Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;} ( Жалғасы, басы1;- 21;-шы бөлімдерінде)
Бұл тақырыптағы жазбалардың негізгі мақсаты қазіргі таңда қазақтың сөз атаулары мен жаратылыс себептерін меңгерудегі надандыққа айналған; жынды ырымға балап адамзат өмірінен мүлде тыс тіршілік егесі етіп көрсеткен масһабтық білімділер ал шайтан туралы мүлде тажалдық насихат беріп өздерінің сенімі мен иманның ерекшелігін, жан мен рухтың ерекшелігін, өлшемін, қасиетін, білімін меңгере алмағандарын былай қойғанда, дін ісі тұрақты білім болған шариғатты үнемі қозғалыста, өзгерісте заманға қарай аяттардың да мәні, сыры жетіле беретін, адамзаттың құндылығына сәйкесті дамытушы құдайлық істі яғни діни сауатты мүлде терістеп келмеске кеткендей пайғамбарымызбен бірге жерлеп, халықтың рухани тұрғыда ата-бабасынан шежіремен жалғанып тұрған жібін кескендігін дәлелдеу еді. Сонымен құрандағы; «Мұхаммед көрмедің бе? Шәксіз Алла тағала көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса, сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла, Тағы бұлардан аз, ия көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады….» (58-7) (5+8+7=20).
Енді бұл сүренің екі дәрежелі сандық белгісі 20-мен белгіленуінде де үлкен хикметтің барын білгеніңіз жөн. Енді 5 санды тәңірлік қуаттардың есептік алтыншы тұрғыда Алламен хикметімен, несібесімен нәтижеленіп ақылдың, философиялық даналықтың, рухани жетістікті меңгеру құлшылығын білдіретінін білген жөн. Сонымен қандай да бір жаралыстың негізгі бастапқы қозғалысқа тәуелді дәрежеленіп біздің өміріміздің де үш түрлі уақыт өлшемінен, мезгілдің үш айдан тұруынан, үш түрлі жиіліктен, үш түрлі сәуледен, үш түрлі аспан денелерінен адамдық болмыста үш рухани қуаттар (жан, рух, малдық) жиілігінен нәтижеленетінін естен шығармаған жөн. Ал енді осы бес қуаттардың алтыншы бейнесін табуында, құдайлық нұрға бірігумен және үш түрлі шамасы болып 6х3 =18 санымен 18 ғаламмен жалғану кісіліктің жағдайын берсе; 5х3=15 санымен жүрек қуатының, арлылықтың, ұяттылықтың, парасаттың жағдайын жанмен байланысты тектіліктің шамасын көрсетеді.
Сонымен 18+15=33 санды толық періштелік қуатты да көре аламыз. Сонымен бірге қолымыздағы саусағымыздың жағдайына келсек 4 нәсілдік белгінің рухани негізде болып, мұны да 4х3=12 санды негізгі несібеміз, ғибадатымыз, тіршіліктік амалымыз «Жүсіп» сүресін яғни пайғамбарымыздың ұстанған жолы да шығады. Осы үш түрлі нығметтерден 18+15+12=55 санды «Рахман» сүресінің Раббымыздың бізге берген толық нығметтерінің саны, ұжмақтық өмір қуаты да шығады. Сондықтан осы үш түрлі қуаттарды бірлеу үшін де үш түрлі құлшылық амалдары яғни «Шариғат, тарихат, мағрипат» болып дін ұстанымдар шықса, яғни жаратушы Иеміздің; «Барлық жанды нәрселерді жұп, парымен жараттым» деген үкіміне сәйкес болмақ. Сонымен енді ішкі мәндері де 7; 9; 11 санды үш түрлі құлшылық істері Абай атамыздың үш сүю махаббатпен құлшылық қылудың мәні де шығады. Ал масһаб біліміндегі «Намаз» ұғымын жалғыз намаз оқуға, маңдайды сәждеге тигізуге байлап қойғаны да надандық болып; Намаз орындау, Намаз оқу, Толық намаз орындау болып үш түрлі сәжденің де құлшылығы болатынын білген жөн. Енді ғылымға жүгінсек жұп санды қандай да бір қуаттық, қозғалыстық, интеллекттік өлшемдер тұрақты болып саналады. Оларды қозғау үшін міндетті түрде тақ санға, тақтық мәнге айналдыру яғни тақ санмен бірмен, үшпен, беспен, т.б. түрлендіріп меңгере аламыз.
Осы тұрғыда негізгі төрт түрлі нәсілдік рухани қуатты меңгеру үшін Масһаб білімі ұсынғандай «бес парыздық» намаз керек. Яғни бесіншіні табу бұл жандық қуатты бас бармақты, бастағы ойлау қабілетін толық жетілдірумен байланысты. Бірақ енді жаралыс сырына үңілсек ойдың мәні бестен жоғары, яғни жетімен өлшенеді. Сондықтан да біз 4 нәсілдік қуатты да бармақ арқылы меңгере алмаймыз. Керісінше, бармақ жандық қуат, бұл 4 нәсілдермен, алақанмен, іспен байланысты тұрғанын жаратушымыз бізге анық көрсетіп бейнелеп берген. Және алақандағы үш сызықтың да мәні, маңызы бар. Бұл сызықтарды «хиромантия» білімінде; Жүрек, Бас, Өмір сызықтары деп атаған. Демек адам жанының жетілуіне бұл үш тектің негізгі орны болып және бас бармақтың да жүрекпен және «Бас» пен де байланысты болып жан қуатына бірігіп кетуін ескерген де жөн. Сонымен бірге бұл қолдағы сызықтардың рухани көлеңкелік бейнесі болып; көріп ойланады, естіп миға тоқиды, қозғалыста болып тоқтамға келуге, сабыр сақтауға қуаттық шама болып әсерін жанға берумен де белгілі болмақ. Сонымен бірге ішкі сезімдік; көру, есту, ойлану қуаттық шамаларында болып 9 түрлі жандық қуат негізін құрамақ. Осы тұрғыда рухани қуаттар мен жандық қуаттардың өзара қатысуын енді құлшылық арқылы реттейсіз және рух пен жанның да ерекшелігін де ажыратып меңгере де аламыз. Негізінен барлық рухани және жандық қуаттарды меңгерудің нәтижесі жаралыс басы қозғалыстың негізі ойды яғни ойдың жеті сипатын меңгерумен нәтижесін береді. Олай болса 4 нәсілдік қуаттарды және жандық қозғалыс бас бармақты меңгеру үшін пайғамбарымыздың 7 санды құлшылық істерімен; «Мен жеті сүйекпен сәжде жасауға бұйырылдым» деген амалымен немесе Абай атамыздың;
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Осы үш сүю болады имани гүл,
Иманның асылы үш деп сен айқын біл.
Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолына малың түгіл.
Дін де осы, шын ойласаң, тағат(намаз) та осы.
Екі дүние бұл шындық-хақтың досы.
Осыларды бұзатын және үш іс бар:
Пайда, мақтан, әуесқой-онан шошы.
Руза, намаз, зекет хаж-талассыз іс,
Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.
Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті
Қылғанмен татымды бермес жеміс.
Осы өсиеттің негізінде енді 7 санды құлшылықтың да 3 түрлі сыры болып; 7х3=21 санымен пайғамбарымыздың сәждесіне негізделген ата жолының Айша анамыздың ақ туымен махаббаттық құлшылықты толық меңгеру саны да шығады. Бірақ бұл ислам келген кезде пайғамбарымыздың орындап кеткен пайғамбарлық намаздары және бұл рухани қуаттар пайғамбарлық шапағатқа, қуаттар бұлағына айналған да. Сондықтан бұл рухани бұлақты меңгеру үшін біздер 9; 11 санды құлшылық негіздері арқылы яғни айналып келгенде жоғарыдағы аяттағы 20-санды меңгерумен нәтижесін береді. Бұл рухани дәрежеленудің екінші сипатын қарастырып көрсек;
Абай атамыздың; «Атадан алтау, анадан төртеу туғанмын, жалғыздық көрер жайым жоқ» деген астарлы насихаты осы қуаттардың 4-ті анадан «Ниса» болып, ал 6-ны әкеден «Әнғам» арқылы аламыз, яғни он саны ата-анадан махаббат қуаты десек, ал 10 саулық көктен нұр болып барлығы 20 санын құрайды. Олай болса құрандағы «Таһа»-20-шы сүре Аллаға деген махаббат пен құлшылық негізін құрайды.
Сонымен бұл сандық мәнді адамзаттың ақыл-ойының нәтижесі, жетістігі болып ой қуатын меңгерумен яғни жанды өсірумен де белгілі болмақ. Ал Абай атамыз 20-шы қара сөзінде; «Тағдырдың жарлығы білесіздер-өзгермейді. Пендеде бір іс бар жалығу деген. Ол-тағдырда адаммен бірге жаратылған нәрсе, оны адам өзі тапқан емес…Бірақ осы жалығу деген әрнәрсені көрсем деген, көп көрген, дәмін, бағасын, бәрінің де баянсызын біліп жеткен ойлы адамның пиғылы…» деген ұстаныммен құлшылықтардың мақсаты да ой қуатын меңгерудің нәтижесіне байланысты болып, аталарымыздың; «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» деген мақалының маңызын, тарихтан, шежіреден, ата-баба аманатына мұқият болып, ата-салт дәстүрін меңгерудің, даналықтың маңыздылығын насихаттайды.
Жаратушы иеміздің; «…Сақ болыңдар билік Оған тән. Әрі Ол есепшілердің ең жүйрігі.» (6-62) деп ескертуімен адамның бастапқы жаратылуында махаббатпен «Меннен»-жаннан есепшіден, есеппен жаралғандығын ескертеді. Сондықтан енді осы жоғарыдағы жазбаларда 5 қуатты меңгерумен 6-шы даналықтың сөзге, еске байланысты болуын екі түрлі жағдайын талқылап өттік. Енді онда үшінші пары да болу керек. Бұл біздердің ата жолымыз дәстүріміздің құлшылығы, сопылық дін ұстаныммен көрінісін беріп мақам табу деген жағдаймен байланысты. Яғни, қандай да бір жұп сандық қуатты тек онан жоғары мәнді тақ сандық құлшылықпен меңгеру керектігін де естен шығармаңыз. Егер масһабта «Бес парыз» құлшылықпен тура жолдамын десе онда бұл тек; 4-қуатты «Нисаны» аналық жандық негізді ғана меңгерумен шектеледі. Сондықтан Шәкәрім атамыздың; «Бес түгіл риза болмай алтыға да..» насихатының маңызы да осы 6 санды қуаттарды яғни даналықты, сөздің, сұқбаттың, ақыл-ойдың жетістігін меңгерудің де ерекшелігі 7 санды құлшылық істерімен яғни пайғамбарымыздың; «Мен жеті сүйекпен сәжде жасауға бұйырылдым» деген өсиетінен айқын көрініп тұр. Сонымен пайғамбарымыздың 7 санды құлшылық сәждесін қалай түсінеміз. Жалпы біздің тәніміз жанның үйі болғандықтан әрбір мүшеміздің 18 ғаламмен, әлем денелерімін байланыста болып әрбір аспан шырақтарының біздің тәнімізде белгісі болатынын білген де жөн.
Сонымен даналықтың қандай да бір сипаты ақыл мен ойды меңгеруден ғана пайда болмақ. Ақылды меңгеру үшін біздердің жер бетіндегі бізге дейінгі өмір сүрген адамзат қауымының өмірдегі тәжірибесін, артында қалдырған өсиеттерін, шежіресін тек дін арқылы ғана меңгере аламыз. Философиялық даналықтың өзі діннің, сұқбаттың жаратылыс сырын түсіну ілімі, білімі, діннің де ірге тасы болмақ. Ал енді ой қуатын қалай меңгереміз? Аталардан қалған нақылдан; «Ақыл алтыда, ой жетіде» деген сөз бар. Сонымен алты сипатты ақылды біз рухани негізді нәсілдік, жындық, шайтандық қуаттарды тазартып меңгерумен бірге пайда болған сипаттарын алдыңғы жазбаларда баяндап өттік. Алты ақылдың өзі 4 сезімдік яғни нәсілдерді меңгеруге негізделген және 5 қуаттық сезімдік шаманы меңгеруге, сонымен бірге алтыншы құдайлық білімді меңгерумен айқын болған 3 түрлі сипаттары болмақ. Енді 4 сипатты «Ниса» сүресімен байланысты ақылды –«Қысқа ақыл» әйелдік логикаға жатқызамыз да, ал 5-пен 6-ны меңгеру еркектерге тән түйсіктік құбылыс болу керек. Сонымен өзара неке арқылы ғана әйелдер қауымы ұзын ақылға 5-ке жалғанып құдайды тану арқылы 6-ны да меңгере алуы да сөзсіз. Пайғамбарымыз; «Иманның екі дәрежесі бар бірі 60-бұтақты, бірі 70-бұтақты» деген өсиетін негізге алсақ; онда 60 бұтақты иман осы алты дәрежелі ақылдың онмен зейнеттелуінен, көбейтілуінен пайда болады. Бұл жағдайдың ішкі мәні 13-санмен құранда 60-шы сүремен 13-аятпен баяндалып, аятта; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан (өлілерден) күдер үзгеніндей олар, ақиреттен үміт үзген.» (60-13) Яғни біздің масһаб білімінің де құлшылық сәждесін де жалғанға шығарып ақиретсіз өлілердің көмегінсіз бұл 60 бұтақты иманның яғни ақылдың толық даналығын меңгерудің мүмкін емес екенін көрсетеді. Сондықтан енді ел биліктің, қазақ зиялы қауымының ата жолы дәстүрінен де жалпы діннен де бас тартуынан «Алты аузымыз араз» ел болып мұндай алтауы түгел түгіл бесеуін де толық меңгергендер аз халқымызда. Ел басының да жағдайы тек бесеумен, яғни бас бармақтық жан қуатының төменгі жағдайымен ғана (бас бармақтағы екі буынмен) байланысты болып жүректің көзі ашылмағандықтан ел билеуші мен білімді қауым өкілдерінің, философ, психолог ғалымдарының алтыншы ақылды да меңгере алмағаны еліміздегі рухани қайшылықтар, алауыздықтар, жалған тәңірлік әділетсіз заңдар жүйесі де дәлел болады. Сонымен алтыншы ақылды меңгеруге де ой қуаты жеті түрлі құлшылық сәждесінің «Жеті сүйектің» де рухани тазалығы керек. Бұл тазалықтың қуаттардың бірлігі тек ақирет әлемімен байланысты болып 6+7=13 санды ақыл-ой қуаттарының 18-мың ғаламмен байланысқа түсіп 31-санды Лұқман сүресі даналыққа айналуын да құраннан сандар теологиясы арқылы да көруге, насихатын оқып білуге де болады. Сонымен ақылдан аңғарымпаздық туындап оны жетілдіру үшін ішкі сезімнің аңғарымпаздығы, яғни қысқа ақылдың қуаттылығы міндетті болып; әйелсіз еркек, еркексіз әйел даналыққа жете алмайтынын да білгеніңіз жөн. Ал біздің ішкі жан дүниеміз ойдың әрекетіне жеті санды құлшылық негізге тәуелді болып, ой арқылы ақылды, ақыл арқылы ойды меңгереміз. Ал қандай да бір ақылды дамытатын да ой қуаты болмақ. Осы тұрғыда; Тауықтан жұмыртқа, жұмыртқадан тауық шығатындай алтысыз жетіні, жетісіз алтыны да меңгере алмаймыз.
Енді ақылдың осы тұрғыда тәндік ағзалық байланысын, қалай даму жан-күйлік ерекшелігін яғни «психологиясының» туындау себептеріне тоқтала кетейік;
1. Ақ нәсілдік кіші саусақтық жағдайда мимен байланысты бұл ұйқы кезінде жалғанатын дамитын қуат болып, «Жете» деп атаймыз. Адам баласының жетесі қалай ұйықтаумен, түс көруімен, оны жори білуімен де тығыз байланысты болмақ. Сондықтан ақ нәсілдік сипат білуге құштарлық, еліктегіш, сенгіштік, бала мінезіндей ақ көңілділікті туындатады.
2. Кіші аты жоқ саусақ, көк нәсілдік белгі, ғарыштық қуат болып; құлақпен байланысты дыбысты есту, жіктеумен, музыкалық өнермен де байланысты дамып оны; «Зерде» деп атаймыз. Зерделі жандар жаңалық ашуға, өнертапқыштық пен және көбеюге, ғашықтыққа құштарлық қабілеттерімен ерекшеленеді.
3. Қара нәсілдік, баршылық қуат ортаңғы саусақ негізінен көзбен байланысты болып, онан жұлдызбен жалғануға (жын, кісілікке де) байланысты қуат болып; «Зейін» деп атаймыз. Бұл адам баласының төзімділік, сабырлық, қайратымен, ұзақ уақыт есте сақтаумен бірге кекшілдік, ызақорлық, батылдықпен де байланысты мінезді қалыптастырады.
4. Қарсылық қуаттың негізін қалайтын, көгілдір нәсіл тегі болған сұқ саусақпен және әйелдік гормонға, ана сүтіне, әйел діліне, жыныстық шарабына және шайтан қуатына да тәуелді дамитын бұл қуаттың негізі адам баласының ми үсті бөлгі төбемен, еңбекпен байланысты болып; «Сана» қуатының негізін құрайды. Көгілдір нәсілдің ерекшелігі өз бойында жоқ қасиеттерге құштарлығы зор болады. Нәзіктердің бойынан көп кездесетін бұл қасиеттің саналықтың да өлшеміне, қан тазалығы мен ақ жаулықтың маңызына сәйкес болуы да сөзсіз.
5. Бас бармақпен байланысты жандық қуатпен арадағы негізгі бірлігі болатын қуаттың адамның біліміне, ақпаратты сақтау қабілетіне байланысты; білек, топырақтық жер ана рухымен жалғанатын «Жат»деп аталып яғни жатталған ақпараттар қоймасы болса, екінші көкірекпен, тілмен байланысты; «Жады» деп аталатын қуаттың негіздерін құрайды. Осы тұрғыда неге әйелзаты 4 қана қуатпен шектеліп бұл бесінші қуатты тікелей меңгере алмайды? -деген сауалға да жауап бере кетейік. Бұл жерде пайғамбарымыздың өсиетіне жүгінсек; Айша анамыз 11 түрлі еркектік жыныстық мінездің, қуаттың 11-шісі пайғамбарымыздың қасиеттілік, даналық сипатындағы еркектердің ұрық майының әйел білегіне барып орын алатынын майлап тұратынын баяндаған. Сондықтан 5-ші «Бес бересі» еркектен, еркек білім, даналығына неке төсегі арқылы әйел өзіне жүктеп алатыны да хақ. Сол сияқты ұрықтың төске, көкірекке де байланысты екенін ескерсек «жадылық» қабілет те еркектен ақпараттық жағдайда зейнеттеліп, демек әйел заттары бұл қасиеттің негізін жаратылыстан әке рухынан алатыны да анадан ұлға өтіп; «Ұлдың жақсы болуы нағашыдан» деген мақалдың жан ғылымы психологиялық білімі пайда болады.
6. Сонымен енді құдайлық негіз болған 6-шы даналықтың, пайғамбарлық қасиет абыздықтың сипаты; көкірекпен яғни ұжданмен, жүрек көзінің ашық болуымен, балтыр, тіземен байланысты; «Зеректік» деп аталады.
Сонымен бұл алты ауызды ақылды меңгеру үшін де тәннің де тазалығы оған байланысты әйелдік сезімдік ақылдың аңғарымпаздығы да керек. Сонымен даналық-тіршіліктің шынайы мәнін табумен пайда болады. Тіршіліктің шынайы мәні туралы білімдер бізге дін болып түсірілген 4 кітаппен және адамзат жаратылысынан бастап жалғасты жіберілген, пайғамбарлар, елшілер яғни әулие-әмбиелер арқылы үйретілген философиялық сөз ғылымы болып танылады. Бірақ бұл екі сипаты да дұрыс ұғындырылмай білім арқылы замандар өте көмеске айналып өзгеріске де түсуі мүмкін. Осы тұрғыда үшінші Құдай ісі болып танылатын ең мінсіз философ-Алла тағала болып оның жолдарына келген уахи, аяндарды меңгеру арқылы бұл білімдерді де тазартып қайтадан пайдаға асыра аламыз.
Біздің бұл тұрғыда алтыншы дәрежелі даналықты меңгерудің ерекшелігі де тіршіліктегі ең абзал нәрселерді мейлінше жақсы танумен байланысты. Бірақ мұны енді тек ақылдың өз көмегімен танып білу де мүмкін емес. Әрбір танылуға тиісті нәрсенің қарама-қарсы жағы және оның арасында жалғануға себепші болған үшінші қуаттың да негізі болу керек. Сондықтан енді біз пайғамбарымыздың ; «Жеті сүйек сәждесіне» келіп тірелдік. Енді жеті сүйекті; Тырнақ, саусақ, алақан, білек, шынтақ, қар, иық деп алып оның түсі қызыл «Аруақ» атты қуаттың негізін қалайтынын білген де жөн. Және бұл адамзат өнімінің нәтижесі де болып, жан және ой, ақыл, жын, шайтан, мінез сияқты барлық рухани құндылықтардың тұтастық бейнесі болып, бірақ оған дейін де талай жетілік ой қуаттарының ошағын меңгеру де керек болмақ, және барлығын да осы жазбаларда талқылаған алтаумен де бірлеу керек.
Сонымен енді ақыл негізінен таныммен, біліммен байланысты өнетін болса, ал ой қуаты іліммен байланысты түрленетінін де білген жөн. Ойдың дәрежелік сипаттарын жіктеп көрсек;
1.Ойдың;Ұшқырлығы-ұзақтығы-қанатты-тиімділігі болып бейнеленеді.
2.Ойдың;Кеңістігі-оң-солдан-қайтуы-ортаға тұрақтауына байланысты бейнеленеді.
3.Ойдың; Таяздығы-жанып-өшкені; көмеймен, өңешпен байланысты бейнеленеді.
4.Ойдың;Тереңдігі шежіре-қисса болып; оң білек, бас бармақ, сұқ саусақпен бейнеленеді.
5. Ойдың; Тұжырымдылығы; Ақиқат аңыздардан; Иық, алақанға бейнеленеді.
6. Ойдың; Толыққандығы; Жетістік болып; қарда, тізе мен иықта бейнеленеді.
7.Ойдың, Лездігі; шешім болып; Жақ пен маңдайға бейнеленеді.
Сонымен бұл рухани қуаттардың бәрі түбінде жеті санмен, жеті түрмен, жеті сүйекпен, жеті ағзамен байланыста өзінің болашақ өмірлік денесін қалыптастыратынын да білген жөн. Олай болса біздің даналығымызды енді жүйелеп тұрақтасақ;
1. Ақыл-асуың
2. Ой-жетегің
3. Қуат-қадамың
4. Тіл-шипалы
5. Көкірек-сайраған
6. Білекті-күші толған
7. Көзден-ғайып болмаған болып, ал бұл рухани жағдайдың бұзылуынан;
Дегейсің бұл қай заман
Құлақтан кіріп бойды алған.
Атаң Абай зарлаған,
Қайта оралды сол заман.
Жүректің көзі жабылған.
Атасының сөзін ұқпаған.
Ананың тілі қор болған,
Қазаққа туды тар заман.
Ел билеген көп надан,
Дәстүрін ата соттаған.
Қатындар дана болатын,
Қияметтік бұл заман…..
(жалғасы бар)