететіндер. Керісінше, жариялап жүргеніміз-Құдайдың құпия даналығы, бұл адамзаттың көзінен таса болып келді…Алайда алдын-ала жазылғандай, «көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін сүйгендерге дайындап қойған болатын». Бұны Құдай Өзінің Киелі Рухы (аруақтары) арқылы анық білдірді. Киелі Рух бәрінен де, Құдайдың терең ой-мақсаттарынан да хабардар. Себебі адамның ішкі құпия-сырларын оның өз рухынан басқа бірде-бір адам біле ме? Ал біз осы дүниелік рухты (жын-пері) емес, Құдайдан келген Киелі Рухты (пайғамбарлар аруағын) қабылдадық. Соның көмегімен Құдайдың бізге сыйлаған игіліктерін біле аламыз. Солар туралы біз адамзаттың даналығынан емес, Киелі Рухтан үйренген сөздермен (әулиелер батасынан) уағыздап, Оған мойынсұнғандарға рухани шындықты түсіндіреміз. Өз еркімен жүрген адам (тек намаз оқып,кітаптағы жазылған білімге ғана сүйенгендер) Құдай Рухынан келгенді (аян, түс, уахи) қабылдамайды, оны түсіне алмай (жоруын білмей) ақымақтық (жын-шайтаннан) деп санайды. Себебі, оны Киелі Рух тұрғысынан (аруақ заңдылығымен) бағалау керек. Ал, Құдай Рухына мойынсұнушы Одан келгеннің бәрін де бағалай алады. «Жаратқан Иенің ойындағысын біліп, Оған ақыл бере алатын кім бар?» Ал бізде Масихтың ой-ниеті бар.»
Ал қазақ құдайшыл қауымында бұған қоса пайғамбарымыздың өсиеттері мен аталар салған жолы-Арыстан баба, Ясауи баба, Укаша сахаба және жүздеген әулие-әмбилер кереметімен қоса Әл-Фараби, Абай-Шәкәрімдей даналарымыздан қалған құранның насихат ғылымы да бар! Енді құдайдың құдіретін мазақтаған бауыр, дін қандастарымыз өздерінің мазақ болып тарихта таңбаланып, тұқымы да болашақта жойылып кететініне ескерту берілгенін түсінер де емес. Әрбір істердің нәтижеленетін мерзімі бар деп ескерткен. Құлағымыз естіп, көзіміз көріп жатқан әулиелер бастарында болып жатқан мұғжиза,кереметтерді есепке алмағанның өзінде, жақында болған әлі алдағы одан да зор болатын уақиғалар осы істердің нәтижеленетін кезінің келгенін білдіреді.
Осыдан 3 жыл бұрын ата жолының керуендерін заң тарапынан қудалап, ту таққан көліктерді жол сақшылыры қудалап ұстап айыппұл салған, бұл жағдай әсіресе Тараз қаласында кең өріс алған еді. Мен де сол шенді сақшылармен кездесіп, айыптарын бетіне басып түсіндірмек болып әдейі ту шешпей керуенмен қанша Тараз қаласымен өтсем де жолығу сәті түспеді. Енді сол сақшылырдың басына келген сынақ өлім осы жағдайға Құдайдың берген жауабы және әскери адамдардың көп қаза болып жарылып, атылып жатқаны үкімет басшыларына әзірше жай ғана ескертудің басы деп түсінгеніңіз абзал. Ал Жаңаөзен қаласындағы жастардың жалпы жындану жағдайы да, алдыңғы жәй ескертуді мазаққа алғаннан және біздердің ордаларымызды прокуратура, заң қызметкерлері тарапынан көлемді айыппұл салып қудалау осы төңіректе жақсы жүрген болатын. Енді «қызғанғаның қызыл итке жем болар» деген уақиғамен жауап түсті. Бұл ескертуге Бауыржан ата басында 1 жарым ай бұрын Маңғыстау облысының әкіміне сынақ болады деп ескерткен болатын. Мұндай жалпы халыққа сынақ болады деген ойымызға кірмеді де. Тағы да дін істерінің өкілеттігіне сынақ түседі деген хабар да келді. Құдайдың кімге қандай азап дайындап қойғанын білу адам ақылынан тыс.
Осындай әрбір Құдайға қарсы зұлымдықтың жауабы 3 жыл ішінде үкім болып өзіңе қайтып келетін заңдылығы бар. Енді аруағын сыйлаған елді «ақымақ» санаған қауым, данагөйлер осы істі ұйымдастырған пенделердің 3 жыл ішінде қандай жағдайға түскенін, бақыттылығын немесе өмірде бар, жоғын неге тексермеске, халыққа жарияламасқа? Ал бұны ұйымдастырған мүфтият ғалымдары және ел басқарушы әкім қаралардың тарихққа, шежіре дәптер-құранымызға терең бойлама-ақ, Абай-Шәкәрімдей болашақта әлем халқы мойындайтын даналарын мазаққа алғанымен қоймай, Құранды теріске алып, дінді бөлшектеп кәпірге айналғандарын да әлемге таныстырып жариялаған кезде жазған кітаптарынан, айтқан сөздерінен, түсірген бейне баяндамаларынан ұрпақтар алдында кім ақтайды? Бүлікшіліктің, жын-шайтанға айналудың негізігі қағидасы масһаб білімі мен діншілеріміз жазған; Ислам Ғалымхалы, Дін мен Діл, Имани гүл т.б. теолог ғалымдардың 1001 аяттарды мазаққа алғанын, жан ғылымын, ақирет заңдылығын жоғалтып, халықты жалған тәңірлерге шоқындырушы азғындыққа түскенін философ, психолог, жазушы, ғалымдарға өтірік біздер үшін құран ұстап, аруақтар атымен ант беретінін дәлелденетініне аспандағы екі күннің белгісі көрініп, енді екі айдың да көрінетіндей айқын. Құрандағы бұндай жүздеген ғылымда адамзатқа белгісіз ақпараттарды көрсетіп 2006 жылы кітап қылып шығарған, ғалымдарға ұсынап «ақымақ, жынды» аталып енді сол «Ақиқат бастауы» атты басылымдағы көрсетілген деректер әлемде көріне бастады.
Бұл басылымда осы кездегі болып жатқан жағдайларды қазақ еліне келетін қайғы бұлтын алдын-ала ескертіп Ғ. Есім мырзаға өз қолыммен ұсынған да едім. Ал әлі көрсетілген адамзатты күтіп тұрған халыққа жариялау түгіл, досыңа да айтуға болмайтын аруақтардан ұлықсатын күтіп тұрған мыңдаған әлемді таң қалдыратын шежіре, тарих, ғылыми деректердің өз кезегін күтіп тұрғанын есептесеңіз, қазіргі данышпан ел ағаларының жас ұрпақтарының алдында кім болып аталатынын өздері шешер. Шайтан адамдардың құдайға қарсылығын үдетуін соңғы жан-тәсілімін Тараз қаласында өзін-өзі елдің тыныштығын сақтау үшін құрбан еткен бауырларымыздың өлтірілген жеріне гүл қойып, бас киімдерін шешіп, иіс-шеріктерге шоқынып, мұсылман емеспіз, жалған тәңірге шоқынушымыз деп өлгендерді еске алу сәттерін бүкіл елге көрсеткен және әулиені аралап, жынданғандар деп «КТК» арнасының ұйымдастырғын қазаққа рухани қастандығына; «Бораттықтардың» сыбайластары болған мәдениет басшыларының әрекеттерінен халықтың ызасы мен «біртұтас адамдардың» (аруақтардың) лағнетін ғана туындатады. Алас! Алас! Өздеріңмен кетсін үлгілерің дегіміз ғана келеді!
Жалпы адам баласында екі түрлі мақсұт болмақ. Бірі тән мақсұты, екіншісі жан мақсұты. Қара басының қамын ойлап, өзімшілдік, мақтан көксейтін – тән мақсұты. Адамшылдық ар мен адал еңбек іздейтін – жан мақсұты. Бастапқыны көксеген адам, зұлымдық қиянатпен болса да, мал, мансап, мақтан табуға құмар болады. Соңғыны көксеген адамның адал еңбек, ақ ниеттен басқаны іздейтіні жоқ, ол адам баласын ала көруді, қиянат қылуды тіптен ұнатпайды. Осыны біле тұра адамның қиянатшыл, мақтанқұмар болатынының себебі; адам жас күнінде тәжірибесіз балалық пен сәкәкүл сәнді киімге, кеңесшіл кердеңдікке қызығып, соған біржолата құмар болады. Бір адам сайтанға махаббат көзімен қарап әдеттенсе, аздан соң сайтанды біржолата періште деп біліп, жанына өлшеген асық жар қылып алады да, Жүсіптей нұрлы сұлудан қара қоңыз бен жыланнан жиренгендей жиренетін болып, өз қылығын өзі сынай алмай қалады. Бір адам асық болып сағына күткен асық жары кіріп келсе, жанып тұрған шамды өшіріп тастапты. Сонда асық жары; «Мен келгенде шамды неге өшірдіңіз»,- десе; «Сенің нұрыңды көргенде, күн шығып қалған екен деп өшірдім. Күн барда шамның керегі не?»- депті. Нәпсінің үстемдігі қашанда биік тұрады. Көзбен, сөз ләзатынан айрылсаң қараңғылықта ғана тоят алуға құмарлықты қоздырып әдеткеде айналдырар. Зұлымдық – қиянат қылып әдеттенгендердің қоя алмайтыны да, адамшылық арды бұзбауға құмарланғандардың адал еңбек, ақ ниеттің жолында құрбан болатындары да әдет алып, шын құмар болып кеткендіктен болады. Адамның бәрі әуелі бала болып, ақылы жәй толатын болғандықтан, сәнқойлық, көрсеқызар, мақтан құмарлықты бірінен-бірі көріп тәлім алады. Өзін-өзі тексеріп, ол әдетті қалдырып, таза ақылға билету әлденеше мыңнан тек біреудің ғана қолынан келеді. (Хазіреті Шәкәрім сопы).
Көгілдір терезе мен баспасөз және дін істерінде шашын жайып, к..тін ашып, немесе оранып алып дін деген намаз оқу деп басынан жамандық келсе өзгеден көріп, құдайға ашықтай қарсы шыққан қыз, қатындарымызға; «Атадан қалған мақал бар, Жыннан жаман долы бар, Неше тарау жолы бар. Жылауық мылжың кейбірі, Кездескеннің соры бар. Сөйлемесе, құрты қозады, Үндемесе, тозады, Саңқылдақ, кәззап ұры бар. «Қой» деп айтса, құтырып, Үйден үйге қыдырып, Мазасыз көкбет пері бар. Бейшара көніп, бетпақ жеңіп, Лажсыз тұрған бірі бар. Маза бермес ауылға Жаумен бірдей қылады. Бірге туған бауырға Қиқу кетпес көршіңмен, Сауысқанша шоқиды. Маза бермес сауырға, Өгейді көрсе өрлейді, Пәле жауып сермейді. Ар-ұятпен араз болып, Алты ұлына мас болып, Көрінгенмен қас болып, Әкеме ерік бермейді.» (Арғын, Жидебай батыр.)
( Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітаптан үзінді.