Қазақтың бүгінгі әдеті  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 119

Адам ойы дүниеге ауған шақта,

Көңіл құсың ұшады шартарапқа.

Түрлі үнді жанға құйқылжытар,

Жүректі тербеп әнімен оятпаққа.

Жастардың көңілі салқын тартқан,

Ұят өліп, нәпсіге тән жалданған.

Сұлулыққа жалаңаштық сәні болып,

Салтқа айналды құйрықты бұлаңдатқан.

Бас қадірі жоғалып ойы азған,

Рахаты бұл дүниенің шуға айналған.

Махаббаттан хабарсыз салқын жүрек,

Сезімге ақыл-ойың тұр байланған.

Дастархан мен той думан көксегіні,

Дүние байлық, жеңіл тұрмыс ел тілегі.

Арсыз елмен шаруамен салтын алып

Ұйқыда рухың, ақылың жансыз өлі.

Бала мінез ойынға болып құмар,

Саяхат сауық-сайранмен рухы азғандар

Біздерде мұндай елден қалмаймыз деп,

Алтауың араз, төртеусіз орға жығар.

Дүние байлық мал үшін ар сатылды,

Ата жол дәстүріңді соттап тынды.

Ел басшылар пайдасыз ғылым қуып,

Тілің мен діліңнің кетті құны.

Әкесі аштан өлгендей жоқшылықтан,

Құрбандық, садақаны міндет қылған.

Халықты қанады деп құдай көрмей,

Шайтандық әдет шықты қазақ ұлттан.

Бірлікке, достыққа жоқ шақырған,

Кедейлікпен ашкөздер жұрт қорқытқан.

Құдайдың өзі түсірген ортақ несібесін,

Қызғанып өз халқынан арын сатқан.

Сатылды ар, ұятың пайда малға,

Өмірдің бар қызығын көрмек айла.

Өмір қу бізден де өткен адамшы деп,

Есті адам мұны ақылмен ойламай ма?

Сенесің білімді меңгерген айлалыға,

Ұлықталып тектімін деп мақтандыға.

Атаң мен бабаң есімін ат қып алып,

Аруағын мазақ қылдың, назға қалма.

Құмарлық, дүние байлық мақтаның ба?

Атаң да алтын, күміс таппады ма?

Құдайым дүние байлығына сынақ бермей,

Мәңгі ұлт болыңдар деп айтқаны ма?

Салпылдап дүние қызық қуып жүрсің,

Отыз елге тең болуға жосып жүрсің.

Бақ қарап қыдыр дарып тұрғандай-ақ,

Арсыз салтын заң қылып алып жүрсің.

Әр елдің өз жобасы құдай берген,

Ақылмен дінің ата-баба мирас деген.

Әлемнің көп елі адасқанмен,

Дәстүрің ата жолың жол көрсеткен.

Тәңірім екі сөзбен атпады ма?

Адам атаң бар сөзді айтпады ма?

Өз сөзіңнен өзің жеріп өзге елден,

Атаң Абай алмаңдар деп айтпады ма?

Надандықтан таңба өзгерту сақтады ма?

Ғылым ортақ, таңба ортақ бұл жалғанда.

Бірлігі хақиқаттың санмен белгі,

Таңба-сан, үнің-сан ғылымды  есті адамға.

Жер байлығы халықтар ортағы да,

Құдайым сынар несібесін басқаруға.

Адамзаттың несібесін тең ортақ деген,

Құдайдың үкімімен  кім  дауласарға.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *