I-Өзіңді-өзің танығың келсе   

Бөлім: Өзіңді-өзің танғың келсе 217

            Барлық жаратылысты жұп және пар қылып жараттым деген жаратушы Иеміздің танымдылық заңдылығы бар. Сондықтан қандай бір болмысты тану үшін осы жұп пен парлық заңды міндетті түрде меңгеру керек. Адам баласына сенім мен иман қасиеттерін меңгеруді бұйырып, осы екі игіліктен бақытты болатынын ескертіп данагөй аталарымыз; «Бақ қарасын, Қыдыр дарысын» деп бата берген. Енді бақ адамзаттың сенімімен байланысты және сенімнің ағаш болып, қалай гүлдеп жеміс беруіне қарай бақ құсы қонып, оның қонғанын көрген Қыдыр-иман болып дариды, яғни жүрекке зейнеттеледі  екен. Бірақ осы бақ пен қыдырдың қасиетін меңгеру үшін де адам баласы мұның парын меңгеруге яғни өзін-өзі тану, есеюі үшін ақылдың толымдылығы мен  естілікті меңгеру керек. Бұл естіліктің жетілуі үшін үш байлық керек; «Денсаулық, ақ жаулық, он саулық».

Бұл байлықтардың өлшемдері мен оны меңгеруді қазақта дәстүр атап, ол үшін де міндетті түрде «Өлі риза болмай тірі байымас» деген қағиданы ұстану арқылы ғана мүмкін болатыны да тарихта әдет-ғұрпымызбен бекіп қалыптасқан да. Ал өлінің риза болғанын қалай білеміз? Әрине бұл әр адам баласының өзінің аруақтық қауымы, қорғаушы періштелері арқылы берілетін, көрсетілетін түстер мен аян, уахи арқылы және ризалық батасын алумен мәлім болмақ. Әрбір адам баласы өзін айнадан түрін көріп, кім екенін, қандай ерекшелігі, артықшылығы барын байқап танитын болса, екінші жұбы аруақтық көлеңке бейнесін түсінде көріп, оның әрекеті арқылы ішкі өмірін де көріп тани алады. Сондықтан адам баласының ішкі сарайы тазарып, мүлкі жиналмай, мұндай адамдық бейнесінің қалыптаспауынан көбіне мүлде өзін көрмейді, көрсе де өзін хайуандық әрекеттердің ішінен тауып, мұндай арпалыс қорқыныштарды көрмеуге, елемеуге тырысады да сонан мүлде өз бейнесінен ажырап тек ішіп-жеммен, өмірден көргенмен, айналасындағы қоғаммен ғана байланысты меңгерген біліммен ғана ақылды аталып тіршілік етеді. Адамзатқа ортақ жаратушы иеміздің бұл бақыт пен қыдырға жалғанатын жібінен ажырамауға әр ұлттың ерекшелігіне сай ар білімі болып қалыптасқан салт-дәстүрі, дін ұстанымы, белгілі бір әрекет-шүкірліктері де бар. Қазақ ұлтының өзінің намыстылығы ар білімі болып; «Малым жанға, жаным арға садаға» деген Алламызға берген антымыз, ата-анамызға, Раббымызға берген нәсілдік уәдемізде де бар.

Осы тұрғыда әсіресе нәзік жандылардың бұл шектен аттап, шет елдің таңсығына еліктеп, ар-ұяттылықтың болмысын, білімін де ұмытып және мүлде тастап қойған көпшілік қауымға менің өз тарапымнан және арлы замандастарымның, іні-қарындастардың ашқан ақпараттық насихаттың да  нәтиже беріп, ой салып былтырғы жылы іш киіммен немесе барын, әуретін ашып, төсінен құйрығын белгілеген маймылдық қылықтарын халық көзіне өзін-өзі жариялау мақтаныш болса, қазір ол мүлде азайып келеді. Бұлда бір рухани оянудың белгісі болмақ. Былтырғы жылы мұндай әрекеттерге көбіне қарсылықты ұйымдастырушы, жақтасушы болып еркектер тарапынан талай сөз жүзінде шабуылдар да жасалып, олардың  үнемі жеңіліске ұшырауымен аяқталғаны да сөзсіз. Қазір ондай жіңішке мінезді ерлердің, жастардың да кейде болмаса көбіне үндемей қарсылық білдірмеулері де біздің қоғамның емделе бастағанынан көрініс береді. Бірақ биылғы жылы енді әйелзаттарының ашық қарсылығы мен шабуылына және аузына келгенін айтуға, мұны құдай бар аруақ естіп тұр деп еш шіміркенбей айтатын көптеген әйелдердің әрекеттеріне де өз басым жиі тап болып жатырмын. Бұл да бір шайтанның арпалысының және олардың осындай жағдаймен ажалға тап болмай күнәлі рұқтарының өлімімен аяқталатын сынақтардың да көрінісі болар.  Енді бір нақты мысалмен баяндай кетсек;

Салтанат Салтанат

Тоқберген аға, байқаймын жазған өлеңдеріңіз бен мақалаларыңызда міндетті түрде әйелдерді айырдың басына шаншиды екенсіз. Мейлі ғой әйел деп сыпайы жазсаңыз да, қатында-қатын деп өзіңіздің деңгейіңіз қатындардан да төмен екенін байқатып қоясыз. Жазатыныңыз өңкей жын, қан, шайтан туралы осыған қарағанда өзіңіздің ішіңізге әйелдерді көре алмайтын жын-шайтан кіріп кеткен-ау деймін. Бір жерден оқығаным бар еді, әйелдерді тек қана сынап-мінейтіндер мыналар: еркектік қасиетінен айрылғандар немесе импотенттер, әйелдердің қадір-қасиеті мен құдіретінен мүлдем хабары жоқ мақұрым малғұндар, хадисшілер, білімсіздер және надандар деп. Тоқберген аға, сонда еркектер еш кемшіліксіз ба, еркектердің де кемшілігін неге жазбайсыз мықты болсаңыз, әйелдерге ғана әлімжеттілік жасау тексіздердің тірлігі. Енді бұдан кейін еркектердің кемшілігі туралы өлеңдеріңізді күтеміз, еш қорықпаңыз, батыл болыңыз, әлі де еркек шығарсыз деп ойлаймын.

….Әрине бұл қарындасымызға өзіне арнаулы жауап та берілді. Бірақ аттарын атамай-ақ қояйын, мұнан да сорақы сөздерді айтып, жазып және менің жауабымды қабылдамауға тосқалуылдар қойып тығылып жатқандар да бар. Бірақ адамдардан да, қандайда бір қадағалушылардан да, үкіметтен де жасырынуға болады. Мысалы  246 адамымен қаншама тонна болатын ұшақты да жасырып қойғанда бұл түкке тұрмайды. Ал енді қазақ дәстүріне сай аруақтан жасырынып, құдайдан тығылып және әрбір мейлі жалғыз отырып айтқан сөзіңе де міндетті жауап болатынын және жазаланатынын, есепке тартылуға кітаптардың ашылғанын оқырмандар білсін деген ниетпен осы жазбалардың ішінен сұқбаттастықтың орта деңгейінен мысал келтіріп отырмын. Енді мұндай сөздердің білімсіз, имансыз пәтуалардың да пайда болуына іштегі жын мен шайтанның қосылуынан, яғни діншілердің ұғымымен; «шеріктердің  сезімдік қуаттарға қосылуынан» пайда болатын нақты ауру себепші болады. Осыдан барып адам мінезінің қатайып, түйсікке ерік беріп, ақылдың артқа, құйрыққа май болып немесе ішке қар болып қатуынан, өз сөзіне жауап беру қабілетінің төмендеуіне де себеп болмақ… Сонымен Салтанат атты енді қара қатынның аруақ арқылы білдірген ішкі өзіндік-Мендік болмысы; Салтанат Салтанат; «Басы ауырады, қақ жарып. (қара жын бар) Екі тілерсекте тұр (қаралық жын-шайтан) Алқымнан қысады кейде (кәпір жын). Асқазанда тұр (қара жын-шайтан) Ішкі құрлысты тазарту керек. Сол жақ иықта  тұр (жын-жүк) Белде шырмалып тұр (жын-шайтан). Екі шатта тұр (қаралық жүк). Сол жақ жауырында қадалып тұр (қаралықжын). Лоқсиды, кейде. Омыртқа бойында тұр (қаралық-жын). Екі жамбаста қадалып тұр (қаралықжын). Сол жақ қабақта тұр. (қаралық-жын) 21-күн ем. 14-дүре, 9 қылыш.»

Бұл пенденің «қатын» деген қазақтың текті ерге шыққан, ошағын түтетіп семьясына еге болып отырған, өз жынысына сай мінезді әйел жынысының қасиетін білдіретін сөзіне ашу-ызысының келуінде,  иманының жоғалып және  іштегі жын мен шайтанның арпалысынан ғана пайда болады. Киелі сөзді шайтан үнемі терістеп түсіндіріп, оған қарсыластырып та қояды. Сонымен негізінде әрбір адам баласында сегіз орында жын қуаттарының ошағы болса; «Ми, құлақ, көз, ауыз, асқазан, алақан, бүйрек, табан» болып мұндай орындарда ғана жын мен шайтан қуаттарының қалыпты алмасуы, көбеюге, өзара бірігуі үшін де дін шариғаттың тазалығын сақтау маңызды екені сөзсіз. Ал енді мынандай жағдайда Салтанаттың шашын жайып, шалбар киіп, еркек шораға айналып, шет елдің салтын ұстануынан әуреттік 11 орнында жын мен шайтан қуаттарының тікелей кездесуімен арты мінездегі өзгеріс қана емес, жалпы әйелдік жыныстық та жіңішке қуатының жоғалып, гормондық еркектік қуаттың басымдылығы пайда болып және еріне де жала болып өтіп тамақ арқылы ұрпақтарын да кеселдендіріп жатқанын білген жөн.

Осы тұрғыда мен кейбір ызақор және шайтан мінезді әйел, еркектерді сырттай аруағы арқылы тексеріп, мұнан да сорақы жағдайларға тап боласың және мұны сырттай аяйсың да. Себебі бұндай рухани кеселдер тазармаған жағдайда тектік ағашының жойылуына, бүкіл әулетінің тоз-тоз болып ата-ана аманатының ақталмауына соқтыратын ұлттық қайғы-қасіретіміз. Бұл аурудан ел билеуші, партияшы, зиялы атты қауым өкілдері мен дәрігерлер де, имам, молда, дін ғалымдары да көп ауырады.  Олай болса мұндай жағдайда қанның тазалығы және иманның жетістігі болуы мүлде мүмкін емес. Құр сеніммен білімге негізделген крест ағашын арқалап жүрген қатып қалған иілмейтін пенделерге ғана ұқсайды.

Ал енді өзіңнің кім екеніңді білгілеріңіз келсе, әуелі денсаулық байлықтарыңыздың рухани жағына үңілуді, онан дер кезінде тазаруды ойлаған да жөн болар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *