Құран діні мен ойдан шығарылған дінді айыра тануға жұмыстанып жатқанымызда, тариқат мәселесіні де қозғауымыз орынды болады. Жүздеген тариқаттың Құран Исламынан алыстауы әрқалай болғандығынан, кітабымызда тариқаттардың пірлеріні шектен тыс мадақтаулары және олардың мүлдем сынға алынбаулары сынды жалпы ұқсастықтарыны талқыға саламыз.
ТЕККЕЛЕРДІҢ ЖӨЗЕКШЕЛЕР ҮЙІ МЕН ОЙЫН-САУЫҚ ОТАУЫНА АЙНАЛУЫ
Қатеден пәк жалғыз ұстазымыз Мұхаммед Пайғамбардың дәуірде Исламның жалғыз мекемесі мешіт еді. Құлшылықтар, оқыту және қоғамдық қызмет жұмыстарының барлығы мешітте ұйымдастырылып өтетін еді. Пайғамбарымыз тірі кезінде, тіпті 4 халифаның дәуірінде де мешіттен басқа құрылыстың болмағандығыны сопылардың өздері де қабылдайды. Алғашқы текке(қилует, жер асты мешіті, шілхана сынды құрылыс) хижри 150’ші жылында, яғни біздің ғасырымыздың 760’ыншы жылдарында Дамаск қаласының төңірегінде құрылғаны турасындағы ақпаратты көпшілік мақұлдаған. Алайда теккелердің кең тарауы ғасырлар өткеннен кейін басталған. Теккелердің ғылым академиясы болғаны, әскери қызметте әм науқастарға дәрігерлік жәрдем беру сынды көптеген игі амалдарда қолданылғаны ақиқат. Алайда Кұшадалы Ибраһимның айтқанындай уақыт өте келе кейбір теккелер жөзекшелер үйі мен ойын-сауық отауына айналған. Құранның әмір және тыйымдарымен ешқандай байланысы жоқ мыңдаған әдет-ғұрыптар мен көрсетулердің дін атына сол теккелерде қолданылғаны да ақиқат. Бұлардың барлығына куә болған Кұшадалы Ибраһим, өртеніп кеткен теккесінің орнына жаңасыны салдырмаған және өзінің теккесінен бұрын ғасырлар бойы қызмет жасап келе жатқан теккелердің барлығының жабылуы керектігіні айтқан және жержүзіні текке ретінде қолданып, Пайғамбарымыздың дәуіріндегі секілді мешіттерден басқа құрылыс қалдырмауыны әм Құраннан басқа вирдтер мен тариқаттардың жеке дұғаларының орнына Құрандағы дұғалардың оқылуыны насихаттаған.
Теккелердің алғаш рет шығуы хижри 150. жыл болса да, бүгінгі ұғымдағы тариқаттардың ұйымдық құрылымының пайда болуы 600’інші жылдарға тап келеді. Жүйелік сипатқа ие деп қабыл етілген алғашқы тариқат Қадирийя тариқаты-дүр. Қадирийя тариқатының құрушысы Абдульқадир Гейлани, өлімі хижри 562’інші жыл. Басқа мынандай тариқаттар да бар: Рифаийя тариқаты; Ахмед әр-Рифаи, өлімі хижри 578’інші жыл. Бекташийя тариқаты; Қажы Бекташ Уәли, өлімі хижри 669’ыншы жыл. Мәуләуийя тариқаты; Мәуләнә Жәлеледдин Руми, өлімі хижри 672’інші жыл. Халуәтийя тариқаты; Әкмәлуддин әль-Хәлуәти, өлімі хижри 750’інші жыл. Нақшибәндийя; Бәһәуддин Нақшибәнд, өлімі хижри 791’інші жыл.
САЙТАН КІМНІҢ ПІРІ ЕКЕН?
“Тариқ” арап тілінде “жол” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөзден туындылаған “тариқат” сөзі “жол, тәсіл, жосық, рәсім” деген мағыналарды білдіреді. Тариқаттар Алланың ризашылығана жетудің жолы, ешкімнің тариқаттарға кіруі мәжбүр емес деп те ұғындыратын сопылар бар. Алайда тариқатшылардың көпшілігі “Пірі жоқтың пірі сайтан-дүр” деген жалған хадис арқылы тариқатқа кіруді, тариқат піріні ұстаз ретінде қабыл етуді діни міндет әм амандықтың шарты деп насихаттауда. Сонда ғасырлар бойы тариқатсыз өмір сүрген Мұсылмандар кемшілікті Мұсылман болып өмір сүрді ме? Тариқат пірлерінің аз болған дәуірлерде Мұсылмандардың пірі сайтан болды ма? Мұсылмандардың рухани дамуларына Құранның нұсқаулары жетпегендей неге тариқатқа мұқтаждық сезінесіздер? Құран бойынша Құран дін атына барлық нәрсені баяндайды. Құран бізге тек Пайғамбарымыз үшін кепіл болды. Бірақ оған қарамастан тариқаттардың шығарып алған пірлері сынға алынбас тұлға ретінде қабылданып, сол пірдің айналасындағы кісілер адамдарды екі топқа бөліп, өздеріні амандыққа жеткендердің тобы деп есептеп ал басқалары болса тозаққа кететіндер тобына кіргізеді және сол пірлерге бағынуды діннің ең маңызды шарты ретінде насихаттайды. Көптеген тариқат пірлері Мәһди немесе Иса Пайғамбар деп есептеледі. (Мәһди және Иса Пайғамбардың келуі турасындағы сенімдер жайында 20. Тарауда айтылатын болады.) Бұндай тұрпаттарды әр жерде кездестіруге болады. Бұндай адамдардың көбінде параноидтық сандырағы болады, бұндайлар адамдарды әм рухани әм материалдық жағынан зиянға кіргізеді. Бұндай пиғылдарымен аяттағы яһуди ғұламалары мен христиан сопыларының сипатыны алады.
يَا اَيُّهَا الَّذٖينَ اٰمَنُوا اِنَّ كَثٖيرًا مِنَ الْاَحْبَارِ وَالرُّهْبَانِ لَيَاْكُلُونَ اَمْوَالَ النَّاسِ بِالْبَاطِلِ وَيَصُدُّونَ عَنْ سَبٖيلِ اللّٰهِ وَالَّذٖينَ يَكْنِزُونَ الذَّهَبَ وَالْفِضَّةَ وَلَا يُنْفِقُونَهَا فٖى سَبٖيلِ اللّٰهِ فَبَشِّرْهُمْ بِعَذَابٍ اَلٖيمٍ
Әй мүміндер! Молдалармен сопылардың көбі, адамдардың малдарын бұзықтық арқылы жейді. Сондай-ақ Алланың жолынан тосады. Сондай алтын, күмісті жиып, оны Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле.
Тәубә сүресі 34
ПІРГЕ СОҚЫР БОЙСҰНУ
Тариқаттардың ең маңызды тәртіптерінен бірі ол мүриттің пірінің алдында мәйіт секілді болуы. Мәйітті жуушы оны қалаған қырына жатқызып жуады. Құранда ақылымызды қолдану әмір етілсе де соқыр бойсұну тариқаттарда негізгі қағида болып есептеледі. Тариқат мүшелеріне ақылдарыны қойып пірлеріне бағыну және ақылдың бұл жолда жарамсыз екендігі үгіттеледі. Бұл сандырақтарды қабылдаған адамға пірінің Мәһди немесе Иса Пайғамбар екендігіне яки дүниедегі ең ұлы адам екендігіне нандырылуы арқылы сол адамды материалдық жағынан қанау және оған дінде жоқ қосындыларды қабыл еттіру оңайға түседі. Мүрит ақылды қолданбау ұстанымыны қабылдағаннан кейін университет бітірген мүритпен сауатсыз мүриттиң арасында ешқандай айырмашылық қалмайды. Сондықтан тариқаттарда сауатты адамдардың да болуы бізді мүлдем таңғалдырмайды. Себебі бұндай адамдар тариқат жүйесінің тәртібіне байланысты ақылдарыны тастап пірлеріне шартсыз бағынулары керек. Бұл ұстанымның нәтижесінде сауатлысы мен сауатсызының, білгіші мен наданының арасында ешқандай парық қалмайды. Зерттеудің орнына соқыр қабылдау, ойланудың орнына еліктеу негіз етіп алынғасын тариқаттағы барлық мүшелерінің сенімі, өмірге көзқарасы және оны бағалауы пірлерінің көзқарасымен бірдей болады.Тіпті адамдарға “ойлануды тоқтату принцибі” қабылдаттырылған соң пірінен әлдеқайда сауатты және мәдениетті адамдар түгіл “Мен білмеймін, пірім біледі. Пірім айтқан болса бұнда бір ғәп бар шығар” деген сынды түсінікпен пірінің ең ақылға симайтын сандырақтарыны да қабыл етуде. Пірлерінің трагикомедиялық баяндамаларына, тек пірлері айтқаны үшін мыңдаған тариқат мүшелерінің соған нанғандарына мысал беруге болады. Бірінші мысалдағы пірдің Америқаға қаһарланып шаттлдарыны құлатты деп пірдің мүриттері мақтанып әңгімелеген. Екінші мысалдағы пір Кипрда естілген қатты дауыстың айдаһар дауысы деп айтқан, оған тіпті пірдің сауатты мүриттері түгіл нанған. Үшінші пір болса мүриттерінің нәпсілеріні тыйам деп өзінің жыныстық мүшесіні мүриттеріне сүйдірген, пірдің жыныстық мүшесіні сүйуге арналған рәсімге баратын мүриттер “Банан жеу” деген құпия сөзбен келісіп, бірге пірлерінің қиярыны сүйуге барады екен. Сопылық тариқаттарының жүйесіні және пірге шартсыз бағыну пәлсапасыны білмеген адамға; сауатты, оқыған және мәдениетті мүриттердің де бұндай ақылға симайтын сандырақтарға сенулеріні түсінуі қиын болады. Ал егер тариқаттың негізгі тәртібінің пірге шартсыз бағынышты болу және ойланудың орнына еліктеу екендігіні түсінсе, мәселе шешіледі. Ал егер дуана, жарым ес пір тап болса онда адамдар банағыдай мәңгүртке айналып қияр күйсеп жүрмекші. Тариқаттарға кірген адамдарға берілетін тариқат тәрбиесіні түсіну үшін бір тариқатта мүриттің ұстануы міндетті түрде қажет 7 шартты атап өтейік:
1- Ұстазына (піріне) толықтай бағынышты болу және ешкімді ұстазынан абзал деп есептемеу.
2- Ақылды болу және түсіну қабілеті жоғары болу.
3- Пірінің қызметінде тез әрі шапшаң болу.
4- Сөзінде тұратын және сенімді болу.
5- Мал-мүлкіні пірінің қызметіне бағыштау.
6- Ұстаздың (пірдің) және тариқаттың сырларыны құпия сақтау.
7- Жаныны пірі үшін пидә етуге әрқашанда дайын болу.
СОРЛЫ МҮРИТТЕР
Тарикаттың жалпы логикасыны 7 баптан түсінсек те екінші бабыны толық түсіне алған жоқпыз. Әрқашан ақыл-ойды тастап, пірге соқыр бағынуды үгіттейтін тариқаттар, неліктен ақыл мен түсіну қабілетіні керексінген екен. Сірә бесінші бапта баяндалған піріне бағышталатын мал-мүлікті табу үшін қажетті ақыл болса керек. Не болса да мүрит қанша табыс тапса онан сонша мал-мүлік алынады!
Мұхаммед Иқбәл бұл жағдайға “піршілдік” атыны берген. Бұндай адамдарда “Алла бізге не әмір етті? Құран сол мәселеде не айтады?” деген түсініктің орнына “Піріміз не деп бұйырды? Сол мәселе біздің тариқатымызда қалай баяндалады?” дегенді еңгізген саналарды әңгімелейді. Иқбәл басқа бір баяндамасында былай деп айтады: “ Теккелерде жеке тұлға жарату және оны қалыптастырудың жағдайы қалмаған. Дымқыл отын жанбайды.”
Шүбәсіз әр тариқат және әр пір бірдей емес. Біз тариқаттардың жалпы санасына қарсымыз. Құранда білмейтін нәрсенің артынан ермеуімізді, онан жауапты болатынымыз баяндалады (Исра сүресі-36). Алайда ең дұрыс деген тариқаттағы адамдар да пірлеріне соқыр бойұсынуда және тариқаттың болашағы да пірлерінің ұяты мен ұжданына қалған. Адамдар ілімнің емес еліктеудің амал етушісіне айналады. Тариқаттың тәсілі ақылды тастау болғандығынан, жоғарыда берілген жаман мысалдардың болуы мүлдем ғажап емес.
ТАРИҚАТТАРДАҒЫ ЕРТЕГІЛЕР
Пірге шартсыз бағыну тариқаттың ең маңызды шарты болғандығынан, мүриттерді бұл шартқа көндіру үшін оларға түрлі түрлі хикаялар айтылады. Мысалы: “Бір пір мүритіне «Бар, әкеңнің басыны шауып алып кел»деген. Мүрит, пірінің сырттай көріністе қисынсыз қалауыны «Бұнда бір даналық бар» деп орындайды. Шешесінің қасында жатқан адамның басыны шауып, шабылған басқа бір қараса әкесінің басы емес екен. Бас мүриттің шешесімен зина жасаған адамдікі екен. Пірдің арқасы болғасын бұны алыстан көріп, мүритіні сынау үшін, себебіні білдірмей сондай әмір берген екен.” Бұл хикаяда көргеніміздей пір мүритіне харам амал әмір етсе де оның сол әміріні орындау керек екендігі, себебі пірінің әр әмірінде, әр сөзінде даналық бар екендігі үгіттеледі. Ал енді бір Мұсылман сондай хикаяны естісе “ Мен ондай харамды неге орындауым керек? Алла адам өлтіруді харам қылып тұрғанда, менің ондай харамды орындауымды неге сұрайсын?” деп жауап қайтаруы керек. Алайда бұндай жауап тариқаттарда сау нәрсенің белгісі емес керісінше имансыздықтың нышаны болып табылады.Тариқат ертегілерінде мүрит көбінесе пірдің роботы ретінде көрсетіледі сондықтан тағы бір хикаяны назарларыңызға ұсынамыз: “Қажы Байрам Уәлинің көп мүриті бар деп абыржыған сол дәурдің басшылары бір күні соған барып наразылықтарыны білдіреді. Ал Қажы Байрам Уәли болса «Абыржамаңдар, менің тек бір жарым мүритім бар» деп жауап береді. Келген делегаттың мүшелеріне бұны дәлелдеу үшін үйдің ішінде бір қой бауыздап қаныны үйдің сыртына ағызады. Қажы Байрам Уәли бүткіл мүритіні үйдің ауласына жинап алып, бәріні біртіндеп бауыздайтындығыны хабарлайды. Бір ер адам мен бір әйел адамнан басқасының бәрі табаныны жылтыратып қашып кетеді. Ер адам бір адам, әйел адам жарты адам болып саналатындығынан нағыз мүриттері бір жарым адам екен.” Осы ертегі арқылы мүриттердің ертегідегі нағыз мүриттер секілді пірлері өлтіретін болса да бағынышты болулары керектігі үгіттеледі. Ақылдарыны тастап пірлеріне шартсыз бой ұсынған мүритлер, пірлері харам жасауды әмір етсе де бір даналығы бар деп орындайды, пірлерінің ауызына қарап отыратын мүриттер Алланың кітабы орнына пірлеріне бағынады, Мұсылмандықтарыны пірлерінің даярлаған қалыбымен қалыптастыруда.Сондықтан пірлердің жағдайы, қалың халықтың мал-мүлкіні құқықсыз жеген ғұлама және сопылардың жағдайына ұқсайды.
اِتَّخَذُوا اَحْبَارَهُمْ وَرُهْبَانَهُمْ اَرْبَابًا مِنْ دُونِ اللّٰهِ
Олар ғалымдарымен машайыхтарын Алладан өзге тәңір қылып алды.
Тәубә сүресі 31
Пірге бағыну мен Құранға бағыну қалай ұйқаспақ? Құранның орнына піріне бағынатындар, мағынасыны түк түсінбей Құранды өлгендерінің рухына оқитындар, Құран мағынасының орнына әуеніне маңыздылық беретіндер өкінішке орай аяттардағы бұл сақтандыруларды түсінбейді, Құранды нұсқау ретінде емес өлгедерге оқылатын кітап ретінде көреді.
РАБЫТАНЫҢ ҚИСЫНСЫЗДЫҒЫ
Сопы тариқаттарындағы ең оғаш мәселелердің бірі де піріне рабыта жасау. Елімізде кең тараған Нақшибәнди тариқатының ең маңызды уәзипасы болып есептелетін рабыта былай жасалады: Мүрит дәрет алып, қибла жаққа қарап отырады. Піріні екі қасының ортасында елестетіп, Алланы зікір етеді. Осылайша рабыта арқылы пір және мүриттің арасында үздіксіз байланыс қамтамасыз етіледі. Фотоаппарат пайда болғаннан кейін рабытаны пірінің фотосуретіне қарап жасайтын модерн(!) Нақшибәндилерде жоқ емес. Рабытаның мына бір қисынсыз ұғымына назар аударайық: “Рабытасыз зікірден гөрі зікірсіз рабыта абзалырақ. Осы екеуінің біреуіні тастауға мәжбүр болсақ зікірді тастау абзал болады. Себебі зікірсіз рабыта жетістікке апарады ал рабытасыз зікір жетістікке апармайды.” Бүгінгі күнімізде осындай нәрселердің кең таралып жатқандығынан бір тарауды тариқат мәселесіне арнадық. Рабыта практикасы біздің көзқарасымыз бойынша сандырақтан әрі аспайды және Құранның дінімен келіспейді.
Сопы тариқаттарында жиі пайдаланылатын кейбір негізгі терминдер мен олардың Құрандағы мағыналарын салыстырғанда, арадағы айқын парық пен жөнсіздік дереу көрінеді. Мысалы, «шейх» сөзі Құранда «қарт адам, ақсақал» мағынасында ғана қолданылған (Һуд сүресі 72, Юсуф сүресі 78, Қасас сүресі 23, Мүмин сүресі 67). Құрандағы «уәли» сөзі болса «дос, қамқоршы, жақтас» мағыналарында қолданылған. «Әулие» сөзі осы «уәли» сөзінің көпше түрі – достар, қамқоршылар, жақын адамдар, жақтастар дегенді білдіреді. Құран бойынша әр иманды пенде Алланың уәлиі (досы, жақтасы), Алла да имандылардың уәлиі (досы, жақтасы) болып табылады (Бақара сүресі 257, Әлу Имран сүресі 68, Мәида сүресі 55, Әғраф сүресі 196, Тәубе сүресі 71). Шындықты бүркемелеуші опасыздар (кәпірлер) болса шайтанның уәлиі, яғни достары-дүр. Сондай-ақ, барлық кәпірлер де бір-бірінің әулиесі (жақтастары) болып табылады. (Ниса сүресі 119, Ниса сүресі 76, Әғраф сүресі 27, Нахл сүресі 16). Абсолютты мағынадағы шынайы дос, жақтас тек Алла ғана. Барлық достар Оған қарата дос болады. Демек, Алладан басқа шын дос (уәли, әулие) жоқ (Бақара сүресі 107, Тәубә сүресі 116, Фурқан сүресі 18, Зүмар сүресі 3, Шура сүресі 49). Құранда 80’нен астам аятта кезігетін «уәли» яки «әулие» сөздері ешқашанда сопы тариқаттарындағы ұшып самғап жүретін, әдеттен тыс кереметі бар «супермен» адамдар мағынасында қолданылмаған. Сонымен қатар, суфизмдегі «ерекше жаратылған» супермен дәрежесіндегі әулиелер мен пірлердің, тақсырлар мен шейхтардың әдеттен тыс құдіреттері нәтижесінде жасалатын қиял-ғажайып іс-әрекеттері мағынасында қолданылатын «керемет» сөзі де Құранда мүлдем басқа мағынада қолданылған. Керемет сөзі арабшадағы «к-р-м» деген үш әріптен құралатын түбір сөзден жасалған. Құранда осы к-р-м- түбірінен өндірілген көптеген сөздер мен етістіктер бар және олар Алла Тағаланың жомарттығын, ризықтарының молдығын, мейірбандылығының шексіздігін білдіреді. Құранда супермендердің аспанда ұшуы яки көзінен жалын шығаруы сияқты қиял-ғажайып «кереметтер» туралы айтылмаған (Нәмл сүресі 40, Әнфал сүресі 4, Исра сүресі 70, Ясин сүресі 11).
Егер де тариқаттар айналулардына, семаға (Мәуләуи биі), әуендеріне діни мағына бермесе ондай нәрселердің дінге деген ешқандай зияны жоқ деген көзқарастамыз. Себебі Құран бұндай нәрселерге тыйым да салмаған, әмір де етпеген.Тек діни практика ретінде есептелмеуі қажет. Алайда көптеген тариқаттарда өкінішке орай бұндай практикалар діннің бір уәзипасы ретінде ұсынылуда. Біз сондайларға қарсымыз. Әйтпесе Мұсылмандар әлбетте түрлі қорлар мен қауымдастықтар секілді құрылымдарды құруларына болады және бұл құрылымдардың ішінде қызмет бағыныш сатысыны құруға болады.Бүткіл осы құрылымдардың ішінде өлең, музыка, би, шығармашылық, көркемөнер, көрініс, жиналыс деген сынды шаралар нормалы болып табылады. Қалыптан тыс болып есептелетін нәрселер, адамдарды сынға алынбайтын деп жариялау, жақсы болсын жаман болсын Құранда жоқ ұғымдарды тариқаттардың дінге еңгізулері-дүр.
Тариқаттардың тағы бір зияны болса ол дінімізді азап шегушілік діні ретінде танытулары.Үнді тариқаттарыны еске түсіретін жасанды азаптармен мүриттеріні тәрбие етеміз дейтін тариқаттар; адамдарды шілхананың тас қараңғы бөлмесіне қамап қойып, ұзақ уақыт аш-сусыз тастап оларға азап береді, нәтижеде бірталай адамның психикасы бұзылады. Ұзақ уақыт қылуетте қалған адамдар түрлі елес көре бастайды. Сондай елестерді көрген адамдар әулие болып есептеледі. Алайда Құранға қарағанда ешбір Пайғамбар ондай жасанды азап шегумен өз-өзіні қорламаған, басқа адамдарға да ондай әдіс әмір етілмеген. Құранда Алла керек болса адамдарды қыйыншылықтармен сынайды және Мұсылман болған адам бұл қыйыншылықтар қандай болса да оған шыдап сабыр етеді. Алайда Алла бұл қиыншылықтарды өмірдің кәдімгі барысында адамның алдына шығарады, әйтпесе азап шегейін, қиыншылық болсын деген ниетпен адамның өз-өзіне азап беруі дініміздің жалғыз қайнары Құранда жоқ.
ПІРЛЕРДІҢ ЕТЕГІНЕН ҰСТАУ
وَقَالُوا رَبَّنَا إِنَّا أَطَعْنَا سَادَتَنَا وَكُبَرَاءنَا فَأَضَلُّونَا السَّبِيلَا
Сонымен олар: «Ей, Жаратқан Иеміз! Біздер ұлықтарымызға, алдыңғы қатарлы адамдарымызға бағынып едік. Бізді тура жолдан адастырған солар!» дейді.
Ахзаб сүресі 67
Дәстүрлі Исламның ұстанушылары, ата-бабаларынан мирас болып қалған мазхаптарыны ақылмен сараптамай ақ ұстанады. Мазхап ұстанушылары осы мирастарыны бір негізге сүйендіру үшін мазхап имамдарының абзалдығы турасында түрлі қиял-хикая әңгімелейді. Бұндай адамдардың пікірі бойынша олардың ұлықтары (мазхап имамдары) олар үшін бәріні ойластырып қойған. Оларға ұйу жеткілікті және олардың үкім берген бір мәселені қайта көтеріп дауласу, ол мәселені ойлау ұлықтарға әдепсіздік көрсету болып есептеледі. Дәстүрлі Исламшылар дінді көбінесе тікелей тариқат пірлерінен үйренеді. Тариқат пірлеріне “тақсыр”, “хазрет”, “ұстаз” деген атақтар беріледі. Мазхап имамдары діннің қайтыс болған қайнарлары болып есептелсе ал тариқат пірлері болса діннің тірі қайнарлары болып есептеледі. Бүткіл бұл тұлғаларға ұйудың негізгі логикасы бірдей: Ойланбай ұйу, сынға алмау, ақылды қолданбай солардың ақылына сенім арту. Алайда Құраннан дәйексөз алған аятта көргеніміздей, адамдардың хақ жолдан адасуларының негізгі себебі ол ұлықтарына, тақсырларына соқыр бағынулары-дүр. Ақылды қолданудың орнына еліктеушілікті алғы шепке шығаратын; ата-бабаларға ұйып яки көпшіліктің көзқарасына қарап немесе ұлықтар мен тақсырларға ұйу арқылы жол табуды Құран мүлдем қабылдамайды. Құран діннің қайнары ретінде өзінен басқа ешқандай тақсырды, мазхапты, тариқатты қабылдамайды. Құран бойынша ақиқатқа жетудің негізгі шарты ол ақылды қолдану, ойлану, ойға бату.
اَفَلَا يَتَدَبَّرُونَ الْقُرْاٰنَ
Ал сонда олар Құран турасында ойға батпай ма?
Ниса сүресі 82
كِتَابٌ اَنْزَلْنَاهُ اِلَيْكَ مُبَارَكٌ لِيَدَّبَّرُوا اٰيَاتِهٖ وَلِيَتَذَكَّرَ اُولُوا الْاَلْبَابِ
Аяттарын түсінсін әрі ақыл иелері үгіт алсын деп саған құтты Кітап түсірдік.
Сад сүресі 29
قَدْ بَيَّنَّا لَكُمُ الْاٰيَاتِ اِنْ كُنْتُمْ تَعْقِلُونَ
Егер түсінетін болсаңдар, әрине сендерге аяттарымызды баян еттік.
Әлу Имран сүресі 118
ПІРЛЕРДІ ҰШЫРТҚАН МҮРИТТЕР
Баяғыда дүниеден өткен пірлердің кесенелерінде жасалатын оғаш әрекеттер, шүберек байлау, кесенеге қарай иіліп сәлем беру, сыйыну масқаралықтың белгісі. Пірлердің бір бөлімі өлместен бұрын тариқаттың басшылығыны баласына, күйеу баласына яки туған бауырына тапсырулары яғни рухани әм материялдық қанау дөңгелегіні әулетінің дара иелігіне беріп кетулері санжетпес оғаштықтарының тек бір шығыршығы. Ал дініміз бойынша аманат лайықты адамға берілуі қажет. Мүриттерге де берілетін әулиелік мәртебелері, пірлерге әлдеқайда шектен тыс мәртебелер беріледі. Сопы хикаяларда әңгімеленген пірлердің кереметтері Құранда баян етілген көптеген Пайғамбарлардың мұғжизаларынан да асып түседі. Халықтың арасында таралған “Пір ұшпайды, пірді мүрит ұшыртады.” сөйлемі ақиқатты көрсетеді, себебі түрлі тариқаттардың мүриттері бірбірлеріне пірлерінің түрлі кереметтері жайындағы хикаяларды әңгімелеп мақтанады. Ең көп және ең үлкен кереметті көрсеткен пірдің мүриті деген атақ-абыройды алғысы келетін мүриттер, осылайша әр жолы піріні басқа пірден көптеу ұшыртып, мүриттер бұл жарысты өзара жалғастырып келеді. Адамдар мен жануарларды тірілткендер; теңіз бен мұхиттің үстінде жүргендер; бір уақытта көп жерде болатындар… Супермен пірлер адамның жүрегінде не бар екеніні біледі, қашықтықтан басқару әдістеріні қолданады, бір қарағанда адамды хақ жолға түсіреді, қалаған адамыны жынмен немесе басқа да әдістерімен қағып жібереді, демімен, түкірік-қақырығымен адамдарға шипа шашады, қолы тисе әлемге нұр жауады! Пірлер бұндайды жасайтын болғасын мүриттер ақылдарыны қолданбауы керек, пірлерге қарсы шықпаулары керек, пірдің сөзіні талқыға салмаулары керек! Көзіні жұмып пірге соқыр бағынған және пірге көп қызмет жасаған мүрит ең абзал мүрит болып есептеледі.
Мұсылмандықты сопы тариқаттары арқылы таныған халқымыз, зеттеу мен ақылды қолданудың орнына еліктеушілікті және бағынышты болуды үгіттейтін сол тариқаттардың саналарға салған шынжырынан өкінішке орай әлі де құтыла алған жоқ. Соқыр бойұсыну, өмірдің қызықтарынан қашу, аз күлу, дербес ақылды аз дамыту сынды сипаттар тариқаттардың берген сананың нәтижелері-дүр. Тіпті бір зерттеу жасалса; бүгінгі күнімізде халқымыздың, кейбір басшыларға даусыз бағынуларының түбіндегі себептердің біріні тарихымызда ұзақ және терең ықпалы болған тариқаттарға, пірлерге соқыр бойұсынуды табамыз. “Қатын секілді күлу” сияқты қалыптасқан сөздердің түбінде де күлу яғни өмірдің қызығыны көруді, қөңілді болуды хош көрмейтін тариқат тәрбиесіні табамыз. Біздің пікіріміз бойынша тариқаттардың берген тәрбиесі әдет-ғұрыпқа айналып, бүгінгі күнімізде тариқатпен тіпті ешқандай байланысы жоқ адамдардың өмірлерінде де, өздері байқамаса да терең әсеріні қалдырған. Бейнет көруді өнер білген және адамды шектен тыс ұлықтап, зерттеуден өткізбей бағынуды міндет еткен тариқаттар, Құранның ақылды қолдану әміріне үлкен кедергі. Құранды алып, Құраннан басқа бүткіл діни қайнарларды, хадистерді, ілміхал кітаптарыны және мазхаптардың дініні Құранның алдынан тазарту қалай Құран дінінің ортаға шығуының шарты болса, солай Құран дінінің ортаға шығып, дінді пірлердің дара иелігінен құтқару үшін де тариқаттарды діннен тазарту керек. Осылайша Ислам дінінің ұстанушылары, Пайғамбарымыз және 4 халифаның дәуірлеріндегі секілді, Құраннан басқа діни қайнар ұстанбайтын, мешіттен басқа текке, шілхана сынды баламалы қасиетті орындарды қабылдамайтын, пірлер сияқты Алла мен құлдары арасында дәнекерлік жасайтын сопы сыныпыны танымайтын, Алладан басқа ешкімге бағынбайтын, жүрегімен бірге ақылыны да қолданатын; абсолютті түрде тек Аллаға ғана қызмет ететін қызметшілер болады.
اَلَا لِلّٰهِ الدّٖينُ الْخَالِصُ وَالَّذٖينَ اتَّخَذُوا مِنْ دُونِهٖ اَوْلِيَاءَ مَا نَعْبُدُهُمْ اِلَّا لِيُقَرِّبُونَا اِلَى اللّٰهِ زُلْفٰى اِنَّ اللّٰهَ يَحْكُمُ بَيْنَهُمْ فٖى مَا هُمْ فٖيهِ يَخْتَلِفُونَ اِنَّ اللّٰهَ لَا يَهْدٖى مَنْ هُوَ كَاذِبٌ كَفَّارٌ
Көңіл бөліңдер! Дін нағыз Аллаға тән. Сондай Алладан өзгені дос тұтқандар: “Біз бұларға, Аллаға жақындастырсын деп қана табынамыз” (дейді). Күдіксіз олардың араларындағы таласқан нәрселеріне Алла үкім береді. Расында Алла, кім өтірікші, өте қарсы болса, оны тура жолға салмайды.
Зүмәр сүресі 3
اِتَّبِعُوا مَا اُنْزِلَ اِلَيْكُمْ مِنْ رَبِّكُمْ وَلَا تَتَّبِعُوا مِنْ دُونِهٖ اَوْلِيَاءَ قَلٖيلًا مَا تَذَكَّرُونَ
Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге бой ұсыныңдар да Одан өзгені дос тұтып ілеспеңдер. Нендей аз ғана үгіт тыңдайсыңдар!
Батырбек Сұлтанов