XIII- «Терроризм»-мәжбүрлеу және экстремистік пиғылдар мен ел биліктің дін саясаты

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 114

Ақылды сөз қылмақ қиын, ал ақылды сөзді іс қылмақ онан да қиын болған, дүниелік білімді ақыл тұрғысында қабылдаған мұндай заманда ақыл дегеннің жалпы өзі не деген сауалға жауап беретін философтардың еңбегін кездестіре алмайсыз. Сонымен ақылдылық пен білімділіктің айырмашылығы қандай деген сөзге жауапты табудың өзі қиын шаруа болғаны да сөзсіз. Мұндай ақылдың маңызы жоғалғанда ел басына білімді меңгерген, шаруашылық істерді, дүние қамын, мал табуды жақсы білетін қандайда бір тәрбиесіз, ұятсыз, арсыз, тексіз ел билеушілерінің жоғарғы атақ-дәрежеге ие болып, мұны ақылдылық деп танып, өзін әулие болғандай сезініп, халықты тек менің соңымнан ерсең бақытты боласың деген  пенделердің артынан ерген тұртастай халықтардың жоғалуынан тарихта деректер көп. Біздер бұрынғы замандағы біздердің әлі ойлау қабілетімізден тыс түрлі жер бетінде қалдырған құрлыстарынан олар қандай ақылды болған деп таң қаламыз. Осы сөзбен-ақ біз ақылдың қандай болатынан білімсіз, біліксіздігімізді танытып жатқанымызды білмейміз. Ақылдың адамшылықпен, махаббатпен байланысты ғана таза ақылдық сапасы болып және оны меңгеру үшін әуелі ұят, иман, ар, сабыр, қанағат, сақтық,тазалық сияқты түрлі сипаттары барын да білген жөн. Ал ғылымды меңгеру арқылы ақылды болады дегеннің өзі надандық. Сондықтан да Әл-Фараби атамыз; «Адамзатқа әуелі тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген ғұламалығының өзі, біздердің бүгінгі күні білімді адам баласын ақылды деп тәрбие туралы білімді мүлде артқа тастағаннан керісінше ғылымды меңгеру арқылы теріс жолға яғни азғындыққа, тексіздікке түсіп жоғалуға айналған жағдайымыздан хабар беріп тұрғаны да даусыз. Ал қалай жоғалуымыз керек; ұлттың саны шарықтап өсіп келеді, шаруамыз дамып жуық арада біз де дамыған 30 елдей боламыз, барлық білімді меңгеруге ақшамыз да, дүниеміз де, байлығымыз да жететін болады, баланы да білім жолымен жаратып, тәннің барлық мүшесін де ауыстыруға болатынын меңгеріп, енді басты, миды да қолдан жасайтын боламыз деп мақтауға да болады. Барлық ақымақтық, надандығымыз да осындай пайымға негізделуден пайда болды десек, әрине бұл тазармаған бастағы миға таза ой болып қонбайды. Олай болса жүрекке енуі де мүмкін емес. Сонымен енді дін тұрғысында тағы да бүгінгі ахуалымызға көз жүгіртіп арты не боларын болжап көрейік.

Жақында ел билікті қысқартып басқару үлгісін қайта жасаған, ел басшымыздың тағы да бір жаңалыққа құштарлығына және осындай қозғалыс арқылы ел басшылығының да үнемі ізденуіне, ақылдарын шыңдауына да себеп болып жүрегені де даусыз. Қандай жағдайда да адамзаттың азғындыққа түспеуіне, қозғалыста болуына, яғни уақытқа сай ілесе білу ғана адамдығын бұзбауына себепші болмақ. Бірақ уақытқа, замандық қозғалысқа қарсы болатын тежеуші «оппозиция» деген топтар да бар. Бұлар қалайда уақыттың жаңғыруын, қозғалыстық шамалардың рухани араласып бейімделуін тежеп, ұлттық болмысымыздың жанның өсуін тежеуге қызметке тұрғандар деп түсінуге болады. Сонымен бірге біздер сияқты болашақтағы уақытқа қарай бейімделу керек деген біліммен шектелген ақылға сыймайтын ертегілерді айтып жүргендер де бөлек бір топпыз. Сонымен ел басқару үлгісін өзгертіп, бірақ бұл үлгіден қандай пайда, қандай зиян бар? деген сауалды талқылап жатқандар да жеткілікті. Әрине шаруашылық істерін меңгеруге, тез шешім қабылдауға, ел билігін жүйелі түрде бақылап отыруға өте ыңғайлы, мұнан әлем елдері де болашақта үлгі алары да сөзсіз. Бірақ мұның да кемшілігі болып, әлі жетілдіруді қажет ететін, сонымен бірге рухани зұлымдықты да өсіретін көлеңке жағы да жеткілікті. Ел басқарушылар; «Біз зайырлы, яғни дін-жаны бар мемлекетпіз» деп сөз жүзінде мақтанғанмен шынында бұл жүйенің жансыз тек заңдармен шектеумен, қадағалап, үнемі түртіп сынап, көшеге шығып айқайлап отырумен ғана дұрыс жұмыс істейтін үлгісі ғана. Мұны құрған ел басшымыз жазатайым биліктен ауысатын немесе өз ықпалын сәл ғана әлсіретсе бұл жүйе де жұмысын тоқтады немесе құлайтыны да сөзсіз. Себебі ортасында бостықтың болып, оның мүлкі — зайыры, діні-жаны жоқ жүйе. Ел басшымыздың басқару үлгісін ықшамдап, халыққа да пайдалы үлгісін қалыптастырғанмен бұл ақыл болып еніп, ар ұят болып қуатқа айналып әбден негізделіп қалған ел билеушілердің санасы өзінен-өзі ашылып жұмыс істеп кетеді деген ертегі болып көрінеді.  Сондықтан мұндай құдайды, дінді, ар білімін, дәстүр ата жолын заң жүзінде мойындамауға тапсырма алған ел билеушілердің пара алмайтыны, өзінің бас пайдасын көздеп әрекет қылмайтыны, ұрламайтыны, немесе тек берген тапсырманы орындап «Сен тимесең мен тимен, бадырақ көз» деп дүниесін қамдап қозғалыссыз жатуы да сөзсіз. Аяқ астынан арынан хабар келіп, халықтың мұңын жақтайтын жүрек көзі ашылып, ақыл-парасаты өзінен-өзі жетіледі деп сену де надандық болар. Ал дінді, дәстүрін заңсыз ішкі жазылмаған заңдылығымен мойындайтын ар, ұят, иман жоқ жерде дінде де, жан да, ақыл-парасаттылық та, жауапкершілік те, өзін-өзі іштен қозғалуды дұрыс пайымдап әркет етуді қамтамасыз ететін зайырлық та болуы мүмкін емес. Неге десеңіз, жалпы халқымызды мастыққа, арсыздыққа әкеліп тірегенде осы қоғамдық топтардың дүние байлық тұрғысында ғана халықты бақытты қылу саясатының еңбегі болғандықтан, бұлар өз әрекеттерінің қателігін аңғарып түсіну қабілеттері, зайыры пайда бола қойған да жоқ. Бұларды ел басшымыздың өзі әуелі кеңес үкіметінен қалған қираған шаруашылықты қалайда көтерудің маңызды болып, екіншіден елдің тыныштығын, біртектілігін сақтау мақсатында әртүрлі саладан жинап, пиғылдарының да алуан түрлігіне қарамай ұйымдастырып билік лауазымға тағайындауға да мәжбүр болған. Бірі кезіндегі «оппозиция» құрып Астананы салдырмауға, өзге ұлттарды да қудалауға, ұлтшылдықты қолдауға, халыққа қазына байлықтан тегін үлес таратуға, мұны істемеген жағдайда қалайда ел билігін аяқтан шалуға ат салысқандар еді. Біреулері халықтың мүлкін жекешелендіруде тонауды ұйымдастырғандар, кейбіреулері оқудан, білімді жаттаудан ақылын, дінін, дәстүрін тілін жоғалтып алып, тек өзге жұрттың қандайда бір дүние табу қулығын жетік меңгергендер, бірлері ақшаны сол орнына қозғамай-ақ өзінен-өзі еселеп көбейтудің сиқырын меңгергендер, әйтеуір әлемнің дүние табудағы қандай айла-тәсілін білу керек болса, оның бәрі қазақтың ел билеушілері арасынан табылатынына күмән келтірмеңіз. Бірақ олардың ішінен елдің болашағына, халықтың бірлігіне, рухының ұйықтап қалмауына уайым қылатындар аз ғана. Ондайлардың барына да шүкір деп қойыңыз. Бірақ халықтың мас болып, әйелдеріміздің, қыздарымыздың еркіндік алып, ырыққа тәрбиеге көнбей; көтін, төсін, түнде ғана байына ғана көрсететін жерінің бәрін  ашып, есі кетіп көшеге шығып кетіп бір-бірінен ұялуды қойып жынданғандарына да ел биліктің шет елдің салтын тықплау саясатынан пайда болғаны да хақ. Ал енді  мынадай заманда ондай жынды қауымды ұстап тұру, қозғалысын қамтамасыз етуге де бұлардан сәл ғана білімдері, қылықтары, адамдығы артық жынды басшыларсыз қоғам алға жылжымайды, мүлде құрдымға кетеміз. Сондықтан біздің жансыз жынды заңдарымыздың өзі мастардың мүлде масайрамауына да қажетті маңызы да бар. Ал мұндай жынды қауымды есін жиғызып, түбінде ақылға жүгінетін жағдайға келтіру үшін де бір «единица» басшысының да аман-сау жүріп, саясаттағы түрлі қулықтармен алдап-сулап, дінсіз жынды басшылардың арқасынан қағып, ұлтымыздың кемесін жарға соқтырмай алдағы тұрған кедергілерден алып өту үшін де осындай сындардың да пайдасы бары да сөзсіз. Себебі мұндай жағдайда бағыт-бағдар беріп ақыл қосатын философия мектебінің өкілдері, дін ғалымдарымыздың бәрі рухани тұрғыда білімдеріне мас болып, өздері де кем ақылдарын жоғалтып алған. Оны қай жерге барса да кітаптарын ақыл қылып арқалап жүргенінен білуге, айыруға болады. Мұндайлар мастығынан айығып, бастарын жазып ақылға келем дегенше де құдайдың талай жазасына ұшыраған халық та көптеген азаптармен, қан төгумен, арурулармен төлем төлейтіні де хақ. Оған қоса болашақта өзіне де елге де масыл ауру, әлсіз ұрпақтарды өмірге әкелумен ұлттың болашағына да қауіптің еселеп арттыра беретіні де сөзсіз. Сондықтан мұндай жағдайда қияметтік сынақтың, бәрібір орындалатын құдайдың еркін, ашу-лағнетін азайтып аз шығынмен бұл қатерден өтудің де ең басты амалы ел басшының дұрыс шешімдер мен заңдарды қабылдауына да байланысты екені де даусыз. Мұндай азаптардан алдын ала қам жасап, Құдайдан өзінің атқарушы қолы болған аруағы арқылы алған уәдеміз болғанмен «бірің өліп бірің қал» деп сырттай бақылап отыруға біздің арымыз жібермейді. Сондықтан жүректері тас болып қатып қалған, дүние, ақша, байлықпен тот басқандарға ертегі болса да, осылай қайталап айта бергенді мақұл көрдік.

Сонымен ел басшымызды айдап салып осы ата жолында жұрттың өз еркімен берген садақасы арқасында байып кетіп, оппозиция құрып өзіңізге қарсы тұруы мүмкін деген азғыруға сеніп үлкен қателікке орны толмас қайғыға ұрындырғаны да сөзсіз. Болмаса құдайдың мұндай дін істерін бақылап басқаруға әлі келмейді, құдайдың дінін ата жолы әлсіретеді дегенге ол кісінің сенбейтіні де сөзсіз.  Және ондай елдің әл-ауқатының енді дамып келе жатқан заманында мұндай ақшамен, дүниемен пайымдау дәл нысанға тиіп ата жолын қудалау, соттау деген де құдайдың өзіне ашық соғыс ашумен халықты рухани тонау болып, жынды жүректерге қорқыныш болып көрінгені де хақ. Қандайда дін тарапынан дұрыс емес, жалған нәрсенің  ел билік тарапынан заңмен тыйым салынса, оның құдайдың да қолдауына еге болып, ұзақ өмір сүре алмауында да діндік бұлжымайтын заңдылық бар. Бірақ керісінше ата  жолы өлмейтініне, қайта күшейіп сынақтардан өтіп, енді ел басшының өзіне үлкен қауып төніп, аруақтар аманатын орындамайтын жағдайда ажал құшуы да хақ. Неге десеңіз ел басшысының өзі қол қойған заңын қайтып алуға да құқы жоқ , тәңірлік қуатқа айналып кеткен. Ал мұндай заңды дінде, құранда терістеген ар тұрғысында бұл заңсыз дегенді құдайдың өзі айтты дегенмен қазіргі жансыз заңгерлерге ар, ұжданмен түсіну, ата-баба аманатына жасаған қылмыс деп түсіндіру деген ертегі ғана. Менің өзім жеке куә болған бір ғана мысалды келтіре кетсек; Сарқанд аудандық прокуртурасының, облыстық дін істері агенттігінің қудалануымен менің шәкіртімді менің осы кезде сайта ашық жарияланып жатқан «Ауруыңа ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген халықты рухани салауаттылыққа шақырған жазбаны таратқаны үшін соттап айыппұл салып, оны төлемдің деп үйін қамаққа алып сатуға мәжбүрлеп отыр. Бұл құдайдың үкімі, құранда ашық жазылған жаратушының аяттары, адамгершілік тұрғысында мұны неге соттап жазалайсыңдар деген сауалға ; «Заң бар ата жолын соттаған, біз мұны орындауға міндеттіміз» дегеннен басқа жауап ала алмадық. Сонда ата дәстүрін соттауға заң бар да, оны халық атынан қорғауға ар, ұятқа шақыруға, қарсы шағым айтуға да болмайтын, топтастыққа тиым сала алмайтын, өз халқын қорғауға да шарасыз, өздері қағазға жазған заңдарыннан құдайдан бетер қорқатын ел билігіміздің бұл жағдайына не айтуға болады? Яғни бұл арандатумен ел басшымыздың өзін де құдайға ашық қойып, ажал оғын түсіруге деген әрекеттері ғана болмақ. Және өлімнен қашып құтылатын пенде жоқ. Бұлардың бәрі ертең өздері қарсы шыққан ата-бабаның аруағының құдай алдында куәлігіне өтіп, олардың бетіне түкіріп тозаққа қарай итеруге ғана жәрдем беретіні де хақ. Мұндай рухани құлдырудың, азғындықтың ешкімге де пайдасы тимейтіндіктен, бізге ел басшысын бұл зұлымдықтан құтқару парызымыз деп түсіну де керек. Сонымен бұл қатесінің шынында ел басына қатер зұлымдықтың айқындығын 10 жылдан бері дәлелдеп келеміз, әлі алда әлемнің алдында да масқара болатын ашық дәлелдердермен ашып көрсететін ғылым құндылықтары да бар. Ондай қазынаны болашақта көрсететінімізге дін ғалымдары мен зиялы қауымды мүлде масқараға ұшыратуға әзірге уәде ғана беруге болады. Бәрі де сәтімен, ретімен, бұған да куә боласыз. Барлық қателікте ел биліктің мұндай қараңғылыққа түсіп тек айдаумен, заңмен ғана жүретін өз ата-бабасын да, дінін, рухани қазынасын да дүние малға айырбастап, сатып жіберуге дайын, жансыз орындаушыға айналуына да осы жалғыз ғана себептен бастау алғанын да жадыңыздан шығармаңыз. Қазір бар сынақтар, адасулардың бәрі келіп, шешімі де ата дәстүрін ел биліктің зиялы қауымның қабылдамауынан туындайды. Есесіне өздері де ауылдағы қой баққан қазақтан артық ақылдары жетілмей қалғандарын да аңғарудан қалған. Яғни «ҚАРАҢ» деген надандықтың дертімен ауырмайтындар аз жоғары топта. Мұның үлкен дертімен Ержан мырза сырқаттанған. Ержан мырзаның ақылын қалай анықтауды ағзасындағы рухани дем салатын жерлермен байланысты болып, ал мұны европы ғалымдарының зерттеулеріне жүгініп, толық ақылды адамның бейнесі қандай болатынын өлшеу тәсілін де алда ашып береміз. Ал масһаб білімінің белгілі бір өз тәрбиесін, ұлтының дәстүрін тегінен танып қадірлейтіндерге, болмаса жалпы жастардың мастығын, жындылығын ғана арттыратынын, рухани жетімсіздікке ұшырауға да себеп болуына Сирия еліндегі соғысқа кеткен балаларымыз жеткілікті дәлел бола алады. Аруақтардың ескертуімен 1000-ға жуық қазақ балалары болашақта соғыстың құрбанына айналуы керек. Бұл да ел билігіміздің саясатының қателігінен, әрекетсіздігінен, құдай патшалығына өздері кірмей, өзгелерді кіргізбей қойған зұлымдықтарынан пайда болғанына халықтың да көзі жетіп қарғайтын күн де қашық емес. Аруағын, күзетшісін, киелі рухын түсінде таныған қандайда бір қазақ баласы түгіл адамзаттың ұрпағы ақылын тез танып, жаман әрекетке бой ұрудан сақтанар еді. Масһаб білімі адамзаттың аруағын танытуға шарасыз екені де және әлде қашан әлемде қазақтың бұрынғы тарихында да дәлелденген. Оған қарағанда аруақ күзетшісімен байланысқа түсіруге християн діні озық тұрғаны сөзсіз. Сондықтан ол елдерде мұндай зұлымдықтың, азғындықтың жаппай етек алуына да жол жоқ деуге болады.

Сонымен халықтың бәрі рухымен байланысқа түсе алмай, жанын өсіре алмай, тылсымнан хабар ала алмай, түс көре алмағандықтан; мастықтың тұмауы тигесін мұндай топтың арасынан суырылып  шыққан ел биліктің де ақылдарының түрі анау. Амал жоқ қумен де, залыммен де жолдас болуға тура келген ел басшымызға да мұндай түсінде бейнеленіп сынбаған нәрсе жұқпай тұра ма? Әлде жындыларға әдейі жасай ма, әйтеуір біздердің ақылымызға қайшы заңдар да, пәтуалар да бірінен соң бірі шығып жатқаны да сөзсіз. Жақында онсызда қазақ дәстүрінен хабары жоқ европаның салтын алған сот алқасына мемлекет тұрғындарының істеріне әділ билік жүргізуге ақылы толмаған 40-да жасы жетпеген құр біліммен қаруланған жастарды енді ағылшын тілін меңгерген жастармен толықтыру, европаландыру керек деген шешім шығарды.  Сонымен енді елімізде бірде-бір ағылшын ұлты тұрмаса да, тілімен бірге келетін ағылшын әдеті салты қазақ қана емес мемлекет тұрғындарына әділдікті ағылшын елінен іздеуге де тура келетін шығар. Мүмкін сот жүйесіндегілер ағылшын тілін білсе, ақыл түгіл ой да жетік болады деген надандық ұғымның көрінісі де болар. Онсызда жас балаларды ағылшынша зорлап оқытумен жанын өсірмеуге, имансыз тексіз ұрпақтарды тәрбиелеуге білім беру жүйеміз белсеніп кірісіп кеткені де жасырын емес, тек хақиқаты белгі болғанда кім бұл іске жауап береді? Бәрібір кеш болады. Қаншама тағдыр жоғалады. Жалпы менің жеке пайымдауым бойынша қазақ халқының ең жоғарғы ой қуатының жетік үлгісі ел басшымыз болып, енді ол кісінің ағылшын тілін және түрлі тілдерді жетік меңгерген білімді  билеушілердің бәрінен де артық неге ойлана аламын, білімімді тазартып ақыл қылатын керекті ой қуатын қайдан аламын?деген сауалды өзіне қойып ақылын жұмсап көрсе екен. Ал оның сыры жасынан ана тілін жетік меңгеген, солай тәрбиелеген әкесі мен шешесі, атасының еңбегі, ішкен таза тамағы, қоршаған ортасы, қорғап жүрген аруағынан зейнеттелген белгіден емес пе екен? Құдайдың берген сыйы ма бұл маған, қазақтық  ұлттық болмысы ма дегендей  өзіне намазымен сауал қойып жанды ақылды шақырып көрсе екен. Мүмкін жаны ашитындар бұл өтінішімді жеткізіп көріңдер, аруағының өзі жауап беріп түсіндіретініне мен Құдайдың атынан уәде берейін. Менің де жеке өз басым бір сөз арапша білмей-ақ құранды арапша оқымай-ақ, өз тілімде аударма арқылы ғана оқумен, қандайда бір арапшаны жетік меңгерген араптың хазіретімен де ислам тұрғысында, құранның құпиясын шешуде,  құдайдан кітапқа жалғанып, хикметін алып жерге қарата алатыныма да, қазақ ұлтының дін дәстүрінің бәрінен биік тура жол екеніне дәлелдеп беруге құран ұстап ант та беруге болады. Бірақ бұл менің қазақ тілін жасымнан жетік біліп, жасым келіп, ақыл толып құранды зерттеуге бас қойғанда орыс тілінде сөйлемей ұмытып қалғанымнан ғана ана тілінің құдіретті күшінен деп түсінемін және шүкір де қыламын құдайға, ата-анама, қазақ болып туылғаныма да. Сонымен  менің байқаған ел билеушілердің тарапынан болып жатқан рухани  зұлымдығы; Нұр отан партиясының шет елдік міндетті ұстанымы салты болаған; генднрлік теңдік саясатты қолдау тұрғысында әйел теңдігі қазақ әйелінің үлгісі деп бастық қатынның арсыз бейнесін жарнамалап жатқаны. Шашын еркекше қиған, жалаңбас жүретін, қандай да алтын басты қатынның жаны жоғалады, құйрық майы арамданады, тегі азып оның тұқымында азғындық пайда болады. Және қазақтың бар әулие даналары мұндай ақ жаулыққа қарсы қылықты арсыздық деп бағалап, арсыздықтарды санап тұрып, оған қарсы тұруға аманатын да қалдырып кеткен. Сонда ұлтының рухани құндылығына, Құдайға да ашық жала жауып, біздердей дәстүрін қадірлеген халықтың атынан шешім шығаруға кім Нұр отанға ерік беріп қойды? Тағы да бәрінен үстем қолдан жазған заңы, оны енді ел басшысы да бұзуға да болмайды деген шоқыну ма? Ал менің бұл әрекетті арсыздық деп өз тарапымнан шығарды десеңіз, онда қарсы болыңыз да жуық арада құдайдың жауабын да алатындармен бірге сынағын алып көріңіз, тек әйтеуір бала-шағаңыздан аулақ болсын деп тілейміз. Елдің онсызда екі рухани күнін жоғалтып, жаны жетілмей, ары тапталып, ашу ызасы қайнап, өсіп жатқан ақылы сау бұқара халықты арандата беру кімдерге қолайлы? Сонымен бірге Нұр отандықтар жемқорлықты заңмен күресіп жеңе алмайтындарына көзі жетті ме; Жемқорлықты зерттеп себебін жоятын институт құрмақ болып шешіпті. Мұндай шешімдердің де қазақтың ар білімінен хабары бар кез келген жас баланың да мазағын туындатып жатқаны да сөзсіз. Ол қазақтың дәстүрімен аруақтың білімімен тарихымызда дәлелденген, қазіргі күні де халықтың арасынан шыққан, толық тақуалығы бар аққу, сұңқарлардың  өзі-ақ кез келген ел билеушінің үйінде, адам баласы білмейді деп есеп шотында не тыққанын анықтай алатын, оны халықтың алдына жария қылмай-ақ аруақтың батасына жүгіндірсе пара алмақ түгіл, жарты ақшасын халық игілігіне амалсыз жұмсатуға болатын амал бар десек, әрине бұл да масһабтың ертегісіне негізделіп, ақылын қазыққа байлап қойған, ой қуатын жоғалтқандарға бүгінгі таңда ертегі болары сөзсіз. Ал шынында бұндай рухани дағдарыстан ел басшысын ауыстыру арқылы да шыға алмаймыз.  Керісінше ел биліктің осындай жағдайында да ақылдарын тануға жәрдем берумен, ел басшысына әділ үкім шығаруға мәжбүрлеу арқылы және өзінен бастап бар ата жолына қасы тұрған қоғамның жарты дүниесін халықтың игілігіне жұмсауға мәжбүрлей алатын мүмкіндік те бар бізде. Сонда ғана бұл топтар өздерін, артындағы ұрпақтарын тек ағашының кесіліп жойылудан, азаптан құтқара алатындары да сөзсіз. Бұл уәденің құр сөз емес екенін енді сөзден амалға көшіп ата жолын мазаққа алғандардың күнәсін, болашағын, ұрлықтарын да халық алдында жариялауға Құдайдан ұлықсат та түсуі сөзсіз. Бас прокурор мырзаның бұл істерге де қарсы үш жылға соттау керек деп заң қабылдатқанның өзі құдай алдына ел билікті тұтастай 3 жыл ішінде сотталып түгесілуге, ұрпақтарына да зияндарын тигізетініне берген хабары болды. Және Шымкентте болған ұшақ апатына құдайдың сынағын мойындамау үшін болар ел биліктің әрекетімен жас баланы айыптап соттаудың арты тағы да ел биліктің құдайға мойынсұнбауы болып санылып, соңы қайтадан сынаққа түсіп қырғынға ұшырау апатымен аяқталары да сөзсіз. Қызылағаш оқиғасының да қайталануын қанша ескерткенімен ел билік тарапынан тыңдалмады, бәрібір ол орындалды. Ал алда әлі қаншама апаттарды мәлімдеп жариялаймыз,  бірақ біз мұндай сынақтардың міндетті түрде орындалуын  қаламаймыз, керісінше тәубелеріне келіп сынақтан аман қалып ақталуға шақырамыз. Ол үшінде халықты алда рухани ахуалға беріліп жатқан үкімдердің құдайдан екенін, оны әулиелер аруағы оқып жатқанына күмән келтірмейтін жағдайға  міндетті түрде Құдайдың қалауымен жеткіземіз және бұған әлем халқының ақылды ғалымдылары да куә болатын мезгілдің де келетіні сөзсіз. Ал  сонан кейін жағдайларың қалай болады екен ел билеуші мырзалар, заңгерлер, зиялы атты қауым мен діншілер? Бір сәтке болса да;  «мен бәрін білемін менен асқан ғұлама жоқ» деген ойдан арылуға, өзіңіздің түкке тұрмайтын судан пайда қылған Құдайдың бәріне де құдіреті жететініне нанып көріңіз, мүмкін бұл сөздердің азы да болса жүрекке жетіп қорқыныш ұялатса, онда ақылың да ұжданға айналып хабар бере бастағаны. Ал егер өзіңіз түйеден өткен жетекшіл болсаңыз, тек заңмен ғана жүруді қалап, ар заңын керек етпесеңіз онда сізге ақылдың да керегі шамалы.  Елдің тұрмысын, дәстүрін, тілін, ұлттық мінезін білмеген қандайда бір ақылды ел басшысы болсын көш басшы болып елді бақытқа жетікізе алмайды.Ел билікте мансапқұмарлық басым болса, онда мұндай ел рухани тозған кемелдікке жетпеген ел. Мансапқұмарлықты тудыратын заңның күшіне сүйенудің өзі надандықты, ақылсыздықты туындатады. Себебі заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайды ғой. Адамдықты тумайтын қандайда бір амалдар, білімдер болсын ақылды да тумайды, керісінше аздырады. Ал біздердің қатарына қосыламыз деген алдыңғы қатарлы 30 елдің өздері  мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ. Мұны да ескерген жөн есті адам болғандарға. (жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *