II- ТЕКТІЛІКТІ САҚТАУ;«ТӨРТЕУДІ ТҮГЕЛДЕП, ТӨБЕДЕН ЖЕУ»

Бөлім: Текті қалыптастыру ілімі-жан ғылымы 123

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}

       Бірінші бөлімде баяндағандай қазақ ұлыстары Шыңғысхан баба жарлығымен 3 жүз болып қалыптасқанмен, бірақ оның негізі алты Алаш тайпасы болды. Олар; Керей; Қыпшақ; Найман; Арғын; Уақ; Қоңырат болып алты атадан құралған. Ал әрбір пенде; алты ата тегінен және 3 арыстық белгіден яғни 9 түрлі кісіліктен тұруы хақ. Сондықтан әрбір жүз өз ішінде жеріне, шөбіне ауар-райы-ықлымға байланысты арыстық қабілеті, ерекшелігі болғанымен, өзара қан тегін алмасу жүйесін қалыптастырып отырған. Негізінен әр жүзден текті ұрпақтардың келуі яғни ел басқаратын көреген болашақты болжаған білімді меңгерген төрелер, діннің сырын ілімді меңгеруші қожалар және ұсталар, сол сияқты жанның тазалығын жетілдірген би, шешен, абыздар болып, ал батырлар болса барлық жүзге де, адамзатқа да ортақ құбылыс еді. Сонымен осындай адам баласының 4 түрлі негізгі сапасын, тектілігін қалыптастыру барысында Шыңғысхан бабамыздан Абылайхан атамызға дейін 17 рет қан алмасу да болған деген дерек қалған. Бұл қан алмасуды Алқа көш билер атқарып, әрбір ру өз ішінде 7 атаға толысымен, осындай билер кеңесінің шешімімен батыстан шығысқа, оңтүстіктен солтүстікке деген сияқты ауылдардарға жер, жайылым беріп өзара алмастырып отырған. Соған байланысты; «Немереміз өсіп ел болғанша, қасықтағы су көл болғанша бір-бірімізді көре алмайтын болдық» деп, ағайын туысқандардың қоштасқан сөзі қалған. Ал, осыған байланысты қазақ өзара қандай жүзде болмасын бір-бірімен сұраса келе қарын бөле шығатыны да хақ. Бірақ осындай нақты деректер жазылған; «Бестаңба-Ізбөрі» кітабын құпия ұстап, тек санаулы ғана дарынды абыздар ұстап, атадан балаға мирас, аманат етіп, негізгі кітапты Шыңғысхан бабамыз Отырар кітапханысымен бірге тықтырып тастаған. Бұл туралы бөлек қысқаша мағлұмат бере жатармыз.

    Ал, арыс деген ұғым қалай пайда болған? Арыс деген белгілі жер бетінен арнаулы сөз ғылымын тіл білімімен қосып дамытушы, әрі пайғамбар, әрі елші болған тұлғаларға байланысты. Ал пайғамбар болып келу әйелге де, еркекке де тән жағдай. Пайғамбар ұғымы; ерлерде абыздық, әйелдерде сәуегей ділмарлық болып, негізінен діл-жанды жетілдірушілер болып саналады. Ал елшілік болса; тіл білімімен тек ерлерге тән бақсылық қасиеттермен, түрлі мұғжиза көрсетіп бұрынғы өткен елшілер істерін дамытушы, жалғастырушы, қайталаушылар болып саналады. Осы асыл қасиеттердің бәрі үш арысқа жинақталып, адамзатқа ортақ қасиетке айналу шарт.

    Сонымен Жан арыс-Жүсіп пайғамбарға тән болып білім-ғылымды, шаруашылық істерін меңгеріп өркениетті қалыптастырумен ерекшеленеді. Ал, Ақ арыс-Мұса пайғамбармен байланысты сопылық ілімнің негізін қалаумен, мұғжиза кереметтер мен табиғат құбылыстарын, тылсымды меңгеруге және жұлдызды бағдарлау құс ілімімен де байланысты. Бек арыстық сапалар — Дәуіт пайғамбармен, тау, тас, құстар үнімен және жындар мен шайтандарды бағындырып ұсталық, бақсылық істермен, жауға қарсы түрлі амалдар, қарулар ойлап табу өнерімен де байланысты. Және ақындық та осы сапамен байланысты.

    Адамзаттың бұл негізгі тектілігінің де тылсымдық түр-түсі болып; Жан арыс – орта жүз белгісі; сары, Сары оғлан, Кенен сары, Сары арқа, т.б. сөздері осы жандық сапаға және күнге байланысты. Ақ арыс — аты айтып тұрғандай ақ түспен, Мұса пайғамбар қолының ағаруы, яғни мал-қуатын, нәсілін қоралап қауға таратушы, ақ табан  болып ата жолында аруақтарға зияраттағанда ақтық жабу, бөлек тұрған ағаштарға, киелі жерлерге ақтық, шүберек байлау, ақ жаулық тарту сияқты дәстүрлік сипаттағы салттарымыз, осындай тылсым хикметтерін меңгеруге, жер ана рухына жалғануға, тақуалыққа байланысты қалыптасқан. Және ақ түс — ай нұрымен байланысты ислам дінінің негізі де-ұлы жүз болып аталуы да, барлық жүздердің ұлы жүз тамыры болып саналады. Ал кіші жүзге таңба болған түс, табиғат жаратылыс егелеріне байланысты жасыл түс болып саналады. Жасыл түстің негізі ағаш болып осы түстің, таңбалардың негізінде жан ғылымын, Маңғыстау елінде зиярат басында тамыры қабірден алып көкке өрлеп бұтағымен күнді тіреп тұрған бейне суреті салынған белгі тас бар екен. Осы құпияны ғалымдар әлі кезге де дейін шеше алмаған. Бұл туралы мен; «Тіршілік тамыры»,- деген өлеңмен сипаттап түсіндіргенмін де.

    Сонымен осы белгі, таңба үш жүздің тұтастығын көрсетіп тұр. Тамыры ақтан, яғни топыр-ақтан, ұлы жүзден нәр алып, ортасы діңі, жапырағы кіші жүз болып, төбесінде күн- орта жүз болып, ғылым-білім, жан нәрі бұларға қуат беріп тұрғанынан-ақ біздің жүз туралы ұғымыздың, бөлшектудің білімі де тажалдық болғанын ескертеді.

     Осындай өмір ағашын, шежірені қалыптастыру үшін енді бес түрлі қуатты меңгеру де ортақ іс. Сонымен; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» дегендей бұл үш жүз түстердің арасын жалғау үшін тағы да бір түс керек. Ол түс барлығына ортақ ең ұзын жиілікті және араласуға да оңай қызыл түс. Яғни қанның түсі — аруақ түсі болып саналады.

    Аруақты қызыл түсті қуатты меңгеру үшін әрине біздерге малды беріп, әр үмметтің өз құрбандық мал ерекшелігін де белгілегені құраннан мәлім. Қазіргі масһаб білімі бойынша бұл қызылды, төртінші текті алу үшін бесінші парыз атап, қажылыққа барып және құрбан айында ғана арнаулы құрбандық мезгілін атап өтеді. Аталарымыз бұл күнді; «Қызыл күн» деп атаған. Бірақ әр елдің өз ғұрпы болып және жылына екі мезгіл көктем, күзде сапар айы болатыны тағы масһабтық білімнің арқасында мүлде жадымыздан шығып кеткен.

    Бағзы замандарда қазақ елі үнемі жазда жайлауға, күзде күздеуге көшіп отырумен бірге жолай қаншама ата-баба зияраттарына соғумен, құрбан шалумен,  өзара қоңсы жақын қонған ауылдар  бірін-бірі ерулікке шақырып, құрбан шалып, аруақтарды еске алумен бұл ғұрпымызды, арнаулы күн, ай белгілемей-ақ оп-оңай орындайтын едік. Бірақ кейіннен отырықшылыққа ауысып, қалалар салынып, орыс мемлекетінің де әдеттерін бойға сіңірумен бұл төртімізді, тегімізді қалыптастыру, ішкі жүздерімізді меңгеру мүлде жойылды. Тек қазақтың аруаққа арнап құдайы тамақ беріп, құран оқып Алласын еске алуы  арқылы ған атқарылып келді де жүздер арасындағы әулиелер жаны арқылы байланысу, тек алмасу дәстүрі мүлде орындалудан қалды. Сондықтан жаратушы иемізден қосымша аят түсіп, Ақ ұлдың бастауымен қазақтың тегін тазартуға жетпей жатқан қызыл қуатпен жерімізді тазалау басталып кетіп, бұл үрдісіміз алғашқы кезде ағайындар арасын аруақ арқылы қайта жалғап, тегіміз тазарып, рухымыз ояна бастап еді, енді бұл білім-ілім жолы шайтан жамағаттарының ескі білімінің жұтылу қаупін туындатып, ел биліктің құдайға ашық қарсы заң шығаруына, тексіздікке, жұтаңдыққа апарып соқтыратын шешімдер мен жаппай тажалдық білімді қалыптастыруға ел билігін масһаб діншілері азғырып, ақыры өз дегендеріне жетіп тынды.

    Сонымен ендігі дінімізде жалпы бірі жалған, яғни жетімсіз бес парыз болғанымен жоғарыдағы бес әулие, дәстүрлі  бес таңбамызды, тегімізді алуға мүлде жарамсыз және мәңгүрттікті қалыптастырып жатқанын да білуден қалдық Ал, төртеу түгел болса ғана төбеден, бесінші тылсымнан уахи келіп, халқымыздың өз кітабынан әулие жандарына жалғанып жаппай рухы, жаны тазарып имандарының толығуын қалыптастыратын дін-дәстүріміз, яғни ділдік, тілдік білімді меңгеру, үмметтік ерекшелік, Ясауи ілімі мүлде халқымызға жат, сопылық қажетсіз ілім және секта деп атауды да зиялы қауым өкілдері өздері жарнамалауды үрдіске айналдырып алды. Бұл білімдерін бекіту үшін құран аятының; «…Қалаған кісіміздің дәрежелерін көтереміз. Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар.» (12-76) деген жаратушы үкіміне ортақ қосып, енді пайғамбардан басқаға кісілік берілмейді, дәрежесін де көтермейді, төбелерінде уахи беретін білуші жоқ деген ұғым жастардың да, зиялы қауымның да құлағына сіңіп, жүректеріне бұзау болып сіңіп алғаны сонша, «құдайдан уахи алдым» десеңіз; «Сен не өзіңді пайғамбар санайсың ба, Аллаға серік қостың» деген дауын айтары да, оған көнбесеңіз жағаңнан ал кетері де хақ. Набасаңыз тексеріп көріңіз.

     Үш жүзіміз дінде үш кітап болып, төртінші кітап қызыл негізінен інжілмен, Ғиса пайғамбар істері мен емшілік, тазару, рухани сүннеттелу екенін білуден мүлде қалды. Неге, иманы жолдас болсын, Қыдрәлі Тарыбай ұлы;АҚ-ұл атанды?. Және де руы ұлы жүз- Шапырашты болып, бес ата; Түктібай, Сарыбай, Сүйінбай, Жамбыл, Қайназар атты әулиелер де Шапырашты руынан болып, аққу, сұңқарлар тылсыммен қатынас жасаушылар Ақ-тан, Мұса пайғамбарымыз тікелей Раббысымен сөйлесу хикметінен басталуы да осы жағдайды айқын білдіріп тұр. Сонымен әр жүзден Сары арқадан бес әулие — сарылар, кіші жүзден де осындай бес аталары- жасылдар болып, арасын құрбандықтың қаны қызылмен жалғап көптеген ұл, қыздарымыз да, жесірлер де, сүр бойдақтар да аталар батасымен, көрсеткен аянымен отау құрып, рухын жетілдіріп, жанын тазартып, текті ұрпақты қалыптастыру басталып та, өз жемісін болашақта берері де және бүкіл қазақ елі қайта жаңғырып, әлемге үлгі текті қалыптастыру үрдісі, дәстүрі қазақ елінен үлгі алары да хақ.

     Енді бесінші кітап, яғни төбеден келетін,  түс-аян-уахи-бата нұр болып, иман негізін қалап оны аталарымыз үшінші байлыққа теңеп «Он саулық атаған». Ал он саулық, он саусақтық өнермен және 4+6 «Алтауды араздастырмау өнерімен де» байланысты болмақ. Осы он саулықты меңгеру үшін де пайғамбарымыз ескерткен; «Адамзатқа берілген екі түрлі білім бар, біріншісі-ділінде, екіншісі-тілінде» деп ескерткен екен. Төбеден келетін осындай тіл білімі, тек ер азаматқа ғана тән және ол ұлтымыздың әйел қанында болатын діл біліміне тікелей тәуелді болмақ.

     Жалпы діл туралы, дін ғалымы, масһабымыздың ең бетке ұстары болған Қайрат Жолдыбай ұлының «Дін мен Діл» кітабында бірде-бір тұшымды мағлұмат та жоқ. Олай болса, жалпы масһаб білімінде ділді жетілдіру дәстүрі де болуы мүмкін  емес. Ал ділді жетілдіру қан текті, яғни әйелдеріміздің гендік саясатын аталарымыз; «Қызға қырық үйден тиым» деп атағанын білмейтін қазақ пендесі жоқ. Сонымен бірге діл ар-ұятты жетілдіру білімі де болып, қазақ халқының киім кию дәстүріне де тікелей тәуелді болмақ.. Ұлы жүз Мұса пайғамбар үлгілерімен қол мен аяқтың ағаруы болса, аяқ киіммен байланысты болмақ. Ұлы жүз етікші. Орта жүз сары түс, әйелдер бас киімімен, бөрікпен байланысты болып, алтын адамдардан табылған алтын түсті сәукелелер осыған дәлел. Найман руының сегіз бұрышты ғұламалар киетін арнаулы, бас киімі де болғанына деректер бар. Және жан арыстық қабілет ақ жаулыққа тікелей байланысты болып, жалаңбас жүру әйел заты түгіл ер азаматқа қазақ дәстүрінде арсыздық болып; «Балық басынан шіриді» деп ескерткен. Балық 12-санымен, яғни теңіздегі барлық балық 12-түрден тарап, адамзаттың басы да 12 ай мезгілге, айға байланысты қуат алып, тәуелді жұмыс істейтіні де хақ. Сондықтан әйел заты адам атамыздың 12 қабырғасы айлық нұрдан болғасын, жалаңбас жүрген әйелдің милары дерттеніп, шіріп әйелдік жыныстық қуаттарының азғындап, жатырларының тарылып, жыныс, ұрық жолдарының жабылуын туындатып жатқанын білу қазіргі тажалдық білім заманында мүлде мүмкін де емес.

     Ал, кіші жүз шапан және белдік болып, Маңғыстау төңірегінде сопылық шапан киген 361 әулие және екі пайғамбардың зияраттарының болуы да осындай қожалық қасиеттердің отаны болғанына да дәлел бола алады. Діл туралы және әлем ділдерінің ерекшелігі туралы арнаулы тоқталып өтеміз.

   Енді алдағы тақырыпта талқылайтын тіл білімі туралы қысқаша мәлімет берсек. Тіл білімі тек неге ер азаматқа тән? Сонда әйелдерде тіл болмай ма?-деген заңды сұрақтың пайда болуы да сөзсіз. Бұл жерде тағы қазақ философия мектебінің жоғалуына, сөз, атау  ұғымдары мүлде басқа сипат алып, шет жұрттың ескірген философиялық, психологиялық білімдерін көшіріп алып, ғалым аталған зиялы қауымға қарай кінәні артқан да жөн болар. Тіл сауаты — адамзатқа ортақ ұлттық үнде ерекшілігі бар ұғым. Осы тіл сауатынан барып жазба, жазу сауаты туындайды. Қазіргі таңдағы филология білімі осы жазба сауатынан мамандар дайындайды да, оны- тіл сауатты атайды. Бұл дұрыс емес. Тілде сауатты болып қазақ үшін қазақ тілін меңгергендердің, қазақ тілінде сөйлей білгендердің бәрі сауатты. Ал, тіл сауаты және тіл білімі екі түрлі болмақ. Бірақ ерлердің бәрі тіл білімін меңгергендер емес. Тіл білімі негізінен екі сипаттан; от пен судың тілінен тұрады. Ал діл білімі әйелдердің қанындағы түйіршіктерге байланысты ұлттық үннен тұрады. Тұтастай алғанда аталарымыздың неке арқылы; «Екі жарты бір бүтін болайық» деген сөз осы екі білімнің, өз бетінше жарты иман болатынын ескерткен. Иман бүтіндіктен яғни «Бір»-ден көптеген бірліктерден құралатынын да естен шығармаңыз. Діл білімі жіңішке дауысты, сезімге тән төмен жиілікте, ал тіл білімі от пен судың жуан дауысты және ұзын жиіліктен яғни ақылдың да сипатынан тұрады. Сондықтан от пен суды қосу үшін; үйдің ағашы, ананың сүйегі асыл болып, нағашыдан келген ағаш-текті тазартып жетілдіріп өсіру үшін де,  құранның да ішкі жеті үнін меңгеріп мақамға айналдырумен, еркектердің құранды дауыстап оқумен де байланысты. Және оған таудың, құстың да үнін қосу керек. Бұл білімді де сопылық мақам арқылы жетілдіріп отыру керек. Ал діл білімі әйелдердің тіл сауатымен, жазу сауатымен және салт-дәстүрді меңгерумен, әдет-ғұрыпты сақтау қылығымен, ер азаматынан неке арқылы қандай рухани азық алумен де тікелей байланысты жетіліп отырады. Әйел затының ми құрлысы да жұмыс істеу, ойлану шаралары да ерлерден мүлде бөлек қанға, сезімдік қуаттарының тазалығына, тән тазалығына, қан суының тазалығына, бауыр жұмысына да тікелей тәуелді. Ал ерлердің ойлау жүйесі қанмен емес, бүйрек жұмысы арқылы бөлінетін қышқылдар мен қан суына байланысты да қызметін атқарады. Ер мен әйелдің 10 түрлі ерекшелігі бар және әйелдің жан үйі бездері 40-санмен, ал ерлердің 30 түрлі рухани қуат алу жүйке жүйесімен, дыбыс қабылдау бездері құлақтармен, түйсікпен байланысты ойлау қабілеті қалыптасады. Сондықтан еркек естуге, құлаққа басымдылық беріп естіп ойланады. Көп жағдайда майда-шүйдені аңғармай, әйелдеріміз не берсе соны талғамай жеумен, доңызға айналу қаупі де бар. Ал әйел заттары қалай көрсе солай қабылдап,  соған еліктеп, мен де сонан қалмаймын деп ділі-сезімі әлсіз болса, маймылға айналу қаупі бар. Сондықтан аталарымыз текті қалыптастыруда, сақтауда; «Ауру астан, дау қарындастан» деп, астың жағдайы белгілі болса, ал даудың жағдайын да құранда ескерткендей; «Әй пайғамбар, саған мүмін әйелдер, Аллаға еш нәрсені ортақ қоспауға, ұрлық қылмауға, зинашы болмауға, балаларын өлтірмеуге, қол-аяқтарының   арасынан бір жала жаппауға және ізгілік істеуге, өзіңе қарсы келмеу үшін келген кезде, олардың серттерін қабыл ал» (60-12) деп ескерткен. Яғни қолын, басын жалаңаш ұстап, шалбар киген қатын қыздар-мүшкірік болып, жал-дау неке төсегі және ас арқылы ауру пайда болатынын ашық білдіріп, аятты сөз орнымен қарасақ мұндай әйелдер кәпір болып, зинашы, Алла аятына ортақ қосушы, ұрлық қылушы, балаларын өлтірушілер тобына жатады да және ұлтымыздың дәстүрін бұзып, арсыздық ісін дәріптеуші дінсіз, сертсіз болып, онан қан тегіміз азып; енді туындап жатқан барлық обыр аурулардың да қазақ елінен де қаулап өсіп жатқаны дәлел бола алады. Бұл діліміздің азуын яғни қан тегіміздің, геніміздің жоғалу саясатын да «Гендірлік саясат» деген тажалдық білімді, бүкіл еліміз ата заңмен бекітіп алдық. Мұндай жағдайда шайтан жамағаттары бұл сырдың әшкере болмауын қалыптастыру үшін түрлі тажалдық, текті бұзу әрекеттерді ойлап тауып және халықтың назарын алдамшы жылтырақ негізсіз, өлшемсіз сөздермен бұруға тырысып, еліміздегі; «тегіңді қазақшаласаң-текті боласың, болмаса орысқа сатылған кәпірсің» деген пәтуалармен және бес парызбен жаннаттың төрінен саған құдай орын дайындап қойған, ол үшін тек құранды жаттап алып, жалаңбас, жалаңаш жүріп намазды оқысаң, мешітке түнесең болғаны қазақ болудың маңызы жоқ деген сияқты тажалдық әрекеттер де еліміздегі арсыздық дінсіздікпен күресуге тиым болып, тектілік білімін жоғалтуға, қоғамның, жастардың назарын басқа жаққа бұру әрекеттері осыған нақты дәлел бола алады…. (Жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *