III- Сенім мен иман және наным дәстүр философиясы

Бөлім: Адамзат тегінің рухани құндылықтары №7-к 1-бөлім 166

Иман қуатының жартысы діл біліміне ал қалған жартысы тіл біліміне тікелей қатыстылығын пайғамбарымыз; «Білім екі түрлі болады, біріншісі адамның ділінде (қанында) болып келеді де, ол адамға пайдалы болып есептеледі. Екінші білім ол адамның тілінде болады. Ол Алла тағаланың адам баласына жіберген куәлігі болып есептеледі.» (568-өсиет) деп ескерткен екен. Сонымен иман екі түрлі білімге тәуелді болып жоғарыдағы тақырыпта тағдырмен байланысты иман- ана қанымен келетін, нағашы тегіне байланған иман қуатына байланысты болмақ. Ал иман қуатының екінші сапасы; сана қуаты болып, ал сана қуаты некемен, жұбайлық өмірде әйел қанынан, бой өрісінен, яғни екі аяқ пен жер арасы, жыныс ағзасымен жалғанып тұратын әйелдік киіз қазыққа да тәуелді жетіледі. Сондықтан аталарымыз; «Жақсы әйел жаман еркектің басын төрге шығарады, жаман әйел жақсы еркектің басын есікке сүйрейді» деген астарлы сөз қалдырған. Әйелдері арлы, қыздары ұятты, тәрбиелі елдің тағдырлық иманы да қалыпты болып, халық аза қоймайтыны да осындай діл білімінің әсерінен болмақ. Еврей халқының текті әйелдерімен байланыстыратыны да осындай тәураттық білімнен қалған белгі еді.

Бірақ пайғамбарымыз ескерткендей бұл білімнің, иман қуатының екінші жартысы тіл білімінің маңызын және оның қандай сападан тұратынын жіктеп талдаған ислам ғалымдарының да қазіргі өздерін тура жол атаған қандай да бір топтардың, масһабтың білімінен тыс қалған және масһаб ғалымдары, дін имамдары бұл тіл білімінің ілімдік те, білімдік те сапасына ашық қарсылық та білдіреді. Пайғамбарымыз; «Қандай да бір құлшылықтың ортасын ұстаныңдар» деп ескерткеніне қарамастан аталарымыздың «Ілім мен білім ортасын ұстай алмасаң бүлін» деген ескертуіне сәйкес, мүлде ортасы түгіл иман мен сенімнің ерекшелігін де ажыратудан қалған. Жалпы философия ілімі қай салада болса да өз маңызын жоғалтып алды. Оған негізгі дәлел бүкіл құран аяттары «иман келтіріп ізгі іс, жақсылық жасағандарға Алланың нығметі беріледі» деп ашық иман қуатының өз мақсатына жұмсауды ескертіп тұрғанмен, оны сенімділікпен және сенімді бекіту амалдарымен алмастырып алғандарымыз сөзсіз. «Сендік деп сыналмай қаласыңдар ма? Сендердің араларыңда тақуаларды анықтау үшін түрлі жағдайда сыналасыңдар» деп ескерткеніне қарамастан құдайдың өзі берген иманын өзі сынайды деген ұғым қалыптасқан. Иман таусылса, жоғалса ғана сенім білімі әлсіреп, сенімнің сынағы шыңдалуына қарай ар сауыттың бойдың бекуіне, толуына, қанның тазаруына, жүректің ағаруына қарай иман періштесі жүрекке еніп, жақсылыққа жол сілтеп, жамандықтан тосушы және адам баласына ем-шипа, нығмет болатыны ескерілмейді. Және иманы толық адам баласында ешқандай ауру да болмайтынын, керісінше иман қуаты арқылы өзгелерді сауықтыру қабілетіне еге болатынын да естен шығармаңыз.

Сонымен, сенімді жоғарғы тақырыпта құлшылық сәжде амалымен байланыстырдық. Бірақ бұл сәжде амалын дұрыс орындау үшін де білім керек. Масһаб білімінің қажеттілігі, маңыздылығы, шариғат тазалығын сақтаудың қажеттілігі осындай жағдайдан туындайды. Әрине бұндай жағдай жалпы исламның құндылығынан қашықтаған және жаңадан дінді қабылдаған жағдайда керекті негізгі шарты. Ал қазақ елі қашаннан ғасырлар бойы исламмен тарихымыз, шежіреміз де тұтастықта болғандықтан, біздің діл біліміміздің қанымызбен де, тарих білімімізбен де сөз, тіл байлығымызбен де келген ұлттық тәрбиеміз; әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз бар. Бүкіл масһабтық және басқалай діл, тіл білімінің құндылығы да құлшылықта сенім және иман қуаттарын сақтау, жетілдіру білімі түгел қамтылған. Сонымен бірге құранның философиясын толық қамититын даналық кітаптарымыз да жол-жобамен ұлтымызға, үмметтік сипатымызға қарай кітап алған елшілеріміз, әулие-әмби ескертушілеріміз де жеткілікті. Сондықтан біздердің құр сенімге негізделген құлшылық амалдарды дін масһабымыз тура жол деп атап алуымыз тек ақымақтық пен ұлтымыздың жаппай иманға қарсылық әрекетін, тажалдық білімді ғана туындатады. Бұған да себеп шындығында діннің сәжделік сипатын кеңес үкіметі кезінде дәстүрімізден тыс қалып қойғандықтан, қайта қалыптастыру барысында тарихымыздан бекіген өзіміздің ұлттық негізгі дін білімімізге сүйенбей сырттан әкеліп тықпалаудың нәтижесінде, дін дәстүріміздің барлық құндылығы дін аталудан тыс қалып керісінше ескіліктің қалдығы, ырым түрінде насихатталды. Яғни иманның негізгі амалдары намаз орындаулары қызылбастан келген намаз құр сенімге негізделіп Абай атамыздың ескерткеніндей имансыздық жолы болып шыға келді. Себебі пайғамбарымыз;«Иман мен амал егіз нәрсе, оларды бөлу келіспейтін нәрсе.» (325-өсиет) Иман амалмен, жақсылық істермен, игі дәстүрмен ғана бірге болатынын ашық ескерткен. Ал сенімді қалыптастыруға да жаратылыстан екі жолды жаратып қойған. Бірі білімділіктің, ғылымның жолы арқылы жетсе, екіншісі білімді меңгеруге шамасы жоқтардың жалпы шаруа баққан халықтың сәжде құлшылығы яғни масһабтықтардың ұстанымы бойынша «Бес парыз» негізінен төрт түрлі құлшылықпен сенім қуатын меңгеруге болатыны сөзсіз. Сондықтан да пайғамбарымыз,«Білім имандылыққа алып барады, білім діннің ұстаны болып есептеледі.» (567-өсиет) деп ескерткен. Бұл өсиетпен білімді адам баласы иманды болады деп ескертпеген, керісінше білім арқылы ғана имандылық жолына түсуге болатынын ескерткен.

Енді жалпы негізінен жаратылыста 3 түрлі тіл сипаты болып оның бірі отпен, екіншісі сумен байланысты болып, оның екеуінің арасын жалғау яғни ортасын табу иманмен байланысты болмақ. Алла тағаладан; «Мен екі аралық нәрселерді ойыншық үшін жаратпадым» деген астарлы ескерту аятын да жадыңызға тоқып алыңыз. Аталарымыз;«Тілеуің бірі от, бірі су, Сөйледің екі түрлі тіліңде адам. «Тілі екеудің діні екеу» деген сөз бар. Аңдамай бұзып алма діліңді адам.» деп астарлы ескерткен екен. Отпен (жермен) байланысты жын қуатын, рухты меңгеру болса, ал сумен (көкпен) байланысты жан қуатын яғни ана тіліне, ділге, ұлттық дәстүрімізге байланысты сана қуатын меңгеріп, екі аралық естілікті, кісілікті, парасаттылықты қалыптастыру керек. Ал от тілі еркекке тән және жын қуатын тазартумен, пайғамбарымыз; «Еркек кісі дәмді сөзімен, тілімен көркем» (376-өсиет) деп кісіліктің жын қуатын тазарту еркектің сөз өнеріне байланыстылығын ескерткен. Сондықтан сенім қуаты еркекке тән болып, иман қуаты жанға байланысты әйел затынан бастау алады да оның негізі болған- діл білімі әйел заттарының рухани тазалығына, әдебіне, қасиетіне тәуелді су тілі болмақ. Бұл жерде оқырмандардың негізінен көктік отпен байланысты, неге су көкке тән,-деген сауалдың туындауы да сөзсіз. Ал шындығында тіл ұғымы бұл аралық байланысшы, сондықтан көктің тілі су, жердің тілі от екенін де ескерген дұрыс. Жердегі шөпке малдың жайылуын «Мал оттап келді» деген. Сонымен; еркекте от тілімен, әйел затында су тілімен; бірі сенім қуаты, екіншісі иман қуаты бастауы болып, екі бұлақтың; АДАМ деген қасиетті бастауда тоғысатынын ескерсек, осыдан аталар қалдырған нақылдың құпия сыры шығады. Ал енді біртұтас адамға айналу үшін әйел мен еркек арасында көркем сөзден серігі, неке ағашы болып және әр халықтың ұрпақ өсіру, адамдықты қалыптастыру жолында ұлттық ерекшелігі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі осы екі негізгі қуатты жалғастырушы болмақ. Сонымен ілім де білім де екі түрлі болып, бірі оттан, бірі судан болмақ. Осы төртеуді түгелдеу үшін жаратушымыз әрбір халықтың ерекшелігіне қарай нанымын яғни құдайлық несібесін «Мен»-ді қалыптастырған.

«МЕН»-нің адамзаттағы көрінісі –НАНЫМ деген қуаты болмақ. Аталарымыз бұл тұрғыда; «Аяғыңның астына нанды қойып құранды алма, құранды қойып нанды ал» деп астарлы нақыл қалдырған. Құран рухани азық түрінде табан арқылы енетін болса, ал Нан-рухани несібесі, төбеден екі аралық өмірден келетінін ескерткен. Құран негізінен Мұхаммед пайғамбарызбен аяқты тазартушы масих болса, Нан-Ғиса пайғамбарымызбен басты тазартушы масих болып саналады. Сондықтан Ғиса пайғамбарымыз; «Мен сендерге (бастарың үшін) –нанмын және (аяқтарың үшін) таспын» деген астарлы сөз қалдырған.

Сонымен қандай да бір жағдайда ғайып тылсымдық өмірмен, анықтың материалдық тіршіліктің арасын жалғау үшін наным қуаты керек. Демек иманды меңгеру үшін сенім, білім мен тағдырлық иманның, ұлттық құндылықтың, діл білімінің арасын тең дәрежеде ұстап тұратын ортасы- нанымы болу керек. Сенімсіз, күзетшісіз имандылықты сақтау мүмкін болмаса, онда нанымсыз қандай пенде де иманды толық меңгере алуы да мүмкін емес. Нанымның да екі сипаты болып, бірі біліммен, яғни жаратылыс себептерін, сырын меңгерумен, бастапқы берілген тағдырлық иманмен байланысты болса, ал екіншісі сенімге байланысты меңгерген іліммен яғни көрмей, білмей иман келтіру деп аталатын діни көзқараспен байланысты болмақ.

Осындай дін топтары белгілі бір ұстанған бағытына байланысты түрлі нанымдарды ұстанып, соған соңдарынан ерген елді де сендіріп, өздерінің артынан ерген топтың белгілі бір сенімдік қуатын, білімін қалыптастырса, ал білімді қауым өкілдері де меңгерген біліміне қарай, белгілі бір сенімдік білім қуаттары пайда болумен, бұл сенімдерін енді өзгелерге үйрету үшін де өздерінің ұстанымдарын, ортақ нанымдарын қалыптастырып елді жақсылыққа жеткізуге, басқаруға тырысады. Бұл жағдайды кеңес үкіметінің кезінде коммунистік ұстаныммен, коммунизм атты жарқын болашаққа жету болса, капиталистік елдерде өндірісті дамытып материалдық байлық арқылы бәріне үстемдік қылуға жетуге болады деп нандырады. Және қандайда бір тарихта өткен оқиғалар болсын негізінен құдайға деген, жаратушының барлығына деген сенімді жоққа шығара алған жоқ. Бірақ адамзаттың қылығын қалыптастыратын нанымына қарай сенім де бейімделіп отыратыны да сөзсіз. Ал, қазіргі масһаб дінінде немесе өзге қандай да бір діни бағытты топтарды алсаңыз негізінен сенімді меңгеруге негізделген, ертегі сияқты нанымды яғни түк істемесең де құдайға жалбарына берсең әйтеуір бір заманда, көбіне арғы дүниеге барғаннан кейін нағыз бақытқа, байлыққа кенелесің деген наным арқылы өздерінің діни сенімдік жолын берік ұстануға насихаттайды да және бұл салада кейде «фанаттық», қиялы, ертегі дәрежесіндегі өздерінің ұсынған біліміне сенімділікті қалыптастыруға қол жеткізіп жатқандары да даусыз. Сондықтан шындықтың, хақиқаттың белгісі, өлшемі болған иман деген қуаттың болып, сол арқылы адамзаттың ақылы, ойы құдайлық таза ақылға жалғана алатынын халық біліп қоймас үшін, қандай да бір дін өкілдері де өздерінің саясатын, үстемдігін қалыптастыруда, қандайда бір ел билеуші білімді қауым өкілдері де иманның хақиқатын жоққа шығарудан жалықпайды да. Мысалға қазақ елінің ел билігі партия саясатына нандыру мақасатында түрлі «доктриналар» қабылдап, елді тек арнаулы заң шығару арқылы, заңның құдіретіне табынуға мәжбүрлеу арқылы, өндіріс шаруашылықты дамытып, білімді жетілдіру арқылы, білім жетістігімен барлық ауру, азапты да, табиғи сынақтарды да, яғни құдайды да адамдар ойлап шығарған заңға бағындырып, халықты бақытты өмір сүруге жеткіземіз деп «Маркстік философиямен» бұрынғы коммунистік партияның жақсы жағын ғана алмай, керісінше құдайдың хикметіне, белгісіне, ескертуіне де мойынсұнбайтын қателігін тағы да қайталап жатқанын қазақ билігінің әрекетінен көруге болады. Сондықтан ел билігінің саясаты діннен бөлек деген нанымды ұстануды ашық жариялап, заңмен бекітіп және дінді де өздерінің заңдармен бағыныштылығын сақтау мақсатында құр сенімдік, пәндік білімге негізделген масһабтық бағытты қолдап отырғаны да сөзсіз. Егер халық имандылық бағытын меңгеріп, ата дәстүріне нанатын болса, онда әлемдерге ортақ саясатымен ел билеушілерінің қалыптастырған тажалдық білімінің күйреуіне ұшыраудан қорыққандықтан да ата жолын заңмен тежеп, әлі кезге дейін ата дәстүрін қолдаушыларды соттап қудалудан қайтар түрі де жоқ.

Құранда жалпы иманмен байланысты ата жолының наным хақиқатын; «..Әрине Раббыларыңа кездесетіндеріңе нанарсыңдар» (13-2) деп ескерткен. Бірақ осы Раббысымен жолығуды қандай да дін топтары мойындайды да, бірақ тірі кездегі тақуалық, сопылық арқылы Раббысына жолығудың жан сырын жалғанға шығару арқылы және өліктердің тірілу арқылы қияметтік сағаттың болып адам баласымен байланысқа түсуін де жалғанға санайды. Сонымен бірге барлық діни кітаптардағы, теология іліміндегі «реинкарнация» заңдылығын, яғни адам жандарының бірінен-біріне ауысып қайта өмір сүруін де қазақ дін ғалымдары да жалғанға шығарады. Сондықтан адам баласы тек өлгеннен кейін ғана кездесетін, онда да ұзақ қиямет-қайым деген уақыттың болатынын, оған дейін асықпауды насихаттайды. Ал НАНЫМ дегеніміздің өлшемі 111-санмен белгілі болып және оның 7 түрлі сипаттан тұратын философиялық өлшемін жалпы әлем жұрты да ұмытқаны қашан. Сонымен НАНЫМ; Ақ;- Ой; Асылық; Қара-Сезім;Асықтық; Сенімсіздік; Тілсіздік; Үнсіздіктен тұрады. Яғни әлемдік жаратылыстағы Ақ пен Қараның өзара бәсекесінен тұрады. Жалпы; НАНЫМ жаннатпен саудаласумен байланысты барлық діннің негізгі құндылығын, Алла жолындағы соғысуды, Соған байланысты Алланың берген уәдесі, нығметімен, рахметімен сыйлануға байланысты болмақ. Құранда 111-сүре қатынның отын көтеруімен яғни қара қатынға айналып азғындауымен, еркектің қолының, аруағының қалыптаспауымен тозақтық болатынын насихаттайды. Сонымен қандай да сандық мәнмен берілген дін насихатын, кітабын 111-сандық мәндерін тексеріп көрсеңіз, барлығы да біртұтас ақирет өмірімен жалғануды құдаймен хабарласып, ақыл, кеңес алу амалдарымен, құлшылығымен, намаздарды орындаумен діндегі наным қуатымен байланысты екені сөзсіз. Сонымен бірге тура жолдың және қазақ дәстүрлі дінінің нанымын аятта; « Егер оларға періштелер түсірсек те және оларға өліктер сөйлессе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар НАНУШЫ емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111) Бұл жағдайдың қазақ елінде Алланың хикметі түсіп, халық жаппай тазаруға, өліктермен сөйлесуге, өздеріне жол-жоба алуға, Алланың жолына артық хайыр жасап, құрбандық шалып көк отанымызды, жерімізді түрлі жүктерден тазартуға шығуы мұң екен, бұл Ақ- нанымға, ойды, асылық қасиеттерді меңгеруге қарсы Қара-нанымды яғни сенімсіздік, тілсіздік нанымды діншілердің бастауымен, зиялы қауым өкілдерінің қолдауымен, ел биліктің ата дәстүрлі дінін, құдайдың заманға қарай түсірген хикметіне де жала жауып ашық соттауымен аяқталды. Бірақ олардың бұл аяттағы «…Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» деген уәдесіне жолығып, түрлі апаттармен, аурулармен жалпы халықтың да азапталып, соғыс жүріп жатқан арап елдерінен әлдеқайда көп шығынға ұшырап жатқанымызды шындығында білуге қауқарсыз. Бір ғана жол апатынан жыл басына бері 3000-нан астам адам өлсе, әлі жыл аяқталмағанын, қараша, желтоқсан айындағы апаттар мен балалардың шетінеуіне, асылып, өзіне қол жұмсап жатқандар мен түрлі аурулармен азапталып өліп жатқандар және қаны азған қатындардың туған балаларының да көп жасай алмай болашақта қырылатынын, қыздарымызға жатыр ауруына қолдан азғындықтың дәрісін егіп жатқандардың рухани мүгедек ұрпақтарды өмірге әкелетінінен және қияметтік сағат үкіміне байланысты алдағы алты жыл ішіндегі түрлі арсыздыққа келген оба ауруларынан, апаттардан халқымыздың қаншамаға саны қысқаратынын есептеп болжап көруге де иман қуаты керек шығар. Ал оған кім ұлықсат береді? Мемлекет заңында да, партия саясатында да, өздерінің қолдаған дін нанымында жоқ нәрсені жазатын болсаңыз немесе ел биліктің дінсіздік әрекетін ашық сынасаңыз, дәстүрге сай жайт айтсаңыз да онда жоғарғы дәрежелі мырзалардың абыройна нұқсан келтіріп жамандаған, мазақтаған болып, прокуратура басшыларының ұсынысымен, халық қалаулысы атын жамылғандардың бекітуімен 3 жылға итжеккенге қаматуға құқы бар екенін де ұмытпаңыз. Бұл олардың бүгінгі таңдағы арлылығының көрінісі. Бірақ құдайдың соты осындай мырзаларды бұл заңдарының құрбаны өздері болуына өздерін мәжбүрлейтінін, сонымен бірге тағдырлық имандарын да осылай жоғалтып жатқандарын да қайдан білсін? Ал, алдына ала бәледен, қателесуден сақтандыруға, осындай жағдайлармен, себептермен Ары жоғалған пендесіне құдай өзінің ескертуін, аянын қалай көрсетпек? Ал ел тағдыры, ұлттың болашағы туралы уахи алмақ түгіл, өз тағдырына байланысты аян көре алмағандар арттарынан серігі болып шайтан ергендіктен тек шым-шытырық түс көретін жағдайға түсіп, сондықтан түс деген тек шайтаннан деп ойлайтын негізінен сенімде берік мұсылман болғанымен ар-ұжданы, діл білім түгіл, ата аманаты тіл білімінен, құдай хикметінен хабарсыз болғандықтан, белгілі бір қиялы нанымды ұстанатын имансыз яғни екіжүзді мұнафық болғаннан басқа қандай жол іздемек?

Жақында Астана қаласында болған «дәстүрлі діндер» құрылтайында ел биліктің дінді тек жалбарыну үшін ғана тек өз еркімен нанушылардың саясаты түрінде қабылдайтынын, өздерінің бейтарап нанымды ұстаушылар екенін тағы да дәлелдеп және дәстүр ұғымынан мүлде білімі де нанымы да жоқ екенін халыққа тағы да ашық жария қылды. Сонда осы топтағылар халықтың қолының (аруағының) кірімен, маңдайының терінен берілген құдайдың сыйын үлестіруші болғанымен тұрмай, өздерінің жеген нанын-нанымын ақтай алмай жатқандарын, сонымен де жуық арада сұралып арты қайғылы жағдаймен аяқталатынына әрине нана алмайды. Себебі имандарын дүние байлығына, тақ, дәреже қызығына айырбастап тауысып алғандары да сөзсіз. Және өздерінің ойдан шығарған заңдарының құдіретіне, ұстанған саясатының, білімдерінің жетістігі арқылы ғана ешқандай құдайдың қатысынсыз халықтың өркениетін қалыптастырып, өздері мәңгілік әулие аталып, халықтың жадында, тарихта жақсы атпен қалуына да нанады және оған зиялы қауымдар, ғалымдар, философтар, діншілер де қолдау беріп жаратқанның атынан уәде беріп сендіреді. Сондықтан иманыңның бар жоғын құдайдан емес, дін ғалымдарының жазған кітаптарынан оқып алып немесе мешіттерге барып имамнан барып сұрап алсаңыз да болады. Ендігі бізге уәде беріп жаннатық болуға, тура жолды таңдап түскенімізге көрсетуші , тағдырымызды түзеуге түрлі намаздарды орындауға жол сілтеп жүктеуші және соған байланысты жақсылығымызға сыйымен сүйіншілеп жүректерге қуаныш салушы, тозақтық емес екенімізді ескертуші Алланың өзі емес, сендірушіміз масһабтық дін имамдары мен ғалымдары екені де жалған емес. «Білмесеңдер, бізден сұраңдар» деп өздерінің кісі-періште екендеріне де ашық сендіріп, жалған пайғамбарлық сөздермен нандырып жатқаны да даусыз…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *