Махаббат пен ғашықтық

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 110

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}

Махаббат жаратқанның сыйы берген,

Құлшылығың шын сүю құрметпенен.

Тектілігі қазақтың дәстүр, салты

Тәрбиесін ұлтының арға күзеттірген.

 

Дейміз де бұл бұрынғыдан басқа заман,

Өмір, тіршілік байлықпен енді бағаланған.

Тұрпайы тағылықпен тағы болған,

Өркениет бұндай емес білсең адам.

 

Жолын баққан болады момын халық,

Дәстүр-салты, ғұрпынан дінін алып.

Өсиеті ата-баба аманат, уәдесі деп,

Өлісін қадірлеген ұмытпай еске алып.

 

Құлшылығың болсын деген махаббатпен,

Намазы екен шын үш сүюдің ғибратпен.

Қандай іс қылсаң да құмарың бір,

Армен өлшеп еңбек қыл жақсылықпен.

 

Көпке құмар ісің аз жалқау болып,

Тілің майда сөзге шешен болып.

Парыздар мен қарыздар орындалмай,

Махаббатпен аталмас құлшылық боп.

 

Махаббаттан жаралып өмір сүрген,

Тілмен сүймек жол емес намазбенен.

Бірі өзіңде, ал тоқсан тоғыз ардың ісі,

Алла жүзі-махаббат бірлей білсең.

 

Ғашық болып бәрін түгел сүйе алмассың,

Жүрегіңді үлестіріп бере алмассың.

Ғашық болып әрбір іс, ізгілік хайырларға,

Махаббатың қуатын осылай жинамақсың.

 

Сүйгенің сол керекті дегенің иемденсем,

Менікі деп нәпсіңе керек, қажет деген.

Сүйемін деп бәрін бірдей айта көрме,

Қаның қызып, нәпсі оянып күйер кеудең.

 

Ғашық болсаң жақсылыққа алданбайсың,

Жақсылықты онда ұнатқан адамдайсың.

Жаныңды әбден тексермей сүйем деме,

Алданған онда нәпсіңе сайтандайсың.

 

Махаббат қылсаң әуелі жарды сүйген,

Адамдарды бауырым деп жақсы көрген.

Алланың хақ жолын досын тауып,

Үш сүймектен махаббат ісін білген.

 

Арды сүйген, иман ұятты меңгерген,

Малдан жанды, жаннан арды артық деген.

Шын сүю бұл махаббат «Бірді» білген,

Құлшылығын осы адамдар намаз деген.

(наурыз 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *