КУТУБ УС-СИТТА ХАДИСТЕРГІНДЕГІ, АЛЛАҒА, ҚҰРАНҒА,ПАЙҒАМБАРЛАРҒА ЖӘНЕ МҰСЫЛМАНДАРҒА ЖАСАЛҒАН ЖАЛА МЕН ШАБУЫЛДАРДЫҢ МЫСАЛДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СЫНҒА АЛЫНУЫ

Бөлім: Хадистердегі қайшылықтар 150

АЛЛАҒА КӨРСЕТКЕН ҚҰРМЕТСІЗДІКТЕРІ ЖӘНЕ ОҒАН ЖАСАҒАН ЖАЛАЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ОЙДАН ШЫҒАРҒАН ХАДИС МЫСАЛДАРЫ.
1-Анастың былай дегені жеткен: Алла елшісі (с.а.с.) былай бұйырды: ¨Бүлікшілер тозаққа тасталғанда, тозақ ¨тағы бар ма?¨ дейді. Сонда Алла аяғын тозақтың ішіне тығады. Бұның ықпалынан тозақтың екі жағы бір-біріне кіреді. Сонда тозақ: Сенің даңқың әрі жомарттығыңмен ант етемін, болды!, жетер! деп айғайлайды. Ал жұмақта болса, Алла жаңа адамдарды жаратып оны толтырғанға дейін бос орындар болады.¨
Кутуб ус-Cитта, Бухари, Тафсир, Каф 1. Әйман 12. Tаухид 7, Mуслим, Жаннәт 37, ( 2848), Tирмизи, Tафсир, Kaф, (3268) )

ХАДИСТЫҢ СЫНҒА АЛЫНУЫ: Жылдар бойы түрлі діни сенімдерді зерттеп келемін, алайда бұлар секілді өз Құдайларын тозаққа лайық көретіндерге бірінші рет тап болып отырмын. Бұл хадистің барлық тәржімелерінде ¨Алла аяғын тозақтың үстіне қойды¨ деп аударылған. Алайда мәтіннің түпнұсқасында, ¨алейһа¨ емес, ¨фиһа¨-яғни ¨ішіне¨ сөйлемі қолданылған.

Бұлар, Алланы адамға ұқсатып, Оның аяғы тозаққа кіреді дейді. Бұлар, Алла жаңа адамдар жаратып, оларды емтихансыз, жұмақтың бос орындарына орналастыратынын да айтады. Тозақтағы бос орынды Өз аяғымен, ал жұмақтағы бос орынды ешқашан дүниеге келмеген адамдармен толтырады деген сөз санаға сия ма? Алла бұлардың күпіргінен таза әрі ұлы! Бұл хадисте Аллаға аяқ сипаты ауыспалы мағынада берілмеген, керісінше тікелей мағынада берілген. Себебі тозақ материалды зат, материалды зат тек қана материалды затпен толады.

Алла Құранда тозақты немен толтыратынын былай хабар береді:
Eгер Раббың қаласа, адамдарды бір-ақ үммет қылар еді. Олар үнемі қайшылықта тұруда.-11:118
Бірақ Раббыңның мейірімділік жасағаны басқа. Оларды сол үшін жаратты.Раббыңның: «Әрине тозақты бүкіл жындар және адамдармен толтырамын» деген сөзі тура шықты.-11:119
Егер қаласақ еді, әркімді тура жолға салар едік. Бірақ Менен: «Тозақты бүтіндей жындар, адамдармен толтырамын» деген сөз болған.-32:13
Көргеніміздей, тозақтың толтырылуы турасындағы хадис Құранға қайшы келеді.

2-Әбу Хурайраның былай дегені жеткен: ¨Алланың елшісі былай бұйырды: Кімде-кім бауырымен төбелессе, бетінен ұрмасын.¨
Бухари, Итк 20, Муслим, Бирр, 112(2612)
Муслимның хадисінде мынандай қосымша бар: ¨…Себебі Алла, Адам пайғамбарды Өзінің бейнесінде жаратты.¨
Кутуб ус-Ситта

3-Тағы Әбу Хурайра әңгімелейді: ¨Алланың елшісі былай бұйырды: Алла Адам пайғамбарды Өзінің бейнесінде жаратты, бойын алпыс зирағ қылып жаратты…¨
Кутуб ус-Ситта, Бухари, Истизан 1, Муслим, Жаннәт 28 (2841)

4-Ибн Аббастың былай дегені жеткен: ¨Алланың елшісі былай бұйырды: Осы түнде Раббымнан бірі келді-басқа бір риуаятта-¨Раббым маған өзінің ең көркем бейнесінде келді¨-және¨Әй Мұхаммед¨ деді.
¨Сөзіңе құлдық, алдыңдамын¨ дедім
Алла: ¨Аспанның тұрғындары не де жарысатындарын білесің бе¨ деп сұрады
Мен ¨Жоқ¨ дедім
Содан кейін қолын алып менің ыйықтарымның ортасына қойды. Қолының салқындығын кеудемде сезіндім….¨

5-Үбәй бин Қағыптың былай дегені жеткен: ¨Алла елшісі былай бұйырды: Алланың қол алысып амандасқан алғашқы адам Омар. Ең бірінші сәлем беретін де сол болады.¨
Кутуб ус-Ситта, Ибн Мәжа 104

ХАДИСТЫҢ СЫНҒА АЛЫНУЫ: Бұлар, Алланы адамның бейнесіне ұқсатып, сол себептен бетке ұруға болмайды деген. Негізінде бұлардың ниеті Аллаға құрмет көрсету емес. Алланың беті мен адамның бетінің бір екендігін қалың жұртқа қабылдаттыру үшін бетке соғуға болмайды дегенді айтып баққан. Алланың қолына салқындық сипатын берулері — Оны адамға/затқа ұқсату талпынысының бір нәтижесі. Алланың Омармен қол алысып амандасты деп айтулары да сол талпыныс. Аллаға дене беру, адамға ұқсату анық күпірлік болып табылады. Алла ағза-мүшелерден пәк.
Сондай-ақ, Омарды Мұхаммед және басқа мұсылмандардан үстем қылып көрсетулері, мұсылмандар арасында бүліншілік шығару үшін жасалған жалған риуаят.

6-Әбу Хурайраның былай дегені жеткен: ¨Алла елшісі былай бұйырды : ¨Жүзімді ¨кәрм¨ деп атамаңдар. ¨Заманның жоқшылығы мен үмітсіздігі ай¨ деп қаһарлы сөз айтпаңдар. Себебі Алланың өзі заман-дүр.¨
Кутуб ус-Ситта, Бухари, Әдеп 101,Муслим Әлфаз 516, Әбу Дәуд, Әдеп 81, Муватта, Кәләм 3.

ХАДИСТЫҢ СЫНҒА АЛЫНУЫ: Алланы заман деп сипаттау мүмкін емес, себебі заман жаратылған. Заман өтеді, азаяды, жағдайына байланысты бітеді де. Жоқтан бар болып, бардан жоқ болуда. Кешегі күн жоқ болды, ертеңгі күн жаратылу арқылы жоқтан бар болады. Бар болып тұрғанда жоққа айналатын, жоқ болғанда барға айналатын ештеңе Құдай бола алмайды, себебі бұл сипаттар кемшілік пен әлсіздікті білдіреді. Алла заманның бұл сипаттарымен кем және әлсіз емес. Алла шектеулерден пәк.
Құранда заман жайында былай бұйырылады:
Адамзат еске аларлық бір нәрсе болғанға дейін заманнан бірталай мерзім өтпеді ме? -76:1
Көргеніміздей, заман өткінші, Алланы заман деп сипаттауға болмайды. Бұл хадис те Құранға қайшы келеді.

Сахихайн (Бухари және Муслим) және Тирмизиде Әбу Хурайрадан мынандай бір риуаят келеді:
7-Алланың елшісі былай бұйырды: ¨Алла: Мен құлымның ойлағанындаймын. Мені қалай ойласа, солай табады¨
Кутуб ус-Ситта, Бухари, Таухид 35, Муслим, Зікр 1, Тирмизи, Зухд 51
ХАДИСТЫҢ СЫНҒА АЛЫНУЫ: Адамдар, Алла жайында жақсы немесе жаман болжамдар жасаулары мүмкін. Бір адам шығып Аллаға жала жабуы немесе Алла жайында жаман ойлауы мүмкін, сонда, хадистерге қарағанда, Алла жаман болып кете ме? Әлбетте Алла бұндай болжамдардан пәк. Алла адамдардың ойы/болжамдары бойынша әрекет жасамайды. Болжам ақиқат атына ештеңені өзгертпейді.
Құранда осы тақырыпқа байланысты былай бұйырылады:
Олардың көбі ой жоруға ғана ілеседі. Расында ой, шындыққа қарағанда түкке тұрмайды. Күдіксіз Алла, олардың істегендерін толық білуші.-10:36
Олар Алланы шын мәнінде қадірлей алмады. Негізінде қиямет күні жер бүтіндей Оның уысында. Және көктерде оң қолымен бүктеледі. Ол олардың қосқан ортақтарынан пәк. Әрі жоғары.-39:67
Аллаға өтірік жала жапсырғаннан кім залымырақ. Міне бұлар, Раббыларының құзырына шығарылады. Сондай-ақ айғақтары да: «Міне бұлар, Раббыларына өтірік айтқандар» дейді. Естеріңде болсын! Алланың қарғысы залымдарға тән.-11:18
Қара! Олар Аллаға қалай жасанды өтірік айтады? Бұл ашық күнә, оларға жетіп асады.-4:50
Көргеніміздей, хадистер Құранға қайшы келеді, әрі Аллаға жабылған жала және бүліншілік.

8-Ибн ул-Мусайяб, Ата ибну Зәйд әл-Ләйси, Әбә Хурайрадан жеткізеді:
Тек қана осы үммет (Мұхаммедтің үмметі), арасында мүнафықтар да болғанына қарамастан орнында қалады. Алла Тағала бұларға бұрын соңды көрінбеген бір бейнеде көрініп: ¨Мен сіздің Раббыңызбын¨ деп бұйырады. Олар болса: ¨Біз сеннен Аллаға сыйынамыз! Раббымыз келгенде біз Оны танимыз¨деп айтады. Сонда Алла олардың танитын бейнеде көрініп: ¨Мен сіздің Раббыңызбын¨ деп бұйырады. Олар болса ¨Сен біздің Раббымызсың¨ дейді. Алланың оларды шақырғанына байланысты олардың барлығы шақыруды қабылдайды.
Кутуб ус-Ситта, Бухари, Рикак 52, Азан 129, Tаухид 24, Mуслим, Иман 299, (182), Tирмизи, Жаннәт 20.

ХАДИСТЫҢ СЫНҒА АЛЫНУЫ: Бұлардың: ¨Алла, бірінші ретте үмметтің(арасында мүнафықтар да бар) алдында басқа бір бейнеде көрінді¨ деулері-Аллаға құрметсіздік. Себебі олар, Алланың һәм мұсылмандардың һәм мүнафықтардың Оны терістейтін көріксіз бір бейнеде шыққанын айтқан. Бұны хадисте, адамдардың сенім және амал дәрежелеріндегі айырмашылыққа қарамастан бәрі бірдей Алланы жақтыртпағандарынан түсінуге болады. Сондай-ақ бұл нүктенің астыны сызып қою үшін риуаятта мүнафықтар да айтылып кеткен. Сонымен қатар хадисте, Алланың бейнеден бейнеге, кейіптен кейіпке ауысуы, Оған ағза-мүшелер қосып қою амалы. Алла ағза-мүшелерден, адамға ұқсаудан аса пәк.

9- Ибн ул-Мусайяб, Ата ибну Зәйд әл-Ләйси, Әбә Хурайрадан жеткізеді:
¨Адамдар: ¨Алланың елшісі! Біз Қиямет күні Раббымызды көреміз бе?¨-деп сұрағанда, Алланың елшісі: ¨Сендер Бәдрдің бұлтсыз түні Айды көруден күмәнданасыңдар ма?¨-деді.
— Я, Алланың елшісі, күмәнданбаймыз!
— Бұлтсыз күні Күнді көруден күмәнданасыңдар ма?
— Жоқ, күмәнданбаймыз.
— Раббыларыңды да сол тәрізді анық көресіңдер.
Кутуб ус-Ситта, Бухари, Рикак 52, Азан 129, Tаухид 24, Mуслим, Иман 299, (182), Tирмизи, Жаннәт 20.

10-Әбу Зәр әңгімелейді: Пайғамбардан ¨Сен Құдай Тағаланы көрдің бе¨ деп сұрадым. Пайғамбар:¨Ол Нұр ғой, қалай мен Оны көремін¨ деп жауап берді¨
Кутуб ус-Ситта, , Mуслим, Иман 291, (178), Tирмизи, Тәпсір, Нәжм (3278).

ХАДИСТЫҢ СЫНҒА АЛЫНУЫ: Бұлар бір хадисте Алла көрінеді, екінші хадисте Алла көрінбейді деп өздеріне қарама-қайшылыққа түседі. Бұлардың әдістері де осы, егер бір хадис риуаят жасаса, міндетті түрде оған кереғар басқа бір, немесе бірнеше хадис ойлап табады. Себебі, керек кезінде өздеріне сәйкес хадисты таңдап алу және де адамдардың басын айналдыру үшін.

Мазхаптардың үкіми қайшылықтарына 100 мысал

СҰРАҚ ХАНАФИ МӘЛІКИ ШАФИИ ХАНБАЛИ
1 Өлген хайуанның терісі халал ма? Харам Халал харам Халал
2 Кір-қоқыспен қоректенетін хайуанның еті халал ма? – Халал – Харам
3 Жылан балығын жеудің жолы? Халал – – Харам
4 Ер адамдардың қызыл түсті киім киюіне бола ма? Мәкрүһ Халал харам Мәкрүһ
5 Ер адамдардың сары түсті киім киюіне бола ма? Харам Халал харам Харам
6 Ұд, сырнай, дабыл, құбыр сияқты аспаптарда ойнауға бола ма? Мәкрүһ Халал халал Харам
7 Қарғаның еті желіне ме? Харам Халал харам харам
8 Жылқы еті желіне ме? Харам Халал – –
9 Мидия еті желіне ме? Харам Халал – –
10 Устрица желіне ме? Харам Халал – –
11 Теңіз шаяны желіне ме? Харам Халал – –
12 Қарлығаштың еті желіне ме? Халал Халал харам Харам
13 Бүркіттің еті желіне ме? Харам Халал харам Харам
14 Жарқанаттың еті желіне ме? Харам Мәкрүһ харам Харам
15 Кәғбаны айналардан бұрынғы дәреттің үкімі? Уәжіб Фарыз фарыз Фарыз
16 Алғашқы екі рәкатта фатиханы оқудың үкімі? Уәжіб Фарыз фарыз Фарыз
17 Рүкұғ және сәждедегі тәсбіхтің үкімі? Сүннет – сүннет Уәжіб
18 Алғашқы екі рәкатта фатихадан кейін сүре оқудың үкімі? Уәжіб Мұбах сүннет Сүннет
19 Фатихадан бұрын бісмілләні айтудың үкімі? Сүннет Мәкрүһ Фарыз –
20 Намазда екі аяқтың арасындағы қашықтық 4 елідей 2 қарыстай 1 қарыс 2 қарыс
21 Уитр намазының үкімі? Уәжіб Сүннен сүннет Сүннет
22 әлі түгі шықпаған бозбалаға тиіскен еркектің дәреті бұзыла ма? Жоқ Иә жоқ Жоқ
23 Намазда сәлем алу дәретті бұза ма? Иә Жоқ – –
24 Намаздағы адамның алдынан өтуге болмайтын қашықтық қанша? 40 құлаш 1 құлаш 3 құлаш 3 құлаш
25 Намазда ұмытып сөз сөйлеу намазды бұза ма? Иә Жоқ Жоқ Иә
26 Намазда бір сөзді қате айту намазды бұза ма? Иә Жоқ Жоқ Жоқ
27 Намазда «аһ» яки «ұһ» деп айту намазды бұза ма? Иә Жоқ Иә Иә
28 Еті желінетін хайуандардың сідігі мен боғы нәжіс пе? Иә Жоқ Иә Жоқ
29 Еті желінетін хайуандардың шәуеті нәжіс пе? Иә Иә жоқ Жоқ
30 Дәреттің фарызы қанша? 4 7 6 7
31 Дәретті белгілі бір ретпен алу фарыз ба? Жоқ Жоқ Иә Иә
32 Дәретті үзіліссіз алу фарыз ба? Жоқ Иә жоқ Иә
33 Дәреттің сүннеті қанша? 18 8 30 20
34 Мисуак пайдалану сүннет пе? Иә Жоқ Иә Иә
35 Дәретте қолдың ұшын, бетті және шынтаққа дейін қолды 3 рет жуу сүннет пе? Иә Жоқ Иә Иә
36 Дәретте басты 3 рет мәсіх ету сүннет пе? Жоқ Жоқ Иә Жоқ
37 Дәретте құлақтың іші мен сыртын мәсіх ету сүннет пе? Иә Иә Иә Жоқ
38 Дәретте құлақты қанша рет мәсіх ету керек? 1 1 3 1
39 Дәретті бұзатын нәрселердің саны қанша? 12 3 5 8
40 Жыныстық мүшесіне тию дәретті бұза ма? Жоқ Иә Иә Иә
41 Намазда қарқылдап күлу дәретті бұза ма? Иә Жоқ жоқ Жоқ
42 Түйе етін жеу және мәйітті жуу дәретті бұза ма? Жоқ Жоқ жоқ Иә
43 Дәретті күмән бұза ма? Жоқ Жоқ жоқ Иә
44 Қанның ағуы дәретті бұза ма? Иә Жоқ жоқ Жоқ
45 Тесілген мәсіге мәсіх етуге бола ма? Иә Иә жоқ Жоқ
46 Бой дәреті құйынуды керек қылатын себептер қанша? 7 4 5 6
47 Бой дәретінің фарызы қанша? 11 5 3 –
48 Елеместікпен яки жалқаулықтан намаз оқымағанға не істеу керек? Қамалады, қан аққанша сабалады, өлтіріледі Тәубе етпесе өлтіріледі 3 күннің ішінде тәубе сұрамаса өлтіріледі 3 күннің ішінде тәубе сұрамаса өлтіріледі
49 Азанның сөздері бірінен соң бірі айтылмаса да жарамды бола ма? Иә Иә жоқ Жоқ
50 Арабша білмейтін адам өзі үшін азанды өз тілінде шақырса, бола ма? Жоқ Жоқ Иә Иә
51 Азанға ниет ету шарт па? Жоқ Иә жоқ Иә
52 Азан мен қамат кезінде сәлем алуға бола ма? Жоқ Жоқ жоқ Иә
53 Фатиха сүресі оқылмаған намаз жарамды бола ма? Иә Жоқ жоқ Жоқ
54 Намаз біткен қанша рет сәлем беру фарыз? Фарыз емес 1 жаққа беру фарыз 1 жаққа беру фарыз 2 жаққа беру фарыз
55 Еркектің ғаураты қай жері? Кіндігі мен тізесінің арасы Алдыңғы және артқы мүшелері Кіндігі мен тізесінің арасы Кіндігі мен тізесінің арасы
56 Мәйітті жуудың фарыз болуы үшін денесінің қаншасы болмақ керек? ½ 2/3 Аз да болса, болады Аз да болса, болады
57 Мәйітті жуғанда аузы мен мұрнына су беру керек пе? Жоқ Иә Иә Жоқ
58 Ихрамды болып қажылықта өлген адамның үстіне хош иіс жағып, басын жабуға бола ма? Иә Иә жоқ Жоқ
59 Жаназа намазына кім имам болуы керек? Патша, әмірші Мәйіт кімді сұраған болса Мәйіттің қожайыны Мәйіт кімді сұраған болса
60 Жаназа намазы намаз оқуға тиым салынған қанша уақытты оқылмайды? 5 3 әр уақытта оқуға болады 3
61 Мәйітті өлген орнынан басқа жаққа тасымалдап көмуге бола ма? Иә Иә жоқ Жоқ
62 Ораза ұстауға тілмен айтып ниет ету шарт па? Иә Иә жоқ Иә
63 Рамазан оразасына әр күн үшін бөлек ниет ету шарт па? Иә Жоқ Иә Иә
64 Қан алғызу оразаны бұза ма? Жоқ Жоқ жоқ Иә
65 Зекет фарыз болу үшін қайсы мүліктен қарызды болмау шарт? Диқаншылық мүліктерінен басқа Алтын және күміс Мұндай шарт жоқ Барлық мүліктен
66 Еркек пен әйелдің зинет бұйымдарынан зекет берулері фарыз ба? Иә Жоқ жоқ Жоқ
67 Қағаз ақшадан зекет беру фарыз ба? Иә Иә Иә Жоқ
68 Кен орнынан алынған заттардан қанша зекет беру керек? 1/5 1/5 1/4 ¼
69 Сауда тауарының зекетінің шарты қанша? 4 5 6 2
70 Топырақтан шығатын әр зат үшін зекет беру фарыз ба? Иә Жоқ жоқ Жоқ
71 Балдың зекетін беру фарыз ба? Иә Жоқ жоқ Иә
72 Уақыф етілген топырақтың зекетін беру фарыз ба? Иә Иә жоқ Жоқ
73 Жалға алынған яки аманатқа алынып егілген топырақтың зекетін беру фарыз ба? Жоқ Иә Иә Иә
74 Зәйтіннің зекетін беру қажет пе? Иә Иә жоқ Иә
75 Жеммен бағылатын және жұмысқа жегілетін хайуандардың зекетін беру фарыз ба? Жоқ Иә жоқ Жоқ
76 Қой мен ешкі қанша жасқа келгенде зекеті фарыз болады? Қой 1 – ешкі 1 Қой 1 – ешкі 1 Қой 1 – ешкі 2 Қой ½ — ешкі 2
77 әйел адам күйеуінсіз қажылыққа бара ала ма? Жоқ Иә Иә Жоқ
78 әлсіздік яки мәжбүрлікке байланысты қажыға бара алмай жатқан адам орнына басқа біреуді жібере ала ма? Иә Жоқ Иә Иә
79 Қажылықтың шарты қанша? 2 4 5 4
80 Шайтанға атылған тас жәмреге түспесе де бола ма? Иә Жоқ жоқ Жоқ
81 Мұсылман емес кедейге тамақ беруге бола ма? Иә Жоқ жоқ Жоқ
82 Жібекке отыру, жастану, жастықты қаптау, қабырғаға түскигіз етіп қою харам ба? Жоқ Иә Иә Иә
83 Ұл балаға жібек кидіруге бола ма? Жоқ Жоқ Иә Иә
84 Күміспен көмкерілген ыдыстан су ішуге яки дәрет алуға бола ма? Иә Жоқ жоқ Жоқ
85 Сақалды кесу харам ба? Иә Иә жоқ Иә
86 Нарды ойнау харам ба? Жоқ Иә Иә Иә
87 Шахмат ойнау харам ба? Иә Иә жоқ Иә
88 өлген адамның қарызы өтелуі тиіс пе? Жоқ Иә Иә Жоқ
89 Жеке тұлға өз жерінде табылған кен затының қаншасын мемлекетке тапсыруы тиіс? 1/5 Жоқ жоқ Жоқ
90 Бір жерді зорлықпен тартып алып, еккен адам шыққан өнімнің иесі бола ма? Иә Иә Иә Жоқ
91 Жасалған келісімшартты өзгерту яки жою үшін қанша уақыт беріледі? 3 күн Қажетке сай 3 күн Келісім бойынша
92 Жыныстық қатынас жасалған хайуанның үкімі? өлтіріледі, еті желінбейді өлтірілмейді, еті желінеді өлтірілмейді, еті желінеді өлтіру қажет
93 Шарап яки өзге де мас қылатын ішімдіктерді ішудің жазасы қанша дүре соғу 80 80 40 80
94 Шарап саситын яки шарап құсқан адамға дүре соғыла ма? Жоқ Иә Жоқ Жоқ
95 Діннен шыққандығы үшін өлтірілген адамның мүлкі мұрагерлеріне беріле ме? Иә Жоқ Жоқ Жоқ
96 Діннен шыққан әйелді өлтіруге бола ма? Жоқ Иә Иә Иә
97 Тастап кету, аш немесе сусыз қалдыру арқылы біреуді өлтіру қасақана өлтіру болып санала ма? Жоқ Иә Иә Иә
98 әйел адам қазы (судья) бола ала ма? Иә Жоқ жоқ Жоқ
99 Ит нәжіс хайуан ба? Жоқ Жоқ Иә Иә
100 Азаншы азан шақырғаны үшін ақы алуына бола ма? Жоқ Иә Иә Жоқ

Батырбек Сұлтанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *