Адам ба ,періште ме, әлде басқа ма?
Ақ боз ат мінген дене түсті жерге.
Сыр қылған түс аянын баяндайын
Адымдап уақыт та келді, міне.
«Алыстан келдім саған тыңда, бала
Адамзат баласынан таңдап дара!
Аманат арқалайсың тылсым жақтан
Алдыңа кілт тастадым, жетпес баға.
Бастайсың Ата жолды қазағыңа
Тоғыз жыл алдан тосар сынағы да
Тазала жынды су мен арам астан
Халқыңды байлап алған құрсауына.
Айқасып пендешілік қаралықпен,
Жол баста биік шыңға даналықпен!
Дархан ел қолдай алар кезі болса
Еліңнің Бақ жұлдызы жанады, сен!
Алтай мен Атыраудың арасында,
Ұранда қазағыңның баласына!
Адамзат биігіне шығар жолды,
Айқындап, құя білгін санасына.
Ақиқат жеңе білсе, кең далаңда
Қазағың түр биікте, ел аманда!
Тоғыз жыл сыр ғып ұста бұл аянды
Уақыт келген кезде, сен баянда!
Қолдасын сынақ жолда Бабаларың
Пендені ниетінен танып алғын.
Ақиқат адамзатқа келді, міне
Майдан тұр ақ пен қара, жалын – алдың!
Берік бол қолындағы кілтке, ұрпақ.
Болашақ адамзаттың сында тұрмақ!
Биікке адалдықты көтере алсаң,
Заманға « Алтын ғасыр» жолы тұрмақ.
1997 -2006 сынақ жолда
Өтіпті содан бері тоғыз жыл да.
Жеңістің желбіреген туын ұстап,
Жетіпті қазағым да биік шыңға!
Мойындап уақытпен басқа халық,
Ата жол қадірімен бізді танып.
Үлгі алар кезеңдері алдан тосар,
Төкті Алла қазағына нұрын жарық!
Көтеріп Ата жүгін, Баба үмітін,
Халқымның аманатын, Ана сүтін,
Мақтаныш сезімдері, түртпектейді,
Қазақ боп тұрғаныма – Жаңа бүгін!
(Қыдыралы Момбай ұлы Тарыбаев. (Ақпан 2006)
Ақ бастау бұлағы.
Ақтадың амантты болдың Қазақ!
Атыраумен Алтай өрдің арасына,
Ел көрмеген іс болды, көрдік ғажап.
Тоғыз ай көтеріп, ардақтап асыраған,
Ана сүтін, ақтадың болдың азат
Мөр ашып, тылсым берген кілтіменен,
Шәкірттер ерді артыңнан дінге сенген.
Ол кезде Құраның да сыры ашылмай,
Сынақ болды ата жолға сөз асырмай.
Жазғыштар, айтқыштар да, тілшіменен,
Соңыңа май шам алып түсті білем.
Сонда да қайтпас қайсар мінезіңмен,
Шәкірттің бірін іні, бірін аға қылып,
Ақуларға ақылшы да жаға болып,
Майданан алып өттің кезі келген.
Ел билігі жақсылар бірі білсе, бірі білмес,
Хикметін жаратқаның көктен келген,
Құлағында, көзі жоқ надан көрмес.
Көкжиекті көріп өскеннің, көзі көрген.
Белгісін Раббысының жалған демес.
Қазақтың бүгінгі таң абыройы,
Халықтың тазарумен өскен ақыл-ойы,
Өзіңе берілген көк кілтінің, арқасы деп,
Мойынсұнған өсіп-өніп, өркен жайды.
Сөз ұзын болған қазақтың данасы көп,
Әтең бір-ақ, іштерінде шаласы көп.
Ата жолға қарсылық заң шығарып
Дін-амандық мемлекеттен бөлек болған,
Бір тілді қазақтың да нәсілі азған,
Екі жүзді биліктіңде тексіздік парасы көп.
Байланған дүниеге, тазара алмай арам бойы
Бұзылды дінімізден өзгеше боп ақыл-ойы,
Пайғамбар намазы, Ыбрайымның жолы
Құрбан шал, садақа бер, хайыр жаса,
Тазарса әулие аралап, жан мен арың
Ақтап ал аруағыңды, бақта қойын.
Намазы болды қазақ, Құдай тойы.
Боларын біліп, жаннатан тұрағыңды
Берілген хикмет сыры, ту, ұраныңды,
Кетерде алты ай бұрын алыс сапар,
Тапсырған едің бейнеленген Құраныңды,
Сақта деп, туменен бірге ұранымды,
Күтумен аманатты, сақтап жүрмін,
Білемін бір күні келіп деп сұрарыңды.
Бабалар қарсы алды ма шапағатпен,
Кешіктің күтіп жүрміз, біз тағатпен.
Ата жол жол басшылығын қолға алып,
Тылсымнан пайғамбардан бағаңды алып,
Барамыз зияратап өзің жатқан үй төбеге
Тілейміз, сыйынумен жаратқанға енді бізге,
Жіберсе елшілікке орындаушы шапағатпен.
Көрсетіп шәкіртерге,жол іздеп түскен ізге
Ашылса кітабы қазақтың да сын сағатпен
Келер деп ақ шапанды, ақ боз атпен.