Ата жолындағы тажалдар

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 92

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}

Кінәні жұртқа неге аударамыз,

Өзімізді пәкпіз деп ақталамыз.

Ата жол-дәстүріне дейміз қарсы,

Білімді қауымды да жазғырамыз.

 

Бірлігі алты ауыздың араз елміз,

Залымға дос, пайдалыға қас боламыз.

Ақыл ұзын білімдінің халы мүшкіл,

Сезімдік қысқа ақылмен заң жазамыз.

 

Ата жолы, дін дәстүрі, ғылым жолы,

Дін бірлігі сегіз дін тәубамен беріп қолды.

Шариғатты меңгермей тарихат жоқ,

Шежіремен жалғанып тазартпай тағдырыңды.

 

Аққу сұңқарлар керуенді бастап жүрген,

Толық дәрет ұстанбай, киімді меңгермеген.

Шалбар киген, арсыздықпен шайтан болған,

Мұндайлар сезім қуып бата өзгерткен.

 

Дүниемен көпшілігі бағалайды аруақ ісін,

Кітабы жоқ, көре алмайды аян түсін.

Құдайдың берген алғашқы жеңілдігін,

Беделін саудалап ұстаған шәкірттерін.

 

Арттарынан  соқырдай шәкірттер көп еріп жүрген,

Оқытпайды ата жолдың жазылған білімдерін.

Аруақты сауда қылып батаны қолдан жасап,

Тажалдық бар ата жолда жалған «аққу» деген.

 

Көзіңді аш, оқы білім, тексеріп құранменен,

Ата жол мұндай емес-ті бүгінгі көрген.

Тақуалығы тазалық-шариғатты меңгермесе,

Аққу, сұңқар емес-ті ата жолы дәстүр деген.

 

Ата дәстүрді тажалдар жүр қылып оңай,

Білімді қауым жиіркенген мұнан жолай алмай.

Қанша кітап ғылымын дәлелдеп жазған едім,

Оқымады ел билеуші, зиялы надандардай.

 

Сөз асылын кім таниды келмесе білімділер,

Аз ғана аққу, сұңқар бар таза бата берер.

Тақуа боп, ата дәстүрлік киім киген,

Білімді де меңгеріп, кітап алған, аян көрер.

 

Емшілік, түрлі дертке шипа сала білген

Құраннан рахмет, нығметіне бөленген.

Ақталып бар күнәдан дем салдырмас,

Тән, жаны таза, тура жолға бұлар келген.

 

Ақымақ болма ағайын, алданбаңдар,

Аққу, сұңқар бәрі бірдей деп ойламаңдар.

Оқыңдар ата жолы дәстүрдің жазбаларын,

Аярлық пен тажалдықтан сақтаныңдар!

(наурыз 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *