VIII- Жын қуаттары мен адам болмысының рухани дәрежесінің философиялық түсініктері

Бөлім: Адамзат тегінің рухани құндылықтары №7-к 1-бөлім 149

Жоғарыдағы алғашқы бөлімдерде баяндалғандай Хау анамызға алғашқы болып үндік қатынасқа түскен жылан негізінен ібіліс періштесінің Адам атамыз бен Хау ана денесіне рухани қызмет, сәжде жасауға қарсы болғаннан кейін қуылған аласталған кезде өрістік түрде бейнеленген жыланға айналған еді. Ал ібілістің жаратылысы оттың негізі – жын болса, оттың жалынынан ағашқа айналып, яғни шырша тектес қарағай ағашы болып, жақсылық пен жамандықтың арасын ажыратып тұрушы, сол сияқты от пен судың арасын да бөліп өзара қатынасын қалыптастырушы негізгі тек болып саналады. Сондықтан да аятта; «Сендерге жаннаттағы қарғалған ағашты сынақ қылдым, онымен Алла сендерді баураған.» деген аятпен адамзаттың ар сауыты тазарған, жарыққа айналған оттың өнімі, жалыны, яғни барлық қуаттардың жинақтаушысы, ақпараттарды тасымалдаушысы жын қуатынан тұратынын ескертеді.

Адам атамыз бен Хау анамыздың жыланның азғыруымен жын ағашынан дәм татқаннан кейінгі ібілістің періштелік, яғни жыныстық бейнелері жаннаттан Раббымыздың «КЕТ» деген сөзінен кейін, жердің бетінде өмір сүруге қуылғаннан кейін өрістік түрде итке айналғанын да білген жөн. Сонымен қазақта өмірге келген баласы қанша зұлым, опасыз болса да; «Іштен шыққан шұбар жылан ғой» деп немесе «Иттің асыраған баласы» деген сөздердің астарында да жалпы жанды ақылды рухани негіздегі жаратылыс егелерінің бәрі адамзаттың рухани тіршілік өміріне тығыз байланысты болмақ. Сондықтан жер бетінің барлық жаратылыс әлемінің түрленуі немесе азғындауы да адамзаттың рухани дәрежесіне байланысты тәуелділікте тұрады. Сонымен күнәнің да екі сипаты болып, бірі – жылан, екіншісі – ит мінезбен көрінісін табады. Жылан негізінен әйел затына, әйелдік гормонға, шайтандық мінезге тән болса, ал ит мінезділік еркектік гормонға, жынға байланысты болмақ. Сонымен жаралыс басы қозғалыс болған бастапқы төрт түрлі періштелік қуаттан енді 4 түрлі адамзаттың, жанды жаратылыс әлемінің рухани болмысына тән 4 түрлі тағы да рухани сипаттағы қуатпен яғни; Жәбірейіл, Исрафил, Зулкафил, Әзрейілдік періштелік қуаттарды сіңіру, меңгеру шарт болды. Енді жансыз рухани жаратылыс әлемінің себепшісі болған, қозғалыс себепшісі 8 түрлі қуаттарды алдыңғы тақырыптарда Абай атамыздың насихат өлеңімен мысал бердік. Сонымен негізгі жаралыс қозғалысы 8+4=12 санды әлемдік ризықпен, уақытпен белгі болмақ. Және Құранда; «Сендерге 8 түр жараттым» деген аяттың құпия сыра да осы екі түрлі қуаттардың жұбымен немесе 8 түрдің 4 негізгі қуаттармен дәрежеленіп көбеюімен 32 санды сәждені меңгеру, яғни қозғалыс себебін, себепшілерін меңгеруді Аллаға құлшылық деп атаймыз. Құран сондықтан негізгі сандық мәні де 30 кітап, пара және екі түрлі аяттың, кітаптың Мұхаммед пайғамбарымызға берілуіне байланысты 32 санмен құлшылықтар негізі болып бекиді.

Сонымен әйел аяғы, нәпсілік жыныстық қуаттары жыланмен, ал еркек аяғы, нәпсілік жыныстық қуаттары итпен байланысты болмақ. Әйел аяғы суықтық болып үнемі етекпен жабылып және әрбір көктем сайын рухани түрде түлеп отыратын болғандықтан және әйел заты бақытты өмір сүру үшін жалаңаш аяғын тек некелі еркегіне ғана көрсету парыз. Еркектің аяғы ыстықтық, ит сияқты иіс те шығуы да осындай ерекшелікті білдіреді. «Келіннің аяғынан, шопанның таяғынан» деген мақалда осы негізде таяқ еркек жыныстық иттігі болып, мінезбен, ақылмен бірге жетіліп толық жын қуатына айналады. Сонымен бейнеленген нәпсі – әрбір адамзаттың рухани өміріне байланысты ерекшелігі болып, адамның баласы болып саналады. Адамзаттың жыныстық ерекшелігі сыртқы әсерлерге тәуелді түрде ана жатырында қалыптасатындықтан; «Өзін тусам да, мінезін тумадым» деген аналарымыз.

Сонымен әзірге жаратылыс негіздерін қысқаша баяндап қана түсіндірсек, онда барлық табиғат жаратылыс әлемі негізгі 8 түрлі қарама-қарсылық қуаттармен адам өнімі болып табылатын 5 түрлі шеріктік жын қуаттарының әсерімен түрленеді де, өсіп-өнеді де. Бұл сыр ойдан шығарылған жоқ, және тек бүгінгі таңда ғана емес адамзатқа қашаннан белгілі болып, бірақ бұл сырларды теріске алумен жаңа жыл мейрамын тойлаудың 12 түрлі жылдық мерзімнің және ортасында 13-ші шыршаның болып, оған аяз ата мен қар қызынан барлық жанды жаратылыс егелері, басы хайуан, төменгі жағы адам бейнелі жан егелеріне сыйлық несібе беру де осы Адам атамыз бен Хау анамыздың жаннаттан кейінгі жер бетіндегі тіршілігін суреттейді. Жаңа жылда шыршаны айналып табыну да жынға табынған, жындардың бастығына табынғанмен бірдей. Барлық жанды нәрселер суықтықтан кейін ғана түрленіп туылатынын да білген жөн. Әйел халқының жыныстық қуаты да суықтық от болғандықтан, барлық ыстықтық қуаттардың тән болып бейнеленуі яғни материалдық заттануымыз да ана құрсағынан ғана басталатыны сөзсіз. Ана құрсағымен, ана сүтімен алған отын біздің тағдырымызға қанша жыл өмір сүруімізге берілетін несібе, ризық та болмақ.

Енді негізінен құран және барлық дін кітаптарының насихаты бойынша, барлық қозғалыс қуаттары негізінде екі бөлімнен, жұптық сипаттан жын және адам баласы болып бөлінеді. Сонымен бүкіл қуаттар нәтижесінде жын-кісі болып және жан-жарық болып жаннатқа қосылады, түп негізге бірленеді. Бұл екі жаратылыс барлық жаратылыстық қуаттардың қайнар көзі, және соңғы түрленіп рухани жаңғырумен жиналатын, сақталатын негізгі орны да болып саналады. Осы екі жағдаймен ғана адамзат баласы қайтадан түп негізге, Алла тағалаға барып қосыла алады. Яғни, жаннаттан белгілі есімін, орынын да алады. Енді жылан әйел болмысымен сезім үнімен, көру қасиетімен де байланысты болып және есту сезімі болған иттік жынмен неке арқылы көбеюмен 3 түрлі қозғалыстан төртінші негізге айналатын «Төртеуді түгелдеумен» бесінші рухани таза қуатпен жалғану арқылы ғана періштелік сипатқа айналатын болса, ал адам болмысы таза ақыл мен жан негізі сыртқы әсермен байланысты 5 қуатты меңгерумен, алтыншы құдайлық негіз «Мен»-ге бірленумен; «Алтау араз болса, ауыздағы кетеді» деген адамзаттың сыртқы өрісі негізін көркем сөз ағашын, бақшасын өсірумен байланысты болып, негізінен адам баласының аяғымен 10 санды қуатқа, денеге айналумен ғана толық нәтижелетінін білгеніңіз абзал. Сонымен адамзаттың рухани болмысы тігінен 10 түрлі кесінді бөліктерден, өрістерден тұрса, көлденеңінен 7 түрлі аура-өрісінен тұрады да 17-санды «Ісра» сүресімен Мұхаммед пайғамбарымыздың Миғражға, көкке көтерілуі де осындай бір тұтастық қуатқа айналған рухани көмес адамзаттың өрістік толық бейнесін ескертеді.

Сонымен адамзаттың тіршілігі барысында, ібіліс періштесі адамзат өмірі арқылы бастапқы текке қайтадан түрленіп, жақсылық пен жамандықтың арасын бөлуші және мәңгілік өмір рухани ағашына айналады. Сондықтан да ағаштың да екі түрі болып; бірі аяқпен, бірі қолға ұстайтын таяқпен екі текті меңгеру мұсылмандық парыз болып саналады. Бұл тектерді меңгеруді; «Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген астарлы түрде аталарымыз.

Енді негізгі тақырыбымызға қайта оралсақ; ар білімін меңгеру болып АР=99 сандық мәнімен өлшенетініне алдыңғы тақырыптарда дәлелдер келтірілді. Ал қандай нәрсе де жұбы, қарама-қарсылығы болатынын ескерсек, онда 99 санды ар қуатына 99 түрлі күнә, яғни рухани өлім бар екенін де білген жөн. Сонымен 99 түрлі қасиет құдайлық болмысты, Алла тағаланың көркем есімді (пайғамбарлық және елшілік қасиеттерді, адамдық негіздерді) меңгерумен бірге 99 түрлі жамандықты да жақсылықпен кетіруге, өз нәпсіңмен, яғни шайтан – жыланмен, жындылық иттігіңмен соғысуға тура келеді. Сондықтан дінді толық меңгеру, яғни Мұхаммед пайғамбар аруағына жалғанудың 198 санды белгісін құран аяттарынан насихатын да көруге болады. Ал енді сандық теологияда яғни екілік, бірлік жүйеде; 198=18 (81);9 сандық мәндерін береді. Негізінен жын қуаты адамзат бойында, тәнінде жаннаттан ағаштан дәм татқан кезінде сына бейнелі (V ; < ; ^ ) жыныс, кеуде және тәндегі көрінбейтін сызықтық бейнелермен белгілі болмақ.

Қазіргі таңдағы әйел, қыздарымыздың шалбар киіп алып, алдыңғы жыныс сызықтарын жария қылып көрсету әдеті де осындай шайтанның азғырумен, ішкі жынның бейнеленген сырын, жыныстық сырын көрсетіп, осындай әуреттерге ақирет өміріндегі адамзаттың өнімі болған, сырттан шеріктік әскерге айналған жындарға қосылуға деген құштарлықтан туындайды. Сол сияқты кеуде де «труси» сияқты үш бұрышпен емшек тұсына дейін ашып жүру әдеті де осы жын қуатына қосылуға деген құмарлықты белгілейді. Негізінен бұл кеуде тұсы жабық болып, тәнде үш бұрышты алқа немесе крест тағу осы жын қуатын меңгерумен, бірақ киіммен жауып жүру арқылы кезінде християн халқында да, жалпы әлем халқында да жасырын тұмар тағумен әдетке айналғаны сөзсіз.

Кеуде тұсынан бөлінетін қуаттар адам өрісінің 4-ші қабатын құраушы болып; ауамен байланысты түйсіну-түйсік, сүю және сүйікті болу, сенімін бекіту, ғашықтық, қызғаныш, ашу, ыза, жүйке көздермен байланысты болмақ. Сондықтан мұндай сезімдерді қалыптастыруға, тәрбиелеуге арналған қазақ киім кию дәстүрінде, негізінен жын қуаты ер азаматтарда шапан, әйелдерде қамзол болып, алдыңғы кеуде тұсындағы ұшы төмен қараған үш бұрышты жын қуатын меңгергендігін меңзейді. Ал бұл жын қуаттарының отқа айналып, яғни үш бұрышты сызықтық бейнені құрап, адамзат баласының махаббатының жемісін көрсететін көңіл қуатын қалыптастыруын 6-бұрышты арап елдеріндегі мемлекеттер туынан көрінісін беруде де үлкен мән бар. Үш бұрыш оттың, яғни жын қуаттарының жарыққа айналуын бейнелейді. Сол сияқты әйелдер жынысының да осындай үш бұрышты алдыңғы сызықтық жыныс бейнесінен жын қуаттарының немесе шайтандық бейнесінің де көрінісін білуге болады. Ал енді бұл жын қуатының сына (V) арасын қосатын таяқ, әліп болып бұл негізінен жарыққа айналған сезім қуатын, сәулені белгілеп, бұл араны қосқанда (А), яғни бастағы сауытты, сәукелені, дулығаны, ақ жаулық қуатының бейнесін, жаулық тартқан әйел басын да қалыптастырады да. Адамзаттың басы мен кеудесі осы 4-ші негізді қуатты – төртеуді түгелдеу қол ісімен ғана байланысты жетіледі.

Сондықтан енді оң қолыңызды ашып, алақаныңызға қарасаңыз жын қуатының екі мәнін сызықтық бейнесін көруге болады. Оң қол алақаныңызда әуелі (1 ^) таяқ сызығы болып сосын аяқтың бейнесі тұруы да және бұл арап емлесінде 18 сандық белгіні беріп, таяқты алдымен меңгеруді, яғни «Әліппен» тіршілік әліппесін меңгерумен байланыстылығын ескертіп, яғни «Әліпті таяқ деп білмейді» деген аталар мақалынан туындайды. Ал сол қолда енді бұл жағдай керісінше болып, 81 санын құрап арттағы «Аяққа» арттағы «Әліпті» күзетшіні ертумен меңгеру керек екенін ескертіп тұр.

Негізінен оң қол 18 саны әйелдік өріспен, ділмен, сана қуатының тазалығымен ішкі тыныштық сезіммен, ер әйел өзара түсінушілік зат алмасуымен байланысты, әйел заттарында 3-ші, ал еркектерде 5-ші өрістік сипаттағы көгілдір түспен байланысты болмақ. Оң қол қолдың тазаруымен ағаш түбінде от, жарық арқылы Раббымызбен тілдескен Мұса пайғамбарымызға таяқ ұстатқан хикметпен байланысты болуының да маңыздылығы – пайғамбарымыздың ұзақ жыл қой бағып, өз күнәсінен тазарып, үйленумен де байланысты екенін білгеніңіз жөн. Келіннің аяғының тазалығы, нағашы ағашының тектілігі де еркек оң қолының, бас кеуде қуаттарының жетілуіне, қалыптасуына, шайтандық қуатының жарыққа айналуынан пайда болмақ. Ал сол қолдағы алдымен аяқты, онан кейін арттағы таяқтың-әліп бағушының тұруы және 81 сандық мән де еркек аяғының тазаруымен, арттағы ерген күзетші аруақты тазартуға арналған және бұл Мұхаммед пайғамбарымыздың сүннеттерімен 198 сандық сипаттармен тікелей байланысты болмақ.

Бұл негізінен адамзаттың 7-ші өрісімен күлгін, яғни қара сұрғылт түсті өрісін құрап, негізінен еркектің табаны және төбесімен байланысты жаратылыс мәнін түсіну, даналықты меңгерудің сипаты болмақ. Аяқ табан ағармай, адам төбесіне қалыпты май қабаттарын жинамаған жағдайда, керісінше жындылық мінез бен нәпсілік құмарлық, күдікшілдік, өкпешілдік, өз пайдасынан бас тартқан жалған намысшылдық пен есіркеуді, мақтауды ұнататын және тіленушілік мінездері көрінісін береді. Сондықтан қазіргі ақсақалдық жасқа жеткен зиялы аталған қауымның бастарын жалаңаш ұстауынан төбедегі 7-ші чакра ұясы жетілмегендіктен, рухани егінінің басы-дәні пісіп жетілмегендіктен, жасына қарамастан өкпе де пісіп қатаймайтыны да сөзсіз. Мұндай жағдайда өкпедегі 19 санды (9+10) бөліктері толық тазармай, шайтандық қуат та толық жанып жарыққа айнала алмағандықтан, қан да тазармай, ұждан қуаты жалаңбас, жалаңаш әйелдерде кісілік үлкендер қауымында жоғалды. Сондықтан қазақ еліндегі рухани сынақтың философиялық даналықтың жоғалуына, руханият басына ақылы толмаған, жын-шайтаннан тазара алмаған жастар келіп, әулиелік, ақсақалдарға тән тақуалықпен болжампаздық, көріпкелдік пәтуа, көркем сөз, бата жоғалып, қазақ елін ақпараттық та, тіршіліктік те рухани азғындыққа, құдайдың лағнетіне ұшырауға бастап әкелгені де хақ. Бұл 7-ші өрісті қалыптастыру үшін шариғат амалдары, дін ісі аздық етіп, құдай ісін орындаумен жер, көк есіктеріне жалғанумен, хикметтерге, кітаптарға қосылумен байланысты болмақ. Бұл пайғамбарлық намаздарды орындаудың құлшылық түрін аятта; «Сендерге Раббыларыңның кеңшілігін іздеулеріңнің (зияраттаумен, тау тасты аралаудың) оқасы жоқ. Қашан Ғарафаттан қайтсаңдар, Машғарыл Харамның қасында Алланы еске алыңдар (құран оқыңдар) Сондай-ақ Оны, сендерге нұсқағандай еске алыңдар…» (2-198) Ғарафаттан қайту-Бас көтеру, аруақтың басын көтеру болып, қазақ дәстүрін – ата жолын ескертеді. Бұл сүре құран оқу арқылы өлілер аруағын тура жолға шақыру болып, пайғамбар сәждесі аятта; «Сендердің Алладан өзге шоқынғандарың (шеріктер, жындарың) сендерге де жәрдем ете алмайды. Сондай-ақ өздеріне де жәрдем ете алмайды.(197) Ал және оларды тура жолға шақырсаңдар, олар естімейді. Олардың саған қарағанын көресің. Бірақ олар сені көрмейді.» (7-198) Бұл аятта адам баласының өлгеннен кейінгі жындық қуаты көздермен, яғни әуретті жердегі бездермен және 198 санды жүйке жүйелері көздерінің біртұтас денеге айналып, бірақ еститін жүрек көзі болмағандықтан соқыр болатынын ескертеді. Абай атамыз да 81санды, 198 санды, 18 санды, 9 санды өлеңдермен мұндай көңіл көздерінің адамның сыртқы өрісімен, киімімен, бой тазалығы- армен байланыстылығын насихаттаған.

Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен, (көркем сөз ағашы, тек)

Менмен, кердең, қайғысыз ер көңілмен.(жын қуатымен!)

Жазғытұрым жасырын жердің бетін,

Жасыл шөппен, бой жеткен егінмен тең….

…Ауыр ойды көтеріп ауырған жан,

Қайғы-қасірет жүзіңе белгі салған.

Діні толық, басы үлкен егіндей-ақ

Сенің де басың имек жерге таман….

Адамзат-бүгін адам, ертең топырақ,

Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.

Ертең өзің қайдасың, білемісің (жынға айналарсың)

Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ. (жан шырағымен, иманмен ойлану)

(198-ші өлең)

*** ***

Көзінен басқа ойы жоқ,

Адамның надан әуресі.

Сонда да көңілі тым-ақ тоқ,

Жайқаң-қайқаң әрнесі

Білмейсің десе, желөкпе (жынды, мас!)

Дейді дағы Тәңір ісі.

Бірінен-бірі бөлек пе

Иемнің әділ пендесі. (Тазарған жын, әділ кісі)

Жүректің көзі ашылса,

Хақтың түсер сәулесі,

Іштегі кірді қашырса,

Адамның хикмет кеудесі.

Надандық көңілін басып тұр (жын-шайтандық)

Қараңғылық пердесі. (күнә 99 санды)

Ақылдан бойы қашық тұр (Сыртқы өріс киімі қаралық-жын)

Ойында бір-ақ шаруасы (нәпсі қажеттілігі)

Кітапты молда теріс оқыр,

Дағарадай болып сәлдесі.

Малқұмар көңілі бек соқыр (жынды, көңілі соқыр)

Бүркіттен кем бе жем жесі. (Бүркіт – жын қуаты)

Жүректе айна жоқ болса (Иман қуаты)

Сөз болмайды өңгесі (жындылық сөз айтар)

Тыңдағыш қанша көп болса, (жынды пенделер)

Сөз ұғарлық кем кісі. (81-өлең)

Сонымен әрбір адам баласы жын қуатын тазартпай, көңіл қуатының – ұжданының қалыптасуы да мүмкін емес. Сонымен бірге тек жын қуатын меңгеру арқылы ғана адам баласы жақсы мен жаманды ажырату қабілетіне жетіп, жүрек көзі, яғни күнәлі жын қуаты шайтандық болып, яғни шайтанға айналса, ал жын қуаттарының шайтаннан тазарып келесі бір дәрежеге жарыққа айналуымен мұсылмандық сипатқа енуімен де белгілі болмақ. Және шайтан қуаты қан тазалығымен, ал жын қуаты май тазалығымен байланысты екенін білген де жөн. Мұндай қан мен майдың, яғни тектің тазармауын Абай атамыз;

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы мен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп екі ұртың…

….Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың?

Қай жеріңнен көңілге қуат қырқың? (қырық үй, әйелдік гормон)

Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың,

Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың.

Ұғындырар кісіге кез келгенде, (жын қуатына)

Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?

(18-ші өлең)

**** ****

Сонымен әйелдік гормонның басымдылығымен, әйелдеріміздің арды меңгеруі тіршілік арқасында шайтан қуаты жанмен бірігіп көңіл-ұжданға айналса, ал еркектік гормондар ер азаматтар арқылы кісіге, ұжданына айналады. Сонымен ұждан – періште болып, адамзаттың көңілін, жүрек көзін қалыптастырады яғни сана қуаты дегеніміз де осы көңіл болып табылады. Енді осы көңілдің 9 санды бірлікке айналып, адамзаттың нәпсісінің бірлігі қалыптасуын Абай атамыз 9-шы қара сөзінде; «..Осы мен өзім-қазақпын. Қазақты жақсы көремін бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уә әрнешік байларынан адам жақсы көрерлік, көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді…Мен өзім тірі болсам да, анық тірі емеспін. Әншейін осылардың ызасынан ба, өзіме-өзім ыза болғанымнан ба, яки бөтен себептен бе?-еш білмеймін. Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты…» Бұндай адам баласының жын, шайтан қуаттары мен рухани қуаттарының бірленіп, күнәнің өліп, келесі бір жағдайға өтудің, көкке жалғанудың ахуалы және сабыр қуатына айналудың сипаты осы болмақ. Сондықтан бұл жағдайдың өтпелі кезеңнің сипаттарын;

Сап, сап, көңілім, сап көңілім!

Саяламай, сай таппай,

Не күн туды басыңа,

Күні-түні жай таппай?

Сен жайыңа жүргенмен,

Қыз өле ме бай таппай?

Сап, сап, көңілім, сап көңілім!

Сана қылма бекерге.

Сан қылғанмен пайда жоқ,

Дүние таяр өтерге.

Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!

Сарқа берме санасын.

Бәрін өзің білсең де,

Әлі-ақ өзің танасың,

Өртенесің жанасың…..(9-өлең)

Қазіргі таңдағы ғалымдарымыздың, зиялы қауымның сананы бастан іздеп, ал дін ғалымдарының жынды ырымға айналдырып, рухани жүктелуден халықты бас тартуға азғырумен және ілімде, жаратылыс ғылымында да рухани қуаттардың негізін адамзаттан бөлек жаратылысқа айналдырып алғаннан жалпы ұлттық нанымның жоғалуына әкеліп соқтырғаны да даусыз. Сондықтан; «Тарихи сана, мемлекетшілдік саналық» деген сөз ұғымдарын ел басқарушыларының аузынан естудің өзі қазақ билігінің, зиялы аталған қауымның жындылығының көрінісі болса, ал мұндай білімсіздіктен, надандық рухани ахуалдан жалпы ақпараттық түрдегі және қылықтық түрдегі жындылықтармен және қазақ руханиятындағы сынақтардың да себебі мен салдарына үңіліп көрейік

One thought on “VIII- Жын қуаттары мен адам болмысының рухани дәрежесінің философиялық түсініктері

  1. Тамаша. Осы жазылған ойлардың бәрі санамда бір бірімен қабыспай жаңғырып жүретін еді, енді міне сіз соның бәрінің қиуын қиыстырып түсіндіріп бердіңіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *