Болжамшыл білгіш қауымдар

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 93

Білімді дейміз керемет,

Ақтарса кітап көп дерек.

Білімді жұрт еліктеп,

Дүниенің ісін меңгерсек.

Біліммен бәрін есептеп,

Тіршілік үшін бұл керек.

Шығарып түрлі мәшине,

Адамзат өнім өндірмек.

Ел басқарған қауым бар,

Жазады түрлі болжамдар.

Тағдырын елдің деген бар,

Дүниемен байлық тұрақтар.

Әлемді қалай жаратқан,

Адамзатты кім таратқан.

Өлтіріп және тірілткен,

Құдайды болдық ұмытқан.

Тағдырын болжап халықтың,

Болжаушылар анық кім?

Өз тағдырын шеше алмай,

Тажалдық бұл ашық тым.

Жұлдыздан әлде көрді ме,

Уахиын Құдай берді ме.

Кітабы бар ма өзінің,

Сынағынан өтіп төзімнің.

Көнген бе тағдыр болжамға?

Құтылған әлде ел бар ма?

Құдай өзі білдірмей,

Көнер ме уақыт заманға?

Біліммен анық болжасаң,

Жасыңды өмір ұзартсаң.

Өлімді мұндай жеңгенің,

Ғисадай ілім меңгердің.

Болмаса мұның бірі де,

Білесің өзің түбінде.

Құдайсыз қурай сынбайтын,

Иенің сыны ілімге!

Қанағат қыл шүкір де,

Ар тұрмас тозған білімге.

Көппен көрген ұлы той,

Шүкір де осы күніңе!

(ақпан 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *