XV- Жын-шайтан қолы және ман тегі. Нәсілдер мен ұлт құндылықтарының философиялық түсініктері

Бөлім: Адамзат тегінің рухани құндылықтары №7-к 1-бөлім 122

v\:* {behavior:url(#default#VML);} o\:* {behavior:url(#default#VML);} w\:* {behavior:url(#default#VML);} .shape {behavior:url(#default#VML);}

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

    Алдыңғы жазбаларда оқырманға қысқаша болса да адамзаттың мәңгілік серігі болған жын-шайтан қуаттарының гормондық сипатқа айналуымен және тәндегі бұл қуаттардың жетімсіздігінен немесе аз, көп теңдігі бұзылуынан сырттан келетін бұл қуаттардың өрістік сипатының да шерік, яғни әскер болып ену мүмкіншілігі де арта беретінін жадыңызға тоқып алыңыз. Енді біздің бұл дүниелік тірлігімізде үш түрлі кеңістік жиілігінде де өмір сүре алатын ең жоғарғы құдайға ұқсас орынбасары – адамдық  болмысымыздың маңызын да білу керек.

Негізінен әйел мен еркектің өзі бір жаратылыс, тамақ ішуімен барлық рухани азықтық жағдайы бірдей болғанмен, ал өрістік қабілеті мүлде қарама-қарсы болып келеді. Біздердің киімдегі түймелердің қадалуынан-ақ ерте заманғы әдетімізге сүйеніп сол кезден-ақ әйел еркек өріс жиілігінің ағымдық қозғалысы да екі бағытта болып, әйелзаты жерге қарай бағытталаса, еркектің құйынды өрісі көкке қарай бағытталатынын да ескерген жөн. Сол сияқты негізінен шайтандық жиілік өріс, яғни белоктық қуатты жинауда әйелзаттары сәйкес болып, ал жын қуатының қозғалыс күші және білім ақпараттарын тасымалдаушы және еркек жиілігімен де сәйкес болмақ.

Осындай тұрғыда екі түрлі, үш түрлі кеңістікпен тікелей байланыста тұруымыз да шартты. Неге десеңіз, әйел мен еркек материалдық заттану тұрғысында азықтық қабылдау, есту, көру, ойлану, сезімдік, түйсіктік жағдайда тең бір жиілікте қабылдай алғанымен, ал сырттан келетін ақпараттық өрістерді қабылдауда екі түрлі жиілікте болмақ. Сондықтан барлығы үш жиілік болып, әйелсіз еркекке, еркексіз әйелге сол сияқты жын мен шайтан қуаттарының да ер-әйелдердің тәндерінен орын алуымен көбейеді, не бір-бірімен қосылуымен адам баласының жынды немесе жіңішке мінезді шайтан болып шыға келуі де ғажап емес.

Біздің жанымыз өте нәзік төменгі жиілікте – жарықтық, жаннатық жиілікте болса, ал рухани болмысымыз аралық байланысшы және тасымалдаушы себептік сипатымыз —  малдық,  ақшалық рухани тіршіліктік өріс жиілігімен де байланысты өміріміз де бар. Бұл орта жиіліктегі сипатымыз арқылы біздер барлық жаратылыс жер мен көк арасы және табиғат әлемімен де байланыста боламыз. Қазақта;  «Жас кезде білім тасқа жазылады, орта жаста құмға жазылады, үлкейгенде суға жазылады» деген философиялық ойдың астарында осы үш жиіліктегі ақпараттық білімді ескерткен. Таумен, жермен және сумен, теңіздермен, көкпен байланысты үш түрлі тылсымдық өмірдің бар екенін де білген жөн.

Сонымен бірге біздердің материалдық тәндік сипатымыз бұл биологиялық, химиялық, физикалық тұрғыдан қарағанда жер әлемінде бар нәрсесімен жәндіктер әлемімен байланыста тұрамыз. Осындай үш түрлі сипаттық қуаттарды жанға, ақылға бағындыру арқылы енді біз ең жоғарғы жиілік «абсолют» ақылға – Құдайлық нұрға, «идея, шабытқа» жалғанамыз. Бұл сырды аятта; «Үш кісі сыбырласса төртінші менмін, бес кісі сыбырласса алтыншы менмін» деп ескерткен. «Мен» осы «абсолют» ақылмен байланыста тұратын бастапқы бізді өсіруші жан «махаббат» негізі болып табылады.  Ал біздің материалдық және рухани болмысымызды басқарушы жанды өсіру махаббатты жетілдіру – адамзаттың табысы, сынағы да болып табылады.

Сонымен алдыңғы тақырыптарда жеке-жеке талдай жатамыз, еркек, әйел бір тұтас және аралық тағы некелік қуатпен «Муж и жена – одна сатана» деген орыстың мақалының өзі үш түрлі қуаттық шамамен бір тұтасқа айналған адам баласы және жындардың бірлігі болып; «Төртеуді түгелдеу» төртінші негізге жалғану болып саналады. Яғни, адамзат пен жындар (шайтан қуатымен бірге) біртұтас жұлдыздық жарықты құрау керек. Қазақта үш жүз деген ұғымның үш арыстың да ерекшелігі осыдан шығады. Және; «Ұлы жүзді қауға бер де малға қой, орта жүзді қалам бер де дауға қой, кіші жүзді найза бер де жауға қой» деген бұл құлшылықтың осындай қуаттарды тазарту және намаз орындаудың шарты екенін де білгеніңіз жөн.  Үш жүздің екі жүзі (ұлы жүз, кіші жүз) жын мен шайтан яғни сезімдік, қандық сипатты тазартумен пайда болса, ал бір жүзі (орта жүз) қалам, тағдырмен, кітап алумен байланысты біздің құлшылығымыздан, яғни түп негіз махаббаттан тұрмақ.

Махабаттың 100 сипатының 99-ы ар білім болып табылатынын және оның басым бөлігі иманнан тұрып, ал иманның жартысы ұяттан тұратынын да баян қылдық. Сонымен ар білімін меңгерудің де басты қарсылығы болған жын-шайтандық күнәлі болмысымызды тазарту – көбейтумен ғана мүмкін болмақ. Осы тұрғыда біз қандай жағдайда болмасын бұл қуаттар негізін күнделікті азық арқылы алып, жын қуаты бұлшық еттері мен сілекей қышқылы, дәреттік қышқылдар арқылы өсіп өнетін болса, ал шайтандық қуаттар негізінен «паразит» ашытқы және ақ уыздың, «белоктың» көбеюімен, қанның пайда болуымен де тікелей қатысты болмақ.

Бірақ адамзат тек тамақ арқылы ғана өзінің тіршіліктік күш-қуаттарын қамтамасыз ете алады деген білімге жүгінудің өзі тажалдық болып табылады. Мұндай жағдайда дінді де, руханияттық өмірімізді де жоққа, түкке алғысыз қылған боламыз. Адам баласы күнделікті өзара ақпарат алмасуға, сөйлесуге, музыка тыңдауға, өлең айтуға, тербелістік, дыбыстық, үндік қуаттарға мұқтаж болса, бұдан басқа біздің жанымыз ұйқы кезінде таза шындық ақпараттармен жүктеліп, өзіндегі ескі ақпараттардан тазаруға, ұйқының және түс көрудің де маңызы өте зор екенін де білген жөн. Сол сияқты біздің сыртқы өрісіміз, аурамыз (7 өріс), өмір қабымыз үнемі ағынды, құйынды қозғалыста болып сырттан келетін өрістермен жалғанып тазарып, жүктеліп тұруы да бізге күш-қуат, түрлі әсер шабыттар беруі де сөзсіз. Бұл жағдайды дінде намаз оқумен, ораза ұстаумен, зекет, садақа қайыр жасаумен – сауап деген қуаттар арқылы алуға болатынын мойындауға насихаттағанмен, бұл рухани қуаттардың енді екінші жағы да, зейнеттік яғни өмір қабы, өрістік сипаты  барын көп жағдайда діншілер де ескермейді. Сонымен бірге аятта; «Төбеден және табаннан жейсіңдер» деп жер ана рухынан және көктен де енетін нәсілдік қуаттар түрі де бар. Бірақ барлық жаратылыс себебін, қозғалыс негіздерін де тіптен махаббатты да жұп парымен жаратқанын үнемі естен шығармай отыру шартын философтар да, дін ғалымдары да есептен шығарып алған.

Сондықтан да барлық шатақ та жалғыздық аксиомасында тұрғанын біле бермейміз. Егер қандай да бір жаратылыс себептерін жалғыз деп санап, оған ғана табынатын болсақ, онда құдайлық сипатқа айналып, құдайға серік қосу деген ұғым шығады. Мұхаммед пайғамбарымызды ғана «Мұхаммед оның елшісі» деп табынумен, қалған пайғамбарлардың сүннеттерін алған кітабын орындамайтын, яғни үлгі қылып табынбайтын болсақ, онда серік қосушы боламыз. Сондықтан аятта; «Тәурат, інжілді және пайғамбарларға түсіргендерді білмесеңдер түк емессіңдер» (5-68) деп қатаң ескерткенін де білген жөн. Негізінен бұл жын-шайтандық қуаттар туралы философиялық пайымдаулар менің ойымнан шыққан емес, бұрыннан біздің ата-бабаларымыз меңгеріп, тек астарлы түрде ғана насихаттап, ал осындай ашық ақпарат беруден адамзат мүлде басқа жаққа адасып кетер еді. Сондықтан бұл да біздің қоғамдағы адамзатқа берілген құдайдың нығметі деп те түсіну керек.

Сонымен дінді тек пайғамбарларға кітап түрінде түсірген Мұхаммед пайғамбарымыздан басқаға ислам дінінің қағидасы, шариғат үкімі де болмаған десек, онда біз құранға да аяқ астынан ортақ қосып Алламызға да, ғылымына да қарсы болмақпыз. Ислам діні де барлық діндерде бастан бар және оның жұбы көптеген елшілерге, философ даналарға, абыздарға белгілі болып қазақ елі ежелден исламдық даналықтармен өмір сүре білген. Тек намазды орындау, дін құлшылық істерін ғана кітап түсірілген пайғамбарлардан алып толықтырып отырғаны да даусыз. Сонымен діннің жұбы болған философия ғылымын – дін білімі деп, философиялық сөз даналығы десек те қате емес. Нанбасаңыз философия оқулықтарын мұқият құранмен, інжілмен, тәурат, зәбүрмен салыстырып оқып шықсаңыз болғаны, көптеген қазіргі таңдағы ислам ғалымдарының, ел билеушілер мен әлемді қалай бүліншіліктен құтқарамыз деп басын қатырып жүргендерге әлде қашан жауабы дайын болғанын, тек философтар дін оқулықтарын, яғни дін білімін меңгере алмай, керісінше дін білімі барлар философия білімін зерттеуге шамасы жете алмағанынан да көрініп тұрғаны  хақ. Сонымен екі аралық үшінші жағдай, яғни «Ілім мен білім ортасын таппасаң бүлін» деп пайғамбарымыз да; «Әр нәрсенің ортасын ұстаныңдар» деген астарлы өсиетіне сәйкес, осы екі білімді қауымның ортасында тұрған діни сауаттылықты меңгеру қазақтың дәстүрі болып, осы уақытқа дейінгі шешілмеген барлық жұмбақты біздің аталарымыз әлде қашан намаз орындау (оқу емес), яғни салт-дәстүрге айналдыра білгені да сөзсіз.

Енді тереңірек үңілсек; Ғылымда термодинамиканың бұлжымас екі заңдылығы бар. Термодинамиканың бірінші заңы; «Сырттан қуат алмай жұмыс істейтін немесе сырттан алынған қуаттың мөлшерінен артық жұмыс істейтін мерзімдік «двигетельді», яғни қозғаушы күш жүректі жасау мүмкін емес.»

            Термодинамиканың екінші заңы; «Нәтижесінде суық денеден ыстық денеге жылу формасында қуат беру шамасы болатын жаратылыс көзі болу мүмкін емес.» Шын жүзінде, біздің жер бетінің тіршілік әлемінде ғылым-біліміміз де осы екі заңдылық жүзінде дамып өсіп жетіледі. Ал шындығына келсек, оны екі заңға қарама-қарсы жүйенің, жан ғылымына тән қуат көзінің барлығын біле бермейміз. «Сендерге отсыз түтін, түтінсіз от жіберемін, құтыла алмайсыңдар» деген аяттың құпиясы да осы екі қуаттың барлығын растайды. Отсыз түтін, сырттан қуат алмай және өз қуатының мөлшерінен артық жұмыс істей алды да, біздің барлық шамадан артық жасайтын істеріміз, азғындығымыз, соғысу, түрлі жын-ойнақпен байланысты іс-қимылдардың бәрі осы «шайтан қолынан» туындайды. Және бұл қуаттардың адамзаттың шамасына қарай да жүктеліп, өңделіп адамзаттың хайырлы жақсылық іс-әрекетімен, дін құлшылығымен, тақуалық ұстану әрекетімен де тазарған сегіз түрі де жаратылыста болып, ол арқылы қандай да бір аурудан, азаптан, жамандықтан құтылуға болатынын да білген жөн. Сол сияқты түтінсіз оттан, яғни салқын оттан біздер өртеніп жанып, азапқа түсумен бірге шамамызға қарай; «Уды У ғана қайтарады» дегендей жүктелумен өлшеп алсақ, біздің тіршілігімізге пайдалы қуат көзі болып, ұлттық сапамызды да арттыруға болатын жандық иммундік қарсылықты да жетілдіруге мүмкіндік пайда болып және бұл қуатсыз тіршіліктің болмайтынын білген де жөн. Бұл туралы құранда астарлы аят та бар.

Бұндай жалпы біржақты дін ұстанымымен шіркеулер мен мешіттерде бес парызға айналдырып алып негізгі жүктелу, тазару, ақталу сияқты намаз орындау дәстүріне қарсы шыққанмен, бұл  тұрғыда әлем философтары қалам тартып көптеген шешімдерін де тауып, ғылым-білімінің түрлі жағдайда адамзаттың жан-күйін (психологиялық) жағдайына байланысты білімдердің, денсаулық сақтау амалдарының қалыптасуына да себепші болып, қаншама халықтың рухани кемелденуіне себеп болғаны да хақ. Сонымен бұндай ойшылдықтың пайда болуына да ол кезеңдерде дінде, білімде бөліну деген болмай тұтастық та болып, қандай да бір ғұлама мысалы Әл-Фараби, Омар Хаям, Ұлықбек, Беруни т.б. аталарымыз сияқты сопылықтың да жоғарғы дәрежесін меңгере де білген. Бұл жерде бүкіл түркі әлемінің рухани өркениетінің қазығын қаққан Ясауи баба философиясын талқылауға әзірге ерте. Себебі, біз рух пен жанның қарапайым ұлтымыздың дәстүріне айналдыра білген білім сырларын, ғылым арқылы жалпы сырын, сыртқы бейнесін, сөз ұғымдарын түзеп алмай, оның ішіне үңілген насихатты меңгеру деген ақымақтық қана болып шығады.

Сонымен Философия мектебін, яғни ойдың, тілдің тұтастық тазалығын қалыптастыратын тіл білімін меңгермей және қандай заманда өмір сүргенімізбен де дін мектебімен қоян-қолтық жұмыс істеп, ашық сұқбатта болғанда ғана біздің ойлау жүйеміз біртектеніп және құдайлық ілімнен, Алланың Өзінен, себепшісінен өзінен хабар алумен бүгінгі өмірімізді, бағытымызды көріп бағыт бере аламыз. Бірақ бұл тұрғыда зерттеген көптеген ойшылдар кезінде; «Адамзат жақын арада болашаққа бейімделе алатындай өзінен жаңа түр (нәсілдік белгі) шығарып үлгіре алмаса, онда аммониттер секілді өзіне ізбасар да қалдыра алмай өмірден өтер, мұндай кулминациялық кезең (қияметтік сағат) жақын тұр» (Философия оқулығы 259-бет) деген тұжырымның қазіргі таңда әлемдегі рухани дағдарыстың, арап елдеріндегі қан төгістің де бет-бейнесін анықтап тұр.  Сонымен бірге Л. Н. Гумилев, В. И. Вернадскийдің «биохимиялық энергия» туралы пайымдауына сүйеніп; «Этнос (ұлттық сипат) биосфера феномені бола отырып, (тұрақты отаны, көгі бола тұра) «биохимиялық энергиямен» тығыз байланыста болады. Дәл осы энергия этникалық теңіздер толқындарын көтереді. Әрбір асау толқын су бетінде пайда болғаннан кейін, өзінің жалдану тегіне дейін жетеді де, қайта пайда болу үшін бұрқырай құлайды. (тозаққа түседі) Мыңдаған жылдар бойғы тербелістерде халықтардың үздіксіз алмасуы жүзеге асады… Және этнос (нәсілдік) дамуындағы өрлеу мен құлдырауды туғызатын биохимиялық энергияны қабылдаудың әр түрлі деңгейіне ие болады.» 

Ғұлама ғалымның бұл болжамы ислам дініндегі барлық даналардың да және пайғамбарымыздың да қиямет мезгілі туралы айтқан болжамдарын айқын философиялық оймен қорытындылап тұр. Бұл жерде «биохимиялық энергия» деп  исламда «шайтан қолы» деген атаумен белгілі адамзаттың арсыз, ұятсыздық жағдайынан пайда болатын сұрғылт түсті 11 санды өз ішінде қандай да бір жанды жаратылысқа теріс әсер бере алатын, термодинамиканың бірінші заңын теріске шығаратын, адамзаттың санасына, тажалдық білімнің пайда болуына, қанына да тікелей әсер беретін жаратылыс туралы ескерткен. Және мұндай жағдайда жер ошақтарына теңіздерден көтерілетін «биофизикалық» өрістің, яғни «түтінсіз оттың» адамзаттың нәсілдік, тұрпаттық (денелік, қылықтық) өзгеруіне тікелей ықпал ететінін де астарлы түрде ескертіп, бірақ оның қуаттық сипатын аша алмағаны көрініп тұр.

Сонымен бірге мұндай қияметтік кезеңнің болатыны ондай жағдайда қандай да бір нәсілдік түрленуге, сырттық әсерлерге төтеп бере алатын тарихи ақпараттық толқындардың бір деңгейіне сәйкестендіріп ала алатын «универсалды этнобіріктіруші», яғни «Текті» белгінің жоқ болып, сонан адамзаттың құлдырауы болатынын да ескертіпті. Және ой сапасын заманға қарай бейімделуге атаулық ұғымдарды үнемі қадағалап отыруды, жаңа ұғымдарды енгізу арқылы «философиялық сөздікті» қалыптастыру қажеттігін, сонымен бірге мұндай сөздіктің тек америкалық ойшылдардың ғана қолға алғанын ескертіп кеткен.

Ал шындығына келсек, қазақ елінің мұндай өзіндегі бар және әлем ойшылдығы мен құпия жан ғылымын өркендетуге, барлық елдердің діндерінің басын біріктіруге де мүмкіндігі болатын  даналықты түсіне алмай жатқанымыз да осындай «философиялық сөздіктің», жалпы ұлттық тіл білімінің мешеулігіне ғана себеп болғанын білген де жөн. Қазақта діл білімі, яғни ана сүтімен алған қасиетіміз, ұлттық тіліміз, үніміз жоғалған жоқ. Қазақта жазушы да, ақын да, өнердің қай саласында да өзін көрсете алатын дарындылар жеткілікті. Бірақ ата сөзі «шал емшегі» болған ой мен тілдің басын қосудың философиялық даналықтың мектебінің көрінісі – тіл білімі мүлде азғындыққа түскені де хақ. Пайғамбарымыз да; «Адамдарға екі білім беріледі, бірі ділінде, бірі тіл білімі» деп ескерткен екен. Сонымен философиялық әлем даналығына үңілсеңіз, онда да құраннан сандық білімінен хабарыңыз болса, сонда ғана көптеген жан сырына байланысты қазақ ұғымдарының тіптен әлемде әлі баламасы да жоқ, және әлем ойшылдарының еңбегін аударуда кейбір ғылымдық сыры бар атауларды сол қалпында аудармай-ақ ала салғаннан қазақ халқында өзінде бар білімі өзіне жат болып, діншілер қауымының мұндай қуаттарды меңгерудің намазын; «серік қосу, шерік қосу» деп азғыруына қолдан беріп қойғанбыз.

Сондықтан да философ даналардың «универсалды этносты» қалыптастыру дегеніміз «Аруақ» қуатын меңгеру болып шыққанмен, оны ел басқарған халықтың жағасы болған үлкендердің өзі мойындауға құлықсыз болғандықтан, әзірге түсінікті болу үшін мұндай қазақ атауларын қолданудың өзі тиімсіз. Сондықтан да қазақ даналығы, ой мен тіл бірлігі үшін жындылық сөз болған үйреншікті сөздерді пайдалану арқылы кейінгі жазбаларда білімге жүгіну арқылы ғана нақты атау сөзбен бағасын ашып отырмақпыз.

Және «Универсалды» заманға сай нәсілдік белгіні қалыптастырған және әлемге де ортақ аруақтық бұндай нәсілдер бірлігін қалыптастыратын тарихи дінінің пассионарлық даму кезеңі қазақ елінен ата жолы болып, Қыдырәлі Момбайұлының жүрек ашып, аққу, сұңқарларды, яғни жаңа заман нәсілдерін жетілдіруші жастарды дайындауға шыққан топтарды масһабшылардың қудалауымен соңы ел билігінің дүниемен бағалап, қарсы заң шығарып, арты 5-6 жылдан бері халықтың көзі ашылмай келе жатқан миллиардтаған шығынға соқтырып жатқан түрлі сынақтарды, қияметтік сағатты туындатқаны сөзсіз.

Былтырғы жылы болған дауылдан 1,5 миллиард шығын келген екен. Бұл желдің себебі де халыққа тікелей әсер беретін, түрлі аурудың да індетін туындататын «отсыз түтін» аталған бұлттарды қозғау және араластырумен түрлі апаттардың себебін жеңілдету барысында болған құдайдан келген жәрдем деп түсіну де керек. Шындығына жүгінсек халықтың зияраттауымен, осы шығын болған қаражаттың мыңнан бірін ғана жұмсап, құрбан қанымен мұндай қуаттарды пайдаға да жаратуға болатын да еді. Бұл туралы насихататты жазуға әлі ертерек.

Сонымен мұндай қияметік сынақта тұрып, ел басымыздың халықтың әлеуметтік жағдайын, ұлттың өркениетті қалыптастырудағы қабылдаған шешіміне де бұндай рухани сынақтар адымды аштырмайтын қақпан, тосқауыл және негізсіз шығындардың пайда болуын былай қойғанда жалпы халықтың рухани тұрғыда азғындығын онан сайын тереңге тарта беретін ахуалды қалыптасуы да даусыз.  «Өлі риза болмай тірі байымас» деген мақалымыз расқа айналып жатқаны да  және қанымыз, түркі әдетіміз европалық нәсілді және жаңадан ұлттық тұрпатты (жаңа қазақ сипаты) қалыптастырудан ендігі 100 жыл өткенде келетін ұрпақтардың нәсілдік, аруақтық қуатының мүлде әлсіреуімен, болашақ мұндай қазағымыз өз тамырынан нәр ала алмай, тек өзге елге бодандыққа ғана жарайтын болмақ. «Қара қытай қаптаса халың қалай боларды» деген даналардың болжамы расқа шығып, қазір елімізде бұрынғы жоңғар тектес қыз, қатын, еркек, латын тіліне, таңбасына құмар, европа салтына, әдетіне құмар және қара нәсілді африкалық сияқты ештемеден жиіркенбейтін, жындылықтың бар түрін меңгере алатын жастарымыздың да саны күн санап артуының өзі осы тарихи толқынның түрлі деңгейінде  жындық қуат «бейнелердің»  қазақ елін басып жатқанына дәлел.

Осыдан 15 жылдай бұрын ауылдарда аяқ астынан ит жейтін жастардың да көбейуіне осындай теңіз көтерілуден оталық азиядан желмен келген «биофизикалық» өрістердің әсері де болғаны да хақ.  Ал Украина еліне де батыстан осыдай өрісті европадан дауылмен бірге нәсілдік толқын соғып, екінші қара нәсілдік белгілердің пайда болумен европадан айырылса қырылатындай қорқыныш кіріп, арап еліндей бүлік болып жатқанын және мұның толқыны қазақ еліне түбінде келмейді деп кім кепілдік бере алады?

Бұндай ақпараттық  «биофизикалық» толқындарды қабылдауға қарсы қоятын ұлттық дәстүріміз бар ма? Заңмен тиым салып немесе жалпы бәріне намаз оқытып қарсы тұра алатын болсақ, арап елдері неге бүлініп жатыр? Сондықтан да бұндай қияметтік жағдайда мәңгілік ел болу үшін ұлтымыздың нәсілдік, тұрпаттық, өмірқаптық қуаттын арттырумен, жан сапасын тазартумен хайырлы қоғам құрумен ғана мүмкін болатыны да сөзсіз. Менің «Ар мен Уақ және Ман қуаттары» атты № 6-шы кітапта осындай қуаттардың аруақтық және күнделікті өмірде кездесетін шеріктік, серіктік жағдайларына шолу жасау мен тылсым есіктерін ашып, әрбір оқырманға аянға, уахиға жол ашуға із салғанмын. Пайғамбарымызға; «Егер саған олардың жүз бұрулары ауыр келсе, қане! Қолыңнан келсе, жерде бір тесік немесе көкте бір саты іздеп тауып бір мұғжиза келтір! Егер Алла қаласа еді, оларды туралыққа жинар еді. Ендеше сен надандардан болма.» (6-35).

 Міне бұл ислам дінінің бүгінгі күндегі мүлде ұмытқан пайғамбар намазы және христиан сияқты өзге діндегілердің суретке, тасқа түрлі нәрселерге шоқынумен гүл арнаумен іздеп жүрген мұғжизадан үлесі болмақ. Бұл тұрғыда қазақ елінде барлық намазы толық болып, бірақ осыны іздеу жолына түрлі сопылық тағы да зікірші ағымдардың пайда болып Исматулла мақсымының «35-санды терезе» бар тылсымға өтетін деген жазған кітабын да тілшілеріміз мазаққа алып, өзін соттап қудалап та үлгірдік. Құранда философиялық оқулықтарға берілген жан сапасын арттыруда; «этнос», «этникалық топтар», «этникалық категориялар», «феномендер» (мұғжизалар), «этникалық қауымдастық», «этно ұлт», «универсалды этнос» деген сияқты қуаттық сапалардың барлық сыры бар және оның нақты атаулары қазақ тіл білімінде толық қарастырылғаны да хақ. Және «этнос» ұғымының 32 санды сипаттарының белгісіз болып әлем философтарына құпия болғаны да баяндалған. 

Сонымен негізінде әлемде 72 «этно топтың» бар екенін оны «жындар» деп атап, 73-ші «этно ұлтты» қалыптастырғанда ғана тура жолды табатынын пайғамбарымыз да сол замандарда-ақ ескертіп кеткен. Сондықтан енді ұлтымызда философиялық сөздігіміз болмаса да, әркім әр атауды өзінше бұрмалап түсінгенмен құдай өзінің мұғжизасын түсіре береді де,  біздер  оны жалғастырып баяндай да береміз. Барлық мұғжиза есіктердің де саны 1001 болып; «1001 атты пәледен сақта құдай!» деп жалбарынған қой баққан аталарымыз. Яғни, 1001 мұғжизаға 1001 түрлі қарсылықтың болатынын білген біздің қарапайым дәстүрлі ойшылдық философиямыз… 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *