Надандарды танисың ісіменен  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 88

Адамдықты таниды ізгі ісінен,

Надандықты айырмақ сөз ісімен.

Жаманға жақсылықпен жағып болмас,

Ит артық жақсыны таныр иісінен.

Сөйлеген сөздің нәрін надан білмес,

Тойғанын надан адам бір ескермес.

Ашкөздік әдетін әсте тастай алмай,

Өзінен жақсыны көрсе қылар күндес.

Аманаты ата-баба ойға енбес,

Жүз айтасаң мұны құлаққа ілмес.

Болғанмен білімі зор жұрт ағасы,

Жындылық мінезі бар жастарға үндес.

Мұндайлар ұлтжанды боп берер кеңес,

Астары алауыздық қызыл егес.

Исламның бірлігіне қарсы шығып,

Құдайдың сөзімен де қылмақ тірес.

Ер болып елдің қамын кімдер жемес,

Болашағын ел тағдырын болжап білмес.

Құдайдың сүйген құлы мүмін болмай,

Ғайыптан тарихаттан хабар келмес.

Болғанмен білімің зор пайда бермес,

Ар, ұятпен ақыл толмай иман келмес.

Имансыз ойды жорып болжау айтып,

Тажал боп азғырғанға болар есеп.

Масһабшылар шариғаттан берер кеңес,

Жол-ғылым деп дін ісін шексіз емес.

Құраннан жүз мысалды бергеніңмен,

Наданға санды алмаған есеп емес.

Иманды келтірдім деп қылар егес,

Ақыл толмай иман өзі іздеп келмес.

Сенім де ақылдан қуат алып,

Ақылсыз дін ұстанған көп кеңкелес.

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *