Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}
Ештеме емес оянбасаң,
Тәніңді ұйқыда тастай алсаң.
Мылқау болып арамызда,
Түс болып кел ымдай алсаң.
Ештеме емес оянбасаң,
Жаныңды әлі байқамасаң.
Мысық болып қайта келіп,
Байыңа басыңды сипалатсаң.
Ұйықта, оянба еркек болсаң,
Керек пе өмір ар ойлатқан.
Тыныштық тек қараңғылықта,
Егеу құйрыққа тез айнала алсаң.
Келмесе ұйқы «оппозиция» құрсаң,
Түрткілеп шайтан болып алсаң,
Даурықтырып елді қорқыта алсаң,
Мәңгілік ұйқы сыйлайды саған.
Ұйықтай бер егер оянбасаң,
Ұйқы өлім рахат жоғала алсаң.
Жаның бар өле алмайтын,
Түсіңде өмір аңғара алсаң.
Түсіңде күнә жасап жатсаң,
Немесе ауыр жүк арқаласаң.
Алдыңда тірлік күтіп тұрған,
Құдайдан басқасын сұрамасаң.
Пәкпін деп ойлап ұйықтай алсаң,
Түсіңде зина жасап жатсаң.
Жаныңның азып тозақтығы,
Ұйқыдан тұрып болжай алсаң.
Адаммын деп өзіңді бағаалсаң,
Түсіңде қара киім алсаң.
Жындысың деген бұл белгі,
Есіңе мұны сақтай алсаң.
Түсіңде шашты жайып алсаң,
Қайғы бұл тұмшалаған.
Бақытсыздық белгісі боп,
Тағдырың азған болжай алсаң.
Қыз болсаң шалбарланған,
Етекті түсіңде берсе саған.
Ала көрме қиын ғой саған,
Бала туып ана аталған.
Түсіңде жалаңаш бола алсаң,
Тозақ қой берген саған.
Қуана бер құтыласың,
Жоғалып мүлде бұл жалғаннан.
Түсіңде айнаң байқай алсаң,
Жақсылық ақпен болмақ саған.
Жақсылық жайдың жарығындай,
Естілер ұстап сақтай алған.
(ақпан 2014 жыл)