Жақсылар мен жамандықтың философиясы

Бөлім: Без рубрики 184

 Құранда жаратушымыз; «Сендердің жақсы көргендеріңнің ішінде жамандық бар, ал жек көргендеріңнің ішінде жақсылық бар» деп ескерткен екен. Сонымен қазақ нені жақсы көреді нені жек көреді. Мысалы қазақ халқының көпшілігі, ел билігіміз де орамал тарту, етек жабу, дәретпен жүру деген сияқты шариғат парыздары мен ежелгі қазақ дәстүрінің басым бөлігін ұстануға қарсы және кейбіреулерміз естіліктің қалдығы надандық деп қабылдап, жек көреді.
Қазақ халқының естіліктің және қоғамдағы орнын ерлердің бас кимінің айрымашылғымен әйелдердің ормалымен, кимешегімен анықтайтын да дәстүрі болғанын енді ол келмеске кеткендей болғаны сөзсіз. Енді патша кім, шаруа кім, ғалым кім, үлкен, кіші жас баланың да оның айырмашылығы да болмай қалды. Естілік бұл тармағына енді әңгіме қозғаудың да қажеті шамалы. Сондықтан естіліктің осы тармақтары міндетті болып, оны халық талап етпесін дегендей жалпы әлемнің биліктегілерінің ортақ саясаты; ел басқару ісі дінен бөлек, деген ұстанымы болып, оны сол қалпында қазақ билігі де өзінің ата заңына айналдырып алғаны да мәлім. Бірақ естілік яғни адамзаттың саналығы мен еркі туралы тақырыпты дінсіз, шариғатсыз, жаратушымыздың парыз, қарыздарын еске алмай әңгіме етудің өзі мүмкін емес.

Сонымен, құран аяты жаратушымызға сенетін болсақ, яғни шын мұсылман болсақ, онда жақсылық та, жамандықтың да денесі бейнесі болып, және жақсылық жек көргендеріміздің (шеріктің, серіктің, ақылмен қабылданбайтын қарсылық, зұлымдықтардың) ішінде болу керек. Демек, естіліктің шарттары да жаманның ішінен жақсысын ала білу мен жақсылықтың ішіндегі жамандықты ажыратып онан бас тарту, жиркену сияқты амалдармен ғана көрнісін береді. Ал енді біз бүгінгі қазақ ұлты кімді жақсы, жек көріп, нені ұнатып неден жиркенеміз. Осы тұрғыдағы кейбір жайттарға тоқалып көрейік.
Ұлтымызды дәріптеу, сақтау тұрғысында ұлтшылдық деген мінезіміз бар. Кейбір ұлтшыл отандастарымыз жүздеген жыл жаманды, жақсылы араласып енді халқымыздың бір бөлігі болып алған орыс ұлтын жек көреді. Ал дінге сүйенсек, Абаймыздың ақылына жүгінсек, демек бұл көршілеріміздердің де тек жамандығымен ғана емес, ақылмен өлшей білсек, бір жақсылығы да болу керек. Сол сияқты қазақтың ана тілін де көпшілік қазақ бауыр, ағайындарымыз жек көреді де ал пайғамбарымыздың өсиетіне жүгінсек, діл білімінсіз иман болмайды, онда негізгі ұлтымыздың құндылығы, жақсылық та ана тілімізде жатқаны да хақ.
Ал, енді жақсы көретінімізге ақыл тоқтатып санауға да мүлде мүмкін емес. Осы жақсы көрмейтін нәрсеміз де аз болар. Сондықтан бұл жағына барсақ , оймыз адасып және қайтара алмай қалармыз. Бұл тұрғыда ойшылдық-философиялық жалпы ұлтық болмысымыз естілік даму сатысынан әлде қайда төмендеп қалғанымызды да мойындау керек.
Енді, негізгі мәселе де тарихымызға жүгінсек, қазақ ұлтының әлемде ең жоғары мәдениетке де жетіп, үлгілі ұлт болып, тарихта да талай ғұламалар шыққан жоғарғы топ басында жүруге тиісті ұлттардың бірі екенімізде дау жоқ. Оған әлем халқы өздерін сақтан тарағанбыз деген пәтуамен, және табылып жатқан мұрғаттардың сан алуандығы мен көптігі сонша, қазақ аталарымыздың тегінде өркениеттің бар саласын да меңгергендігіне нақты дәлел болып, және оны әлем жұрты ғалымдары да мойындап жатқан ғылымдық дәйектемелер де дәлел болмақ.

Ал, сонымен бірге, соншама мәдени құндылығымыз, дәстүріміз, даналықтарға мирасымыз бола тұра әлемнің бар арсыздығын жинап алған, атасын да анасын да ойланбай осы заман дүние қызықтарына, жат ел білімдеріне айырбастай салған еркектері намыссыз, опасыз, топас, мәңгүттері мен арсыз қатыны көптігінен де, жамандықтан да, арудан алдыңғы қатарда тұрған негізінен құдай қаһарына ұшырап жоғалуға тиісті елдерге жатамыз. Оған да дәйектеме келтіретін болсақ, алысқа бармай-ақ обыр ауруларының салыстырмалы түрде пайыздық жағдайын және көрші ағайындардан да денсаулық, салауатты өмір сүруден әлде қайда шаруасы әл ауқаттары төмен дамымаған елдермен қатар тұрғанымыз да жеткілікті.
Енді тарихы оқиғалармен салыстыратын болсақ, ислам діні келмей тұрғанда, құрайштық және арап тайпалары, өз балаларын, қыздарын тірідей көміп, әйелдерін жалаңаш алдына отырғызып қойып, қолын шапалақтап мәз болып, оны тәңірге арнаған құлшылығымыз деген салтары енді қазақ елінен де, заманға қарай білім түрінде бой көтерегені де хақ. Біздерде қыздарымызды, қатындармызды жалаңаш көшеге жіберіп, сахнаға шығарып жалаңаш билетіп, тән сұлулығына қол шапалақтап мәз болып және оны ашық баспасөз бертерінде мақтанышпен көрсетуден қысылу, ұяттылық деген сезімдерді мүлде ойлауды да қойдық. Осындай арсыздықтың қалыпты болып, қоғамыздың барлық саласында мәдениет, әдеб қағидасы мүлде жоғалғандықтан, енді қаншама өмірге келетін балалардың жолын кесіп, келгендерін тірі жетім немесе құрсақтан дертті туылып жатқандары да осындай қияметік жағдайға дәлел болуға жарайды.
Бірақ менің ойымша біз осындай екі түрлі құндылығымыз барда жоғалуға тиіс емеспіз. Неге десеңіз жақсысы көп елдердің жамандары болмай, үлгі алмай аяқ астынан ең төмен жаман елге айналу және түрлі апттардың, сынақтардың, соғыстардың кесірінен өркениетен төмен сатыға құлау қаупі де зор екен. Ал жамандығы көп болып, тарихында үлгі алатын жақсысы аз елдер мүлде азып, тозып ұлттық сиптаты да ел ретінде мүлде жоғалады екен. Оны қайдан білдіңіз деп сұраңыз?
Кеңес кезінде арап елдері ең құдайға жақын, түк жаманы жоқ, жатып жейтін туған баласына дейін есеп шоты бар, ақша табатын ел еді. Қалай егемендік алдық, біз неге сондай болмадық деп, және мұндай жақсы болудың себебі тек намаз оқып, құдайға жалбарына беруден екен, деген ойшылдықпен біздердің де талайымыз ұлтымыз арап, парсы қызылбас болмаса да, тура аумай қалуға, шала болса да, арапша бір сөз айтсақта ұқсауға тырысып, бес парыз намазың болса болды жақсылардың өзі болып және халықтың алдына шығып ақыл айтатын жақсыға айналып аладық.
Енді бізде де түк істемей-ақ , жасың қырыққа келіп ақыл толу, немесе отанға қызмет қылу, ата-ана құрмет қылып, үлкендерді сыйлап жақсы істерінен үлгі алып, және олардың жолын ұстанып үйлі, балалы болып, оларды ұлтыңа сай тәрбие беру сияқты мұсылмандық қарыздармыз да ұлттық дәстүр құндылығымыздың да маңызы болмай қалады да тек намаз оқып «намазхан» аталып жақсылар қатарына қосылып, ылғи намаз оқымайтын, мейлі қандай отанға қызметі, өмірлік ұстанымы болсын мұндай «мұсылман» еместерге қарағанда адамдығымыз бар деген қайдан кіммен салыстырасың?… Тіптен хадис, құранды арапша көп оқыған қыз, қатындарымызда аяқ астынан ақ сүйеке, қожаға айналып, еркек түгіл ғалым, акедемиктерге де ақыл айтуға болатын дәрежеге жетіп алды. Ал қажы болдың енді бітті, құдайдың ең жақыны оны мақтауға қазақтың ұзын сөзінің өзі жетпейді.
Осындай жақсы болудың екінші де жолы бар екен. Ол көбірек білім тасын кеміріп көшіріп алсаң да әйтеуір лауызымды қағаз ала білу керек. Сондықтан қазір сөз астарын түсінбейтін, философ, адам өлтіретін доқтыр- ғалым, тілі сақау тілші, құранды қолына бір рет алып, өз ұлтының тілінде ақылымен ойланып түсініп оқымаса да және іргелі ғылымнан, сан білімінен хабары болмай-ақ теолог ғалым, әйтеуір бір дананың әулиенің сөздерін жарыққа шығарсаң, онда осымен бітті шаруаң, аяқ астынан ол әулиеден жоғары жан сырын меңгерген ғылым доқтыры бола қалсың. Осындай жалаңабас яғни дәретсіз жүріп, бойыңды (ой өрсіңді) құдайға ұсынып қиналмай-ақ, және құлшылықта сопы болмай-ақ, сопылық жолды зертеуші, әйел болса көтін ашып дінді, сөз ғылымын, дәстүріңді зертеуші, ар, ұяттың не екенін білмей-ақ біліміңіз болып, оған алған қағазыңыз болса болды; мәдениет, денсаулық сақтау министрі де бола алсыз. Яғни енді сіз бұқара халыққа қарағанда, ұлтымыздың ең жақсы адамсыз. Ал заң шығаруға тіптен өлең айтып жүріп те топ ете түсуге де болады…
Енді бір жақсы болу , ол қаражатқа, жағымпаздық өнерге де байланысты түрі де бар. Әкім болғыңыз келсе, қаражатыңыз бен жоғарыдығы жақсыларға жақын да бола білу керек. Қолыңыздан түк келмесе де біреулерді жамандап, дүниемен жарылқап артыңыздан мал табуға құмар топ ертіп, партия құрып, қолыңыздан келмейтін де жақсылықты үйіп төксеңіз болды, біздердей жаман бұқара халық түлкінің сөзіне сеніп, ірімшігін берген қарғадай қарық ете қалу да әдетіміз бар. Жаман болғасын осындай сенгіштігіміз де бар…Жарайды енді менің өзімнің осындай көбейіп кеткен жақсыларды уайымдап, әрі секемденіп жүрген бір күдігім бар, күнде мазалап жүрген. Осы айтып бір шер тарқатайын.
Бұрынғы қазақта жақсы болған Төре, қожа, би абыз,шешен сияқты аталар болғаны тарихтан мәлім жағдай.. Негізінен бұл жақсылар тобы партия да құрмай, елді де бөліп рулармен өз ара таластырамай -ақ, өздері келісіп, ең жоғары орынға төрелерді отырғызып, оған дін рухани жағынан көмекші сұлтандарды, қожалардың ішінен кеңесші пірлер сайлап, олар қандай жағынан да осындай жақсылардың үлгісі болып, ел басқарып және қай жағынан да болсын, халыққа өнеге жол көрсететін де нағыз әділдікті, парасатты, зиялық, зайырлықты көрсетуші жақсы да болғаны хақ.
Онан кейін жалпы қазақ білімсіз болды деген қате ұғым. Қазақ елінде білімде, ілім де болып талай әулие, бақсы, көріпкел, емші -шипагерлер шыққан ел екеніміз де тарихта мәлім жағдай. Осыған қарамастан бүгінгідей бас басына топ құрып, жақсысын пірін таңдап әуре болмай, нағыз қожаларын таңдап ел руханиятын басқартып қойған. Сосын төре келсе төрге шығарып айтқанын, тапсырмаларын мүлт жібермей орындап, ал қожасы ақыл, бата берсе иман қылып қойынға алып оны да бұзбауға тырысқан елміз. Тіптен қапайым діннен білімі толық болмаған молданың да айтқанын істеп, өзінің дәстүрге келмейтін кейбір теріс қылықтарына бас тартуды сыпайы түсіндіре білген.

Осындай тып –тыныш замандарды бастан кешіп, ал бұндай даналар да өмірден өтіп, жақсылардан да көп ұрпақ тарап, ақырында сол ұрпақтарының бәрі «Төре», «Қожа» аталатын болды. Бірақ ендігі гәп та осында тұр. Өзі түгіл атын да доңыз жүрген жерге жаймайтын төре ұрпағы және қызы төсі түгіл, білегін де ашпайтын арлы тұқым ұрпақтары енді, арамыңды да талғамайтын, арды да іздемейтін, аталы сөзге де тоқтамайтын.. .қойшы әйтеуір төрелігінен түк қалмай біз қатарлы болса да; «Төре» аты қалып, енді жақсы мен жаманың айырмасы болмай да қалды. Қыздары жағына барудың да қажеті аз. Оны ішің білсін ағайын.
Бірақ бәрі бірдей, деп жамандауға тағы қақым жоқ. мен білетін Ахметов Мұхан деген төре руынан ағамыз бар. Ол кісіде толық болмаса да, қанында аз ғана төрелігі барына көзіміз жеткен. Қалай дейсіз әрине?. Қазіргі ел басқарған лауазымды төрелерге қарағанда ана тілін жақсы біледі және сөз астарын да түсініп, сөзге тоқтап, бала болса да сөзден жеңілсе кешірім де сұрай біледі. Жақсымен жаманды, дәстүрін де жетік меңгермесе де білімін білетіні де сөзсіз. Ал енді жалпы білімділігі де ешкімнен кем емес. Тек бұрынғы мен көрсем де тарихтан оқыған төре аталарына толық тартпай қалғаны болмаса. Жалпы бүгінгі заманда әзірге дүниелік мәселерде, бес жалғандықта төрелікке жүгінуге болады.
Енді қожа, дегендеріміз де рулы елдерге айналып алып, замананың ағымына қарай мас «қожа», бұзық та «қожа», арсыз да «қожа» тіптен дін дәстүрінен мүлде қашық «қожа» лар да жеткілікті. Ал енді сопылық тұрғысында дінді сақтаулары мүлде жоқ сондықтанда шариғатты меңгеретіндер олардың іштерінен саусақпен ғана санап аларлық қалған. Бұрынғы замандағы киелі қожа аталарымыздың меңгерген кітаптары, көрсеткен хикметті істері мен ел бірлігін сақтауға байланысты даналықтары туралы еске алудың өзі мүлде ыңғайсыз жағдайға қалдырары сөзсіз.
Сондықтан; «Қожа» деген қастетті киелі ұғымды былғап, тілім тимесін деп, тырнақша ішіне алып отырмын. Қожалығын сақтап жүргендер де бар олар, бірақ бұрынғы аталарымыз меңгерген ақ бақсылық хикметті ісі бар, кітабы бар қожаны өз басым кездестірген емеспін. Кітабы болса, ата дініміз қожалығымызды, сопылық дәстүрмізді аталар, қожалар жолын қорғап алар еді әрине. Сонымен енді ел билеуші топтың, дін үлгісін қалыптастыратын, ел мәдиниетіне үлгі болатын ендігі «Төре, қожалар бірлестігі» болған, зиялы-зайырлы, «светский» атты қауымның өз ара жақсымен жаманның айырмасы түгіл қарапайым бұқара халықтан да ерекшелігі болмай қалғанда, еліміздің жалпы жағдайы төменгі сатыға дейін құлдырғаны да сөзсіз.
Осындай жағдайда енді егемендік алып өзіміздің арамыздан төремізді де, қожамызды да таңдап, тәрбилеуге мүмкіндік алып және осындай жағдайда жалпы халықтық естілікті қалыптастыруға, жақсы мен жаман арасының шектік белгісін қойуға, қайтадан дәстүріміз арқылы жақсылыққа жарысыңдар, деген құдайдың хикметі келіп, Ата жолы керуені басталып, жастардың арасынан осындай болашаққа қожа болатын, төрелік айтатын жаңадан топты, Ақ ұл аталған, (иманы жолдас болғай) Қыдырәлі Момбай ұлының басшылығымен, мөр ашу хикметімен қалыптастыра бастауымыз мұң екен, ел жақсылары аталған топтың өкілдері, жамандықты шақырдыңдар, деп соттап, қудалап таратып тынды. Жарайды жаман болғасын не амал бар, бұл «жақсылардың» ісіне де қарсылық қылмай көнген де жағдайымыз бар.
Бірақ менің ендігі қаупім де осы жаңадан пайда болған жақсыларымызда. Ел билеген, көш бастаған жақсыларымызда төрелік те қожалықта мүлде жоқ. Себебі, билік сөзден, сөз қадірін меңгеру және оны меңгерту амалынан тұрады. Заң дегенміз де жоғарғы жақсылардың берген ақылдары , тиымдары мен орындамаған жағдайда қолданатын жазаларынан тұрады. Бұл заңдарды орындау үшін де сөзді ұғыну яғни тек ақылмен ғана біліп алу емес естілік қағидасы да міндетті болу керек. Ал енді осы заңды шығарушы орындатушы жақсыларымыздың өздері де сөз астары түгіл, ана тілін де дұрыс сөйлей алмайды. Сондықтан берген ақылы, шығарған заңдарның пәтуасы күші болмай, оны орындау тек жаза арқылы ғана мәжбүрлемесе мүмкін емес.
Бұқара халық та осындайға бойы әбден қалыптасып, сондықтан заңды ақылмен емес тек қорқыныш , қулық амалдармен жазаланбау жағын ғана ойлайды. Сондықтан ата заңымызда, ата дәстүр түгіл; ар, ұят, әдеб деген философиялық ұғым да жоғалды. Ал енді мұндай жағдайда осы заң егелеріне жақсыларға енді өз ойыңды, мұңыңды ар, ұят, адамгершілік тұрғысынан қабылдатуың да екі талай. Қабылданбайды да себебі дүниемен өлшеу, пайда пайдасыз, кедей болып қалудан қорқыныш деген философиялық ұғым ар, ұят, ата дәстүр орнына «ата заңға» айналып мықтап бекіп алған.

Осындай жағдайда ата заңымыз арқылы жақсыларға өз ойымызды түсіндіре аламағасын, ендігі сөзіміз де, жаңадан қалыптасқан ағайындық салтымыз да тек ақша беру. Әрине дүниемен, пайдамен ойланған жақсыларымыз, саннан, есептен жаңылмайды. Бұл біздің төреліктегі жаңадан пайда болған философиялық ұлттық тіліміз. Қанша ақша төлегеніңе қарай, сенің де ісің ата заңымызбен әділ шешілмек. Ата жолында жүрген басшыларымыз, аруағын сыйлап, жалпы бұқара халық жақсылар шығарған заңнан емес құдайдан қорқар деді ме ақпараттық түрде соғыс ашып, әулиелердің, құдайдың атын жамылып халықты тонап жатыр деген дақпыртты таратуға себеп болды.
Яғни құдайымыз өз жолына кімге не жұмсағанын білмейтін, құлдарының есебін де бере алмайтын әлсіз және ел билеген жақсылар тарапынан қорғауға мұқтаж деген, философиялық ұғым пайда болды. Негізінен бұл істің басында жүргендер, жоғарыда отырған «тәңірге» айналған жақсыларға ақша беруді ұмытып кетіп енді, халықты жақсылыққа шақыру үшін, арамнан тиып, малдарын, дүниелерін Алла жолында өз ара хайыр жасап, садақамен тазарту үшін яғни ата дәстүріне келтіру үшін де, өзіміз де жақсыларға әуелі алды -ала ақша төлеп қойу керек болды. Ал енді мұндай істермен айналысып сауап жасау үшін де ақша табу керек алдымен. Олай болса бұл іспен тек байлар қаражаты барлар ғана айналысуға болады, жалпы шаруа, кедейлердің ісі болмау керек болды.

Сонымен енді қазақ елінде ар, ұят, парасат, зиялы, зайырлық деген құндылықтардың бәрі де ақшамен, дүниемен сатып айырбастап алуға болатын құндылықтарға айналып, біздің бүгінгі қалыптасқан философиялық, ойшылдық болмысымызда бай, дүниелі болсаң жақсылар қатарында, қолың ұзын қандай да бір жақсылық жасауға болады. Ал егер кедей дүниесіз болсаң жамандар қатарындасың. Сонымен жақсы мен жаман тек дүниелік құндылықпен өлшеніп, түрлі партиялар құрылып, елдің шаруасының да, өркениеттің де басты философиялық бағыты қалайда бай шаруасы түзу 50-елдің санатына қосылу болды. Құдайға шүкір оған да жеттік. Неге құдайға шүкірілік, жақсыларға байларымызға емес, десеңіз, бәрібір жаратушы иеміздің көктен түсіріп, жерден өндірген байлығының ғана арқасында осындай жағдайда өмір сүруге жеткенміз де хақ.
Барлық жаратылыс та адамзатта ойды өсіруден, бейнелеуден жетіледі, түрленеді. Ойдың меңгерудің екі бағыты бар. Жер құндылығына байланысты жеті санды кеңістікті меңгеру яғни көлденеңінен өсу және аспан әлеміндегі жолдарды меңгеру яғни он санды ұзындықта өсумен байланысты болмақ. Осы екеуін тең ұстап немесе тік бұрышты үш бұрыш жасаумен, хатте ұғымы яғни диван жақсылықтың, жетілудің, өркениетіліктің белгісі, таңбасы болмақ. Бірақ халықтың басқарушы жақсыларының негізгі ойы рухани құндылыққа өсіруге бағыталса бойы (аура) жоғары көкке қарай өсіп, өмірге текті дені сау ұрпақтар келумен, ғылым-білімнің өркениеттің ерекше өсумен көрнісін денесін, өз орнын табады.
Ал ой дүние байлығына қарай бағыталса, онда көлденеңінен өсіп, семіздік аурулары мен азғындықтар жердің берін еркін меншіктеп жайлауға деген хайуандық қылық та, көлеңкелері де көбейіп өседі. Мұндай иістіге, бейнеленген көлеңкелердің (шеріктердің) жұғуға, адамзат арасында ауысуға қабылетілігі де бар. Сондықтан көлеңке елестермен жалғанғандықтан; Бай болсам, көбірек жер меншіктеп, мүлік иленсем, қорамды кеңітсем, тағы да мүлік қоссам, деген пиғылдық, тұрақты философиялық ойдың қалыптасуымен түбі, арты бірін-бірі құлдау, мүлкін тартып алу, бай болу, жақсы болу жолында қандай да бір адамгершілік құндылықтың маңызы да болмай қалады да рухани құндылықтар жоғалады.
Қазақ елі де рухани құндылғымыздың бәрін тәрк етіп, осындай шаруасы артқанмен жоғалудың аз –ақ алдында тұрған елдердің қатарына қосылып, бізде құрдымға құлаудың сәл ғана алдында тұрғанымызды аңғарудан қалдық. Себебі рухани тұрғыда жақсы деген, яғни әділетілік- төре, рухани байлық-қожалық ұғымы жоғалып, оның орнына бай, білімді, ілімді деген философиялық ұғымы пайда болды. Енді жеке білімді меңгерең- кереметсің яғни бай болуға, мүлкіңді көбейтуге көлденең өсуге де жол ашық. Сол сияқты дінде, ғылымда ілімді меңгерсең де осындай дүние мүлкі бар жақсылардың қатарында жүретініңе де дау жоқ.
Сонымен бірге; «Аузы қисық болсада байдың ұлы сөйлесін» дегендей, өзі арсыз, жалаңаш қатын ақыл беруші билікке келіп, жастармыз есі толмаса да барлық саясатқа да, сөз білімі философиялық пәтуа беруге, дінде топ бастауға да мүмкіндікті еріксіз беруге тура келеді. Өйткені жаман, арсыз, ұятсыз, парасатсыз деген философиялық ұғым түгіл естілік деген ұғым да қатардан, адамгершілік парыздан шығып іске аспай қалғаны да хақ. Бұдан керісінше осы өздерін жақсылар, зиялылар қатарында санайтындар көбірек зиян шегіп, нәсілдері азып, қазақ атты ұлт болудан ұрпақтарының да жолын кесіп жатқанын әрине түсіну де оны түсіндіруде мүмкін емес. Сондықтан да; «Ілімен, білім ортасын ұстамсаң бүлін» деген аталарымыздың даналығымен, пайғамбарымыздың «Барлық құлшылық ортасын ұстаныңдар» деген өсиетінің маңызын қайта електен өткізіп, философиясын анықтау, кезек күтірмейтін ойшылдықтың міндетті құбылысына айнала бастады.
Неге?- десеңіз, еліміздегі болып жатқан түрлі ескертулер, сынақтар, алда тұрған аурулар, жаппай халықтың азапталуымен, бұқара халықтың санасы ашылып, құдайын тануға ұмтылысы мен, артынан бұндай қасіртке, дәрежеге жеткізген ел билеген жақсыларға деген ашу ызамен, үлкен рухани эфолюцияның басталу кезеңіне келіп тірелдік. Мұндай жағдайда қазақ елінде де рухани эволюция, білім арқылы жаңғыру түрінде өтпей, керісінше көрші қырғыз еліндей халықтың қарасылық тұрғыда көтерілісі болып, енді әлем алдында жинаған беделімізден бір күнде, мезетте айрылып қалу да қаупіміз бар.
Себебі билік құмарлар мен жақсы аталып өз мүлкін артыруға талпынатын, біржақты философиялық пайымдаудан шыға алмаған, ұлтшыл, түрлі топ өкілдері халықтың мұндай рухани ахуалын өз пайдасына бұрып алу қаупі де зор. Еліміздің қазіргі таңдағы, әлі рухани білімі жетілмеген жағдайда, дүние байлықтың да өз ықпалы беделі болып, мұндай алдауға бұқара халықтың әсірсе ұлтшыл аталған жастардың да түсіп қалуы да қалыпты жағдай. Сондықтан енді игі жақсылар қажет етесе де, етпесе де барлық бүгінгі салтымызға, әдеттерімізге философиялық тұрғыда баға беріп, руханиятымызда жаңадан заңдар мен білім-ілімнің ортасын жедел түрде қалыптастыру міндетті болмақ…

(жалғасы бар Қыркүйек 2013 жыл) (http://btk.atazholy.local/философия/page/2/)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *