XXI- Жындық тектер мен адамзат құлшылығының негіздері. Нәсілдермен ұлт құндылықтарының философиялық түсініктері

Бөлім: Адамзат тегінің рухани құндылықтары №7-к 1-бөлім 132

v\:* {behavior:url(#default#VML);} o\:* {behavior:url(#default#VML);} w\:* {behavior:url(#default#VML);} .shape {behavior:url(#default#VML);}

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

    Адамзаттың өзге жанды жаратылыс әлемінен айырмашылығы да, адамдық болмысын әшкере ажыратып тұрушы және қандай да бір адамзат баласына дәреже, ерекшелік беруі де тұлғалық болмысына да байланысты. Тұлғалық болмыс – ол тән мүшелерінің немесе ақ, қара, сары т.б. басқалай түр, ұлт, тіл, жас, кәрі, еркек, әйел, мұсылман, христиан, будда сияқты сипаттары ерекшелігімен емес, ақыл-ой сапасымен айналасына, қоршаған ортаға, жалпы жаратылыс әлеміне, тарихына баға берумен, көзқарасымен, сөз сөйлеу ерекшелік мінезімен айқын болу керек. Бұл рухани тазалығы, тұлғалық және адамдық құндылығы; қайырымдылық, әділеттілік, сұлулық, пайдалылық тұрғысынан бағалануымен айқын болмақ. Осы тұрғыда адамзат жаратылыстан 5 түрлі рухани қуаттармен пайда болып және оның қай қуаттан қаншалық үлесі бар екені қол, алақан саусақтарының жаратылыстық сипаттарына, буындар санына, сызықтық белгілеріне әйел, еркек қуаттылық шамасымен белгілі болып, өмір сүру қамы барысында бұл қуаттардың кеңістіктегі жұбын түрлі азықпен, рухани тұрғыдағы құлшылық әрекеттермен сіңіріп, әрбір пенде өз болмысын қалыптастыруға да, өзгерте алуға да болатынын мүмкіндікті дін арқылы түсіндіріп те қойған Раббымыз.

            Сонымен бұл жазбаларда жын-шайтандық адамзаттың қозғалыс, қарекеттік, білімдік, сезім-ақылдық рухани болмысының адамдық, жандық сипатымен басқарылатын адамдық құндылықтың 6 сапалық бейнесі болып, оны алдыңғы тақырыптарда дәлелдермен түсіндіріп өттік. Қазақ философиялық даналығында: «Алтау араз болса – ауыздағы кетеді» деген нақылдың өзі үш түрлі жағдайды да ескертіп тұрғаны да сөзсіз. Және «Ақыл-алтыда, ой-жетіде» деген аталар нақылының ғылымдық сырының да бұл алты ақылдың бейнесін, яғни иманның 60 сипатын онмен дәрежелеу құлшылығының да сонау ерте заманнан, исламның арап еліндеріне келуінен де бұрын  болғанына дәлелдер беріп тұр. Енді Бұл алты түрлі тұлғалық сапаның тәндік, рухани және жандық болып 3 түрлі адамзаттың саналық болмысын, яғни гендік сапасын қалыптастыруға да тәуелді болмақ. Сондықтан адамзатқа бұйырылған адал еңбек ету, өнерді, шеберлікті меңгеру, ғылым-білімді меңгеру, тұрмыстық парыздар, адамгершілік қарыздарды өтеу сияқты түрлі істерге бұл қасиеттердің ақылдылық, даналықтың тәуелді екені де хақ.

            Осы тұрғыда алты түрлі тұлғалық сапаны, қасиетті толық меңгеру, яғни алтыншы дәрежелік қуатты меңгеру діні Адам атадан бастап болғаны және ол барлық дін ұстанымдарының негізі болып шариғат, рухани жетілу тек құран түскеннен кейін пайда болды, оған дейін ислам әлемде болған жоқ немесе Мұхаммед пайғамбарымыз ғана бұл қасиеттерді меңгерген десек, онда діннен де шығып кетеміз. Себебі інжіл, тәурат, зәбур жазбаларының негізі де осы алтауды меңгеру жүрек тақуалығына негізделгенін сопылық намаздардың ол діндерде де болғанын құран аяттары да растайды. Және христиан халқының да бар ғылым-білім, ақыл-ойды жетілдіруде осы алты сапаға келіп тірелетінін де білген жөн. 

Алты қасиетті меңгеру исламдық сопылық ілімде «суфизмде», философияда да сұқбатты меңгеру болып алдыңғы орында тұрғаны да сөзсіз. Осындай алты қасиеттің енді сезімдік, яғни жандық қуаттармен дәрежеленуі арқылы 18 санды ғаламның да қасиеттілігінің пайда болуымен тікелей қатысты. Сонымен адамзаттың ақылдылығы тұлғалық, қасиеттілік болмысы тек нәсілдік, малдық, тектік рухани қуаттарға ғана тәуелді болмай жандық, сезімдік саналық, гендік қуаттарға да тәуелді болып, енді бұл құндылықтардың жұбын, яғни өте нәзік төменгі жиіліктегі жарықтық сипатын нәзіктерге, әйелдерге  қатысты қасиеттерін меңгеру арқылы ғана осы алты сапаның толық құндылығын меңгере алатынымызды да білген жөн.

Сондықтан да енді бұл 6 намаздық белгі деп, ал бұл намаздарды меңгеру үшін әуелі ойды және сезімдік-ақылды, яғни қысқа ақылды меңгеру керек болады. Пайғамбарымыздың; «Мен жеті сүйекпен сәжде жасауға бұйырылдым» деген астарлы насихаты да ислам дінінің негізгі құлшылығы бар құлшылықтың ортасы болып 7 санымен белгілі екені де хақ. Сондықтан қандай да бір жағдайда намаз оқуды бар құлшылықтың басы қылып алуда да осындай астарлы сыр жатыр. Жетіні, яғни ой қуатын меңгеру үшін әуелі 5 сезімдік қуаттарды, сезімдік қысқа ақылды меңгеруіміз керек. Бес парыз деген ұғымның да пайда болуы осындай жан сырынан пайда болып, бірақ оны теріске алып бүкіл ислам ғалымдарының да діндегі бөлшектенудің негізі де осы масһабтан басталғаны да сөзсіз.  

Енді «Жеті сәждені» меңгеру үшін алдымен 5-ті сосын, 7-ні; сосын 6-ны сонан кейін сегізді меңгеру арқылы бұлардың барлық құлшылық амалдары 9 және 11 санымен нәтижелену керек. Бірақ бұл исламның бастапқы кезінде бес сезімді осылай меңгеру керек болса, кейіннен түркілік әлемде бұл намаздардың жетілген түрін Ясауи бабамыз қалыптастырған еді. Сондықтан да Абай атамыз;

..Ел жайын біліп, қансаңыз,

Айтайын құлақ салсаңыз;

Кейбіреуі дүрсіп жүр,

              Жер тәңірсін кер мағыз.

Кейбіреуі-зәкүншік,

Оңдырмассып берсе арыз.

Кейбірі пірге қол берген,

Іші залым, сырты абыз.

Кейбірі қажыға барып жүр,

Болмаса да қаж парыз.

Мұсылмандық ол ойлап,

Өтеген қашан ол қарыз?…(91-өлең)

Сонымен Абай атамыз 91-19 санды «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» шеше алмай, яғни қазақтың ежелден келе жатқан шариғаты «91-ден абай болу» деген дәстүрлік қарыздар қағидасымен бірге мұсылмандық қарыздарды өтемей құр бес парыз өтеу қажылық деген ұлттың құндылығын қалыптастыра алмайтынын да ескерткен. Ал Абай атамыздың насихаты бойынша адамдық құндылықты қалыптастыру үшін;

………………………………….

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті.

 

Осы үш сүю болады имани гүл,

Иманның асылы үш деп сен айқын біл.

Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ,

Басты байла жолына малың түгіл.

 

Дін де осы, шын ойласаң, тағат (намаз) та осы.

Екі дүние бұл шындық-хақтың досы.

Осыларды бұзатын және үш іс бар:

Пайда, мақтан, әуесқой-онан шошы.

 

Руза, намаз, зекет хаж-талассыз іс,

Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.

Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті

Қылғанмен татымды бермес жеміс.

 

Бас жоғары жаралған, мойын төмен,

Қарашы, дене біткен ретіменен.

          Істің басы- ретін танымақтық.

Иман білмес тағатты қабыл деген.

…………………………………………..(212-өлең) (23;5)

             Абай атамыз; Ораза (1),намаз (2),зекет (3), хаж (4)-балып қажылықтың да осы төрттің ішінде болып енді бұл 3 түрлі сүюге; Алланы сүю (иман келтіру), адамзатты сүю, хақ жолын сүю махаббатын меңгермей, соңғы төрт құлшылық амалдың нәтижесіз болатынын ескертеді. Сонымен пайғамбарымыздың «Жеті сүйекпен сәжде жасауға бұйырылдым» деген адамзаттың аруақтық қуатын меңгеру; Иық, қар, шынтақ, білек, алақан, саусақ, тырнақ деген 7 белгіден тұратын «Қолдық» қуатты меңгерумен нәтижелі болады екен.

            Үш сүюдің өзі бас, мойын және төменгі денемен болатын да білгеніңіз жөн. Басты меңгеру деген алдымен ойлану қабілетін меңгеру. Бастағы бес қасиетті мүшелерді тазалығын қалптастырумен және мойын-әйел болып некенің жұбайлық өмірдің де маңыздылығын, құлшылықтың негізі де болатынын ескерген жөн. Ал төменгі үшінші мүшенің «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек» деген Шәкәрім атамыздың 6 түрлі сөз мінезі ақылдың да, адамзаттың жыныстық қабілетіне, тегіне тәуелді екенін де жоғардағы жазбада мысалдар беріп өттік.

              Сонымен бұл жазбаның басындағы жын-шайтан қуаттарының жыныстық сипаттан гормондарға жіктелумен, адамзаттың болмысын ұқыптастырушы ақпараттық тасымалдаушы негізгі қуаттар тегі болып, екі түрлі сапамен қалыптасатын және ол енді сезімдік жиілікте, яғни ішкі құпия жан сырын қалыптастыруға және түйсіктік, денелік сыртқы ортадан алатын орнын қозғалыстық, қаракеттік нәрселік бейнесін қалыптастыратын рухани негізін де құрайтынын естен шығармаңыз. Сонымен енді ақылдың жайына тоқталсақ;

              «Ақылмен жету жан-дүниесіне лайық сипат; сезімге әлденені аңғарудың өзі жеткілікті, ал аңғарымпазға төзімділік қажет. Мұның дәлелі сезімнің аңғарушы ықпалында кететіні. Бұл құбылыстардың мәніне ақылмен жүгінген ғана олардың сезімге бағынатынына сәйкес жан-дүниесін байыта алады. Ендеше, жан-дүниеміз ішкі құбылыстарға сезімнің көмегімен жетсе, ақылға бағынатын құбылыстарға оларды аңғару арқылы жете алады екенбіз, өйткені аталмыш құбылыстарды ақылға бағындыруда да сезімнің аңғарымпаздығын пайдаланады.» (Әл-Фараби).

  Енді атамыздың осы біздің талқылап отырған ақыл-ой мен адамзат құндылығын қалыптастыруда аңғарымпаздық атты қабілеттің керек екенін және оның екі түрлі жағдайда сезімдік, түйсіктік болып біріне-бірі міндетті тәуелді түрде дамитынын баяндайды. Аңғарымпаздық-негізінен жындық, түйсіктік сыртқы әсерден болатын (тек, нәсіл) бес қуатты меңгерумен төзімділік, яғни ерік, жігер, қайрат, сабырды меңгеру арқылы жетуге болатынын ескертеді. Аңғарымпаздықты меңгерген жағдайда сезімнің оған қызмет етіп адамның ішкі жан-дүниесін байыта алатынын да ескертеді. Демек, сезімдік ақыл-әйелдерге тән көру қасиеті  болса, аңғарымпаздық еркектерге тән естушілік, ұзын ақылға тән құбылыс болып, әйел еркекке бағынғанда да жан дүниенің, яғни семьяның, от басының жетілуі өркендеуі болмақ. Сол сияқты жынға шайтанды бағындыра білгенде ғана тұтастық қуатты алып оны дамытып көбейте де аламыз.

            Сонымен; «Ендеше, жан-дүниеміз ішкі құбылыстарға сезімнің көмегімен жетсе..»- олай болса біз әуелі жан-дүниеміз сезімімізді жетілдірмей тек аңғарымпаздық ақылмен жан дүниемізді де байыта алмаймыз. Әуелі біздер ойлау қабілетімізді, киелі рухтар әлемін, алтылық сапаны меңгеру үшін ішкі  сезімдерді көбейтіп өндіру қажет. Яғни, әйел халқы жетілмей саналық өсіп, еркектердің бәрі түгелдей ақылды болғанмен пайда бермейді екен. Себебі бәрінің орны, тұрағы жан дүниеміз-жанымыз болып шығады. Олай болса; «…өйткені аталмыш құбылыстарды ақылға бағындыруда да сезімнің аңғарымпаздығын пайдаланады..» Енді сыртқы қуаттарды қаншалықты мол меңгергенмен оны сезімнің қабылдай алу мүмкіндігі, қуаты аз болса, біздің логикалық қысқа ойлау қабілетіміз жетілмес, онда ұзын ақылды меңгереміз деген бар ынтамыз да босқа кетеді. Бұл жерде екі түрлі қуаттың да сапасы қатар дамып отыруы керек. Олай болса ұлттың тәрбиесі дін ұстаным тұрғысынан қазақ дәстүрінің өзге ислам елдеріне араптық ұстанымынан бұл тұрғыда әлде қайта озық және жетілген екенін де білуге болады.

Қазақта; «Әйелдің шашы ұзын ақылы қысқа» деген нақылда бұл әйел затын кемсіту емес, керісінше нақты жан ғылымынан баға беру, ерекшелігін, маңызын көрсету болып саналады. Сонымен қысқа ақыл жәндіктік, өсімдіктік, биоритімдік жиілікте сезімдік ақыл жұбайдан, ана сүтінен, діліміз болып сана қуатының ең басты құраушысы болмақ. Ал «Ұзын шаш» бұл 20 түрлі «аминокислота» қышқылдық негіздегі жын-шайтандық, яғни гормондық қуаттың жіңішке, әрі ұзын болуын оны кейде «байтал» деп жіңішке, қалың болып су жағасында өсетін ағашпен де атауда да осы ғылымдық негіз жатқаны сөзсіз.

            Сондықтан қазақ нақылында; «Төртеу түгел болса – төбеден, алтау араз болса – ауыздан кетеді» деп ретімен айтамыз да, көп жағдайда әуелі төртеуді түгелдеген дұрыс десек, енді біріміз алтаусыз төртеу түгел болмайды деп насихаттаймыз. Шынның жүзінде екі жағы да дұрыс, ал шындыққа жүгінсек екеуін де қатар меңгеру керек. Бар шатақ та осындай біздің ақылымыздың меңгере алмайтын екеуін де өздігінен толық қамти алу мүмкіндігінің шектелуінен де туындайды. Себебі алтауды меңгеру де христиан, будда, тәурат дінін меңгеруші халықтарында әдет-ғұрпы негізін құраса, ал төртеуді түгелдеу – сезімдік, жандық қуаттарды меңгеру құлшылығы исламдық елдерде әйелдердің тәрбиесіне, тиымына көп мән берумен «бес парыз» атты бірі жалған намазымыздың өзі осыған ғана, яғни төртеуге ғана тәуелді болып қалғанын аңғарудан қалып, ұлттық аңғарымпаздық қабілетіміз тежеліп қалғанын, сөзді бағалау, меңгеру, философиялық даналықтың өлгенін біле бермейміз. Керісінше, өзге елдердің сезімдік қуаттарды меңгеру қабілеті мен қасиеттік намаздары болмағандықтан «гендірлік» теңдік деген саясатқа жүгініп, яғни білім арқылы еркіндік, ерік беру, бұл қуаттарды әйелдер қауымын еркектермен теңеп дамытуға жетілдіруге болады деген ұстаныммен ол елдердің сөз, ой қуатын меңгеру намаздары, құлшылығы  білімге негізделген.

Олай болса, ақыл-ойдың күшіне тәндік болмыстың ерекшелігіне жүгінуден, ішкі сезімдік жан қуатын, қанды тазарту сияқты ұғымдар жойылып, ақырында өз ақылдарының жемісі, жинаған білімдері өздеріне дұшпан болып, әлем түгелдей рухани дағдарысқа түсіп жатқанын да аңғарудан қалдық. Сонымен осындай тек ұлтымыздың ішкі құндылығын ғана меңгерумен шектеліп, өзге елдерден бас тартып, ұлттық әдет-ғұрпымызды, тек қазақтық сипатымызды сақтау керек, ол үшін ныспың аты-жөнің де қазақша болып, «Ов» ты қоссаң орыс болдың, «кириллица» таңбасымен орысқа бодан болдың, өзге елдермен сауда-саттық жасап ортақ шаруашылық құраудан ұлттық сипатымыз жойылады  т.б. түрлі өздерін ұлтшыл санайтын білімді қоғамның өзара жауласып, елді басқару саясатын жаңғырту керек, алмастыру керек деген сияқты қазіргі кездегі жан айқайын, шынына келгенде жындылықтарын осы тұрғыда философиялық пайымдаумен қалай түсінуге болады? деп сұраңыз.

Бұл туралы Абай атамыздың 3-ші қара сөзіне тоқталсақ: «Қазақтың бір-біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғының, рас сөзі аз болатұғының, қызметке таласқыш болатұғының, өздерінің жалқау болатұғының себебі не? Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлде қашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейткеннен басқа ойының жоқтығынан, өзге егін, сауда, өнер, ғылым-содар секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді...» (3-ші қара сөз).

 Сонымен ең бастысы адал еңбек етпеген жалқаулықтан; қайратсыздық қайратсыздықтан; мақтаншақтық мақтаншақтықтан; қорқақтық туындап бұның бәрі арсыздыққа жатып, ал арсыздықтан қанағатсыздық, тойымсыздық, сұраншақтық, өнерсіздік және өзін ғана жақсы көрумен түрлі ағайындықты – алтауды араздастыратын махаббаттың жоғалуымен үш сүюдің маңызы да болмай, өзара дұшпандық шығады екен. Бұл біздің бүгінгі қоғамның дәл бейнесі, саясатшылардан бастап қарапайым ел тұрғынының арсыздыққа ұшырап, Алланы сүю былай тұрсын өзара бауырмалдылық, хақтың жолын, әділеттілігін, аруақ, білім меңгеру, «Өлі риза болмай тірі байымас» деген дәстүріміздің де жоғалып тек тұтынуға бейімделіп алып; ақырында сұраншақ, қанағатсыз болып алғанмен тұрмай кедей болудан қорқу, ұлт болмаудан қорқу, орыс болып кетуден қорқу, өзге елден дүние байлықтан артта қылып қоюдан қорқу, тіптен спорттан, ән салудан қыздарымыздың жалаңаш тән сұлулығынан қалыс қалсақ та қорқып, даурығып, өзара жауласудан тайынбайтын арсыздықтың барлық түрін, әдет-қылығын меңгеріп алғанымызды да аңғармаймыз. Мұны аңғаратын алтауын түгелдеуге тиісті философ ағайындарымыз да осы үшеулігін де жоғалтып алғаннан деп біліңіз.

Енді бұл – сана, жан қуатының негізі барлық қуаттардың да бастауы болып және адамзат несібесі әйелдік негізден бастау алатынын Жүсіп (Юсуп) сүресі осы қуаттың намазы, ғибраты болып шығады; Жүсіп пайғамбарымыздың;«Маған 11 жұлдыз, күн және айдың сәжде қалғанын көрдім» деген аят сырына үңілсек, үш түрлі жарықтық сапаның және оның 13 санына байланыстылығын білеміз. Бұл жазбаларда талқылап кеткен рухани қуаттардың себептік жайына қайта оралсақ; Адамның болмысы құпия және жария болып екі бөлінеді. Жариясына келсек, күнделікті көріп жүрген тәні, дене мүшелері. Құпиясы – адамның рухани күші.» Сонымен бізге тәндік жағдайымызды түсіндірудің де қажеті шамалы, ал рухани күштің жағдайын; «Адамның рухани күші екіге бөлініп, бірі қарекетке, екіншісі танымнан әсте босамайды. Қарекеттің өсімдіктерге, мақұлықтарға (жабайы) және адамдық екі түрі бар. Осынау бес қасиет түгелімен адам бойында бар және олардың көбі өсімдіктермен мақұлықтарға да ортақ!» Демек, біздің осы бүкіл жазба бойынша талқыланып келе жатқан «отсыз түтін» мен «түтінсіз от» аталған екі негізді рухани қуаттарға бөлініп бұл қуаттардың жалпы ұғымын іздеп, енді философияға жүгінсек; 

Ғылымда термодинамиканың бұлжымас екі заңдылығы бар. Термодинамиканың бірініші заңы; «Сырттан қуат алмай жұмыс істейтін немесе сырттан алынған қуаттың мөлшерінен артық жұмыс істейтін мерзімдік «двигетель», яғни қозғаушы күш жүректі жасау мүмкін емес.»

Термодинамиканың екінші заңы; «Нәтижесінде суық денеден ыстық денеге жылу формасында қуат беру шамасы болатын жаратылыс көзі болу мүмкін емес.» Шын жүзінде, біздің жер бетінің тіршілік әлемінде ғылым-біліміміз де осы екі заңдылық жүзінде дамып өсіп жетіледі. Ал шындығына келсе, оны екі заңға қарама-қарсы жүйенің (анти материя), жан ғылымына тән қуат көзінің екі түрлік сапасы бірін «Алтаудың бірлігі» —  сөз мінезі, қуаты болып философиялық даналықпен белгілі болса, онда екінші сипаты —  «Бес  сезімдік» «Үш қасиеттілік» қуаттар негізі болып шығады.

Сонымен; «отсыз түтіні» -танымдық болып, яғни адамзаттың санасына, ес, ақылына әсер беріп, ал «түтінсіз от»-қарекеттік қуаттарға жатады екен де, онда бүкіл біздің қылықтық, түрлі өнерді меңгеру, жындылық әрекеттеріміздің бәрі осы екінші қуаттан туындайды екен. Енді бұл бес қасиетті рухани қуаттар деп қарастырсақ, ал енді бес сезімдік жандық сапалы қуаттардың да насихаты үнемі үш сандарының онмен дәрежелеу сипаттарын; 13, 23; 33, 43; 53; 63; 73; 83; 93; 103;113 сандар тізбегінен сүрелерден өзара әрекетін, ғылымын да 11 рет қайталануымен меңгеруге керек екенін түсінуге де болады. Енді Абай атамыздың 43-ші қара сөзбен баяндап көрсеткен; «… Жан қуаты дейтұғын-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазуға уақыт сыйғызбайды. Бірақ әрбір өнердің тыстан тауып алып, ішке салғанын, соның тамырын берік ұстап тұруға жараушы еді…Бұл қуаттардың ішінде үш артық қуат бар, зинһар соны жоғалтып алу жарамас, ол жоғалса, адам ұғымы хайуан болады, адамшылықтан шығады…»  деген 3 қуаттық негізді Әл-Фараби атамыз; «Қарекетшіл интеллект өзіне ілескеннің бәрінен жоғары, ал сол қарекетшілдердің түгел басын қоссақ материалдық заттардан анағұрлым биік тұрар. Мұны үңги түссек, материалдық заттар қатарындағы аспан денелері табиғат әлемінен биік саналады. Ал, мұнан жоғарының санатына өзінің тіршілігіне себепшіні ғана жатқызамыз. Тіршілік иесінің мұндай себепшісіз болуының өзі ақылға сыйымсыз»

Енді тағы құранға жүгінсек Нұр сүресі осындай бар қуаттың зейнетке, тұтастық жарыққа айналуын көрсетеді. Сонымен 5 сезімдік қуаттың 3 тек «Ман» мен тұтастығы 8 түрге айналуын 3 қасиетпен дәрежелеп көбейтсек, онда осы 24 санды жарықтық сапасы шығады. Абай атамыздың 24 санды нұрдың түсінігіне жүгінсек; «Жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық дам бар, екі миллиондай қазақ бар. Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Үш миллионнан халқы артық дүниеде қала бар, дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген кісі толып жатыр. Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, ұрлық, өтірік, өсек, қастық қылып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен? Әй не болсын!…Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?» (24-сөз) Енді осы 200 қара қуатты рухани саналық қуаттарды 5 сезімдік қуаттарға бөлсек;200:5=40 саны шығып «Қызға қырық үйден тиым» деген қазақ дәстүрінің негізі пайда болады…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *