Адасу болса да, адастыру болса да — айып, оны жөндемеу — ол да айып.
Адасуда бар өмірде,
Адастыру әдет боп
Айып болмай елімде,
Салтқа айналды тегінде.
Гендір теңдік елімде,
Орнаған қазақ жерінде.
Ақыл алты, ой жеті,
Шешуі жоқ білімде.
Қысқа ақыл қатындық,
Сезімдік бұл түрінде,
Қаракеттік ақылың,
Шеттен келді еліме.
Танымың бар білім боп,
Үш түр ақыл дінің боп
Ілімсіз, ойсыз, жетесіз
Ақыл айттың жынды боп.
Аңғарымпаздық нәзікте,
Айналды құр сезімге.
Қаракеттік ақыл ерлерден,
Қожалығы жоғалып,
Сегіз қуат түрлерден,
Қасиеттілік төреден
Ерің жоқ бүгін меңгерген.
Ілім білім ортасын,
Енді кімге айтасың.
Сан білмеген санасыз,
Керең, соқыр жартассың.
Жөндемек боп билікті,
Құлқыныңды айтасың.
Өзіңді-өзің бағалап,
Рухыңды көріп шамалап,
Аруағыңмен кездесіп,
Алмай әулие батасын.
Ел түземек тажалдар,
Қатын, бала бұл жастар,
Кімнің сөзін тыңдасын?
Есі кем өңкей мастар!