Ақындар махаббатты жырға қосып,
Киесін махаббаттың қойды тосып.
Ғашықтық, асықтық, құмарлықты,
Махаббат құдайлық нұр дейді жосып.
Абай атаң махаббатты жырлағанды,
Адамзат махаббаттан жаралғанды.
Махаббат менікі емес, маған берген,
Өлмейтін жанның дәні атағанды.
«Менікі деп жүргенің бәрі оныкі»,
Адам ғапыл құдай нұрын дер менікі.
Ғашықтық пен құмарлық рас сенікі,
Ал махаббат ардың жұбы де оныкі.
Махаббатпен тіршілікке дән аласың,
Ақылмен махаббат дәнін суғарасың.
Бәйшешектің бақшасын өсірмекке,
Адамның баласы боп жаралғансың.
Тән құмары құштарлық, сүймек күнде
Махаббатың дәнін егіп өсірмекке.
Жұп болып екі жақсы бас қосумен,
Махаббаттың жемісін сыйы ақиретте!
Арлылық махаббаттан, әділеттен,
Иманың нұр боп кірер ақиреттен.
Мәңгілік жолдасың сол айрылмайтын,
Бақ қарап қыдыр дарыр мұны білсең.
*** ****