Ертеде бір ауыл болыпты, сол ауылда Мехмет деген иман жузді, намазхан кісі болган екен. Ол кісі уйіне құдайы қонақ болып келген, барлық адамды барын беріп, кутіп риза қылып қайтарады екен. Мұны біліп алған ауыл тұрғындары, ол адамды ақымақ санап қарыны ашқандардың барлығы Мехметтің уйінен тамаққа тойып алып, сыртынан ақымақ деп куліп кетеді екен. Осындай кундердің бірінде сол ауылда бір кісі араққа тойып алып оқыс жағдайға ұшырап қайтыс болады. Мұны естіген ауылдың молдасы мен улкен қариялары ауыр кунә жасап өлді деп жаназа намазын оқудан бас тартады. Жаназа оқитын адам табалмай дал болып журген адамдардың есіне баяғы Мехмет туседі де, барлығы мысқылдап анау ақымақ Мехметке айтайық оған бәрібірғой сол оқысын жаназаны деп, Мехметке адам жібереді. Мехмет жаназаны еш ойланбастан оқуға келісіп, ауыр кунә жасап өлген адамның жаназасын шығарып береді. Алланың құдіреті сол куні тунде букіл ауылдың адамдары бірдей тус көреді. Тустерінде жаңағы ауыр кунә жасап өлген адам жәннәттің бақтарында жур екен. Бұған таң қалған ауыл тұрғындары, бірден Мехметке келіп жаназада қандай дұға оқығанын сурайды.. Мехмет оларға кадімгі молдалар оқып журген, жаназа дұғасын оқығанын айтады. Көрген тустерінің мән жайын сұраған ауыл адамдарына былай дейді: Мен жаназа оқып болғансоң Аллах тағалаға, ӘЛЕМДЕРДІҢ РАББЫСЫ БОЛҒАН АЛЛАХЫМ СЕНІҢ РАЗЫЛЫҒЫҢ, УШІН СЕН ЖІБЕРГЕН БАРЛЫҚ ҚОНАҚТАРЫҢДЫ КУТТІМ, СЕНДЕ МЕНІҢ ҚОНАҒЫМДЫ КУТЕГӨР деп дұға қылдым дейді.
Бұдан шығатын қортынды адамдарға Алла разылығы ушін жақсылық жасаудан қашпайық, адамнан қайтпасада Алладан қайтады. Ешкім мәңгі өмір сурмейді ертең бәрімізде кетеміз.