Даналық пен надандық

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 106

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}

Бүгінгі қазақтың көп зиялылары,

Зиялылықтан парасат ар жоғалды.

Абайдай дана түгіл құдайын да,

Тыңдайтын текті қазақ табылмайды.

 

Бар болса бірін-бірі көре алмайды,

Күншілдер жақсылықты құп алмайды.

Жоқ болса нарыққа сынақ келсе,

Ұйыққан иттей ырылдасып жұлмалайды.

 

Кәсіп қылып үлгіні өзі бере алмайды,

Ия жомарттық елге пайда қыла алмайды.

Жылы жерде отырған көп ақыл айтып,

Адал мен арамның арасын айырмайды.

 

Құдайдың парыздарын ардың ісін,

Орындамай есті болмақ кісі бүтін.

Жалаңбас сасық тұман, суық милар,

Надандық бұл қара нәсілдік кісілігің.

 

Қарасаң қара нәсілдік қазақта бар,

Жомарттық тектілігі аздық қылар.

Жүз жақсылық істі көре алмай,

Кіріңді тырнақ астынан тауып алар.

 

Партия құрып алып дана болған,

Қазақта әдет болды билік құрған.

Санасын  өзінің түзете алмай,

Кімге мұндай пенделер пана болған?

 

Партия ғылым ба еді сана ашар,

Түзу жолды меңгерген болса олар.

Әулие болып сөзінде дұға болар,

Пайдасын да халық дұрыс ұғына алар.

 

Ендігі сөздеріне дәлелі жоқ,

Құдайдан алған және аяны жоқ.

Өздерін әбігерге салып жатқан,

Жындылық емес пе баяны жоқ.

 

Бастағы бес мүшеден хабары жоқ,

Сана баста дейді олар ойламы жоқ.

Ұждансыз қара қытай законшылдық,

Қазаққа әдет  болды тұрлауы жоқ.

 

Ел билеуге керекті меңгеру төрелікті,

Бұл қасиет пайғамбарлық меңгермекті.

Қожалық, сұлтандық жәрдемші боп,

Қазақтың дәстүрі еді елді билемекті.

 

Түстік пе бұқара халық надандыққа,

Қатын да ел билеуге жарап тұрса.

Кез келген қойшы, малшы, тілшілер де,

Ақыл айтып кетті неге бұл халыққа?

(ақпан 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *