Даурықпа босқа аптықпа

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 108

Сынаған сені құдай ғой,

Ақылмен ойла деген ғой.

Надандық бұл емес пе,

Әлемдік болған егес те,

Шаруасын ауыл қорғаған,

Құлдыраудан сақтаған.

Отырғандар қалада,

Тамағың қайдан бағалар.

Құр босқа сөзбен даурықпа,

Бізден де төмен халық та,

Күн көрген өлмей салыққа.

Ұлтының қамын ойлаған,

Алдын ала қам қылған,

Кемдік жоқ бұл жарлықта.

Бәрінен де бірін айт,

Арсыздықтың күнін айт.

Күнәні күнде өсірген,

Тажалдық білімді айт.

Ажалдан халық шошынбай,

Кедейліктен үріккен сөзін айт.

Сынған құдай әлемді,

Аямай жатқан аш елді.

Қарынын қазақ тоғын айт.

Үркіткен елді тажалдар,

Ел билікті ретсіз жамандар,

Құдай емес ел билік,

Дүниемен байлық амалдар,

Бір мезеттік жоғалар.

Даурықпа босқа аптықпа,

Өлмейді бұдан халық та.

Алдыңда тұр сынақ та,

Ажалға босқа бас тықпа.

Қанағатты елім ұмытпа,

Қиындық қалды артыңда.

Кемдігі болса дүниенің,

Рахымы бар түбінде иенің.

Еңбек еткен аш болмас,

Қазаның қазақ бос қалмас,

Өлтірмес құдай сүйгенін.

Шүкірлік қыл бүгін күніңе,

Ажалсыз өткен түніңе.

Дүние деген аз сынақ,

Жатқанда жерді қамшылап.

Алдыңда талай апат тұр,

Тіліңмен салма басқа азап.

Құтылудың жайын қыл,

Атпасын ажал туралап.

(ақпан 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *