v\:* {behavior:url(#default#VML);} o\:* {behavior:url(#default#VML);} w\:* {behavior:url(#default#VML);} .shape {behavior:url(#default#VML);}
Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}
( Жалғасы, басы1;- 18;-ші бөлімдерінде)
Раббымыздың; «Мен сендерге күре тамырларыңнан да жақынмын» деген аятын діншілер түрлі жорамалдармен құдайлық болмысты бәрібір адамныс тыс – жын, мүлде бөлек жаратылыс ретінде түсіндіруден діннің білімдік аясы мүлде тарылып христиандық діндерден төмен азғындықққа түсуге де себепші болғаны сөзсіз. Және ел басқару саласында да құдайсыздық, тажалдық білім саясатының әсерінен енді діннің осындай бейшара жағдайымен дүниеге де, ел биліккке де тәуелді басқарылуда тұрғаны да әрине тажалдық қауымға да қолайлы. Мұндай жағдайда дін басы ақпарат басына, ғылымға да надандардың басшы болып келуіне жол ашқандықтан енді қарапайым аяттың астарын түсіндіру жоғарғы лауазымдыға қарағанда ауылдағы қойшыға, шаруа баққан қазаққа түсіндіру оңай болып қалды. «Мен» деген құдайлық болмысты да Абай атамыз екі сапаға бөліп өлмейтін және өлетін деп ескерткен.
Сонымен құдайлық болмыстан алған «Мендік» қуат та екі сападан жаннан және киелі рухтан тұрып, ал адамның ақыл-ой өнімі болған өлімді «Мен» сипатымыз да осындай екі сападан тұрмақ. Құдайлық болмыс қанмен байланысты күре тамырдан да жақын болса, адамдық болмыстық «мендеріміз» қол, алақанмен бейнеленген аруақтық қуат екенін де білген жөн. Аруақ деген-«Қол» деген ұғыммен де егіз болып саналады. Біздің қолдарымыз ет пен сүйектен жаралса, ал «Аруақ» физикалық, химиялық, биологиялық өріс түріндегі оның қуаттық көшірмесі деп ұғынған да дұрыс. Қазақта тұрмыстық қолдануда жүрген атау сөздердің өз бағасын алмай атау сөз ұғымын дінші қауымның қабылдамай, дәстүрлі дініміздің азғындауына да себепші болған біздің философиялық мектебіміздің мүсәпірлік жағдайы мен зиялы аталған қауымның ұлттық намыссыздығы мен надандығынан ғана деп біліңіз.
Осы тұрғыда нәсілдік қуаттарды меңгеру, ұлттық сананы, рухани тазарудың ерекшеліктері мен намаздары тұрғысында өзіміздегі бар құндылықтарды мүлде жоққа шығарып, шет елдің әбден тозған, жетілдіруді, дамытуды қажет етін білімімен діннің ескі білімін сол қалпында алудан қазақ елі де өз рухани байлығынан айырылған, жұтқа ұшыраған елдер қатарын толықтырдық. Сондықтан «жын-шайтан, адамдық болмыс, тектілік» ұғымдарын біз өзіміздің қолымыздан, аруақтық мүшесінен ажыратып ерекшелігін анықтауды үйренсек, одан әлемдік тұрғыдағы жан, сана, рух сапалары туралы да терең философиялық ойларды да жазуға, айтуға жол ашылады.
Енді біздің алдыңғы жазбада 3-ші нәсілдік қуаттарды ең ұзын ортаңғы саусақ болып қара қуаттық, қара нәсілдік және Яғұс атты екі беттен шығып тұратын ішкі сырымыздың түйелік болмысымыздың сипатымен түсіндірдік. Және қазақ елінде ата жолы болып қасиеттілікті меңгеруде, жүктерді, қаралықтарды қуатқа айналдыру, емшілік істерін меңгеруге заң шығарып қарсы болған ел билік пен масһабшы діншілердің осы тек қара нәсілдік текті ғана меңгерумен шектеліп қалғаны қара нәсілдік қуаттың барлық салада өзінің қылықтық бейнесін көрсетіп жатқаны дәлелге жеткілікті. Неге десеңіз Ақ нәсілдік, көк нәсілдік қуаттарды тағдырға, мүшелдік жасымызға қарай меңгеретін ұлттық дәстүрімізді ұстанбаудан енді «Бес саусақ бірдей емес» деген аталарымыздың астарлы нақылының көрінісі қазақ елінде бес түрлі нәсілдік сипаттардың жеке-жеке жүктері дәстүр арқылы тұтастыққа айналмауынан, мұндай пенделер өзара бір-бірімен дау-дамайға, ақпараттық билікке таластыққа түсуге себепші болғаны да сөзсіз.
Осындай жағдайда ана сүтіне байланысты алдыңғы жазбаларда талқылап өткен үш нәсілдік қуатты да аз-көп бір меңгеруге, тазартуға себепші болатын 4-ші қуаттық негізді талдап көрейік. Шәкәрім атамыздың «Алты өлеңінің» төртіншісі қытай елінде болған жағдайынан мысал беріп кетіпті.
4. Сұқ саусақ – қарсылық қуат; (сиыр)-Көгілдір нәсіл-Яғұқ – екі иықтағы қолмен қоспасының арасындағы шұңқырлар арасына түзу сызық жүргізсек ұштарын көкірек асты шұңқырымен қоссақ үш бұрыш ішінен шығатын қуат. Бұл үш бұрыш алғашқы 3 қозғалыстың негізін – жын қуатының, ішкі бой ағашының тектілік шамасын да белгілейді. Қол бұлшық еттеріне және некелік тазалыққа да байланысты қуат періште және бұл негізінен еркектерде ана қанымен, сүтімен келетін «нағашы» болса, ал әйелдерде екі аяқ және балтырмен, табанмен байланысты болатын киіз қазықтық үйінің, сәукелесінің қалыптасуымен және жер ана рухымен, жермен байланысты қуаттарымен жыныстық қуаттың өнімділігін, ана сүтінің тазалығын да белгілейді. Әйелдер қауымының төсін үш бұрыштап кейінге кезде мүлде ашып тастауы да осы қуатқа деген құштарлықты, оған тікелей жалғанып азғындауға түсуге себеп екенін де біліңіз. Бұл «Екінші байлық-ақ жаулық», яғни әйелдер басымен тікелей байланысты болғандықтан және әйелдік (шайтандық) Қарсылық қуат-көгілдір нәсілге Шәкәрім атамыз; «Қол шатыр бұйрығы» деген өлеңмен;
Көзге күңгірт, ойда бар өткен заман
Бізден бұрын өтіпті бірталай жан.
Сол өткен көп заманның бір кезінде
Қытайды билеп тұрған Сан-Хо-Жи хан.
Көп болған өз жұртына шын мейірімі
Ел қамын ойлайды екен күндіз-түні.
Өз басына келгендей есептейді,
Халқына біраз ғана зияндыны…
……………………………………………..
Ол күні желсіз ыстық болды қатты
Күйдіріп тиген жерін шыдатпапты.
Қап-қара қолшатырдан өте шығып,
Тақсырдың тақыр басын шыжылдатты
…………………………………..
Сонымен патша бұл жағдайды түземек болып, халықтың бәріне тегін қол шатыр үлестіруді тапсырып, ал қол шатыр ұстамағандарды түрмеге қамап жазалап, ұлықтар халыққа қасқырдай тиіп орындағанын баяндайды.
Білу үшін шықса да хан көшеге,
Шатырсыз бір кісіні көрсін неге.
Баяғыдан ұлықтың қылығы осы,
Бүгін сеніп бола ма дүниеге?
Бұйрығын тез орындап ұлықтары
Мақтанып шен алғызған қылықтары.
Абақтыда жылаған шатырсызша,
Сорлы елдің тыңдала ма қылған зары.
Ұлтшыл деп сөгеді қазақ жасын,
Қорғау дұрыс емес деп әркім басын.
Көштен қалған қаңғырып қазақ жаяу,
Неге алдыңғы керуенге апармасын?
Бірақ қазақ ұлығы тек тұра ма,
Халқының кемшілігін толтыра ма?
Біз көрген Николай ұлығындай,
Онан әрі менен көп сұрама!
Философия оқулығындағы; «химериялық» этностың пайда болуы философияны теріске шығаратын (тажалдық білім) антижүйелер құрылуына әкеліп соқтырады» (258 бет) «Этносаралық интеграция да-тілі мен мәдениеті әр түрлі этностардың өзара әрекетін білдіреді. Осының нәтижесінде өзіндік сананың бірқатар ортақ элементтері мен сипаттары болып жаңа этоностың емес аралық қауымның пайда болуына әкеледі…» (философия оқулығы).
Қазақ елі ұзақ уақыт орыстың мәдинетімен өмір сүргендіктен бұл сиырлық қуаттық нәсілді сол қалпында қабылдап өз ана тіліміздің маңызын жою арқылы ендігі «жаңа қазақ», ел билеуші қазақ», «оппозиция, партия» атты этностық аралық қауымдардың пайда болуынан халықтың енді тыңдайтын ұлық та қалмағаны сөзсіз. Ал ел басшының бұл тұрғыда халықтың ұлттық құндылығын сақтаудағы берген шешімдерін орындауда алдына жан салмайтынын, ал қарамағындағы ұлықтардың жағдайы құдды бағзы қытай елінің ұлықтарының және орыс билігінің де қылығын қайталап тұрғаны да сөзсіз. Бұл ұлттық діліміздің, дәстүріміздің көрінісін беретін; Төртеуді түгелдеуге ана сүтінің, әйелдер қанының көрінісі, діліміздің бүгінгі жағдайымызды ашық баяндаудан мен 10 кітап жазып та үлгірдім. Түрмедегі пенденің жан айқайы ғана сияқты екені даусыз.
Сондықтан қазақ керуені өз уақытының заманының керуенінен әлде қайда артта қалып, оны қолдан тежеп отырғандар да өз ағайынымыз – сайлаған басшыларымыз, қолдаған ғалымдарымыз. Біздің қоғамдағы жалаңбас бастарындағы миы ашып қорғалмағандықтан, ақ жаулықтық байлығы қанында және жарынан да қан қуаты неке арқылы енетін бой зейнеті, қандық шарабы болмағандықтан мұндай ерлердің санасы мүлде жабық және партияны құдайлық бастау ретінде қабылдап, мемлекет діннен бөлек деген заң шығарып, жастарға қырғидай тиіп бәрін қамап және елдің ішінен білімді болған ұлтшыл болып, тегіңді қазақшалау керек деп халықты азғырған, латын таңбасын алсақ дербес ұлт боламыз, жас балаларға белі қатаймай өзге тілді үйретсе тегі мықты болады деген сияқты түрлі жындылықтарды насихаттап және оны орындауға жан салып жүргендер осындай тек көгілдір нәсілмен жүктеліп алғандар болмақ.
Мұндай жағдайда халықты қараңғылықтан жарыққа шығаруға көреген ел басшыларды дайындауға деген әрбір халықтың өз тәжірибесі, діні, дәстүрі, шежіресі де, даналықтары да бар. Бес саусақтық, бес қару қуаттың басын қосуға да осы бесінші қуат қалған 4 нәсілдік қуатқа үлгі өнеге көрсетіп және басқару да керек. Сонымен енді бесінші жандық қуаттың жайын талқылап көрейік;
5. Бас бармақ – жандық қуат;(Қария-Адам)-Тектілік.
Жандық қуат-тектілік Насыр; 2 көзбен маңдай ортасымен үш бұрыш белгі болып қалыптасатын, жүрек қан санауыштарымен миды жалғап тұратын, тағдыр жазуын басқарушы жандық қуат көзі. Кейде оны «үшінші көз» деп те атайды, негізінен адам баласына көктен жаратқан тарапынан басқарылуда тұратын, аспан мүліктерімен байланыста тұратын, барлық белгілерді, білімдерді жеткізуші жан қуаты. Тағдырда маңдайына жазылған жаратқанға қайтарып беруге тиісті негізгі аманат бастапқы үш қаракеттің ақылмен бейнеленуі болып, бастапқы «Ман» қуатының «Тәубе»-9-бен, «Мұсыл»-шомылудан, нұрмен жетілген, адам баласы періште болып түрленген «Мен»-нің негізі туралы «Үш сауал» деген әңгіме әулие кісі мен ел басқарушы патша арасындағы болған жайтты әңгімелейді; «Бір патша: «Үш түрлі нәрсені күні бұрын білген адам, бақытты болар еді деп, соны тауып берген кісіге көп сый беремін»,-деп жариялапты. Ол үшеуі: бірінші-«Қай істі қандай уақытта істеген жақсы?» Екінші-«Ең керекті кісі кім?» Үшіншісі-« Ең керекті іс не?» Осы үш істің жайын білген адам баласының жанының таза және әулиелігі де болу тиісті. Бұл тұрғыда мен де барлық жазбаларымда қазақ дәстүрінің маңызын дәлелдеумен келемін. Және «Үш істің намазы – мұсылмандық қарызың» деген өлеңмен де баяндаған едім.
Намаз деген, сөзді атаған тек діннің ісі,
Атау сөзді егеленген тек дінші кісі.
Намаз деген бұйырғаны жаратқанның,
Заманның талабына қыл деп жұмысты.
Бір патша ел басқарған даналықпен,
Заңдарын дінмен беріп әділдікпен.
Намаздың мәнін терең білдірмек боп,
Дұрыс жауап бергенге, сый бермекпін.
Халайық сендерге, бар қоятын сұрақтарым,
Үш нәрсені күні бұрын, білсе жауаптарын.
Амалын біліп, үш істің орындаса талаптарын,
Құдайдан алады, деп міндетті сауаптарын.
Бірінші – білсең қай істі қай уақытта,
Екінші – ең керекті кісіні біліп таңда.
Үшіншіден– ең керекті амалды орында
Осы үшті меңгергенге қонар бағы сонда.
………………………………………………………
Патшасы бұл елдің болған дана,
Таппағанын елдің жауап бұл сауалдарға.
Барып сұрап, алмақшы болды тақуадан,
Құлшылықпен жатқан таудың арасында.
Естіген ол кісінің қабылдап, ақыл берер,
Сәнденбей, шаруаның киімін киіп барып,
Сұрасаң жол көрсетер, қиыннан ақыл тауып,
Осылай патша жолға шықты, тауға алыс.
Көреді тақуаның жүргенін қазып жерді,
Алыстан байқады, ағашты егіп жүрді.
Жауапсыз сұрағына патша ағзамның,
Жұмысын жалғастырған қазып жерді.
Патша айтты шаршадыңыз, енді маған
Беріңіз, деді маған күректі жерді қазған.
Қолына алып күректі, еңбек қылды
Болдырғанша жер қазды, патша ағзам.
…………………………………………………..
Сол кезде тақуа қолымен көрсетеді,
Алыстан келе жатқан бір пендені,
Бүйірін қолмен басып келе жатқан,
Кісіге жәрдем бер,- деп ескертеді.
Патша ағзам, оны көтеріп үңгір кірді,
Жарасын жуып, тазалап, байлап берді.
Сол кезде есі кіріп, жаралы ердің,
Кешіріңіз, патша ағзам, дегенін естігенді.
Мен сені танымаймын,- деді патша,
Не үшін, кешірмекпін сені сонша?
Жаралы, бұл жағдайдың айтты сырын,
Өлтірмек боп, аңдығанын іздеп қанша.
Тартып алып бар мүлкін және жерін,
Өлтірткен патша ол кісінің әкесін,
Қаңғытып мұны кедей қылғаннан соң,
Жүргенін жол тосып, алмақшы кегін.
……………………………………………………
Патша да дұшпанымен арыздасты,
Кеш, деді күнәмді, қайтарамын қарыздарды.
Доқтыр жіберіп, жарадан жазғызамын,
Және өтеуге шығынды сарайға алғызамын.
Ал енді, деді менің берген үш сауалға
Қандай жауап бермексіз,- деді тақуаға.
Үш істің мезгілімен орындап намазын да,
Алғансың,- деді, бұл істердің жауабын да.
Егерде, сен менің жанымда қалмағанда,
Қолыңа күрек алып, жерді қазбағанда,
Ерте қайтып, жолға шығып кеткеніңде
Тап болар едің, дұшпанның оқ – ажалына.
Сондықтан, нағыз мезгіл бұл ісіңнің,
Болысқан кезің еді, керекті мезгіліңнің.
Құдайдан себепші боп, мұндай іске,
Мен болдым, ең керекті болған кісің.
Онан кейін, ең керекті болған уақыт,
Және де ең керекті болған ісің,
Жаралының дер кезінде қанын тыйып,
Және саған керекті болды осы кісің.
Бұл өмірдегі ең керекті болған уақыт,
Бүгінгі мезгіл болды, болған бақыт.
Құдайым ерік берген бос қып қолды,
Тәубені нәсіп қылып, бақ боп қонды.
Ерікті қылып босатып, бір Құдайым,
Мені іздетіп әкелген тілдестірген,
Ең керекті де дұспаныңа кездестірген,
Орындатқан намазды міндеттеген.
Жазылмаса бұл дұспаның, арыздастың,
Кешірім мен тәубеңе келіп, мақұлдастың.
Жазылса егер, ең жақының туысқаның,
Махаббатпен құлшылығың – болған хақың.
Негізгі орындайтын намазың – ісің болды,
Адамзатқа бұл намаз міндет болды
Жақсылықпен жамандықты кетірумен,
Үш істің басын қостың, енді иман толды.
*** *** ***
«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Осы үш сүю болады имани гүл,
Иманның асылы – үш деп міндет деп біл.
Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолына, малың түгіл.
Дін де осы, шын ойласаң, тағат та осы,
Екі дүние бұл шындық-хақтың досы.
Осыларды бұзатын және үш іс бар;
Пайда, мақтан, әуесқой – онан шошы.
Руза, намаз зекет, хаж – талассыз іс,
Жақсы болсаң, жақсы тұт, бәрін тегіс.
Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төрті
Қылғанымен татымды бермес жеміс.
Бас жоғары жаралған, мойын төмен,
Қарашы дене біткен ретіменен.
Істің басы – ретін танымақтық,
Иман білмес тағатты қабыл демен.
Имамдар ғибраттан сөз қозғаған,
Жақсы оймен иманды білді ойлаған.
Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай,
Сыртын қанша жуса да іші оңбаған…
Мүмін болсаң, әуелді иманды бол,
Пендеге иман өзі ашады жол,
Шын илан да, таза ойла бір иманды,
Мұнафиқ намаз қылмап па, мағлұм ғой ол.»
Бұл мысалмен, Абай ата мүміндіктің,
Тәубамен жан тазармай, сыры іштің,
99 махаббаттың таспихпен берген сырдың
Иманың – намазы, махаббаты үш сүюдің.
Ақылына Абайдың табыну болған хақың,
Үш сүюмен махаббатқа жалғанбақсың.
Үш сауал,- деп бұл насихатын ата жолдың,
Баяндайын және Шәкәрім әулие аманатын;
«Адамшылық іздесің, бұл жолға түс
Алдау қылма біреуге қиянат-күш!
Жетілсең де жемтік жеп, ел зарлатпа
Ар-ынсаптың сүйгені-таза жұмыс!»
Пайда, мақтан, әуесқойлық қиянат-күш,
Масһабың Құдай ісінсіз болмас дұрыс!
Құдай ісі, үш істі меңгеру, болған хақың,
Қазағым осы еді ата жолың — аманатың!
Абайдан бұл аманат саны қалды,
212 атты құранның аят мәні бар-ды.
Бұл мәнді жүйелеп көр дәрежемен,
Мүміндік 23 пен 32 саны болды.
Ата жолы, сырын енді білгің келсе,
Абайдан қара сөздің мәнін көр де,
Құраннан аят, хадис санмен белгі,
Насихаты, ата жолдың, діннен үлгі.
Ел басшы, дінде басшы, ғалымдар көп,
Дін ісін Құдай ісінен айырғаны жоқ.
Дін ісін, шариғатты жол атағанмен
Құдай ісі ата жол – дәстүрсіз иманда жоқ.
Ел биліктің мақтаны игі жақсылар бар,
Дәстүр-салтын артында қалдырғандар,
Үш сүюдің намазын түспен білмей,
Ата жол хикметін қудалады көзіне ілмей.
Ата жол – мезгіл ісі Құдай түсірген,
Заманның намазы еді, елің сүйген
Пенделерді арамнан тазарт деген,
Кісіңе жалған, деген кітап білген.
Әлемнің барлық халқы таба алмай,
Замана намаздарын орындай алмай.
Жиналып жыл сайын кеңес құрған,
Дегендей, жол көрсетер кісің бар ма-ай?!
Мақтаны бар, ел биліктің бермес пайда,
Шақырғанмен әлем жұртын әрбір айда,
Ата жол аманатын күшпен тиып,
Шайтандық заң шығарып қылған айла!
Құдайдың азабы, лағынеті күнде түсіп,
Жесір мен жетім саны жатса да өсіп.
Ел билік пен жақсыларға болды мақсат,
Естілік намаздары – тек шен мен атақ!
Осындай, қазақ елім заман болды,
Сансыз білім меңгергендер дана болды.
Сананы бастан іздеп, рух деп жанды,
Имамың қырыққа толмаған бала болды.
Жабылып билік, дінші хазірет ақындарың,
Ясауи, Абай-Шәкәрімдей асылдарын,
Надандар ашқызбай қойған ақиқатын,
Әлемнің тура жолы білімін хақиқаттың.
Дінші, ғалым кітап артқан есектерге,
Санасызға санмен айтып түсін дейтін,
Арсыздық салтыңа көтерген етектерді,
Қияметі Құдайдың – 7 жылдық есеп келді!
Сонымен ұлттық құндылық негізі – жандық сипатымыз тектіліктің, қазақ халқының қанына сіңіп діл біліміне айналып үлгірген қасиеттіліктерін меңгеру жолын философия ғалымдарының өзі білмегесін, яғни ұлтымыздың дайын салып кеткен жолын меңгеруге қадам баспағасын, қалған білімді қауымнан не сұрау бар? Ел басымыздың бұл текті шала меңгергені сондықтан «Қай істі қайдай уақытты істеген жақсы» деген сауалдың жауабын жақсы меңгеріп елімізді әлеуметтік тұрғыда жетістікке жеткізуге де себепші болғаны хақ. Ал екінші – «Ең керекті іс не?» деген сауалдың жартылай ғана жауабын тауып, керекті кісіні де білмегендіктен, ел билігі зиялы қоғамындағы бітіспейтін тартыстар, жемқорлықтар, діндегі адасушылықтың да туындағаны сөзсіз.
Мұндай тұрғыда ең керекті кісіні, яғни 6-шы текті меңгергендер уәзір, сұлтандық қызмет арқылы ғана мұндай сынақтан шығуға болатынын да қайта-қайта жазып жатқан жайым да бар. Сонымен бес қаруын сайлап, өнерге қызмет қылдырып алтыншы тектіліктің қалыптасуын «Алтауын өзара араздастырмайтын» сипаты қандай болмақ?..
Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран телогиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/