VI-Жын мен жындылық, шайтандық және ар білімінің сипаттары мен философиясы

Бөлім: Адамзат тегінің рухани құндылықтары №7-к 1-бөлім 111

«Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі — адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ.» (Шәкәрім әулие)

Адал еңбек ете білу үшін ақ жүрек болу керек. Ал ақ жүрек болу үшін қан тазалығын, тектілікті сақтайтын тарихи сынақтардан өткен ғасырлар бойы жинаған ұлтымыздың рухани қазынасын, біздерге қалдырған мұраны, аталар аманатын, арлы ақылды меңгеру үшін де білім керек екен. Сонымен біздің біліміміз қандай, өзіміздің рухани болмысымызды тани алдық па? Келіңіз бірге әлде де өзіміздің жаратылыс сырымызға терең үңіліп көрейік.

«Деп жүрміз Құдай бар, деп күшті,

Сол сөз де болып кетті-ау дәл екі ұшты.

Анық көңіл бекиді қайран қылып,

Құдайлық таң қылғандай көрсетсе істі.

Ертегі емес, шын сөз ғой Құдай қауымы,

Қайда барсаң жұт болған ғад қауымы.

Құдай жұп қып жаратқан екі түрлі,

Үшеуі ара табылмақ һұдтың қауымы.» (Мәшһүр Жүсіп)

Жаралыс басы басында екіден басталғанмен, негізінен қозғалысқа түсу үшін міндетті түрде таққа айналу керек. Физика, механика білімінде қозғалыс;3,5,7,9 сандық тербеліспен ғана әрекетке, қозғалысқа түсе алады. Сондықтан да Жын-мен шайтандық қуаттың негізі бір болғандықтан екеуінің әрекеттесуінен жыныс яғни жыныс тоғай ағашы пайда болады. Бірақ, бұл екі арада адамдық арлы ақылмен, шариғат қағидасымен неке салты міндетті болу керек. Болмаса «шерік қосылу» яғни хайуандық әрекетпен жаралысқа айналуы да сөзсіз.

Енді қазақтың сөз атауаларында әйел жынысын бай (молшылық) тал (ағаш) десе, еркектің жыныстық қуатын ағаш атпен, яғни «сауат» деп атайды. Аталарымыз; «Үш ағашқа (бай талға) атын байлай алмаған еркек, еркек емес»-деп шаңырақтың тіреуін де «адал бақан» әйелдік жыныстық қуаттың көрінісін атаған. Бұл белгі ғылымда «Y» (гамма сәулесі) болып, қозғалыстың негізі болуын және әйелзатының жыныстық қуаты да осы сәуленің негізін құрайтын, жіңішке, ұзын қуатты; «Шашы ұзынды» жермен байланысатын киіз қазықтық, адал бақанды ескертіп тұр.

Қан тектік ағаштың пайда болуы адамзаттың өсіп-өнуімен, қан тазаруымен, әйел қанындағы шайтандардың жанып түрленуімен байланысты болып, онан «ЫС» атты қуаттық шаманың, қозғалыстың пайда болатынын да біле бермейміз. Қазақта; «ЫС, ЫСЫҚ» атты рулардың атаулары мен «ыстығы көтерілді» деген сөз ұғымдары да жыныстық қуатқа, қан текке байланысты пайда болған ұғымдар. Шәкәрім атамыз бұл «Ыстың»-сезімдік үннің пайда болуын, жандық қозғалыстың негізін астарлы өлеңмен баяндап кеткен екен;

«Жаралыс басы-қозғалыс, Қозғауға керек қолғабыс. Жан де мейлің, бір мән де Сол қуатпен бол таныс, Әлемді сол мән жаратқан. Қозғалмаса көшпейді, Көшпеген нәрсе өспейді. Өспеген нәрсе өзгермес, Түрден ол түрге түспейді. Қозғалыс түрлеп таратқан.» Ал енді адамзаттың рухының түрленіп жетілуі де отпен байланысты болып, оны «ӨМІР» деп атап ерлі-зайыптылар арасындағы жыныстық қатынастан басталатынын;

«Біреу маған от жақ деп қылды бұйрық,

Жағайын деп ұмтылдым көңіл жүйрік.

От жаққалы жатқаным-бір үлкен үй,

Отын жиып қойыпты талай күндік.

Шақпақ жағып жібердім қуға түсті,

Тұтандырып алуым болды күшті,

Қызыл өңеш болғанда азар жанып,

Соған шейін асығып, ішім пысты.

Отқа әкеліп отынды салып еді,-

Жалын шығып лапылдап жанып еді.

Үй жылынса, қайтейін залалы көп,-

Жалын барып талайды шалып еді.

Жалын кетіп, аздан соң шоқ болды құр,

Отын бітті, үрсем де жана алмай тұр.

Жанды оттай жайнаған, қайран өмір,

Шоқ сөнген соң қап-қар болды көмір.»

Әйел заты отын (натрий, шайтандық қуат) арқалаушы сондықтан аятта; «Лақаптың әйелі тозаққа отын арқалап кіреді, Лақаптың қолы (аруағы) құрысын» деген астарлы үкім бар. Рухы таза Ер мен ділі таза әйел арасындағы ғана жыныстық қатынастан шайтан отын болып жанып, ал оны тұтатушы жын қуатының жалын болып жетіліп, қозғалысқа күш қуат, шабыт болып қосылғанмен әрі тәннің ысталуымен оны тазартудың да жолын меңгеру шарт. Шәкәрім атамыз осылай өмірдің нәпсілік ошақтан басталып, үш сатыға бөлінетінін де ескерткен. Аталарымыз; «Жас кезіңде тасқа жазғанмен, орта жаста құмға, қартайғанда суға жазғанмен бірдей» деген астарлы нақыл қалдырған. Бұл адамзаттың осындай нәпсінің, яғни шайтандық қуат пен жын қуатының түрленуінен пайда болатын гормондық, яғни үндік ақпарат тасымалдаушы қуаттардың ғылымда дәлелденген 57 сипаты да бар. Жын, шайтан қуаттарының негізі де теріс ақпараттарды тасымалдаушыдан адам өміріне қажетті ақпараттарды тасымалдаушыға, кісіге, жарық нұрға түрлендіру, ақылға бағындыру да діннің негізгі ғылымы болып табылады. Бұл гормондық тасымалдаушы түрлерін мен сандық белгімен белгілеп тізіп көрдім. Ең қызығы да, осы белгілердің құран аяттарымен, құран сандық теологиясымен сәйкес келіп және қандай ағзаларға да қатысты екенін де байқауға, сол сияқты шариғат ұстанымы мен дін насихатының адам өміріндегі бұл гормондық қуаттарды жетілдірудегі маңызын да дәлелдеуге болатындығында. Бірақ бұл жолда масһабтық білімдердің тажал болып, бұл кітаптарға жалғанатын дәстүрлік дін жолымыздан, сопылық ілімнен, сан ғылымы болған мағрипатымыздан бас тартқызумен бірге, халықтың ақылын аян алу, түс көрумен, оны жору білімін де жоғалтуға және уахиға, құранның құпия сырларына қарсы қоя білуімен ғана құранның мұндай хикметін ендігі ғалымдарға мойындату әрине оңай емес. Дін ғалымдарының, теологтарының өздері қарсы болған, ырымға айналдырған адамзаттың жұбы болған жын қуатының маңызын мойындауы да екіталай.

Бір атақты ғалыммен болған сұхбатта гормондар саны 57-ден көп деген пәтуа айтты. Ол мүлде мүмкін емес. 57 саны темірдің саны болып, ал жын шайтан негізінен ағаштан, темірден бастап түрленумен шайтан қуаты алтынға, ал жын қуаты күміске айналу керек. Бұл сүре және сандық белгі адамзаттың тегімен, ділімен байланысты қалыптасатын кісілік белгісі болмақ. Кісілік белгінің де 9 сапаға бөлініп, сондықтан тәндегі 57 түрлі гормондардың қалыпты болуынан да «Бірінші байлық-денсаулық» қалыптасатынын да білген жөн. Негізінен адам баласының кісілігі де басымен байланысты болып; «Алтын басты әйелден, бақырбасты еркек артық» деген аталарымыз. Сонымен гормондар тізбесі бойынша құран сандық ғылымын негізге ала отыра толық жын қуаты 72 санымен белгілі болып; 72-57=15 сандық мәні пайда болады. Бұл санды; Ар білімнің намазы, құлшылық сәждесі деп атайды. 15-Хыжыр сүресінің 99 аятпен өлшемінің берілуі де жоғарыдағы тақырыптағы таспих санының білімін де ескертіп тұрғаны хақ. Және 15 санының пары 51 мәнді санмен де белгілі болғандықтан, бұл сандық мәндегі аяттар негізінен адамзаттың қылығының яғни ар білімінің тәрбиесі түрінде себептік қозағалыстар мен Алла тағала періштелерімен байланыста болу маңыздылығы туралы баяндалады. Тәурат, Інжіл, Зәбур, Ишая, Шежірелер жазбаларында да құдаймен екі арадағы уәде мен келісім деп ескертіледі. Қазақ халқының ұғымында; «Аманатқа қиянат жасамау» болып ескертіледі.

Енді Абай атамыздың; «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деген астарлы насихатына жүгінсек бұл 15 саны 3 түрлі бес қуаттарды меңгерумен байланысты болмақ. Абай атамыз 15-ші қара сөзімен осы көмес сырттан келетін қуаттарды меңгеруді 3 түрлі нәпсінің адамзатқа беретін әсерін яғни мастықты жеңумен, естілікті меңгерумен баяндап берген. «…Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаныңнан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ақиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткіздің бе? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді де білмей қалыппысың» (15-сөз) Абай атамызға сүйенсек, мастықты яғни жын-шайтандықты жеңудің де 3 түрлі сатысы бар екен. Сонымен Абай атамыз 45-қара сөзбен жалпы адамзаттың ар білімнің тәрбиесінің үлгісін баяндай отыра және пайғамбарлық, елшіліктің жоғарғы сатысына көтерілу жолын да астарлы түрде насихаттап өткен. Шариғат; «Төртеуді түгелдеу», яғни иманның 4-сатысы дәрежелесек 40-санды кісілікті, «Төртеу түгел болса төбеден келеді», яғни «Үшінші байлық он саулықты» меңгеру болып саналады. Сондықтан Абай атамыздың 4-қара сөзінде; Жын сүресінің ішкі 29-8-аятын арап харпімен белгілеп қалай меңгерудің сырын баяндай отыра қосымша 3 түрлі насихатты қосып барлығы 31-санымен; 45-(қара сөз)+31 (астарлы сөз)=76 санмен тура жолдың және 70 бұтақты иман қуатын меңгерудің негізгі қағидасы; 67; 76 сандық мәндегі насихатты, пайғамбарлық қасиетті, сахабалық дәрежені баяндап өткен.

Құран насихатының сандық теологиясына жүгінсек; Жын сүресінің 28 аяттан тұрып 28-ші аят жын, шайтан қуаттарының адам баласының иман жолдасы, серігіне айналып, «Бір» болуын ескертіп тұр. Ал енді алдыңғы 15-аяты жын-шайтандық қылықтарды ескертіп тұрғаны да хақ. Олай болса осы 15 санды үш түрден тұратын «шеріктерге» қалай жан беріп, армен тәрбилеуге болады, адам баласы бұл жүктермен қалай жүктелу керек?-деген сұрақтарға жауап іздеген теологтар, дін ғалымдары көп. Сондықтан да 5 парыз деген ұғым туып, оны құр намаз оқумен және оған қажылық амалды да тіркей салғандықтан бүкіл ислам әлемі адасып, сондықтан жын қуатын ырымға балап, мүлде құлшылық істерінен шығарып тастаған. Ислам әлемінің де жалпы әлем халқының да жындану және азғындап, тәндік гормондық жетіспеушілікке ұшырап және денелік сыртқы парымен байланысы бұзылғандықтан түрлі обыр ауруларының халықты қынадай қырып жатқаны да осындай ғылымдағы мұндай қуаттарды меңгеруді терістеген надандық пен тажалдық әрекеттерден туындайды. Тажалдық білім әсіресе қазақ елінің зиялы оқымысты қауымы мен дін ғалымдарына тиісті. Себебі өзге елдерге қарағанда қазақ жұртының анық дәлелденген сопылық білімі де, кітабы да, дін дәстүрі де бола тұра, оған қарсы зұлымдық қылып, заманға қарай беріліп жатқан белгілер мен құдай үкіміне де ашық қарсылық қылып жатқан елге жатамыз. Бұл жазбалар тек философиялық тұрғыда ғана баяндалуға тиісті болғандықтан көптеген айқын, ашық, құран және әлем діндері кітаптарынан мысалдар мен қазақ дәстүріндегі айқын нақылдарға, іс жүзіндегі дәлелдерге әзірше тоқталып жатпаймыз. Жазба бетіндегі берілген белгілерге өлшемдерге қарап, әрбір есті, ақылы азат, санасы ашық оқырман өзі зерттеп көргені да абзал болар еді.

Сондықтан да енді 57 санды ішкі, тәндік, малдық гормондарымыздың негізгі сырттан берілетін ақпараттық періштелік және перілік шеріктерді қандай жағдайда, қалай меңгеру керектігін біздер өз ақылымызбен көместі, ақиреттік несібені, ақ қарасын анықтап, болжап меңгере алмаймыз. «Шеріктер» болып адам ағзасына және рух сипатында енуімен, адам баласы азғындыққа түсу қаупі де зор. Мұндай жағдайда, белгілі бір шайтандық немесе жындық қуаттың басымдылығымен негізгі Адамдық ақыл-ой қуаты өспей қалуы да қалыпты жағдай.

Сонымен енді тәндік, малдық гормондарды басқарушы болған, бойлық бейне тұтасқа айналған жын қуаты негізінен адам баласының еркіне, бойына, өзін-өзі, өнерлерді меңгеру, қиындықтарды жеңу сияқты сипаттарын қалыптастырады. Құранда бұл періштелік көктік белгісі; 72 санымен орап белгілегенде, адамзат тіршілігінде, биологиялық тұрғыда бейнеленгенде толық сипаты 27 санмен белгілі болып, Мысырдағы 27 м түріндегі адам басты арыстан осыны меңзеп тұрғаны және тәурат, зәбур, інжілден де бұрын адамзат білімінде, сөз философиясында белгілі болғанын әшкерелеп тұрғаны да сөзсіз. Жын қуатының жыныстық ерекшелігіне тоқталатын болсақ;

Әйелдерде жын қуатының әсерінен орасан зор шабыт пайда болады. Сондықтан әйел заты сыртқы әсердегі, өрістік жын қуатын шерік арқылы алуға құштар болып келеді. Яғни еркек болуға, еркек киімін киюге, шашын қиып еркекке ұқсауға тырысу да еркектік гормонды қосып алуға құштарлық сезімнен пайда болады. Ал еркектерде жын қуаты қандай жағдайда да жүктелгенмен де тез қозғалу, күш қайрат түрінде белгілі болады. Сондықтан да еркектер үшін өзін күшті, қайратты қылып көрсету мақсатындағы жындылығы, нәпсілік құштарлықтар қалыпты болып көрінеді. Бұл еркектік гормонға байланысты жындық қуаттың адам ағзасында барлық сапасында жеке-жеке түрлі қызметтер атқарушы «гормон» түрінде пайда болып, ал негізінде, адам баласының арлылығы яғни адамдық бейне қуатына айналғанда, қандағы алқызыл түйіршіктер санымен ерекшеленіп; әйелдерде 0,3 көгілдір ашық түсті 18 санымен белгілі болып, ал еркектерде 0,7 қара сұрғылт түсті 81 санымен белгілі болады. Оң қолдағы 18 саны әйелдік гормонмен және анамен жан негізімен байланысты болса, сол қол 81 санымен рухпен, әкемен байланысты екенін де білген абзал. Сонымен бұл екі санның яғни оң қол мен сол қолдың арасын жалғап жаратқанға жалбарынсақ; 18+81=99 санымен Ар қуатын, яғни ар білімінің негізін белгілейді.

Негізінен әйел, еркек гормондық белгілері қолдағы бас бармақпен байланысты. Мысалға еркек бас бармағы яғни баспен, мимен, ойлау қабілетімен байланысты болып, егер әлсіздік жағдайында онда сыртқы өрістік жын қуаттармен байланысады. Сондықтан қылықтың өзгеруінен осындай жын қуатының тазалығының әлсіздігінен пайда болған жағдайды; «Бармақ басты, көз қысты» деп астарлап ескерткен аталарымыз. Еркек басының бас киіммен қорғалып, тері мен май қабаттарының қалыпты болуы да жын қуатының әсеріне яғни «Бармақ басты, көз қыстыға» бағыныштылық, әлсіздік, тосқауылға түспеуіне жағдай жасауы да сөзсіз. Қазіргі жағдайда ел билеген және өздерін зиялы атаған қауым өкілдерінің де жындылық сөз, пәтуамен, түрлі партия құрып ессіздікке бой ұруы да осындай жын қуатын тазарту тәсілін жоғалтып, жалаңбас жүріп, күн сәулесінің өтуінен, мидың ашуынан пайда болғаны да хақ.

Ал әйел бас бармағының да қуаттылығы баспен, тікелей мимен, ойлау қабілетімен, сезіммен байланысты болып, бастың қорғалмаған жағдайында қара күштердің немесе шайтанның ақпараттық, хабарлық басқаруына өтеді. Сондықтан да әйел заттарына баспен байланысты қолдың күтімі, әйелдік кәсіп, шеберлікті меңгеру маңызды болмақ. Әйел затының шайтандық «Бармақ басты, көз қыстылық» жағдайы қоғамның бар саласында індет болып қалыптасып оны өлшеуге, ақылымен болжауға бұйырылған ер азаматтарының өзі жындылығынан арыла алмаған. Абай атамыздың ескерткен толық естілігін қалыптастыра алмағандар қоғамда басым көпшілікті құрайды. Негізінен жындылық сөздер, Пәтуасыз (өлшемсіз, дерексіз), уақты (дүниелік, пайдакүнемдік..т.б.) арбау, суайттық сипатымен және 3; 73 сандық мәндермен белгілі болмақ. Жындық қуаттың сызықтық белгісі сына, найза ұшы түрінде белгілі болып, әйел, ер пендесінің осы тәріздігі алдыңғы шатпен және төс, кеуде, арқа жақтағы көрінбейтін бұрыш сызықтарымен өлшемі белгілі болмақ. Бұл туралы алда кеңірек баяндап өтеміз. Осындай сызықтық бейнесін көрсету үшін шалбар киіп, төсін ашып алған әйел заттары сыртқы өрістік бейнедегі жын-шеріктермен байланыста тұратын тегіс жын-шайтан топтарына жататынын да білгеніңіз абзал.

Арлы ақылды, естілікті меңгеру үшін де оның білімін де, өлшемін де қандай жағдайда жетілетіні, қандай жағдайда жойылатынын жетік білу керек. Ар білімінің негізі шариғатқа, яғни төртеуді түгелдеуге, 3 түрлі қозғалыс себепшісін тазартып алуға, меңгеруге байланысты болмақ. Бұл жағдайға қысқаша тоқтала кетсек;

Сонымен Ар білімі 99 санды таспихпен арасы 33-тен тұратын 3 кезеңдік 1-ге қосылумен Алланың жүзіне айналумен және жеке-жеке 33+1= 34х3 =102 санды аяттармен және осы мәнді сүремен де белгілі болмақ. 102-Тәкәсүр сүресі осы 3 негізді қуаттарды бірлеп, төртеуді түгелдеу, алтауды араздастырмай, 8 түрлі қуаттарды меңгеру арқылы арды қалыптастыру заңдылығы болып табылады. Аяттарда; «..Сендерді көбейтуде бәсекелесу айналдырды. (1)… Сол күні, әр нығметтен әлбетте сұраққа тартыласыңдар.» (102-8) Сонымен АР дегеніміз Ол, Алланың бастапқыда бар, растық сипаты. Сондықтан да; «Малым (тәнім) жанымның садағасы, жаным, арымның садағасы» деген аталарымыз. Енді құранда Хыжыр-15 сүресі ар білімінің меңгерудің қуаттық сырларын толық насихаттайды. Қандай санмен қандай дәрежеде болуын да осы сүре арқылы гормондар жүйесін де сандар теологиясымен зерттеуге болады. 57 түрлі гормондық белгінің біртұтас жүйеге айналуынан елшілік, көріпкелдік, аянға, уахиға жалғануға жететін қасиеттің де пайда болуын көруге болады. Абай атамыз 15 санды мәнді өлеңмен бұл ар білімнің негізін;

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,

Ашуың-ашыған у, ойың- кермек.

Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық,

Кім көңілді көтеріп болады ермек?…

Ер ісі-ақылға ермек, бойды жеңбек,

Өнерсіздің қылғы-өле көрмек.

Шыға ойламай, шығындап қылық қылмай

Еріншек ездігінен көпке көнбек….

Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,

Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.

Таразы да қазы да өз бойында,

Наданның сүйгені-көппен дүрмек

Абай атамыз ақ жүрек, арлы ақылды меңгеруді осы өсиетімінен қазақ дәстүрінің де маңызын ашып көрсеткен. Ал енді дін тұрғысынан да қарастырсақ; Ар білімінің бірінші кезеңі; «Сұбуханалла»-бастапқы ой, үн, сезім, санмен байланысты. Жас кезімізде әжелеріміз жаңбыр жауып, найзағай ойнағанда «Сұбуханалла» деп айтыңдар, шайтан қойындарыңа тығылмайды дейтін еді. Сонымен бұл қан тазалығын қалыптастырумен, дәрет тазалықпен, шариғат негіздерін меңгеруге байланысты, ар білімінің негізгі ірге тасы қан тазалығын қалыптастыру және ақ жүректілікті меңгеру болып табылады. Құранда да 33-сүре жүректің тазалығымен, екі жүзділікпен яғни шайтандық қылықпен күресуді баяндайды. Мүмін аталу да осы таспихты меңгерумен, шайтандық қуатты, қанды тазарта білумен, елшілік істерді меңгерумен де байланысты болмақ. Ал енді екінші; «Әлхамдулла» деп қозғалыс негізін рух қуатын да ескеріп, өнерді, жынысына сай кәсіптерді яғни жын қуатын тазарту осы екінші 33-санды таспихқа байланысты. Сонымен мұның аят негізі 66; 67; 68 сандармен де аяттарда ескертіледі. Бұл таспихты меңгерумен бірге пайғамбарлық тазартушы, болжампаздық қасиетті де меңгеру аятта, «Бұл пайғамбарлық Алланың кеңшілігі, оны қалаған құлына берді. Алла, зор кеңшілік иесі.» (62-4) (66) Ал 66 санды сүре жұбайлық өмір арқылы адамзатқа берілетін несібе нұрды да ескертеді. Үшінші «Аллахуақбар» деген таспихымыз адамдық, жандық болмысымыз және пайғамбарымыздың шапағатына жалғанумен иман қуатымен байланысты болмақ. 99 санды және 100 санды аяттар мен сүрелер ақиреттік несібе мен Раббымызға жолығуды, хабар алуды және есеп беруді ескертіп тұрғаны да айқын.

Дін тұрғысында; Сұбуханалла-шариғат, әлхамдулла-тарихат, аллахуақбар-мағрипат болып саналады. Адам баласының жандық қуаты да, үшінші негіздегі «Аллахуақбар» таспихына байланысты болғандықтан, құрбандық шалғанда және көптеген ақиретпен кездесудегі жағдайда, исламдық бүлікшілердің біреуді өлтіретін немесе өзі жанын қиятын кезде осы сөзді айтуы да қалыпты жағдай.

Адам баласы да жаратылу барысында 3 түрлі жатыр қараңғылығында және туылғаннан кейін де үш түрлі сипаттық жағдайдан өтіп өсіп жетілумен, Шәкәрім атамыздың баяндағанындай өмірдің үш кезеңге бөлінуі де осы таспихтың қозғалыс негізін де растап тұр. Бұл сандар құран аятымен де адамның өмір жасымен де тікелей байланысты. Сондықтан тағдыр да негізінен жанмен «Аллахуақбар» таспихымен 67;13-санына иман дәрежесіне де байланысты болып, адам баласы тек құлшылық парыздары, қарыздарын орындау арқылы ғана ар білімін өз жасынан ертерек меңгере алатыны да сөзсіз. Ал болмаса, 34 жасқа жеткенше жын-шайтандық қылығынан, ал 66 жастан асқанша, жеткенше жындылық мінезден арылуы да екі талай. Сондықтан қазіргі таңдағы діннің насихатын, шариғат тазалығын меңгеруден бас тартқандар қандай жаста, жоғары білімді немесе үлкен дәрежелі қызмет атқарса да жындылық, шайтандық қылықтарынан арыла алмай қоғамдағы арсыздықты қалыпты деп қабылдау жағдайына соқтырғаны да сөзсіз. Яғни тәндік, малдық өмір жасы болғанымен рухани және жандық өсуі тоқтап қалған, ал масһаб ұстанғандар, тарихат, мағрипат ұстанымдарынан бас тартып, шариғатты жол қылып алумен белгілі бір ақиреттік, рухани өлімдік екі кезеңнен өте алмай рухани жастары да жетілмей тоқтап қалған.

Қазақ дәстүрі бойынша 30-да орда бұзу, яғни шайтанның ордасын бұзумен, 40-да қамал алу жын қуатын меңгерумен, 50-де ердің жасы яғни ар білімін толық меңгерумен ерекшеленген. Сонымен бірге; «Жасыңда тасқа (сүйекке) жазып, орта жаста құмға (етке) жазып, есейгенде суға (жанға) жазасың» деген де жан ғылымынан нақыл бар. Бұл тақырыпта да қазақ жан ғылымынан, рухани психологиядан әлемге үлгі болатын, исламдық азғындықтан да тежейтін, құранның дәрежесін маңызын да арттыратын кітап жазуға да болады. Бірақ «философиялық ой қабаттары» деген ұғым да бар. Қазіргі қазақ қоғамының Абай атамыздың 4-қара сөзімен өлшесек; Зиялы аталған қауымының философиялық ойлау қабаттары 15-ші сандық деңгейден аса алмайды. Тек санаулы ғана ақсақалдардың; «Ғайып, ғарбилік басыма түскеннен соң» немесе аятта; «Расында Алланың құлы (Мұхаммед) тұрып, Аллаға ғибадат қылған сәтте; олар, оның үсіне үймелеп жабыса жаздады.» (Жын-19) дегендей бастары жабылмай шыбын сияқты, бұл қуаттарды ертіп алып жүргендер де көп. Сондықтан мұндай ғұлама болған ақсақалдардың бастарында да жынды, сары суларының тазармағаны да сөзсіз. Негізінен 31-философиялық көлденең және тігінен де ой қабаттары барын білген де жөн.

Ар білімінің, қазақтың дәстүрлі нанымының да мақсаты өз жасынан ерте есею болып, «13-те отау иесі» деп иман үйінің, ар сауытының қалыптасуын рухани жастың маңызын ескерткен. Және рухани тұрғыда қыз балаларды да ұлдардан ерте есеюге яғни шайтандық қылығын тазартуға тәрбиелей білген. Ал, қазір жиырмадан асқан қыз балаларымыздың жалпы естілігі мен табиғат заңдылығына адамзаттың мұсылмандық қарызын, адамдық борышын өтеудің маңыздығы бұрынғы замандағы әлі 9-жастағы қыздардың рухани ақыл-ойындай ғана. Яғни ар білімі жетілмеген, арсыздықтан арыла алмағандығы көзге көрнеу белгі де. Ал, ел биліктің және зиялы қауым өкілдерінің өздері рухани дәрежеде ар білімінің сауытын қалыптастыра алмай, сопылық ұстаным түгіл, шариғатты да меңгермей құр кітап, білім арқылы ғана ғұлама, ғалым аталып, өздерінің адасқандықтарын, еркектердің жындылығы, ақыл айтушы биліктегі қатындардың шайтандығы, арсыздығы қоғамдағы мәдениеттілік болып қабылданып, бүкіл халыққа тек дүние байлыққа, тіршілік қызығына ғана негізделген тажалдық теріс жолды нұсқап, әлемнің азған елдерімен бірге қияметтік сын сағатының азабына түсуге ғана себепші болғаны да хақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *