I-Құлшылық ұғымдарының философиясы

Бөлім: Арап көктемі және исламдағы бүліншіліктер, Құлшылық философиясы 116

Әбір жаратылыстық нәрселердің өзінің қадір-қасиетін, мақсат, талабын айқындайтын атаулары болу шартты болса, онда сол атаулардың да жұбы, пары болу да міндетті болмақ. Құранда жаратушы иеміз; «Сендерге түсінікті болу үшін барлық нәрсені парымен жараттым» деген үкім берген. Олай болса құлшылық сөз атауының сырын тарқатып көрсек; Құлшылық-қызмет жасау, әрекет ету, ұғынып, ұқтыру болып бұл істердің адамдықты сақтап, парасатылықты қалыптастыруға негізделген амалдарын; «Намаз» деп атаймыз.   Енді негізінен құлшылықтың дене еңбегімен және ой еңбегімен байланысты екі түрі болып және бұл жұптардың пары да болатынын ескерген жөн. Құлшылықтың бірінші дене еңбегімен байланысты түрін; Сәжде деп атап, әрбір жанды жаратылыс егесінің тіршілік қамындағы белгілі бір тұрақты амал-намаздарды орындау қызметі деп атаймыз. Құранда; «Мұхаммед көрмейсің бе? Аллаға; көктерде, жерде болған әркім; күн, ай, жұлдыздар, таулар, ағаш, хайуандар және адамдардың көбі сәжде қылады. Және олардың көбіне азап тиісті болған. Алла кімді қорласа, сонда оны ешбір құрметтеуші болмайды. Күдіксіз Алла қалағанын істейді.» (22-18) Сонымен жаратылыстағы барлық қозғалыс егелерінің бәрі Аллаға сәжде-қызмет (служение богу) қылып, өздеріне берілген белгілі бір қызмет түрін атқарады да, ал адамдардың мұндай қызметі ерікті болғандықтан мүлде адасып азғындыққа түспес үшін қызметтің негізгі бағытын ұғындыратын дінді түсіріп көптеген міндетті қызмет түрлерін парыз қылған. Бірақ, бұл парыздарды орындаумен Аллаға қызмет қылғандардың да көпшілігі азапталуға да тиісті болмақ.
Неге десеңіз, жан-жануарлар жаратылыс әлемінің, яғни қуаттардың қозғалыс жүйесі әлеммен салыстырғанда  сәжделік қызметтің парыздық та, қарыздық та түрлері адамзатқа ерікті түрде ақылмен ұғыну арқылы орындалатындықтан да, көп жағдайда Раббымыздың міндетті парыз қылған қызмет түрлерінен көрі біздер еріксіз тіршілік, өмір сүрудің қамына ғана байланысты яғни пәнилік қызықтарға байланысты қызмет түрлерін орындауға ғана өзара жарысқа түсіп кетеміз. Сондықтан тұрақты түрде тіршіліктің түрлі қызықтарын меңгеруге арналған ойынның, думанның, сауық-сайранның да амалдарын сәжделік қызметке айналдырып алу да қалыпты жағдай. Мұндай жағдайда ерікті түрде орындалуға тиісті қызметті дінге байланысты деген пәтуа шығарып, мұндай қызметтің түрін ақылдың аясынан тыс қалдыруға да себеп болмақ. Қызметтің қандайда бір түрі болсын, мейлі дінде белгілеген парыздарды да заман талабына сай емес, тек белгілі бір тұрақты мақсатты түрде орындауға айналдырып алғандықтан да, енді қандайда бір қызметтің орындалу шарттары, амалдары, намаздары ақылмен емес, меңгерген білімге ғана жүгінумен, табынумен еріксіздікке айналмақ. Себебі қызметтің біліммен орындалуынан оны өзгертуге болмайтын, таза ақылдың араласуын қажет етпейтін жағдайға айналуы да мақсаттың талабына айналады. Сондықтан жан-жануарлардың мақсаты, қызметі сияқты сәждеге айналуы да сөзсіз. Мысалы тағдырына байланысты; сиырдың өріске барып жайылуы, тамағын асырауы және бұзаулап тіршілігін жалғастыруы мен адамзаттың қажетіне сүт беруі сияқты сәжде қызметі, иттің адамзатқа қызмет етіп мүлкін қоруы арқылы сәзжде – қызметін атқару сияқты адамзаттың да тіршілік, өмір қамы мен тіптен құдайға арнаған құлшылық қызметі намаз оқуы, зекет беруі, ораза ұстауы сияқты сәжделерін, намаздарын да еріксіз, ақылдың қызметінсіз орындалатын сәждеге айналдырып алғандықтан бұған ойлануды енеді мүлде қажет етпейді. Олай болса ой қуатын меңгеруге арналмаған қандайда бір сәжденің тек білімі ғана болып ақылды да қажет етпейді. Яғни адамзат тіршілігіндегі әдетті қызмет болып, енді мұндай қызмет түріне құлшылыққа ібіліс-шайтанның да өз үлесін қосып араласуына да мүмкіндік болмақ. Үнемі ақылдың араласуын қажет етпейтін қандайда бір қызметтің түріне, белгілі бір сезімнің әсерінің ықпалы зор болып, енді қазіргі таңдағы қандай да бір тіршілік қамы болсын мейлі құдайға деген ықтиярлы құлшылық-қызметіміз болсын, сезімнің ырқына, әсерленуіне жүгініп, оның арты мақтан, дәреже, атақ және бір ерекше құмарлық әдетке айналдырып алғанымыз да сөзсіз.
Мұндай қызметтің қандайда бір түрі ақылдың өркениетін, даналықты қажет етпей тек белгілі бір мақсатқа арналған ізгіліктерді меңгеруге арналған білімге негізделіп, сол қызметтің орындалу сапасына ғана байланысты, белгілі бір қуаттық шамаларды меңгерумен ғана шектелуі де сөзсіз. Және адамзаттың заманға қарай білімдік дәрежесі де артқан сайын, сезімдік қуаттардың да сұранысы артып, оны жетілдірудің де білімдері пайда болып, енді білімнің соңына түсуден түрлі теріс зиянды қызметтің де түрлері арта бермек. Бұл жерде ақылдың сапасын, қуатын арттыратын қызметтің түрі ұғыну, мен ұқтыру насихаттық ар білімінің, құлшылықтың түрінің назардан тыс қалып, адамзаттың барлық қызметіне шайтанның араласуы болып, өнердің, кәсіптің де бар саласында түрлі адамзаттың өркениетіне кері әсері, зияны бар қызмет түрлері де еселеп артқаны да хақ. Мысалға арақ ішу, нашақорлық, шылым шегуде, ойын-сауықтардың да алуан түрлі кәсіптік саласы пайда болып және міндетті мақсаты бар сәжде қызметтің бір саласына айналғандықтан, оны тұрақты орындауды әдетке, тұрмыстық салтқа алғанымыз да сөзсіз. Сол сияқты сәнге, мақтанға байланысты да түрлі арсыздық қызметтің де күн санап адамзаттың салтына, сәжделік қызметіне айналып жатқаны да сөзсіз.
Мұндай қызметтің-сәжденің діндегі парыздық білімге арналған түрлеріне де шайтанның араласуымен әлемдегі барлық діндердің азғындыққа, бүлкшілдікке, адамзатың өркениетін артқа қарай тартуға ғана себепші болып, негізгі құдайдың бізге берген насихатын, кітаптарын, үгіттерін де теріске алуға ғана себепші болып, дінді бір зұлымдықтың себепшісі қылып көрсетуге ібілістің өз мақсатына жетуіне де жәрдемшіге айналғаны да хақ. Ақылдың аңғарымпаздығының әлсіреуімен, енді қандайда бір исламдық құлшылық-қызмет, сәжденің түрлері тек бес сезімге негізделіп, арап мемлекетіндегі «арап көктемінің» және біздердегі де «экстремистік» пиғылды діни топтардың түрлі әрекеттері де осындай қызметтің, сәжденің жоғарғы аятта есерткендей; «…Және олардың көбіне азап тиісті болған. Алла кімді қорласа, сонда оны, ешбір құрметтеуші болмайды. Күдіксіз Алла қалағанын істейді.» деген үкіміне сәйкес болғаны да сөзсіз. Себебі масһабтық біліммен және осы тұрғыда діндік құлшылық қызметтік намаздарын ақылдың қатысуын қажет етпейтін; «бес парыздық» қызмет-сәждеге айналдырып алған мұндай ескі замандағы тәпсірлік білімге ғана жүгінген қызметтің барлық түріне шайтанның араласып, бес сезімнің үстемдігімен ақылдың еріксіздігі орнап құлшылықтың ұғыну мен ұқтырудың маңызы яғни философиялық еркін ақылдың, ой сұлулығының заман біліміне сәйкес сөздің өркениетін қалыптастыратын ғылымның маңызы жоғалумен байланысты деп түсінген де жөн. Осы тұрғыда құран тәпсірлерінің де бағзы замандағы ақылдың білімге айналған дайын нұсқасын жаттап алудың және құранды арап тілінде жаттаудың, дұғаларды да дайын арап тілінде меңгерудің өзі ой түгіл ақылдың да қатысуын қажет етпейтін қызметтің, сәжденің түріне айналып алғаны да шайтанның ықпалына түсіп, тек сезімдік қуаттарды меңгерумен ғана шектелетіні де хақ.
Енді мұндай зұлымдыққа түсуге де негізгі себепші болған жаратылыстың жұптық, парлық сипаттарын зерттемей сөздің бәрі араптан ғана пайда болды деген надандықпен құран және пайғамбар өсиеттеріндегі берілген жалғыздық атауларға жүгінуден, атау сөздердің ұғымдарын тарқата білмеуден де, Алланың үкімдеріне ортақ қосып жалған пайғамбарлық пәтуалардың шығуына да себеп болды. Құлшылықтың бірінші түрі; Қызмет-сәжде болса, енді екінші түрі; Шүкірлік яғни қандайда бір адамзатқа берілген нығметтерге, хикметті себептерге және бір-біріне жасаған қызметтерге де рахметін білдіруді тілмен ғана орындайтын «Құдайға шүкір» деген сөзге ғана айналдырып алдық. Негізінде, Шүкірлік-рахмет айту және Әрекет құлшылығы деп аталу керек. Әрекет қызметке яғни тұрақты білімге, сенімге байланысты орындауға тиісті еріксіз сәждеге жатпайды. Әрекет шүкірлігі ерікті түрде ақылдың қабылдауымен орындалатын намаздың түрі болып, діл біліміне, тұрақты таза ой қуаты имандылыққа байланысты болғандықтан сырттан келетін ойдың қатысуын қажет етепейтін құлшылықтың түрі болып табылады. Шүкірлік қандайда бір адамзатқа берілген көрсетілген қызметтерге, құдай тарапынан берілген белгі мен хикметтерге ойланбай жауап беруге байланысты намаздың түріне жатады. Мұндай жағдайда шүкірлікті орындауға иманның, саналықтың, арлылықтың ғана әрекетінен пайда болады. Әрине мұндай шүкірлік құлшылығын орындау үшін тек дін ісін шариғатты жетік білу жетімсіз. Ол үшін ата-бабаларымыз меңгерген ар білімін, салт-дәстүрін меңгеру керек. Яғни ата-бабаларымыздың, аналарымыздың меңгерген ақылын саналығына, иман қуатына, құпия ілім кітаптарына жалғана білген жағдайда құлшылықтың бұл түрін жеткілікті дәрежеде меңгере аламыз. Себебі бұл әрбір адам баласының тағдырлық ерекшелігіне және жыныстық кәсіптік, өнерлік, шаруашылық қоғамдағы әр түрлі саладағы орнына, қызметінің түріне де байланысты алуан түрлі болып келе береді. Сондықтан бұл белгілі бір тұрақты білімге қағида шарттарға бағынуы да мүмкін емес. Шүкірлік әрекет құлшылығы иманның көрсетуімен ілімдік сапада ділдік білімге тәуелді атқарылады. Мұндай әрекет –шүкірлік күн астындағы шық сияқты үнемі жаңарып тұрады. Және шүкірлік құлшылығы ақыл-ойдың да еркіндігін талап етеді. Шүкірлік –әрекет құлшылықтың мақсаты өзіне пайда табу, алу емес керісінше өзіндегі артық қуатпен бөлісу ешқандай жауапсыз, ақысыз жүректің жомарттығын қалыптастыруға байланысты намаз болып табылады. Бұл тұрғыда мысалға; Өз ағзасын ауру адамға беру, түрлі жағдайда қайырымдылық шараларына қатысу, жаратылыс әлеміндегі жаратқаннан түсіп жатқан белгілерге, хикметтерге белгілі бір амалмен жауап беру, түрлі қасиеттерді меңгеру саласындағы шипагерлік, рахымдық, қайырымдық жұмыстарды атқарудың да және тылсымдық жүктерді меңгерудің, жүктелудің де әр бір пендеге шамасына қарай өлшеп беретін құдайлық істерді меңгеруге тікелей қатысты болмақ. Бұл тұрғыда бұрынғы замандағы аталарымыз не істеді немесе шариғатта қаралды ма дегеннің өзі ақымақтық пен адасуды ғана туындатады. Сондықтан мұндай әрекетті-шүкірлік қазақтың даналығында; «Құдайдан қайтар» деген ұстаныммен орындалады. Қандайда бір садақа, хайыр жасау, сөзбен, дүниемен, т.б. басқа қолыңнан келетін өнерлерімен бөлісу арқылы белгілі шектен аспай яғни ар білімнің тұрғысында уәжсіз әрекетке жатып, адамзаттың бәрін өз туысқанындай көріп, махаббатты қалыптастыруға арналған қазақ дәстүрінің негізгі ірге тасы болып саналады. Бұл құлшылықтың түрі белгілі уақытқа, мерзімге және сәжде жасаушы жаратылыс егелеріне, күнге, айға, жұлдызға, жылға байланысты болған сәжденің түріне жатпайды. Сондықтан шүкірліктің тұрақты білімі де болмайды, оны құдай әрбір пендесіне жалпы адамзатқа заманға қарай өзі хикметті белгілерімен, уахиымен, елшілерінің істерімен және әрбір пендесіне тағдырына байланысты түс, аяндармен белгілеп отырғандықтан, дін ісі шариғат емес, құдай ісі-жол, жоба алу болып саналады. Және мұның намаздарының үлгісін дәстүр атап, ата-баба тарихи шежіресінен ғана үлгі алумен ұлттық ерекшелігі де болмақ.
Енді құлшылықтың сәжделік сипаты адамзаттың тұрақты түрде мұсылмандық тегін қалыптастыруға, сенімін бекітуге, рухани тұрғыда тазаруға, адамгершілік сипаттарын сақтауға негізделген тұрақты білімі-масһабы болып табылады. Бірақ бұл құлшылық түрі замандық өзгерістерге қарай жаратылыстың, қуаттардың өзгеріске түсіп алмасуына да түрлі киелік сапаларының да өзгеріске түсуіне де байланысты адамзатқа керекті жетілген қуаттарды меңгеруге, қосымша шамасына қарай жүктелуге байланысты қасиеттердің сан алуан түрлерін меңгеруге де жетімсіз және жарамсыз да болып табылады. Сонымен сәжде-қызметінің құлшылығы арқылы адамзаттың парасатылығын қалыптастырып, өмірдегі ізгілікті істерді меңгеруге, адамзаттың тұрақты мінезін сақтауға байланысты және тағдырына байланысты қуаттарын меңгеруге ғана арналып, адамзаттың тұрақты құндылығын қалыптастырмақ. Бірақ адамзаттың дарындылық қабілет, қасиеттерін жетілдіре алмауы да хақ. Ал ондай жағдайда даналықты яғни ақылдың жетістігін, өркениетін дарындылықсыз меңгеру қалыптастыру мүлде мүмкін емес. Тек дарынды-талантты адамзат тегін қалыптастыру арқылы ғана заманға қарай ақылдың сапасы да артуымен біздер замана сынақтарына рухани құлдырауға түсуден, жер бетіндегі рухани тұрғыда пайда болатын азапты сынақтардан құтқарыла аламыз.
Демек білімнің жетістігіне ғана жүгіну арқылы, қазіргі таңдағы түрлі заңдар арқылы адамзаттың еркіндігін қалыптастыруға бағытталған парасаттылықты меңгеру үлгілерінде ғұрыптық еліктеушілік, табынушылық, өзінің білім арқылы жинаған қабілетін, ерекшелігіне өзгелерден артықшылығына сүйене отыра, бұрынғы өткен ізгілікті тұлғалардың тәжірибесіне сүйеніп кетуден, өзінің жеке басының тағдырға байланысты жасырын тұрған зұлымдыққа, азғындыққа жетелейтін сезімдік, күнәлі рұқтарын тазартып меңгеруге мұндай ақылдың ерік күші жеткіліксіз болмақ. Себебі қандайда бір жаңашылдыққа білімнің түрлі қуатына қарсы-қарама қарсы күштердің зиянды әсері бар білімдердің де жалған діндердің де пайда болуымен, оны адамзаттың ескі ақылымен анықтауға, аңғаруға шамасы жете алмайтын жағдайға тап болады. Ақылдың аңғарымпаздығы деген заманға қарай иманға тәуелді түрде үнемі толықтырып жетілдіріп отыруды талап етеді. Ол үшін де дарындылық қасиеттерді меңгеру де керек. Бағзы замандағы ізгілікті істерді меңгеруге арналған дарындылықтар, бүгінгі таңда білімге айналғандықтан, оны жер бетінің кез-келген тұрғыны меңгере алатынын да білген жөн. Мұндай жағдайда әрекет-шүкірлік құлшылығының намаздарының орындалмауынан және ардың әлсіздігінен заманға қарай рухани тұрғыда жетілгендік болмай, өзгелердің өткен замандағылардың ізгілікті тәжірибесін қайталау арқылы да ібілістің қақпанына түсіп, ақыл-ойдың еркіндігі жоғалып және айлакерлік істерді де еріксіз қоса атқарып отыруға себепші талаптың да пайда болуымен яғни мұндай тұрғыда жинаған беделін, абыройын, уақытша әулиелігін қорғау мақсатында пайда болатыны сөзсіз.
Мұндай ахуалдың қалыптасуы енді құлшылықтың үшінші түрі; ұғынумен-түсінік, ұқтыру-насихат-сұхбаттық құлшылығының маңызы жоғалып, оның орнына әлем тәжірибесіндегі ұнаған қандайда бір білімдерге ғана сүйенген ізгілік деп ескі ақылмен, сеніммен қабылданған, заңға сүйенген қызметтердің пайда болуымен, керісінше иманға жүгінген ақ пен қараны ажыратудағы дарындылықты, көрегендікті, көріпкелдікті меңгеру яғни бұрын анықталмаған ғайып, көмес болған рухани жасырын қуаттардың, болмыстардың кейбір қасиеттерін, киеліктерін, хикметтерін танып білуге арналған әрекет-шүкірлік құлшылығына, ата салт-дәстүріне селқостық танытудан пайда болады. Ол үшінде өзінің өмір сүрген заманының өзге елдердің де ізгілікті тәжірибесіне жүгіну жеткіліксіз. Мұндай жағдайда өз ұлтының, отанының, елінің шежіре тарихында жетік меңгеріп, ата–бабалардан қалдырған аманат, дәстүрі, уәдесінен, әулиелік істерінен де, шежіресінен қалған уақиға мәліметтерінен жеткілікті хабардар болу керек.
Бірақ мұндай талай замандардан бері жалғасты бірін-бірі үздіксіз қайталаумен, толықтырулармен, өзгертулермен жалғасып келе жатқан даналық өсиеттердің, адамгершілік үлгілердің бәрін бірдей тұтастай заман білімімен, жаңадан ашылған аяттардың сырларын електен өткізбей ала беруге де болмайды. Осы тұрғыда әрбір адам баласы шүкірлік-әрекет құлшылығы арқылы қажет пен қажетсіздікті, пайдалы мен пайдасыздық, артық пен кемдік өлшемдерін анықтайтын заманға қарай пайда болатын хабарлардың реттілігін қалыптастыратын ұғынуды-дарындылықты меңгеру керек. Сондықтан мұндай бақытты, ізгілікті іс-әрекеттерді, шүкірлік құлшылығын, қызмет-сәжде арқылы жаңа өмір салтын, әдет-ғұрпын және парасартылық мінез-құлқын танып білуге ғылым керек. Бұл ғылымды құдай ісі-жол, жоба алу деп атайды. Мұндай жағдайда тылсым үнін, құдайлық уахилар мен кітаптарын, аяндарын оқи білу де маңызды болмақ. Бұл құлшылықтың түрі енді жоғарыдағы «Ұғыну, ұқтыру» яғни түсінік пен насихат, сұқбатты философиялық ой қуаттарын меңгеруге, таза ақылдан қуаттануға тәуелді болмақ. Сонымен ғылым; Құдайлық аян, уахи, белгі, хикметті хабарларды меңгеруден пайда болатын біздердің қызметтік құлшылық сәждеміз арқылы меңгерген парасаттылық ізгі амалдармен, заман біліміне қарай өмірдің тәжірибесінен алған үлгі салтымызды және әрекет-шүкірлігіміз арқылы артық хайыр жасаумен ілімдік, жандық рухани қуаттарымызды, жүктерімізді тазартуға арналған кәмілдік біліміміз -мизан болып табылады. Аталарымыз; «Ілім мен білім ортасын таба алмасаң бүлін» деген астарлы нақылдың шешімі де осы кәмілдік білім-ғылымды, Алланың біздердің ата-бабаларымызға, әулие-әмбилерімізге берген кітаптарын оқумен нәтижеленеді. Кәмілдік білімнің негізгі өлшемі де 45 санымен беріліп, Абай атамыздың қара сөздері осы жағдайды айқындап тұрғаны да хақ. Және бұл санды хақиқат арқылы айқын болатын ақиқаттық білімді-БІР деп атайды. Бір жетілгендік кәмелеттік болмыс. Бірде жаратылыстың адамзаттың өсіп-өркендеуіне қажетті барлық қуаттардың шамасы, жиынтығы болмақ….. (жалғасы бар)
Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *