XX- Жын-шайтан және адамзат тегі. Нәсілдер мен ұлт құндылықтарының философиялық түсініктері

Бөлім: Адамзат тегінің рухани құндылықтары №7-к 1-бөлім 142

v\:* {behavior:url(#default#VML);} o\:* {behavior:url(#default#VML);} w\:* {behavior:url(#default#VML);} .shape {behavior:url(#default#VML);}

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

   Жоғарыдағы жазбаларда нәсілдік, тектік, жындық қуаттардың негізінде адамзаттың сыртқы әлемге қатынасы өзімен және қоршаған ортамен тұтастық, қайырымдылық, сұлулық, әділеттілік, пайдалылық тұрғысынан бағалап оны меңгере білумен тікелей қатысты. Сонымен бұл бес нәсілдік белгілер 4 түлік малмен және енді жандық қуат бас бармақтың көрінісімен белгілі болды. Төрт түлік малмен неге белгіледік? Егер де адамзат тіршілік ету барысында бұл қуаттарды өз еркімен меңгеруге құлықсыз болса, онда бұл жындық қуат негіздері 8 жылмен адам жасы 40-қа келгенше 5 рет жүктелу тиісті. Сондықтан «Қырыққа келгенде ақыл толу» кезеңі болып бұл нәсілдік белгілер әр адамның бойында пайда болып, оның кейбір сипаттары біреуде аз, келесі біреуде көп, кейбіреулерінде екі-үш нәсілдік белгі болып, адамзат мінезінің алуан түрлігін де, жындылық мінезін де білдіреді. «Бес саусақ бірдей емес» деген дана қазақ.

    Енді бұл қуаттардың бәрі бір жүйеге бағыну керек, яғни жандық қуат негізі бас бармаққа қалған 4 нәсілдік қуат қызметке тұру шарт. Тағы да бесінші қуаттың негізіне тоқтала кетесек; «Бас бармақ – жандық қуат; (Қария-Адам)-Тектілік.

Жандық қуат-тектілік Насыр; 2 көзбен маңдай ортасымен үш бұрыш белгі болып қалыптасатын, жүрек қан санауыштарымен миды жалғап тұратын, тағдыр жазуын басқарушы  жандық қуат көзі. Кейде оны «үшінші көз» деп те атайды, негізінен адам баласына көктен жаратқан тарапынан басқарылуда тұратын, аспан мүліктерімен байланыста тұратын, барлық белгілерді, білімдерді жеткізуші жан қуаты.» Сонымен мұндай насырлық белгісі, яғни маңдайында жұлдызы барлар дінде тақуа, мүмін аталып тылсымнан аян кітабы болу да керек.

Тәурат дін ұстанымында дін басшыларының маңдайына алтын табақша тағып алу салты бар. Осының өзі осы бесінші қуатты меңгерген деген белгі. Қазақта; «Баламның табанына кірген тікен маңдайыма кірсін» деп табан мен маңдайдың тікелей байланысы болып және адамзаттың күнәлі болмысынан ақталуы да осындай маңдайының жұлдызы жануымен байланысты. Қазірге таңдағы «Жұлдыздар» атап, біздер жалаңаштық, арсыздықты үлгі қылып жүргендерді, кез келген ән салған жас баланы, қатынды осындай дәрежемен атаудың өзі құдайға қарсы зұлымдық сөз болып табылады.

    Құдай ақтамаған тақуалыққа жеткізбеген пендесін «жұлдызды» «насыр» атап, «Жұлдыздар отбасы» деген жорнал арнаудың өзі құранды, Алласын мазаққа айналдырумен белгілі болмақ. Енді бас бармаққа назар салсаңыз екі бөліктен тұрып жоғарғысы «қайрат, ерік» төменгісі «ақыл-ой, логикадан» хабар беріп тұр. Сонымен бесінші текті меңгеру, бұл ақыл-ой қуатының толық жетілуімен, яғни 40-жаспен және «Лұқман» сүресімен 31;13 сандармен тікелей байланысты. Бұрынғы кездерде мұндай қасиетті, қабілетті меңгергендер садақа алушы және жұртқа жол сілтеуші, бата беруші болып саналған. Ата жолының да негізгі мақсаты осындай насырлық жұлдызы жанған аққу, сұңқарларды дайындау еді. Бірақ ол ел билікпен аруақ  білімі түгіл жын мен рухтың айырмасын білмейтін масһабшыл надандардың әрекетіне қазақ елі руханияты бұл екі күндік сипатын меңгеруде оншақты жылға кеш қалғаны да сөзсіз.

   Енді біз осы бесінші тектен бастап жандық қуатты жетілдіру намаздарын меңгерумен байланысты пайғамбарымыздың көрсетіп кеткен негізгі сопылық, тақуалық амалдарымен жанды жетілдіру қасиеттерін меңгеруді талқылай бастаймыз. Сонымен бесінші қасиетке текке дейін рухани, жындық, шеріктік қуаттарды ғана меңгерумен нәсілдік белгімен байланысты рухани құлшылық ісі болса, енді бестен бастап шайтандық ішкі сезімдік қуаттарды да меңгерумен ерекшеленбек.

Алдыңғы жазбаларда сол қолдың тек «конус» бұрышсыз мұнара түрінде бейнеленгенін ескерттік. Бұл сол қолдың жүрекке жақын болып ішкі сезімдік, яғни жандық қуатпен де тікелей байланысты болуын ескертеді. Құранда 6-сүренің шындықты меңгеруді сипаттап: «Ол сондай Алла, сендерді жердің халифалары етті. Сендерге берген нәрселерде сынау үшін дәрежелерде бір-біріңнен жоғары көтерді. Күдіксіз Раббың, жедел жаза беруші және шынайы жарылқаушы, ерекше мейірімді.» (6-165) Сонымен бұл алтыншы белгі тура жолға түсумен және белгілі бір дәрежені меңгерумен көрінісін беру керек. Қазақ халқының би, шешен, абыздық, қожа, төрелікті меңгерудің негізгі сыры осы «Алтауды араздастырмайтын» сөз өнерін, философиялық даналықты меңгерумен тікелей байланысты болмақ. Және бұл бастың ойлау қабілетімен тікелей қатысты болғандықтан Абай атамыз да; «…Мен жасымнан көп көрдім Мұсылман мен кәпірді…Осы оқумен намаздың Қай жерінде сауап бар? Тегін ойлап байқасаң, Мұнда ми жоқ, құлақ бар.» Енді сол қолды тұтастай бес негізді рухани қуаттардың адамның ішкі дүниесіндегі алған орнымен байланысты қуат негізінде қарастырып алтыншы текті меңгерудің сипатын Шәкәрім атамыздың алтыншы өлең насихатынан;

Баяғы атақты Айса тумай тұрып,

Криз деген хан болған дәурен сүріп.

Өктемдікпен зорайтқан патсалығын

Маңдағы нашар елдің бәрін қырып.

  

Байлығы, салтанаты жаннан асқан,

Ешкімнің обалына қарамастан.

Онан артық адам жоқ өз ойында,

Аспандағы күнменен өр таласқан.

 

Румда бір есті бар Салон атты,

Данышпан, тура сөзді инабатты.

Сол келді деп есітіп хан шақыртып,

Бірақ ғана сөйлесіп жауап қатты.

 

Криз хан сұлу еді жүзі нұрлы,

Кигені тым әдемі неше түрлі.

Салонға айтты:»Дүниені араладың,

Сұлу кісі көрдің бе өзім құрлы?»

 

Ол айтты: Сенен артық талай жан бар,

Мәселен: әтеш, тоты, хайуандар.

Қанша әдемі киініп қораздансаң,

Сонан артық болмайсың мұнымды аңғар!»

 

Ішінен хан ыза болып ашуланды,

Есті деп неге айтты бұл есалаңды.

Қазына, әскер, дәулетін аралатып,

«Көрдің бе,-деді,-мендей бақты адамды?»

 

Салон айтты: «Атнада бір кедей бар,

Не қылсаң да болмайсың сен оған пар.

Таза, еңбекшіл, азға да қанағатшыл,

Халқына да қиянатсыз қызмет қылар».

 

Шыдамай Криз айтты қатты ыза боп:

«Кедейді бақты деудің қисыны жоқ.

Қураған сорлы жақсы бола ма екен?

Онан менің емес пе тамағым тоқ?»

 

Салон айтты: «Ол кедей балаларын

Оқытып, зор ғылымды қылды бәрін.

Таза, еңбекшіл кедейден артық емес,

Мақтан үшін мал жиып тойған қарын».

 

«Ей Криз, сенен менің ойым бөлек,

Бұл дүние шыр айналған бір дөңгелек.

Өлімнің сағатына кірмей тұрып,

Еш адам «мен бақтымын» демеу керек!»

 

Салонды қоя берді өз жайына,

Өзінің көнбеген соң ыңғайына.

Аздан соң оның сөзін ұмытып кетті,

Басында батса-дағы шымбайына…

 

Криздің бір баласы асқан мықты,

Бір күні киік аулай аңға шықты.

Қолында мылтығы қапы тиіп,

Қаза жетіп өз оғы өзін жықты.

 

Сол кезде парсы ханы атақты Кер,

Жаннан беті қайтпаған шын қайратты ер,

Криздың астанасын шабамын деп

Қамады «не соғыс» деп, «не алым бер!».

 

Намыс қып соғысқанда әскер сайлап,

Оқ жауды екі жақтан нажағайлап.

Кер жеңіп, талқан қылып үй қазынасын,

Криздің өзін ұстап алды байлап.

 

Өлтір деп жендеттерге Кер бұйырды,

Қанаңы ортасында алып жүрді.

Кризды бәйтерекке байлап қойып,

Астына отын үйіп от қойдырды.

 

Қарады Криз сонда маңайына,

Құлаған, алтындаған сарайына.

Таланға қазынасы мен өлген әскер

Тағы да көзі түсті талайына.

 

Сонда айтты: «Қайран, Салон, келмедің ғой»

Сөзіңе бұрын ындын бермедім ғой,

Данышпан, қасиетті жан екенсің,

Аман бол! Енді менің өлгенім ғой!»

 

Бұл сөзді Кер есітіп аң-таң қалды,

Ағаштан, от сөндіріп, шешіп алды:

«Әлгіде айтқан сөзіңнің жайын ұқтыр»

Не себептен шақырдың Салон шалды?»

 

Мәнісін Криз айтты бастан-аяқ,

Бір сөзін қалдырмады некен-саяқ

Мен де осында болмауым мүмкін бе деп»,

Кер отырды ішінен Кризді аяп.

 

Тыңдап болып Кер түсті терең ойға

Ұқсаған өлік жатыр қабырға қойған.

«Бүтін әлем біз үшін жаралып па?

Бұл лайық емес екен-деді-бойға»

 

Сол оймен Кризді босаттырды,

Екеуі бір-бірінен кешу қылды.

Дос болып шығыныңды төлеймін деп,

Амандасып еліне қайта жүрді.

 

Мінеки! Нәпсіге еріп елдің жеген

Зарлайды қарғыс айтып талай неген.

Өлген кісі тіріліп бір сөзінен

Салонның күні бүгін аты өлмеген.

 

Аты қалды деп оны мақтамаймын,

Мен мақтанды артқыға сақтамаймын.

«Өлі түгіл тіріге мақтан теріс»,

Оны түзу дегенді жақтамаймын.

 

Салонның өзі өлсе де сөзі дұрыс,

Жастарды соны ұғуға қақпалаймын.

Адамның зор кеселді осы мақтан,

Бұл құрғырдан ешкімді ақтамаймын.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Ендігі ел билікпен зиялы қауым барды,

Мақтан мен дәрежені дүниемен бағалады.

Қазақты алты ауызы қуаты араз болып,

Сөздің құны түгіл арсыздық жаулап алды.

 

Криздей патшамыз бар білім білген,

Ақыл, білім арқылы ел билеген.

Ел байлығы халықтың артты еселеп,

Мақтанып күнде хабар жирендірген.

 

Өсиет сөздер қалған даналардан,

Сөз айтып уахи мен берген баталардан.

Қазақта сөз түсінер бір адам таппай,

Төртеу түгіл алтауың араз болған.

 

Адал еңбек қылған қазақта кедейлер бар,

Қанағат азға, таза еңбек бала оқытар.

Бұқарадан дәстүр, ғұрпын тартып алып,

Зұлым болды ел билік не шара бар.

 

Тегіңді қазақ түзеймін дегендер бар,

Әкесімен, өлілермен құрдас қылар

Арсыздыққа тиым салып шектеу қоймай,

Және ектіріп қызыңды мүгедек бала туар.

 

Ана тілі қазақта қатындарда діл әлсізді,

Ел басшы баланы да үш тілге мүжбүрледі.

Алтау түгіл бесеуін олар түгел алмай,

Мақтанмен мәңгі мәңгүрт құрмақ елді.

 

Құдайдан сұрау түгіл иманы жоқ,

Бес сезімді дінің бар бес парыз боп.

Дін білдің деп ақсақалды «Криз патша»,

Қамап қойып дейді ме екен сұрауы жоқ?

 

Алтаудың басын қоспай араз қылған,

Бүгінгі білімді болды ант ұрған.

Ар іздемей сөзде қандай ұғым болмақ,

Құдайдың сынына, азабына түстік содан.

(ақпан 2014 жыл)

     Сонымен қазақтың бүгінгі рухани алтаулық болмысын, яғни бес қуаттың алтыншы орынға келіп өзара қатынасын қалыптастыраған бұқара халық ішіндегі қанағатпен адал еңбек етіп, мал бағып, бала өсірген шаруалар болмаса жалпы білімді, зиялы қауым арасынан табу қиынға соғар. Болғанмен ондайлардың үнін шығармауға, сөзін тыңдатпауға арналған біздің ақпараттық жүйеміз, дін-насихатымыз, шығарған заңымыз қолдан құдай жасауға негізделдіп арты Криз бен Кер патшаның тағдырындай аяқталса оған да қуанар едік. Себебі, бұл жолы өзге елмен немесе басқа патшалықпен емес, өз аруағымен соғысып жатқан надандардың қандай қайғымен аяқталатынына біз әлі көз жеткізе алмаймыз. Себебі жүрегіміз жабық, құдайдың беріп жатқан белгісі, апатын көргенде қиналамыз да артынан тез ұмытып та кетеміз.

   Енді қолдағы көлденең сызықтарға көз жіберсеңіз, ең негізгі тағдырлық үш сызық пен  әрбір саусақтағы белдеулердің жалпы сызықтық саны 8 болып бұл сегіз діндік ақпараттарды белгілесе, ал әрқайсысын бөлектеп санасақ онда; 4х3=16+2=18+3=21; санымен ал екі қолдағы 21+21 =42 сандық мәнін беріп оған саусақтар санын қоссақ, 21+5=26;  42+10=52 сандық мәндерден де құран арқылы тура жол намаздардың барлық сырын да осындай қарапайым түрде бізге тағдыр қылып жазып беріп және масһаб білімінің тажалдық екеніне де көз жеткізуге де болады. Себебі, бұл тақуалық сопылық ұстанымдар негізінен рухани нәсілдік қуаттарды меңгерумен байланысты тәурат, інжіл, забур ұстанымдары болып табылады да, Мұхаммед пайғамбарымыздың өзінің пайғамбарлық, елшілік қасиетпен, яғни алтауы түгел болған табиғи даналықпен келуіне байланысты бұл құлшылық істеріне онша тоқталмай өтуіне, кейінгілердің мүлде оны ислам дінінен шығарып тастап, түйсіктік рухани қуаттарды тазарту, меңгеру намаздарын орындамай ішкі, сыртқы бес сезімдік, жандық қуаттарды меңгеруді бес парыз қылып адасуға жол берілді.

   Сонымен осы сандарды, тағдырлық жазуларды толық меңгерген Мұхаммед  пайғамбарымызда тек кісілік қасиеттілік, тұлғалық құндылық болып; «Мұхаммед ал енді үгіттей бер. Өйткені сен Раббыңның нығметі арқасында бақсы да, жынды да емессің.» (52-29) Яғни Мұхаммед пайғамбарымызда жын болған деген ұғымды ендігі масһабшыл, діншіл әлі қырыққа келмеген ақылы толмағандардың да; «Менде жын жоқ» дегенін күнде естуге болады. Сондықтан қиямет мезгілінде; «Жалған пайғамбарлар шығады» деген осындай өздерін намаз оқыса «намазхан», өлең айтып, хайуаннан асса жетілген адам санап,  «жұлдызы жанған-насыр» аталуынан да  осындай ұғымы өзгерген сөзді бұрмалап пайдаланушы әрбір пенденің жынды екенінде дау жоқ. Сонымен  тақырыбымыздың  негізі болған жын мен шайтандық яғни ер, әйелдік гормондық қуаттардың бірі ДНК,  екіншісі РНК негіздерін құрап, бұл қуаттардың теңдігін, өсіп көбейуін рухани киемен, жан негіздермен бірленуін қалыптастыра алмағанда, шайтан қуаты көбейсе доңызға, шошқаға немесе шошқа тектес арамнан жиіркенбейтін, бәрін нәпсі тұрғысынан бағалайтын пендеге айналып, ал жындық қуатты тазартып кісілігі қалыптаса алмағанда онда маймылға ұқсас сайқымазақ, тек өзге біреулердің ісін, көргенін, естігенін ғана қайталайтын білімді болған жағдайда тажалдарға айналуы да хақ. Осы тұрғыда Шыңғысхан бабамыз ер мен әйелдер құйрығына қарап гендік, тектік сұрыптау жұмысын да жүргізген деген хабар да бар. Яғни құйрығы қайқиған, тым өрескел жалпайған ер, әйелдерге таңба салып, дүниесін тартып алып, ауыр жұмысқа салып құйрық майын жағып, тегін тазартуға мәжбүрлеген екен. Қазіргі таңда мұндайлар еңбек етуге ынтасы жоқ, отырып алып дүние табуға құштарлар, керісінше жоғарғы орындарға ел басқаруға ұсынылатын болғаны да сөзсіз. Шәкәрім атамыз осы 6 түрлі ағайындық нәсілдік белгіні құйрықпен бейнелетінінен хабар беріп және сөз мінезіне де тәуелді екенін де насихаттап кетіпті. «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек»;

Ер қосқанға ұқсайды сөз сөйлемек,

Қисынын жымпитып қойсам демек.

Атқа тыныш, адамға жайлы келіп,

Көзге сұлу, өзі оңды болса керек.

 

«Ол қалайша ұқсайды?»- деп ойлама,

Байқарсың сөзімді оқып, қылсаң шама.

Ер мен сөзді қаралық салыстырып,

Біреуіне-біреуі ұйқаса ма?

 

Кей ердің алды биік, арты аласа,

Оны көрсем қаламын таң-тамаша.

Алды қоңқақ ерінің арты жалпақ,

Атты жауыр қылады-ау байқамаса.

 

Біреу сөйлер басында батыр шығып,

Жеп жіберер кісімсіп жерге тығып.

Ер жүректі еркекке жолыққанда,

Ыржың қағып, жалынып кетер ығып. (Шөмекей саусақ – жасырын қуат-Ақ нәсіл)

 

Кей ердің алды аласа, арты биік,

Мінбей жатып атыңды қылады иық.

Бас бітімі бәсеңдеу көрінсе де,

Адырайған артында болмас сиық.

 

Кейбіреулер басқы сөзін тым майда айтар,

Аздан кейін сөзінен көңіл қайтар.

Қалжыңдысып отырып ыза болып,

Көзі аларып, күресін адырайтар.( Кіші саусақ – ғарыштық қуат; (қой)-көк нәсіл)

 

Кей ер бар жанға жайлы, үсті жалпақ,

Жатып алар жалпайып, атқа салсақ.

Желдік салмай мінуге жарамайды,

Тегіс тиер оқпаны сонша талтақ.

 

Кейбір сөз аласалау, көзге сынық,

Көрінер, байқамасаң, мөлдір, тұнық.

Желдік салып, сұқтанбай, міне көрме,

Асты арам, үсті жатық, ол бір қылық.(Ортаңғы саусақ баршылық қуат; -Қара нәсіл)

 

Кей ер бар тар қосылған тақым қаппас,

Шаштай тартып қойсаң да атқа жатпас.

Ілгерінді –кейінді қоқаң қағып,

Ат арқасын ыспалап тыным таппас.

 

Мұны айтпай-ақ білерсің өздерің де,

Ондайларды көріп жүр көздерің де.

Қоқаң қаққан қолайсыз бір адам бар,

Байлау, матау болмайды сөздерінде. (Сұқ саусақ – қарсылық қуат-Көгілдір нәсіл)

 

Кей ерді сом қосылған дейміз тәуір,

Атқа жайлы болса да кісіге ауыр.

Бір желгізбей астыңа тақ-тақ етіп,

Мініп алсаң қылады қоңды жауыр.

 

Кейбіреулер тік айтуды қылады өнер,

Оның сөзі топастау, ащы келер.

Өршіл жігіт дегенге айтып салып,

Аузы –басы қан болып шыға берер. (Бас бармақ – жандық қуат-Тектілік.)

 

Атқа тыныш, адамға және жайлы

Алды-арты бірдей сұлу, көзге ыңғайлы.

Оғаш, оғат, оқыра, сызаты жоқ,

Ер қайда сыр-сымбаты түгел сайлы. (Алтау түгел даналық)

(Шәкәрім әулие)

****   ****

Енді бұл бес қуатты өнер арқылы тәрбиелеп және алтыншы сөз, сұқбати өнері арқылы алты ағайынды толық араздастырмай ұстап тұрудың да намаздық амалдары бар. Бұл амалдарды пайғамбарымыз өз үлгісімен сахабалар жолы атап» Сахабалар жолын ұстаныңдар» деген өсиетімен қазақтың Арыстан баба арқылы тікелей пайғамбарымызға жалғанып, Ясауи бабамыздың түркі дінінің әлемнің барлық дінінің қазығы болуына біліммен де, діни сауаттылықпен, намаздар үлгісімен де пайғамбар жолын жалғастырғаны да хақ. Әрбір нәрсенің өлшемі бар. «Алтауды араздастырмаған жағдайда ғана төртеуді түгелдей аламыз». Олай болса төртеулік құндылығымыз қандай деген сауал туындайды….

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *