Көптің бәрі кісі ме?

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 162

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

Партия құрып есірген елдің бәрі,

Бәрі батыр, ақылды болып алды.

Ел билікті сынауға болып құмар,

Қатындар айтар ақылды білмей арды.

 

Болашақты болжаған жас та, кәрі

Жөндемекке елдің ісін сөз арнады.

«Оппозиция» мақтан, атақ, дәреже боп,

Өңкей пасық, өмір пұлмен бағаланды.

 

Көпте ақыл өзін-өзі басқарады,

Болжампаздар дана боп сөз жазады.

Дегендей «қой» шопансыз жайылады,

Қойшылар қойды өздері басқарады.

 

Қойшы көп, қойды кім бағады,

Шопандық кісілігің қайда қалды?

Көп адасса арасынан жол білетін,

Бір есті болса көпті де құтқарады.

 

Көп есті бәрі шопан бола алмайды,

Кітабын тылсым көріп ала алмайды.

Шопандық көпке емес азға келіп,

Құдайдың қалауынсыз  жете алмайды.

 

Өңшең нөл тұтас боп тұра алмайды,

Бірсіз сандар тәртібі құралмайды.

Бірліктердің басында жалғыз бір бар,

Әлемдік қозғалыс Бір Аллаға бағынбай ма?

 

Есепсіз білім білген есек деген,

Күшін білмей жүк көтерер есек деген.

Билікке өңшең надан дінсіз келсе,

Қиямет сыны надандарға есе тиген.

 

Қазақты бүгін надан кедей дейді,

Кедейлік дүниемен еш өлшенбейді.

Жаны әлсіз, ары жоқ нағыз кедей,

Денсаулықсыз байды нағыз кедей дейді.

 

Кедейлік қаны азған қатындарда,

Кедейлік ауру туған балаларда.

Кедейлік сенің ана тіліңде тұр,

Сөз ұқпайтын кедейлік басшыларда.

 

Кедейсің тамағың тоқ, кісілік жоқ,

Айтатының кешке дейін дүниелік боқ.

Қанағатсыз қарғап-сілеп ел билікті,

Құдайдың лағнетімен ісің де жоқ.

 

Кедейлік қазақтың аруағында,

Ақ жаулық махаббатың байлығында.

Махаббатың тірілмей азғындандың

Құдайдан қарызға алған жаның қайда?

 

Кедейлік он саулықтық байлығыңда,

Кісілігің жоғалған аманаты бабаңның да.

Шайтанның жамағаты болып алып,

Ағайын, бауырмалдық пұлға айналған ба?

(наурыз 2014 жыл)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *