IV-Аққу- сұңқарлар және ата жолы.

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 130

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE

/* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

          (жалғасы, басы 1;3 тарауларда)

  Қазіргі таңдағы қазақ елінде болып жатқан рухани жағдайға құдайдан түсіп жатқан қаншама ескерту апат, азап, аурулар мен кенеттен болып жатқан ажалдарға  бұл бізге жаратқанның ескертіп жатқаны болар және де біздің адамгершілік тұрғысынан теріс кеткен қылықтарға жауап болар деп ойланатын мен өз басым діншілерді былай қойғанда естіліктің үлгісі болған бірде-бір философ ғалымды, ел билеушілерін көре алмадым. Ондайлар мүлде жоқ деуден аулақпыз, бірақ ойланғанмен амалға айналдыруға ерік жігер, арлылығы жетпейтіні де хақ. Ал мұндай рухани жағдайға баға беріп, ел биліктің де дұрыс шешім қабылдауына, әділетті заңдар шығаруына жәрдем беруші дін істері мен муфтият және мыңдаған осындай зерттеу, сараптау жасаған, дін білімін, құран ілімін меңгерген пәтуа берушілер не бітіріп отыр?- деген сауалдың да еріксіз туындауы да сөзсіз.

            Енді осы тұрғыда барлық діндегі маңызды болған және ислам түгіл әлем діндері де жоғалтып алған құранның мына аятынан бастап түсіндіргеніміз де дұрыс болар; «Алла тағала бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі: Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалғанын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары, хикмет иесі.» (42-51) Осы аятты ислам ғалымдары мүлде теріске алуды былай қойғанда, ашық мазақ қылып, ата жолын қудалап соттауға дейін ел билікті мәжбүрлеп, тажал болғандарына айқын дәлел үкім де. Оған негізгі себеп дін ғалымдарының, философ ойшылдарымыздың сөз ғылымын аздырумен айналысып, қарапайым пайғамбар мен елшінің және олардың дәрежелерін, иман мен сенімнің, құран мен кітаптың осы сияқты негізгі атау сөздердің ерекшелігін өздері білмегенімен тұрмай білуге тырысқандарды қудалап тиым салумен тажалдық білімді қалыптастырумен айналысып жатқанын және соған байланысты осы аяттың қарма-қарсылығы шығып, жүрек көздерінің жабылып есту, көру қасиеттері мөрленіп, енді мұндай аяттарды олардың ақылмен қабылдауы мүлде мүмкін емес.  Бұл аяттың жалпы құранның сандық теологиясын ғылымын былай қойғанда; «бір адам баласымен» деген ұғым тақуа, сопы, ғалымдық, әулиелік, елшілік дәрежені ескертеді.  Яғни, Алла тағаламен сөйлесудің негізінен екі сипаты болып; Біріншісі-көкейге салу, бұл есту қабілетімен, жүректің құлағымен байланысты болса (Ақ ұл мұғжизасы), Екіншісі — перде артынан сөйлесу, әрбір адам баласының өзінің алды-артындағы күзетші аруағы арқылы сөйлесудің түрлі ерекшеліктері барын да білген жөн. Осы екеуі арқылы енді ой қуатын меңгеру, ақылдың қабілетін (интеллект), қуатын арттыру, сезімнің аңғарымпаздығын (интуиция) жетілдірумен ерекшеленіп заманға қарай ақыл-ойдың бәйшешек бақшасын өсіріп отыру керек. Сондықтан бұл қасиеттер негізінен тілді дамытуға, тіл біліміне, яғни пайғамбарлық қасиетке жатып көптеген пайғамбарларға от арқылы, су арқылы және жаратылыстағы барлық жанды нәрселер, ағаш, тау сияқты киелермен де түрлі табиғат егелерімен де үнсіз тіл арқылы, белгі алу хикметті құбылыс арқылы және  ақыл, даналық арқылы рухани тұрғыда сөйлесуді перде арқылы сөйлесу деп атайды. Үшінші жағдайда әр ұлттың сөздік тазалығын, сөз қуатын, атау сөздердің заман біліміне қарай өзгерісін, діннің де даму үдерісін қалыптастыруға, яғни діл білімін жетілдіруге елшілер тағайындалып тіл білімін қарекетке айналдыруымен ерекшеленеді. Және осы елдің әрбір ақталу, тазару жолына шыққан адам баласының өзінің ішкі «Менінің» сопылық  мақамына жетумен немесе осындай «Бірге-пірге» айналған жоғарғы дәрежелі әулиелікке жеткен, елшіліктің белгілі бір дәрежесін меңгергендер арқылы уахи болып, оған мойынсұнуды құранда иман келтіру амалының негізі деп ескерткен. Сонымен уахи есту қабілетімен байланысты болып дін ғалымдарының, имамдардың Мұхаммед пайғамбардан бастап уахи беру тоқтады, яғни құран кітапқа, үнге айналып  оқылмайды, адамзат тылсымнан үн қабылдай алмайтын саңырауға айналды деген тажалдық пәтуа шығаруларына не себеп болған? Сонда жаратқан иеміз пайғамбарымызды одан үлгі алып асыл қасиеттерін меңгеруге, ақылына, көркем мінез үлгісіне табынуға емес керісінше, үмметіне айналу арқылы соқыр, кереңге айналдыру үшін жіберді деген нанымды да мықтап санамызға құйып бергендері де сөзсіз. Біріншіден; мұндай тажалдыққа себепші болған, сан ғылымының яғни ой ғылымының теологиясын мүлде тастап қоюдан. Екіншіден; танымдық ақылдан аса алмай, дарындылықты яғни, Ғиса пайғамбардың Ахметтік ісі болған басты тазартып әділеттілікті, ақ пен қараны ажырата алмауынан. Үшіншіден табаның тазарып ағарумен болатын; жер, көк есіктеріне жалғанып, жүрек көзін аша алмауынан…осылай жалғай берсе жүздеген себеппен себепшінің де анықталуы да сөзсіз. Жалпы «Ар» деген адамзаттың сыртқы өмір қабы, зейнет қорғаны, денесі  болып оның; «Әділдік», «Құтқару», «Кек алу», «Қайрат» деген 4 сападан яғни; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген ұғыммен тікелей қатысы да болмақ. Осы тұрғыда; Әділдік-дене сауыты; Құтқару-бастағы дуылға; Кек алу-жамылғы; Қайрат-шапан болып негізгі 4 түрлі рухани зейнеттен тұрғанымен оның енді бойға байланысты етек, аяқ киім, белбеу т.б. Абай атамыздың «Ескіліктің киімі» деген ардың бейнесін, сауытын қалыптастыратын жан киімі болып саналады.

             Енді жоғарғы аяттағы үш түрлі Алла тағаланың хикметті ісін құдайымыз қазақ еліне бақ қылып, Ақ ұлдың жүрек тамырына мөр ашу арқылы жасаған мұғжизалы хикметпен қазақ елінде үш түрлі белгінің де ашық дәлелдері, хикметтері  болғаны да хақ. Ал мұндай мұғжизаның әрбір пайғамбарлық, елшілік дарындылықты меңгерген адам баласына лайық екенін аятта; «Егер саған олардың жүз бұрулары ауыр келсе, қане! Қолыңнан келсе, жерде бір тесік немесе көкте бір саты іздеп тауып бір мұғжиза келтір! Егер Алла қаласа еді, оларды туралыққа жинар еді. Ендеше сен надандардан болма.» (6-35) Сонымен қандайда елге келген надандықтан, және туралыққа, тура жолға жалғануға жер тесігі мен көкке сатыны табу арқылы ғана Алланың хикметі мен мұғжизасын сұрап алуға болады екен. Жер тесігі деген әулиелердің мазарында, тау-тас киелі орындарды құранда «ойпаттар» яғни таза ойдың ошағы, жарығы бар орын деп атаған. Сондықтан аталарымыз; «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деп әрбір мүмін болып өмір сүрген пенденің жүз жылда мазарынан көрінбейтін ой отының, шырақтың жануын ескерткен екен. Енді қазақ жерінде көкке сатысы бар көптеген әулиелердің мазарлары да, киелі орындар да баршылық. Ондай жерлерде құран оқығанда даусың айға жеткендей бір бөлек қуыс бос орында отырғандай сезімге, рахатқа да бөленесің. Және қазақ жеріндегі ондай ойпатты жерлерде жұлдыздардың даерекше шығумен және өте жақында тұрумен көрінісін де береді. Яғни, жұлдыздар ондай жерге сәжде жасап тұрады деген белгі. Аянмен де ондай сатысы бар жерлерді « Лам Мим» деп атаған. Сонымен «Әліф» жер тесігі, ал «Лам Мим» көкке саты болмақ.

 Көкке саты жерде тесік, есігі бар даналыққа жалғану орны Қағба болып, ал оның тек жер бетінде жалғыз ғана белгісі бар деген де надандық. Қазақ елінде нақты қағбалық мен білетін әзірге 4 орынның бар екені де хақ. Және даналықтың да жұбы пары болып «қағба» ойпаттары негізінен 6 жақты даналықпен байланысты болса, сонымен бірге 8 жақты даналықтың да ошағы болатынын ескерген де жөн. Оны қазақ даналығында; «Қырық шілтен» деп атаған, яғни 5 қуатты 8 рет меңгерумен қатысты да мұны исламда «Умра» (Ум-ақыл, ар) деп атаған. Сонымен бірге халықтың құлшылығы, оқыған құраны арқылы әрбір әулие-әмби зиярат орындарынан көкке көркем сөз ағашын өсіруімен оның күнге дейін жалғануына да жағдай жасауға болатыны Маңғыстау өңірінде бұрынғы Ыбрайым пайғамбарымыздың заманынан келе жатқан қабір басындағы  қойылған тас ескерткіштен салынған бейнеде; тамырын алып басы күнге тиіп тұрған ағашты мен «Тіршілік тамыры» деген өлеңмен баяндаған едім. Сонымен осындай «жердің тесігі, көкке саты ағашқа»  тіршіліктің тамырына жалғануды бұрын сопылық жол тарихат деп атаған.

            Ата жолының да аяқ астынан Ақ ұлдың жүрек тамырына мөр ашу мұғжизасының негізі де осы тарихатқа шежірге жалғануға әулие-әмбилердің батасын алумен жоғарыдағы аяттың үкімімен байланысты болғаны да хақ. Ал енді осы зияраттау барлық діннің ортасы болғандықтан ислам тұрғысымен қарағанда бұл тарихаттық амал, сондықтан ата жолының қағида тәртібі бойынша зияраттауға дейін әрбір адам баласы орда арқылы шариғатты меңгеріп, дәрет киімді сақтап, хикметке жолығуға дайын болып бару шарт. Сонымен қандай да бір пенденің надандыққа, ауруға, түрлі жол байлауға, тағдырының да қиын-қыстауға айналуында бұл ескі күнәлі рухының тазармауынан, өлмеуінен пайда болады. Сондықтан мұндай пенделердің  сыртқы өмір қабы өрісінде қараңғылық шапан болып, қайратсыз, жігерсіз, ынжықтыққа, мәңгүртікке түсуіне байланысты мұндай шапанын зейнет киімімен айырбастап алуға әулие зияраттарынан алатын жарықпен тағдырын тазарта алады. Жолы ашылып өмірі де басқа сапаға жақсылыққа бұрылады. Бұл құдайдың көктен түсіретін несібесі. Осындай ойпаттарда, тақуалғы жетілген намаз оқитын таза мешіттерде де болатыны Нұр сүресі 36-аятымен ашық ескертілген. Бірақ мұндай мешіттерді бұрынғы замандарда арнаулы қасиетті жануарлар арқылы тексеріп жер тесігін нұр шығатын орындарды тауып салатын болса, ендігі заманда көшенің сәнін бұзбау үшін адамдарға баруға ыңғайлы болу үшін, сән үшін салынған мұндай мешіттерде ондай жарықтың болуы да мүмкін емес. Және қалай болса солай жалаң аяқ, жалаңбас азан шақырып намаз оқитын, аруақтарды үнемі еске алып құран бағышталмайтын жамағаты бар мешіт орындарында тек тазармаған жындардың ғана болуы сөзсіз де.

            Сонымен қазақ еліне осындай нұр жауып оны әулие-әмбилер қуана қарсы алып, халыққа үлестіруге өз ұрпақтарын да осы жолға түсуге шақыру аққу-сұңқарлар арқылы 5-6 жыл кешенді түрде атқарылып, көптеген бұқара халық өкілінің санасы ашылып, нығметке бөленгені де хақ және мұндай тарихи оқиғаны жоққа шығару мүмкін емес. Соның бірі мына менің аяқ астынан қасиет оянып шығармашылықпен айналысып, құранды зерттеп пайғамбарымыздан да аманат, бата алып ата-бабаларымыздың ашық айтуға ол заманның білімі көтермеген құпия сырларды баяндауға құдайдан нығмет алғаным да сөзсіз. Алғашқы кезде қазақ халқының дін ісін шариғат тазалығын меңергендер мешітте отыруды қалап, ал ата жолына келгендерді ордаларда әйтеуір дәрет алуды үйретсе болғаны, аруақтан бата алып беріп, жергілікті жердегі бес әулиенің басынан өткізіп үлкен керуенге дайындап сосын 41 әулиенің басына өткізу, рухын өлтіріп ақталу, киелі рухтарға жалғану кешенді түрде жолға қойылды. Осы тұрғыда құдайдан да жеңілдік жағдай болып алғашқы кездерде зияраттаушы халықтың басым бөлігі мұндай тазалыққа мән бермей-ақ құдайдан өзіне керекті ризығын сұрап ала алатын да еді. Ал халықтың алғашқы легі осындай ақталудан өтуімен енді зияраттауға міндетті түрде киім, дәрет, ғұсыл тағы да ордалардан алғашқы тазарудан өткенде ғана жоғары нығметке бөлене беру сияқты және әулие бастарында ерекше қорғау, күтім, тазалықты сақтау мәселелері мүлде ұмыт қалды, керісінше мұндай рухани бұлақ бастарын қатындардың арсыздық сипатымен көтін ашып та бара салуы, басын да сол жерге барып шүберекпен қымтай салуына құдайдан келетін нұрдың да жабылуына әкеп соқтырды. Ер азаматтарының бас киімсіз ардың негізгі көрінсі бастың-дуылға сауытсыз өлімнен құтқарылу, рухани тұрғыда екінші дәрежеге өту, інжілдік қуаттты меңгеру мүлде мүмкін емес екенін ақылмен қабылдату да қазақ елінің надандығының бір белгісі болып бекіп алғаны да сөзсіз. Осы тұрғыда өздерінің білімін, дінге жанашырлығын көрсетуге тиісті масһаб ғалымдары, діншілер, тақуалар, сарапшылар, ел билеушілер керісінше әулиесін Алладан«басқа» шайтан атаумен, құранға Раббымыздың барлық аятына ашық жала қойып, өздерінің кәпір болғанына ашық дәлел болған; халыққа зияраттау үшін де арнаулы ұлықсат қағаз ойлап табумен, ордалардағы тегін атқарып жатқан емшілік тазалық істерін қудалаумен тажалдарға айналғаны да хақ.

            Ал, ата жолында зияраттың тазалығын сақтау деген білім де, түсінік те қазіргі таңға дейін мүлде болған жоқ, оны қалыптастыратын ақпараттарға тиым салынғаны да сөзсіз. Керісінше онан сайын бұл рухани бұлағымыздың көзін жабуға муфтият, ел билік тарапынан әулие басын жалпы халық тамашалайтын ойын-сауық орнына айналдырумен әлі кезге дейін бұл шараны кешенді түрде атқарып та жатқаны даусыз. Және мұндай орындарда арнаулы әулиенің ұлықсатымен жүрек көзі ашық жасы кемелденген, батасы да қабыл болатын ер пенделер шырақшы болып жұмыс атқаруға тиісті болса, енді құран оқу білетін жас баланы жұрттың садақасын жинауға отырғызып қойып, қазақ дәстүрін теріске алумен ғана көрінісін тапқаны да анық. Сонымен бірге әулие бастары мен 50 жыл 100, 300 жыл бұрын жерленгендердің өрістік ерекшелігі болатынына, ондай жерлерге жас қабірді, өліктерді жерлеуге болмайтыны және 50 жыл сайын араларын ажыратып бөлектеп отыру керек екенін де мүлде ұмыттық. Сондықтан жас өліктер өз үйіне, қабіріне әулиелердің зияраттарынан шыққан жарық отынан кіре алмай, әрбір қазақ ақиреттік болған өз туғандарын, ағайындарын айдалада қаңғып жүруге жағдай жасаумен, олардың түрлі шеріктермен бірігіп қаралық жындарға айналып қайтадан рухани азық алуға жастарға, өз туысқандарына енуімен түрлі жазылмайтын аты беймәлім аурулардың кең таралуына, жастардың өз-өзіне қол салуына, ессіз жындылыққа түсуге қолдан қаралықты өсіруші «инкубациялық» елге айналып алдық.

Бағзы замандарда бақсылықты меңгерген әулиелерді мүлде жеке жерлейтін дәстүрімізге де муфтият тарапынан соққы беріліп, кез келген әулиені жекеменшікке, бір рудың зияратына айналдыруға ел биліктің де жерді пұлға айналдырып, көптеген әулие-әмби бастарының жеке меншік пайда табу көзіне айналғандығынан халыққа келетін рухани нұрдың әлсіреуіне көк отанымызды ақшаға, дүниеге, ойын сауыққа айырбастауымызға дейін азғындыққа түскеніміз де хақ. Бұл орны толмас жағдайды енді түзеу үшін де талай 50 жыл керек болып, менің; Назарбаев билігі кезіндегі қазақ халқында рухани қырғынмен тарихта таңба болып қалады деген ескертуімнің бірі осыдан да пайда болады. Және ата жолының негізгі діннің азығы шариғат базары болса, ал тарихат ортасы қазығы болып шежіремен жалғану тарихтағы жоғалған тұлға, әулие батырларымыздың басын қайта көтеру және ұлтымыздың бүтіндігін қалптастыруға негізгі шежіре ағашына қайта жалғауға, жалғандыққа түскен тарихымызды мұндай әрекеттерден тазартумен де ерекшелену керек еді. Осы тұрғыда тылсымнан қаншама пайғамбарды әлем халқы іздеп таба алмай жүрген тарихи тұлғалардың қазақ жерінде жерленгені және оның бастарын анық тауып ел билікке халыққа жария қылғанмен, жүрегі жабық, надандыққа түскен, дүниеден басқаны көрмейтіндерге бұл иман болып қабылданбады да. Бір ғана мысалмен, Қажы баба пайғамбар басын жекеменшікке және ит байлайтын орынға айналдырған Есімов мырзаға қанша ескерткенімен әулиесін менсінбейтін ел билеуші, әкім осы заманаға, онда дәуірге лайық болып тарихта бір ізін қалдырып Алматыдағы көптеген сынақтарға, апаттарға Қажы баба мен қала әкімнің арасындағы жағдай да себеп болғанын түбі халық түсінетін де жағдай келеді. Және Жаңаөзен оқиғасы да осындай рухани жағдайдан туындаса, сол әкіміміз енді Қызылорда облысына келіп Нұх пайғамбарымыздың ұрпақтарының зияратының басын көтеру орнына жол бойына қойған белгіні де, жолдың сәнін бұзады деп, алып тастауға бұйрық беріпті. Осындай тізе берсе зұлымдықтың, халық руханиятына құдайдың лағнетін туындатуға тажалдық амалдардың осындай ел билеушілер тарапынан пайда болып жатқанына да көз жеткізуге болады. Сондықтан құдай өз кереметін осындай тарихта міндетті түрде қайталанатын Перғауындық өте-мөте білімді болған, ел шаруасын жетік меңгерген, түрлі құрлыстар салып, байлық қазына жинаған ел билеушілерінің рухани тұрғыда надандықтары арқылы да тарихта масқара қылып белгі қалдырумен де дінін бекітіп нығайта алатынын да білген жөн.

Осы тұрғыда Отырар кітапханасы мен көптеген мұрағаттардың да болашақ елді басқару орындарына саналы ел билеуші мен дін басқарушыларының келуімен қазақ халқы ғана әлемге де үлкен белгі тарихи кезеңнің ақ бастауы ашылып және әлемде де жаңа заман өзгерісі ғаламдық жаңару да, гендік, тектік сапаның артуы да жан күйлік ғылымы да қазақ елінен басталары да хақ. Осы заман кезіндегі қазақ ел билеушілері зиялы білімді қауымы өмірді тек дүние құндылығымен бағалап, руханиятын тастап қойған және құдаймен ашық соғысып қырғынға ұшырап жеңілгені де тарихи бір шежіреге айналары да сөзсіз.  Бұл жағдайда ата жолында аққу, сұңқар аталып Ақ ұлдың да сынаққа түсіп арғы дүниеге аттануына жағдай жасаған маңында жүрген әулие аталғандардың көбісі ұзамай-ақ халықтың бетіне қарай алмайтын жағдайға да жетері сөзсіз.

             Рухани бұлақ көзі ойпаттардың жағдайын да осындай қолдан ұйымдастырған «өзің комсомолсың неге талқан жейсің?..» деген нәубатпен керісінше халықты қалай болса солай апарып, оның рухани тегінің ағашының жеміс бермей қурап қиылуына, жүктелуіне де жағдай жасап жүрген керуенші, емші аталғандар да жеткілікті арамызда. Зияраттар басына, әулие басына әйелдердің шалбар киіп, басын толық жаппай баруы түгіл еркек пендесінің өзі бас киімсіз барудан, ұйқы бездеріне жарық қуатымен бірге тазармаған қара қуаттардың енуімен жаны да жараланып, болашақта қайғы-қасірет қана табатынын әлі жете білген жоқпыз. Сонымен бір жағына енді тажалдақ білімнің муфтият ғалымдарының да надандығына көптеген әулие бастарына халық керісінше қайғы-қасіретке жүктеліп жатқаны ел билікке бұл тұрғысында құдай ашық белгіні Калачи ауылынан жұрттың ұзақ уақыт ұйқымен және миының шіруімен ескертіп, ашық белгі беріп мен оның аруақтардың баяндауымен жазғаныммен, санасы жабық надандыққа түсуге жүрегі мөрленген билеуші қауым оны ұға да алған жоқ. Себебі ол жерде әулие басынан шығатындай нұр бар, ал бұл нұр ешқандай қазіргі заманғы білімімен жасаған өлшеу құралдарына түспейді, анықталмайды да. Сондықтан ол жердің тұрғындары зиярат үстінде, ойпатты жерде өмір сүріп жатқанын білмейді, қалай болса солай жүргендіктен кейбір  тазаруға қарай бағыт алған пенделерге бұл нұрдың өздігімен енуімен осындай жағдайға түсіп жатқан жайлары бар. Бұл жағдай енді осындай зиярат орнын қалай болса солай басқандардың, оның басына пайда табу көзіне айналдарғандарың да қайғы-қасіртке ұшырауы да ұзақ емес. Алматыда бір ғана Райымбек атаның басынан күніне мыңдаған пенделер жалаңаш-жалпы мұражайға келгендей келуінен қаралықтармен жүктеліп жатқандарын болашақта осындай пиғылдан ұрпағының кеміс, өздерінің түрлі дертке ұшырағанын әрине біле алмайды да.

            Сонымен құранда кітап берілген елдер деп аталғандарға жататындар болып; өз елдерінен шыққан әулиелері, түрлі хикмет істерін көрсеткен елшілері мен  даналықтарды меңгеріп насихат қалдырған абыздары бар біздердей қандайда бір руды, әулетті алсаң да әулиесі, киесі бар ел әлемде аз болар. Сондықтан сол даналардың өмір сүрген кезінде әулиелер алған аяттары, меңгерген хикметтері өздерінің аруағы-кітап-кісісі болып, мирас болып қалатынын пайғамбарымыз да ескерткен де, сол ұлттық мирас кітабымыз қайта оқыла бастады. Осы тұрғыда жоғарыдағы аятта ескерткендей перде артынан хабар алуға ата жолының алдыңғы қатарлы тақуалықты меңгерген аққу, сұңқарларының да табандары ағарып тылсымнан тікелей Раббымыздан бізге беймәлім жағдайлардың, құпия ілімдердің сырын, ғылымын сұрауға да мүмкіндік туды Осындай жағдайда барлық қазіргі таңдағы індет болған, дерттердің, сырқаттардың, аурулардың себептерімен емдеу тәсілдерінің әлі жетілмей білімі де, себебі де анықталмай соған байланысты халықты қамысқа тиген өрттей жағып жатқан рухани сынақтардың 60-тан аса түрін сұрап халыққа «Ауруыңа ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» деген тақырыппен 2-жылдан асты таратып та келеміз. Бірақ біздерге белгілі болған емдік тәсілдерді, дәрілік құпияларды үйретуге оны ғылыми түрде зерттеп, әлем таң қалдыратын жаңалықтарды ашуға болатын қаншама жылдарды артқа қарай лақтырып, дарынды аққу, сұңқарларды да дайындау мектебін ашуға ел билік, зиялы қауым алдымызда бөрене болып көлденең жатқаны да хақ. Олар үшін бұл пайда табу көзі болмағандықтан, ұлттың болашағына, тегін тазартуға ақша жұмсау деген зұлымдық баю жолы деген ұғым бар. Енді сол жазбадан үзінді келтіре кетсек;

Ата жолына, ғұмырына қарсы болған түрлі тексіздік, жалақорлық, ант ішуші, айыптағыш, өсек тасушы, жаратқаннан келген  жақсылыққа тиым салушы, ертегіге айналдырушы ел, дін басшылары мен ата ғұрпын, дәстүрін қадірлемейтін ынжықтарға түсетін үкім «мұрынға дақ салу» (68-15) аятының ғылымдық мәні қандай?Жауап; Тамырлары кеңіп, қандары қоңыр қызыл түске (шайтандардың өсуі) енеді 77-ші, 19-шы сандардың, аят үкімдерінің тозақтық азап беру үкімі орындалады.

Шариғат амалдарын толық орындамай, әурет жерлерін қорғамайтын, ата жолының және түрлі қасиетті пенделердің, аққу, сұңқарлардың тағдырында болатын өзгерістер?Жауап; Өңеш аурулары, бел омыртқа аурулары, сан мен тобық аралық ағзалары іріңдейді. Ұрпақтары есепке алынып қайғы-қасіреттерге душар болады.Сонымен жүрек көзінің ашылуы жалпы халықтың үрдіске айналып құдайдың хикметімен құранның жеті үні, Абай-Шәкәрім аталар, Ясауи баба мен қазақ әулиелерінің қалдырған еңбектері нақылдарының қуаты да ашылып, ата жолының жазбалары арқылы бұрынғы санаға кірмей түсінбеген ақпараттарды ел билік, зиялы, білімді қауымның, дін ғалымдарының меңгере алмаған білімдерін иман қуатын ата жолының керуені арқылы зияраттаумен, ордаларда тазарумен бұқара халықтың санасының да ашылуы басталды. Осы тұрғыда енді ордалардағы қателіктер, жалпы құран оқу, намаз оқу, түрлі құлшылық амалдарында да тажалдық білімнің араласып құдай ісін-уахи, аянын терістеп орнына шариғаттан пәтуа беретін діншілердің өздерін «құдай, жалған «тәңір» қылып көрсетуіне қазақ елі ғана емес жалпы әлем жапа шегіп жатқанын да білген жөн…..

(жалғасы бар)

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясымен,  Ясауи діни жолы мен қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *