Менікі мен бүгінгі

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 108

Бүгінгі менің, «Мен» емес,

Дәстүрсіз дінің, күн емес.

Тілің бар ұлтым құр елес,

Атаңның сөзін ұқпайтын,

Ойшылдығың бос егес.

Дін ғылымы бос сөзбен,

Таба алмай сөз астарын

Тура жол деп мақтанып,

Тәпсірді ескі жадқа алып

Жансыз, шерік кеңкелес.

Бүгінгі менің, «Мен» емес,

Үлкендер бар, жоқ емес

Жастығын әлі қия алмай,

Ілімсіз білім жиғаны

Пәтуасы жоқ сөзінің,

Бүтіндігі жоқ өзінің.

Ақ жаулықтан суатын,

Шайтан болып жартысы

Алмаған сана қуатын.

Ақылмен, білім кенде емес,

Көрмейді уахи-аянды

Құдай ісін терістеп,

Дін ісін алған тегіс деп,

Есі аз, сонан жарым ес.

Пайғамбар айтқан өсиетін,

Мүмін емес, түс көрмейтін

Мазақтаған шайтан боп,

Діншің болды кеңкелес.

Масһабың тура дін емес,

Рухпен жанды біле алмай,

Кітабын құран көре алмай,

Жастарды жатыр азғырып,

Сөздері жалған, тез емес.

Ел билігің де, «Мен» емес,

Өз халқына қылды егес,

Саясаты бөлек, дінге өш.

Заң шығарып шоқынған,

Құдайсыз билік жөн емес.

Діліңде бүгін діл емес,

Арсыздан діл, еш өнбес.

Сырты сау, іші дерт ұрпақтар,

Сан болғанмен, ел емес.

Қыздарың бойы ден емес,

Жетілмей бойы, жын елес

Аяқпен, қолдан жала кеп,

Төсекпен улы су алған

Еркектің қанын улаған.

Көңіл толмай жарықпен,

Санасы ердің жабылған.

Дүниемен жерге тәңір көп,

Құдайдың жерін меншіктеп

Сөз меңгерген тілшілер,

Құдайдан сый байлықты,

Көш басында сөзшілер,

Қызғанып көршіден даурықты.

Одақтан билік бас тарт, деп,

Құдайдан түскен сынаққа,

Әдейі көрші тастад, деп

Қарсылықпен, азапты,

Бастаған елді тозаққа.

Әлемде атаң Алаш хан,

Жиырма екі қала тұрғызып,

Бірлігін ислам қалаған.

Ортасы болып сақ жері,

Бүкіл әлем тағзыммен,

Кеңесін бабаң тыңдаған.

«Менді» ұмытып менікі,

Дегендер сатқын ел шықты

Дау-дамаймен көре алмай,

Тозған әлем дін алмай.

Шыңғысхан баба қайтадан,

Бұл одақты жасаған.

Керейхан баба жалғаған.

Кеңесін әлем басқарған.

Аға ұлт болу әлемге

«Менің» ортақ бар елге.

Меңгеру шарт нәсілін,

Жан сырының тәсілін.

Нәсілдер ұлтты өсірер,

Жаманы емес, данасы

Рухынан еніп көршіден.

Болмаса менің «Мен» емес,

Құдайдан алмай сыр кеңес.

Мүміндік, мейрім, кеңдік қой,

Шайтан болмай, тапшы ой

Атаның сөзі, аманат

«Бізге» кім қарсы тұра алад?

Үлгісін қалап бірліктің

Көрсетейік ғұрпын елдіктің!

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *