XVII- Жын-шайтан қолы және ман тегі. Нәсілдер мен ұлт құндылықтарының философиялық түсініктері

Бөлім: Адамзат тегінің рухани құндылықтары №7-к 1-бөлім 114

v\:* {behavior:url(#default#VML);} o\:* {behavior:url(#default#VML);} w\:* {behavior:url(#default#VML);} .shape {behavior:url(#default#VML);}

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

Жалғасы, басы 1;-16-бөлімдерінде;

Жаратылыс әлемінің ішкі сырын, терең түсінігін меңгеру арқылы оның біздердің уақыттық да, ақылдық та шамамыздан тыс тұрған сыртқы болмысын болжап біле аламыз. Ал, түп жаратушымыздың қандай жаратылыс екенін біз анықтай алуымыз мүмкін емес. Сонықтан бізге белгілі болған негізгі тәңірлік сипатын барлық жаратылыс әлеміне байланысты әсерлері мен өзгерісіне, біз өмір сүрген ортадағы пайда болған хикметіне қарай ғана құдіретті күш екенін ғана ақылмен болжаймыз. Ал, енді біздей адамзатты жаратудағы мақсат «идеясын» құдайлық сипатынан анықтауға болады дейміз де, бірақ біз құдайды көріп, ақылмен барлап біле аламыз ба? Әрине жоқ. Сондықтан жаратушының құдайлық сипатын жаратқан «Жар+ат+қан», «Жар»-жарық нұр, «Ат»-қозғалыс сипаты, күш қуат, «қан»-жан негізі, саналық қуат дегендей қозғалыс басы үш қуаттың негізі екеніне ақыл тоқтатамыз. Енді адамның осы бастапқы құдайлық «идея», яғни таза ақыл әлеміне қатынасынан адамзаттың құндылық қасиеттері де пайда болмақ. Бұл құндылық қасиеттердің сан алуан түрі сипаты болып және адамзаттың оны толықтай меңгеруге мүмкіндігі де жетпейтін болғандықтан, оны тағдыр деп аталған жоба арқылы жер әлемінің барлық халқына несібе ретінде шашып қойып, түрлі ұлттардан, рулардан адамзаттардың бір-бірінен тәжірибе алмасуы, жақсылықтарын үйренуі арқылы құндылық қасиеттерді жетілдірудің жарысын, қағидасын  дін деп атаған жөн.

Сонымен бірге мұндай жоғары құндылыққа қарама-қарсы жамандықты жаратып өлім деген ғылым арқылы біздердің жинаған құндылықтарымыз жаманы – төменге, жақсысы – жоғарыға көтеріліп, жарыққа айналып, құдайлық болмысқа «идеяға» таза ақылға қосылып өсіріп отырмақ. Сондықтан әлемнің жарықтық сапасы заман, дәуірлер өткен сайын кеңи түсуде. Яғни, әлем өсуде. Пайғамбарымыз; «Адамзат күнәдан пайда болады» деп ескертіпті. Адамзат тағдырмен берген күнәлық болмыстан тазару арқылы ғана «Адам» болып бастапқы сапасына айналу керек.

Олай болса құндылық қасиеттер жалғандықтан тазару, ажыратылу арқылы ғана жүзеге асады. Демек, адамзаттың жаратылысында құдайлық құндылық та, жалғандық күнәлік болмысы жын-шайтан да бірге болады. Енді Әл-Фараби атамыздың философиялық тұжымдамасына жүгінсек; «Адамның болмысы құпия және жария болып екі бөліндеді. Жариясына келсек – күнделікті көріп жүрген тәні, дене мүшелері. Құпиясы – адамның  рухани күші.» Сонымен бізге тәндік жағдайымызды түсіндірудің де қажеті шамалы, ал рухани күштің жағдайын; «Адамның рухани күші екіге бөлініп бірі қарекетке, екіншісі танымнан әсте босамайды. Қарекеттің өсімдіктерге, мақұлықтарға (жабайы) және адамдық екі түрі бар. Осынау бес қасиет түгелімен адам бойында бар және олардың көбі өсімдіктер мен мақұлықтарға да ортақ!».

Демек, біздің осы бүкіл жазба бойынша талқыланып келе жатқан «отсыз түтін» мен «түтінсіз от» аталған рухани қуаттарға бөлініп оның «отсыз түтіні» -танымдық болып, яғни адамзаттың санасына ес, ақылына әсер беріп, ал «түтінсіз от»-қарекеттік қуаттарға жатады екен де, онда бүкіл біздің қылықтық, түрлі өнерді меңгеру, жындылық әрекеттеріміздің бәрі осы екінші қуаттан туындайды екен. Енді бұл бес қасиетті рухани қуаттар деп қарастырсақ, ал енді жандық сапалы қуаттарға және Абай атамыздың 43-ші қара сөзбен баяндап көрсеткен; «… Жан қуаты дейтұғын-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазуға уақыт сыйғызбайды. Бірақ әрбір өнердің тыстан тауып алып, ішке салғанын, соның тамырын берік ұстап тұруға жараушы еді…Бұл қуаттардың ішінде үш артық қуат бар, зинһар соны жоғалтып алу жарамас, ол жоғалса адам ұғымы хайуан болады, адамшылықтан шығады…»  деген 3 қуаттық негізді Әл-Фараби атамыз; «Қарекетшіл интеллект өзіне ілескеннің бәрінен жоғары, ал сол қарекетшілдердің түгел басын қоссақ материалдық заттардан анағұрлым биік тұрар. Мұны үңги түссек, материалдық заттар қатарындағы аспан денелері табиғат әлемінен биік саналады. Ал, мұнан жоғарының санатына өзінің тіршілігіне себепшіні ғана жатқызамыз. Тіршілік иесінің мұндай себепшісіз болуының өзі ақылға сыйымсыз».

Сонымен жерден биік тұрған жаралыс әлемі біздің материалдық тәнімізден анағұрлым биік тұрған аруақтық болмысыз бар болып, оның да үш деңгейлік сипаты да болмақ. Яғни, бүкіл қуаттардың жиынтығын – адам өмірінің соңғы нәтижесін материалдық жағдайдан рухани жағдайға ауысуын аруақ деп атағанымызда ешқандай қателік болмас. Сонымен тақырып басындағы жын-шайтан қуаттары гормондық түрленуден бастап адамдық болмыспен бірігу арқылы осындай (5;3) 8 қуаттық негізге айналып шығатыны да сөзсіз.

Енді құранға жүгінсек барлық қуаттардың өзара қатынасын; «Мұхаммед көрмедің бе? Шәксіз Алла (Т) көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ 4-ші Алла, әлбетте 5-тің алтыншысы Алла. Бұлардан аз, я көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді. Шүбәсіз Алла, әр нәрсені толық білуші.» (58-7) Сонымен жер, көк барлық жағдайда да осы 8 түрге байланысты оның жұп, пары болмақ. 24-сүренің Нұр болып саналуы және бұл (8х3=24) болып таралуынан да барлық қуаттардың тұтастығын көреміз. Сондықтан, енді бұл аяттағы адамзатқа тұтынуға өзіне рухани қуатқа жалғануға арналған тұтастай сегіз сипатты қуаттың адам тіршілігі арқылы жаны тазарып ақталмағанда қылықтық, білімді, ілімдік ақпараттық жағдайының «түтінсіз отпен», яғни суық қолмен араласуынан адамзаттың аруақтық бейнесі жындар тобына айналмақ. Бұл жындар тобы негізінен «түтінсіз от» болып қазақта «қара кісі», «пері» деген ұғымдарға сәйкес келіп Ғиса пайғамбарымыздың насихаты бойынша 8 түрлі жындық болмысы болмақ. Сондықтан бұл қуаттарды бірлеу қағидасын, яғни құдайлық істерін меңгеру құранда 16-шы (8+8) сүремен толық баяндалған. Сонымен бұл 16 сипаттағы қуаттарды меңгеру арқылы ғана «Сабыр» атты қуатты меңгеру, яғни тақуалықтың да негізі болмақ.

Қазіргі масһаб діншілерінің жалпы ислам әлеміндегі «шерік» қосу деген қорқынышқа айналдырған ұғымдық атау сөзі ақылды қазыққа байлап қоюдың бар амалы да осы санды қуаттарды меңгеруге, жүктелуге де байланысты туындайды. Аятта: «Сендерге сегіз түр жараттым» деп және мұны құрбандық малымен де байланысты ұғынудың қазақ дәстүріне ата жолына байланысты меңгеру құлшылық амалдары да Ясауи бабамыздың тарихат, мағрипат және ақиқатқа жету тақуалық, сопылық намаздарының негізінде 8 дін жолы амалдарымен 9-шы болып қазақ дәстүрі шариғатпен бірленгені де хақ.

Енді пайғамбарымыздың да бес түрлі қасиеттермен бес түрлі адамзатты жолдан тайдыратын күнә істерден сақ болуды Абай атамыздың; «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» деген насихатының негізі сегіз түрдің бес қуатты жын қуатына байланысты болса, ал үш қуаты қан, сана «интеллекттік қарекет», жан қуатының басты қарекет себебіне жататынын ескере отыра әуелі; күш, қайрат, еріктік, яғни тектік жағдайдың қалыптасуын талқылап көрейік. Сонымен алдыңғы жазбада «этнос», яғни «нәсілдік» сипаттағы адамзатқа жер әлеміне ортақ белгінің әр ұлттың ерекшелігіне байланысты қалыптасатын рухани жындық қуаттарды аятта; «Олар зор айлакерліктер істеді. (22)Және олар; «Тәңірлеріңді тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғұс, Яғұқ және Насырды әсте тастамаңдар» деседі. (23) «Расында олар көпшілікті адастырды. Раббым! Сен де залымдардың адасуларын ғана арттыр.» (71-24).

Бұл қуаттардың адам тәніндегі және рухани өміріндегі жағдайын «Ар мен Ман және Уақ қуаттары» деген 6-шы кітапта баяндап өткенмін. Және болашақта бұл құпиялардың әлем ғалымдарына да түсінікті болуы үшін адам тәніндегі орындары мен сызықтық бейнелерін де көрсетіп баян қылмақпыз. Сонымен енді бұл негізгі жындық қуаттардың негізімен нәсілдік қуаттардың өзара әрекеттесуі бірлігінен қандай рухани адамдық болмысы өзгеріске түседі?-деген сауалға жауап берсек;

             1)Уад— төбедегі ет пен тері және ми қабатымен арадағы бүкіл адам терісінің және ми жұмысының жетілуі жағдайына тәуелді балшықтың (гельдің, гелийдің, альфа сәулесінің) қалыптасуынан бөлінетін қуат. Бұл қуатты басты жылы ұстап сақтаумен шаштан бөлінетін ферменттермен әрекеттесу арқасында нұр жарық болып, әйел затында басты қоршап тұратын қорған нұрға (жаулық, ор-амалға) айналса, еркектерде дулыға және басында айналып тұратын қауырсын тәріздес қанаттар пайда болады. Бұл қуаттардың толық періштелігінің қалыптасуымен адам баласының ақыл-ойының көкпен, ақирет өмірімен байланысын (антенна) қызметін де атқаратынын ескерген жөн. Уад-Көк нәсілмен байланысты бірленіп адамзаттың ойлану қабілеті құндылығын қалыптастырады.

             2). Суағ – көкіректен екі емшек ұштарының арасын сызықтық белгі жүргізсе осы қуаттың шамасы, өлшемі шығады. Бұл негізінен адам баласының таразы, мизан өлшем қуаты болып саналады. Еркектерде бұл қуаттың шамасы төсінің өлшемі мен иықтың арасының теңдігінен байқалады. Ал әйел затында емшек көлемі мен оның ара қашықтықтарының қатынасына байланысты және төс көлемі құйрық көлемінің 4\1 болып, кеуде арақашықтығы таразы ортасы кең және қашық болып, төсі өте үлкен болмай, шағын бір қалыпты болған сайын өмірге қасиетті ұрпақ әкелу мүмкіндігі мол болмақ. Бұл қуаттың көңілдегі (шайтан) жан  нәпсісін қалыптастырумен де байланысты болып әйел заттарының көкірегін төсіне дейін ашып және төсі үлкен болып, екі емшек арасының жабылуынан жанында шайтандық, нәпсілік, қызғаншақтық, көре алмастық сияқты түрлі жаман қылықтар мен мінездерінің пайда болуымен және көңіл суының бұзықтығын көрсетеді. Бұл жағдай бұрынғы өткен нәсілдердің шоқыну әдетінің көрінісі болып есептеледі. Сондықтан Раббымыз; «Бүркеншіктермен (орамал ұшымен) кеуделеріңді жауып жүріңдер» деп қатаң ескерткен, яғни адам көзімен әйелдің ішкі сыры төсінің, кеудесінің сипатына байланысты оқылып, білінетінін астарлы түрде білімін білдірген.

Сол сияқты әйел затының шалбар киіп барлық зейнет сызықтарын көрсетуі де осындай тылсымнан шерік қуаттарының бой өрісіне еніп, мінез-қылықтарының азғындығы мен жыныс тазалығына кері әсер беретінін де білген жөн. Суағ-Ақ нәсілдік ана сүтімен, діл білімімен байланысты ұлттық құндылықты қалыптастыруға көкіректегі 7 без орындарымен байланысты болып, ақ нәсілдік сипаттың азғындығынан әйел халқындағы төс обырының пайда болуы да қанның азуы тектің жоғалуымен тікелей байланысты болмақ.

3).Яғұс— 2 беттен жалын болып бөлініп тұрады. Бұл бой және жыныс қуатының жетілуімен ар-ұят сана қуаты қалыптасып, «бойжеткен» аталып, жетілген қыз балаларда ұялған кезде қызарып көрінетін нұр болады. Жалпы бұл жыныстық бездермен және адам баласының ұяттылығымен, парасаттылығымен байланысты. Ал, әйел затының жыныстық алдыңғы белгілері «арай жап» зейнет сызықтарымен және жатыр мүшесінің (ағашының), құйрық майларының тазалығымен де, балтырмен жалпы 40 түрлі жан үйлері, бездерімен негізгі зейнеттелетін орны сан болып және табанмен де байланысты болып әйел беті нұрланып тұрады. Сондықтан аталарымыз келін таңдағанда; «Келіннің аяғынан» деп, жүріс-тұрысының жеңілдігімен, жамбас, құйрық майларының қалыптылығымен, бетіндегі нұрына қарап баға берген. Қыз баланың періштелік нұры осы қуаттың тазалығына тәуелді болып бет жүзінен нұр шығып тұрады. Сондықтан әйел затын беттен ұруға болмайды деп ескерткен. Ал, бұл қуаттың арлылықтың (ар сауытының, бойдың)  әлсіреуінен немесе мүлде болмауынан қазіргі таңдағы қыздарымыздың да, қатындарымыздың да беттері жара-жара немесе қара-сұр болып, тәндерінен зәр иісі шығып, тәнінің кенелеп, бүршіктеніп тұруынан жатыр, жыныс мүшелерінің улануын, қандарының азуын, сан, балтыр еттерінің иістеніп, тұз қышқылдарының өзгеруімен, 40 үй (домен) бездерінің шайтан орнына айналып (кене) иістеніп, шіруін де білдіреді.

          Яғұс-Қара нәсілдік рухани қуатпен байланысты болып, күш, қайрат спорттағы жетістіктер, батырлық қабілеттермен бірге адам баласының тез қартаюы, еңкейіп бүкшиіп қалуымен, түрлі хайуандық қылықтармен белгілі болмақ. Әйел халқының да бала туу қабілетінің жоғалуы немесе шошқа тәрізді ештемеден жиіркенбейтін бүгінгі замандағы жын-шайтандық болмыстары да осы нәсілдік белгісінің ерекше өріс алуынан пайда болады.

4).Яғұқ – екі иықтағы қол мен қоспасының арасындағы шұңқырлар арасына түзу сызық жүргізсек  ұштарын көкірек асты шұңқырымен қоссақ үш бұрыш ішінен шығатын қуат. Бұл үш бұрыш алғашқы 3 қозғалыстың негізін – жын қуатының, ішкі бой ағашының тектілік шамасын да белгілейді. Қол бұлшық еттеріне және некелік тазалыққа да байланысты қуат періште және бұл негізінен еркектерде ана қанымен, сүтімен келетін «нағашы» болса, ал әйелдерде екі аяқ және балтырмен, табанмен байланысты болатын киіз қазықтық үйінің, сәукелесінің қалыптасуымен және жер ана рухымен, жер қуаттарымен байланысты  жыныстық қуаттың өнімділігін, ана сүтінің тазалығын да белгілейді. Әйелдерде бұл жатырдың көрінісін үш бұрышты «штанды» бейнелесе, еркектер бұл қуатты неке арқылы әйел кеудесінен бөлінетін алатын көңіл сумен зейнелеттеледі. Сондықтан аталарымыз: «Сұлулығына су құйып ішесің бе?» деп ескертуі осы қуаттың (шарап ішетін) тостаған болып жетілгендігіне байланысты несібе екенін ескерткен. Бұл жағдайдың ғылымын інжілде Ғиса пайғамбарымыз әйелдердің қанын үш түрлі шарап деп астарласа, ал ғылымда «Винный уксус» деп атайды. Бұндай қуат әйел затының да еркектің де балтыр сан мүшелерінің де сұқ көздерден қорғалып, сұқтанбағанына және неке арқылы жыныстық қатынас арқылы 5-пен 6-ның алмасу қуаттарына көңіл суына да, тамақтану және зат алмасу әрекеттеріне де тәуелді болмақ.

Әйел затының балаға беретін сүті де негізінен 4-ші және 2-ші қуаттарға тәуелді. Ал бала көтеру мейірімділік, махаббат сияқты ізгі сезімдер 1-ші және 3-ші қуаттардың толысу нәтижесі болып табылады. Яғұқ-Көгілдір нәсілдермен байланысты болып адам баласының қандайда бір ақпараттарды меңгерудегі қабілеттілік, тік мінезді, ұлтшылдықты, бір-беткейлікті де қалыптастырады. Қазақ ұлтындағы саясатпен айналысқан жалпы ел билеген қауым арасындағы ұлтшыл ағайындарымыз бен европаның салтын алып ақылшы аталған түрлі шаруашылық саласын меңгеріп депутат, министр болып жүрген қатындарымыз да осы нәсілдік, жындық топқа жатады.

5). Насыр; 2 көзбен маңдай ортасымен үш бұрыш белгі болып қалыптасатын, жүрек қан санауыштарымен миды жалғап тұратын, тағдыр жазуын басқарушы  жандық қуат көзі. Кейде оны «үшінші көз» деп те атайды, негізінен адам баласына көктен жаратқан тарапынан басқарылуда тұратын, аспан мүліктерімен байланыста тұратын, барлық белгілерді, білімдерді жеткізуші жан қуаты. Тағдырда маңдайына жазылған жаратқанға қайтарып беруге тиісті негізгі аманат бастапқы үш қарекеттің ақылмен бейнеленуі болып, бастапқы «Ман» қуатының  «Тәубе»9-бен, «Мұсыл»-шомылудан, нұрмен жетілген, адам баласы періште болып түрленген «Мен»-нің негізі. Негізінен ішкі 3 кісіні басқарушы көктен келетін рұх егесі. «Төртеу түгел болса – төбеден келер» деп алғашқы төртеудің түгелдігіне тәуелді түрде адам баласының естілік қуатын қалыптастыратын білім көзі болып табылады. Енді осы бес қуат ошағы 3 ішкі негізгі (жан, қайрат, ақыл) арлылық, кісілік қуатпен аяқ арқылы жер бетіндегі  қырық белгі шілтен арқылы араласып, қырық ырыс және бір кісі белгісін құрайды, яғни негізгі жер ана рухынан келетін 40+1 бес қуатың негізін құрайды да 7 күн, жарықты, атқарушы қарекет иесі қолды, яғни аруақты қалыптастырады.

Бұл қуат негізінен жандық қуатқа – періштелікке, кісілікке негізделген Насыр-Тектілікті бейнелейтін ақылдылық, даналық, барлау, болжау мен бағыттау қабілетін жетік меңгерумен байланысты қазақта «Төре», «Қожа» немесе Әбу-насыр, Қожа насыр деген де атпен білгілі болмақ. Әлем философтарының іздеген «супер этнос» «пассионарийлер» аталған ұлттық құндылықты қазақ жұрты ислам діні пайда болмай тұрып-ақ меңгергені, әлі ашылмай жатқан шежіремізде де, түрлі жерден қазып алынған мұрағаттарда да таңбалармен, белгілерімен баяндалып тұрғаны да хақ.

Енді біз қандай жағдайда да діншілердің немесе білімді қауымның «Ов»-ты алып тастап тегіңді қазақшаласаң текті боласың, «Кер» таңбасынан құтылып орыстан қашып «латын» таңбасымен «көк нәсілді» боламыз деген барып тұрған ақымақтық және надандық болып шығады. Себебі, бұл бесеуін реттілігімен меңгермей, яғни бес қуатпен толық жүктелмей «Насырлық-Тектілік», «супер этностық», «төре, қожалық» құндылық пайда болуы да мүмкін емес.

Сондықтан да біздің философтарымыз бен білімді қауым өкілдері түгіл, әлем философиясының бүгінгі заманда әлі шешілмеген сұрақтарына нақты жауапты15-ғасырда өмір сүрген Өтейбойдақ  Тілеуқабылұлы  атамыздың «Шипагерлік баян» атты кітабында жан өнімдеріне байланысты пайда болған 5 қуаттың нақты аты мен бағытын, алмасу жолдарын сызықтық бейнелерімен  көрсетіп, дәлелдеп  кеткенінен мысалға алуға болады. Енді сол  атамыздың ғылыми негізіне сүйенсек: Қандай да бір  қуат күштерінің соңғы нәтижесі де түрленіп бейнеленуі де адам тіршілігінің тіршілік қимыл-қарекеттің, ой толғамның түйіні болып, адам жанының өнімдерінің келесі бір көрінбейтін кеңістікте өз орнын алып бейнеленуімен белгілі бір денеге, рұқ қабына ие болумен нәтижеленеді. Сондықтан бұл нығметтердің сипаты тек Алланың жанынан, құдірет қолынан түсірген несібе мен нәсіптік  ризық терімнің  ұштасып жарасуы болып табылады. 5 қуат періштелерінің қазақша танымы: 1.Жандық қуат;  2.Қарсылық қуат; 3.Ғарыштық қуат; 4.Ғайып жасырын қуат; 5.Баршылық қуат; Енді бұл қуаттардың адам жан-дүниесіндегі атқаратын жұмыстарын тергеп көрсек;

          1.Жандық қуат– «Насыр», «Тектілік» — ана жатырында пайда болған мезеттен бастап пайда болып, жетіліп-туылып, есейіп ер жетіп, ғұмыры қанша болса да, жер бесікке түскенге дейін табиғи жаратылыстық денелік, тұлғалық, бітістік қуатының түйіндік қисаптық, сандық айқындығы болып, ол Алланың несібелерімен адамзаттық нәсіптік өзегіндегі туылмалы, шешімді қасиетті қуат – жан қуаты болып табылады. Бұл қуаттың негізі діл білімінен, яғни ана қанындағы 11 жұлдыздың ата шауқатымен келетін 5 сезімдік қуаттардың өзара байланысып араласуымен пайда болады. Негізгі тәндік бейнелеуі – ауыз, белгісі – екі көз болып табылады.

2.Қарсылық қуат–Яғұс-Көгілдір нәсілдік ризықтық несіптік жиналатын, толатын, толықтырылып тұратын қуат болып жан қуатын іркілікссіз, толассыз толықтырып, молықтыратын нәсіптік ризықтың адамға бұйырған мөлшерінде сақталатын, сақтаулы тұрған көлемде болады. Бұдан тыс қарсылық жан қуатына кейде тірек, кейде зиян болғанымен сырқаттың қарсыласуын, науқастың қорғаныс қуатына ықпал етіп пенденің тәуелділігін аурудан қорып, науқастан айықтырып тұратын игілікті, ізгілікті жаралыс арқауы болады. Негізі – көз, белгі – тіл болып табылады.

3.Баршылық қуат— Яғұқ-Қара нәсілдік-әр адамда шама-шарқына қарай болатын қуат. Тән бітіміне қарай болатын қуат. Тек бір кісілік мінездік қимыл-қарекетін айқындайды. Тұлғалық қуат, мүшелік қуаттардан қосылады, шегі бар. Бұл қуаттың шегі іс-қимылға байланысты. Дене шынықтырумен шұғылдану, өнер білім осы қуаттың белгісі болады. Көп қимылдап еңбекпен шұғылданатын пенде мен көп ұйықтап тек тамақ жеумен шектелетін пенде тең емес! Оны өсіріп тежей отыратын несіптік ризықтың іс-қимыл қарекетіне тәуелді болып табылады.

4.Ғарыштық қуат – Уад-көк нәсіл— әр күнде пенделік нәсіп теріп өмір сүру дәрежесіне жойылып, жоғалып отыруы шарт болған шығындық жазымға ұшырауы шарт болған, жойылып кетуге тән қуат болып табылады. Ол адамзатты пенделік тіршілікте несібелік іс-әрекеттер қимыл, жан үшін жан таластағы барлық қуатты желеп-жебей отырып тозатын сипаттағы қуат болып табылады. Ғарыштық болмаса пенденің тіршілік іс-әрекеті болғанмен мәнісін жоғалтып, өмірде жол байланып бақытсыздыққа ұшырайды. Бұл қуат – Алланың жазуы. Адамзат әбден шаршап шалдыққанда, тығырыққа тірелгенде өзін құрбандыққа шалып Алланың жазуымен жандық қуатты өз дәрежесінде сақтап қалуға тырысады. (Нұрдың өшуі) Негізі – көз, ауыз. (Белгі – соқыр болу. Тәбет жойылу.)

5.Жасырын (ғайып ) қуат –Суағ-Ақ нәсілдік-адамзаттың Алла әр пендесіне жасырып, бітістік тұлғасына қарай біткен және пендеге өзі білмейтін көмес, жасырын бұғып тұрған қуат болады. Ол  адам ерекше шошып жол таба алмай немесе төтенше кектеніп кеткенде, бөлекше ыза болғанда, өзі осылай істеп кете аламын-ау деп ойламаған, көрген адамды таң қалып жағасын ұстатып, әр қандай адам пендесі істей көрмеген, істей алмайтын істі тындыратын қуат көзі. Қазақта арқасы бар дейтін осы жасырын қуатты еркімен, аруақпен байланыстырған. Негізі – көз, белгісі – құлақ. (Ақ құлақ, қатты құлақ деп атайды.) Алда әлі талай қайта оралып отырамыз осы бес қуат көздеріне. Енді осы бес қуат көзі әр пенденің оң қол саусағымен белгіленген;

1.Бас бармақ – жандық қуат;(Қария-Адам)-Тектілік.

2.Сұқ саусақ – қарсылық қуат; (сиыр)-Көгілдір нәсіл

3.Ортаңғы саусақ – баршылық қуат; (түйе)-Қара нәсіл

4.Кіші саусақ – ғарыштық қуат; (қой)-көк нәсіл

5.Шөмекей саусақ – жасырын қуат;(жылқы)-Ақ нәсіл «Бесік баласы бес түлейді» деп қазақта баласының саусағын санап ойнатқан. Бас бармақ, балалы үйрек, ортан түйнек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек деп сосын алтыншыдан алақан ортасын басқан. Әр саусақтың саулығын да астарлап;  шөмекей саусақ (5)- сен тұр жылқыңа бар, кіші саусақ (4)-сен тұр қойыңа бар, ортаңғы саусақ (3)-сен тұр түйеңе бар, сұқ саусақ (2)-сен тұр сиырыңа бар, бас бармақ (1) – сен қария, үйде жат. Енді осы төрт түлік малдың қуаттық шамасымен сандық мәніне келсек, тағы құран ғылымы шығады.  Бала ғайыптан өз мінез ерекшелігімен келеді – Алла береді. Ғайыпты көре білген дана қазақ, қарапайым теңеулермен тылсым құпиясын да бала бойына санмен сіңіре білген. Құран үгіті бойынша төрт түлік малды құрбанға шалудың да осы қуаттарға тәуелділігін көрсетеді.

Қазақ елінде жасырын төртінші бақсылық қуат ерекше дамыған. Сондықтан әулиелер де, аруақты бақсылар да халқымыздан көп шыққан. Бұл қуаттың төртінші саусақпен байланысты — көктік  несібе деп европа халқынан келген үрдіс неке жүзігін салу, яғни жұптасуымен жыныс-жын қуатын меңгерумен байланысты екенін көрсетеді. Сондықтан бұл қуатты меңгеру үшін қойды құрбандыққа шалу және інжіл жазбалары, хаж, зияраттау бойынша қой құрбандығы мен шопандық қазақ салт-дәстүрлі дінінің негізі 4-ді түгелдеу болып саналады. Тәураттықтарға біліммен қарсылықты жеңу үшін сиырды бұйырған. Арап елдеріне намаз оқып жанды өсіруге және жаратылыс нәсілдік мирас болып келе жатқан жындылық мінезді тәрбиелеу, жер анамен көкті жалғастырумен негізінен түйені бұйырған. Бесінші қуат жылқымен байланысты – Алла жолында соғысу және өлген адамның асына арнаулы жылқының құйрығын кесіп, құрбандыққа шалу қазақтың бір салт-дәстүрі, діні болып ерекшеленеді. Сондықтан жер жүзіндегі халықтардың ішінде бесінші санды жылқыны ерекше қадірлеген, адам баласының ішкі сезімдерімен байланысты қасиетін де біліп қадірлеген тек қазақ халқы болар. Ерекше жағдайда «Ақ боз атты» құрбандыққа арнауда да біздің негізгі «Ақ арыстық» тектік ерекшелігімізде тұр.

Енді саусақтардың көрініп тұрған буындарына назар аударсаңыз негізінен 4-саусақ 3-бастапқы қозғалыстың жаралыс басы 3 негізді қуатпен  байланысты болса, ал бас бармақтың екі буыннан тұрып және жүрекпен байланысты болу себебінен екі негізді дәрежеленуші иман қуаты, яғни сана қуатының негізін құрайды да, сондықтан оны Адам атамызбен тікелей байланысты «қария» үйде жат деген ішкі екі «Мен»-нің, яғни жанның белгісі болып табылады. Енді бұл қуаттардың барлығында тырнақ арқылы қанмен байланыстылығын әшкерелеп тұрғанынан негізгі жан сыры пайда болады. Сондықтан аятта: «Алла сендерді тірілтіп, саусақтарыңның ұшына дейін жинауға құдіретті!» деп ескерткен.

Әрбір жаратылыс нәрсесін жұп қылып жараттым деген жаратқанның үкімін үнемі естен шығармай, бұл бес қуаттың сол қолмен байланысты жұбы ақирет әлемінен  келетінін ескеріп, осы негізгі ислам әлеміндегі, әсіресе арап елдерінің басын ала қашып «серік, ширик» деп айдар тағып, өздерінің меңгере алмағанымен тұрмай мыңдаған жылдар әлем елдерін азғырған масһаб т.б. діни топтардың негізгі жалауына айналып, оны қазақтан шыққан өз арамыздан шыққан дін ғалымдарымыз ұлттық ата-салт дініміздің тажалдан да қауіпті дұшпандарына айналып, елімізді рухани надандыққа тәрбиелеуде үлкен соғыс ашып, бұған сырт елдерден жәрдем беріп миллиондап қаражат жұмсап, том-том кітаптар жазып жатқаны даусыз. Бұл қуаттардың адам баласына жаратылыстан бастап кәмелеттік жағдайға жеткенше тәрбие, тәлім және еңбек арқылы сіңіріп қалыптастыратынын, зейнеттелетінін жоғарыдағы аяттағы «Бес артық» (18-95 (113) болып саналып, барлып жаратылыс әлемімен тығыз байланысты болатынын Шәкәрім атамыз; «Анадан алғаш туғанымда, Жыладым неге дыбыстап. Кіндік кесіп қинағанда Анамнан кеттім алыстап. Ақ бұйымға орап алғанында, Құндаққа қойды таңып сап. Жып-жылы суға салғанында, Денемді әбден арулап. Емуді қайдан үйрендім тап, Емшектен сүтті сорғанда. Кіш-кішке неге күлдім ұнап, Үш айлық бала болғанда?(1) Бір түнде жылап дамыл бермей, Ояттым неге анамды? Емізген мені қиын көрмей, Алды ғой демей мазамды. Ақ сүтке әбден тойғанымда, Аштықты ұмыттым анықтап. Жылауды мүлде қойғанымда, Ұйқыда күлдім шалықтап. Туғанда кейіп, жыладым мен, Сездім бе өмір сырларын? Өмірді сүйіп, ұнадым мен. Білдім бе мұндай қырларын. Аспанда көріп жұлдыз бен ай, Ер жетсем дедім: соны алам. Ата-ана қалды аһ, дариға –ай, Күн болды Жермен ата-анам(2). Жылылық, жарық нұрын беріп, Сездірген атам-Күн(3) шебер. Балына қосып уын(4) беріп, Өсірген анам-қара Жер(5).».

 Осылай Күн мен Жер қуаттарының ата-ана мен ананың ақ сүті арқылы қалыптасатын осы қуаттық ерекшелікті суреттей келе; «Табылмас анық азат адам, Жаралыс билер заманды, Көрсетер мұқтаж, азап саған, Тартқызар өмір жазаңды. Кәрілік жетсе аяу білмей, Жас өмір келмес қайтадан. Бұзылмай өлмей, өзгерілмей Қалады дейсің кім аман?». Сондай әлемге үстемдік еткен Зұлқарнайындай патшалардың да түбі тозып, бұл қуаттардың өлімнен аман қалуы екі талай деп ескертумен: «Еңбекке шыда, ебін тап та, «Сабырдың түбі – сары алтын». Өзімшіл болма, көпті ардақта, Адамның бәрі-өз халқың. Ынсап пен мейірім, әділетті, Жаныңдай көріп, жан сақта. Ол жолда өлсек, неміз кетті, Мақсұтқа жетпей қалсақ та. Залым боп елді қырсаң-дағы, Қожаңыз себеп болмай ма? Патса боп қанша тұрсаң-дағы, Бір күні ол дәурен солмай ма?.». 

Осындай адам баласын бақытты да, бақытсыздыққа да апарып соқтыратын басты себеп осы тәңірлік бастауды ерте замандарда да адам баласына себептік әсерін біліп, анықтап сонан түрлі пұттарға табыну әрекеті де қалыптасқан. Енді осы сыртқы әсерлер мен ішкі қуаттар арасындағы қатынастардан белгілерін және бұл періштелік бастаулармен ара қатынасымызды анықтап көрсек……

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *