Жетпістен тараған жеті ру

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 114

Ұзақ жыл бірге отасқан,

Шал кемпір еді шау тартқан.

Кемпірі өліп жетпісте,

Шал қалды артта атасқан.

Ұл, қыз бар еді өсірген,

Келіннен кемдік көрмеген.

Жалғыздық қиын ерлерге,

Тағдырдың сынын кім білген.

Шақырып шал үлкен ұлына,

Бөліскен ішкі сырын да.

Маған бір қатын керек деп,

Қиын деді маған шынында.

Ұлы айтты; қандай мұқтаж боп,

Көрдің деп бізден ұл, қыздан деп.

Келіндер қылып қызметін,

Қалайда өзіңе жағам деп.

Жоқ, деді әке бұл басқа,

Айтатын сөзім мұңдасқа.

Керек қой маған өз жұбым,

Қарайтын қас пен қабаққа.

Ұлықсат деп әке біздерден,

Келіндері де мұны жөн көрген.

Тек өзіңіз таңдап алыңыз,

Әйелді деген көз көрген.

Шал келді бір ауылға,

Отырған қызға оң жақта.

Кәрі қыз деп аталған,

Жиырма беске толған жасында.

Отырған қызға кір жуып,

Білдірді көңіл сөз түзіп.

Жағдайын шалдың естіген,

Сауалын қойды қыз тұрып.

«Нешеде жасың шалшық- деп,

Жігіттей жүрген жоқ іздеп?».

«Екі жиырма, бір отызда,

Шал айтты қызға «Қаншық» деп.

Сөзің бар екен өте қуатты,

Атың да болар суатты.

Тиемін сізге қатын боп,

Қыз берген екен жауапты.

Жеті ұрпақ шалдан туғанды,

Жетпістен жеті ру аталды.

Шығарған ойдан сөз емес,

Ақтөбе елінде бұл ру бар әлі.

Жасым бар алпыс аспаған,

Қуатым, рухым тазарған.

Әзілдеп сынап қыздарды,

Сөз айттым талай астардан.

Шалсың деп мұрын шүйірген,

Хабарсыз жанның күйінен.

Нәзіктер көп санасы уланған,

Жаны соқыр ішкі дүниеден.

Дәстүрін бабалар жалғаймын,

Жиырма бестен асса алмаймын.

Жаны кәрі бүгінгі кәрі қыздардың,

Текті ұрпақты көп туа алмайтын.

Көбейер адамзат рухпенен,

Ақылдық қуат рух бейнең.

Қысқа арқыл рухтан қуат аз,

Нәзіктің жаны ұзын шашпенен.

Жан өнбей, ақыл жоғалған,

Жан қуат өнбек жаулықтан.

Текті ұрпақ туар нәзік аз,

Айрылдық ұлттық байлықтан.

Кәрі қыз бұрын неге аталған,

Жан жасы қанмен саналған.

Етеккір тоқтап жан өспес,

Рухынан қуат келмей тоқталған.

Қазақта жаннан сыр болған,

Қыздарды жастай жұптаған.

Жан-қандық жасын ұзартып,

Егінін рухтың мол жинаған.

Жас келіп ақыл ұзарған

Рухына кие жалғанған,

Текті ерге жасқа қарамай,

Жас қызбен тегін жаңартқан.

(Сәуір 2014)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *