Ендігі заман қай заман?

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 109

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

Дәстүр-салтың жоғалған,

Құлақтан кіріп бойды алған

Атаң Абай зарлаған

Қайта оралды сол заман.

 

Жастарың түгел мас болған,

Қатын ерге артылған,

Кемпір күйлеп көктемде

Жыныстық зарпың сатылған.

 

Ақ жаулық қуат жоғалған,

Белсіздік дерті ден алған.

Жаласын қатын жүктеумен,

Еркектен намыс жоғалған.

 

Етек пен бойың және азған,

Нәзіктер болды жынданған.

Қаны әлсіз жатыр қараңғы,

Жәндікке ұрпақ айналған.

 

Арсыздық елді баураған,

Туыстық ақша пұл болған

Еліңді билеп мәңгүрттер,

Құдайсыз болды бұл заман.

 

Аруағың көрде қиналған,

Тозақтан шықпай ата-анаң

Дінін алып елден жынданған,

Атаңның жолы сотталған.

 

Құдайсыз мәңгі ел болған,

Тарихта мұндай болмаған

Ар ұятсыз, дәстүрсіз,

Қандай болмақ бұл заман?

 

Көресің болар тар заман,

Кім аман қалмақ ажалдан

Апат, аштық, ауру азаппен,

Сынайды алда бұл заман.

(наурыз 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *